родентицид - зиянды кеміргіштермен кїресуге арналєан пестицид (улы химикат);
фунгицид - ґсімдіктерді таз ауруларынан ќорєауєа арналєан пестицид (улы химикат).
ВИТАМИНДЕР (латын тілінде — тіршілік) — адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың денсаулығын сақтауға, өсіп-өнуіне қажетті, химиялық табиғаты жағынан әр түрлі органикалық қосылыстар тобы.
Суда еритін Витаминдер. Бұған жататындар: Ві витамині (тиамин) — нерв ауруларын, В2 витамині (рибо-флавин) — тотығу процесін жақсартуда, В6 витамині (пиридрксин) — тері ауруларын, Ві2 витамині (цианкобаламин) — анемияны, РР витамині (никотин қышқылы) — пеллагра ауруын емдеуге қолданылады.
М а й д а е р и т і н Витаминдер. Бұған жататындар: Аі және А2 витаминдері (ретинол және дегидроретинол) — көз ауруларын емдеуге пайдаланылады.
2. ДӘРІСТЕР
Дәріс–маңызды сирек және түсіндіру,кеңес,әңгіме сияқты,осындай жаңа материалдарды баяндауда қолданылатын форма.
Дәріс №1
Тақырып: Курстың мәселелері мен міндеттері.
Қоршаған ортаның ластануының индикаторлық әдіспен ластануы
Жоспар.
1. Қоршаған сыртқы орта мәселелері мен міндеттері
2.Қоршаған ортаның ластану түрлері
« Қоршаған сыртқы орта » географиялық ортадан гөрі әлдеқайда кеңірек ұғым – оның көлеміне Жердің сырт бедерімен қатар ішкі байлығы да, Күн системасының адамның іс-әрекетіне қатысты бөлігі де және адамның өзі жасаған материалдық дүние де кіреді. Сыртқы ортаның құрамы үлкен екі бөліктен – табиғи және жасанды орталардан тұрады.
Табиғи тіршілік ортасына табиғаттың тірі және өлі бөліктері – биосфера және геосфера жатады. Ол адамның қатысуынсыз өз бетінше өмір сүріп дамиды.Алайда , эволюцияның барысында адам табиғи тіршілік жағдайларын біртіндеп игере береді: алғашында табиғи байлықтарды ( өсімдіктер мен хайуанаттар т.б.) жай пайдаланумен ғана шектелсе, кейіннен біртіндеп тіршілік құрал – жабдықтарын ( қазба байлықтарды , энергия көздерін т.б.) пайдаланып , оларды практикалық іс-әрекеттер барысында өзгерте бастады.Бұл әрекеттің нәтижесінде адам басқа жан –жануарлардан айрықша қасиетке-еңбек құралдарын өндіру , материалдық және рухани мәдениеттерді жасау , сөйтіп сыртқы ортаны мақсатқа сай өзгерту қабілеттеріне ие болды.Өндірістің карқындап дамуына және отын түрлерін кең масштабта жағуға байланысты атмосферадағы бос оттектің қоры азайып, ал көмірқышқыл газының мөлшері жоғарылауда. Нәтижесінде табиғаттағы көміртектің айналымы бұзылды деуге болады. Академик А.П.Виноградов зерттеулер нәтижесінде көмірқышқыл газының концентрациясы жыл сайын 0,2%-ға ұлғайып отырғанын анықтады. Адамзат қоғамында адам баласы отты ең алғаш рет қолданған күннен бастап осы күнге дейін түрлі жану процестерінде 273 млрд. тонна оттегі жұмсаған болса, соның 246 млрд. тоннасы, яғни (90% ға жуығы) соңғы жарты ғасырда ғана жұмсалған. Көміртек айналымының бұзылуы мен атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы Жердегі барлық химиялық тепе-теңдікке үлкен әсер етеді.
Атмосфера табиғи және жасанды (антропогендік) жолмен ластанады.
Приоритеттік ластағыш заттектерді топтастыру мен олардың мөлшерін әртүрлі ортада өлшеу туралы мәліметтер
Прио-ритеттік класы
|
Ластағыш заттектер
|
Орта
|
Өлшеу
Бағдарлама-сының типі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
I
|
Күкірт диоксиді және қалқыма бөлшектер Радионуклидтер (5г-90, Сз-197)
|
Ауа
Тамақ
|
И, А, Б, Ғ
И, А
|
ІІ
|
Озон ДДТ және басқа хлорорганикалык қосылыстар
|
Ауа Биота, адам
|
И, Б (страто-сферада) И, А
|
ІІ
|
Кадмий жоне оның қосылыстары
|
Тамақ, адам, су
|
И
|
III
|
Нитраттар, нитриттер Азот оксидтері
|
Ауыз су, тамақ Ауа
|
И И
|
IV
|
Сынап және оның қосылыстары Қорғасын Көміртек диоксиді
|
Тамақ, ауа
Ауа, тамақ Ауа
|
И, А
И Б
|
V
|
Көміртек оксиді Мұнай көмірсутектері
|
Ауа Теңіз суы
|
И А, Б
|
1
VI
|
2 Фторлы қосылыстар
|
3 Ауыз су
|
4 И
|
VII
|
Асбест Мышьяк
|
Ауа Ауыз су
|
И
и
|
VIII
|
Микротоксиндср Микробиологиялық ластану Реактивті көмірсутектср
|
Тамақ
Тамақ
Ауа
|
И. А
И,А И
|
И — импактылық, А — аймақтық, Б — базалық, Ғ - ғаламдық.
Қоршаған ортаның құрама экологиялық мониторингі мынадай түрде атқарылады:
• бақылау объектісін белгілеу;
• бақылауға белгіленген объектіні тексеру;
• бақылау объектісіне информациялық модель құрастыру;
• өлшеуді жоспарлау;
• бақылау объектісінің жағдайын бағалау және оның информациялық моделін ұқсастыру;
• бақылаудағы объектінің жағдайының өзгеруіне болжам жасау;
• мәліметтерді қолдануға ыңғайлы түрде дайындап қолданушыларға тапсыру.
Достарыңызбен бөлісу: |