Зерттеу мақсаты: қазақтың ұлттық ойындарын жоғары және орта арнаулы оқу орындарында дене тәрбиесі сабақтарында ұтымды пайдалану.
Зерттеу міндеттері: -дене тәрбиесін ұлттық ойындар пайдалану арқылы жетілдірудің теориялық және әдістемелік негіздерін анықтау;
- қазақтың ұлттық ойындарының мазмұнын сипаттап, олардың тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері мен тиімділік шарттарын айқындау;
- ұлттық ойындарды оқу үрдісіне пайдалану жолдарын жүйеге түсіру;
Әр заманның өзіне тән экономикалық, саяси-әлеуметтік идеологиялық ерекшеліктері болады. Бүгінгі күннің ұрпақ тәрбиесіне деген өз талабы, өз ерекшелігі бар. Қазақстан Реуспубликасының білім заңында жеке адамның рухани және күш қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негізін қалыптастыру; жеке адамның шығармашылық қабілетін және эстетикалық қабілетін және эстетикалық тәрбие беруді дамыту; қазақ халқының мәдениеті мен дәстүр салтын оқып үйрену үшін жағдайлар жасау; дене шынықтыру және спортты жетілдіру міндеті қойылып отыр. Яғни рухани бай, адамзаттың ары таза, ой еңбегіне, бой еңбегіне сай азаматтарды тәрбиелеу талап етілуде. Мұндай жан-жақты үйлесімді жетілген азаматтарды тәрбиелеуде онда дене тәрбиесі ерекше орын алады. Олай болу себебі-әрбір бағыт көздей жүргізілген дене қимылы, жаттығуы тәрбие жұмысының нақты көрінісі. Дене тәрбиесі барысындағы қимыл- қозғалыс пен жаттығулар-жеткіншекті батылдыққа баптап, сымбатты етіп сомдау, ептілікке баулау сонымен қатар, тазалық, демалып рахаттану, бой жазу, ой еңбек барысындағы шаршағынын басу, күш -қайратты қайта толықтыру білу.
Еліміз жас ұрпақты ең жас кезінен дене күштері мен рухани күштері сай жетіліп, шынығып өсетіндей етіп тәрбиелеу ісін қамтамасыз етуді тәрбие саласының аса маңызды міндеттерінің бір деп санайды.
Халықтық тәрбие, ол ұлттық ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге дамып келе жатқан тарихи көне процеске жатады. Ондай тәрбие жүйесінің халықтық педагогикамен тығыз жүргізілуі тиіс. Адамзаттың өз бойында ішкі және сыртқы қасиеттері үйлесімді, жарасымды байланыста бола алады. Себебі, ішкі адам қасиетін, сыртқы күш қасиеті толықтырып, қанағаттандырып отырса, керісінше сыртқы күшті, ішкі қасиеттер қуаттайтындай үйлесімділікте болса, жеке тұлғаның нағыз толық тұтастығы сонда қалыптасатын болады. Ішкі күшке ақыл-ой, жүрек, қайрат, қуат, тазалық т.б. жатады. Ал, сыртқы күшке жататындар: ол бүкіл дененің қимыл-қозғалысы, бұлшық ет күші, қол, аяқ, иық, бас[40].
Жас ұрпақты дене тәрбиесі жүйесін жетілдіру арқылы, болашақ өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын, бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын, адамгершілік, имандылық, ізгілік мінезі қалыптасқан, іскерлігі жоғары, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті, күші ақылына, ақылы күшіне сай ұрпақ тәрбиелеу болып келеді. Озық, өнегелі, рухани дәстүрді жалғастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығының тарихи процесі жүріп отыруы тиіс. Мұндай процессіз қоғамымыздың өркениетті елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес. Осындай жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі сонау ширек ғасыр алдын ұлы шығыс ойшылы, фәлсапа иесі Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, ұлы Абай даналарды да толғандырған. Олар тәрбие жүйесінің жаңаша бағытын көрсетіп, көптеген еңбектер жазды.
Мәселен, Әл-Фараби «Әлеуметтік этикалық трактатында», «адам ең алдымен өз бойындағы бар абзал қасиетті тани білуге, соларға ие болуға және соны дамытуы керек» деді. Дененің жетілдіруді Әл-Фараби мінез-құлықты жетілдірумен байланыстырды. Ол денені жетілдіру – денсаулыққа тіреледі. Егер, денің сау болса, оны сақта және нығайтуға жағдай жаса, денсаулығын жоқ болса, оны табуға көмектесу керектігін көрсетті. Ол дененің дұрыс дау қасиетінен басқада, адамның мінез-құлығының дұрыстығын қамтамасыз етуді талап еткен.
Әл-Фараби өзінің «Бақыт жолын сілтеу» трактатында адамлы бақытты қылатын үш жағдайға көңіл аударды: 1.Бұл әрекет, адам өзінің дене мүшелерін пайдалану үшін керекті әрекеттер: отыру, тұру, жүгіру, көру, есту. т.б.2.Жан аффектілері: құштарлық, рахат, қуаныш, ашу, қорқу, жабырқау, қызығу т.б. 3.Ақыл-парасат. Әл-Фараби бұл жерде адам тәрбиесінде үш қасиеттерді бір адам бойынан табылуын көздеп отыр. Ол дене күші, рухани және ақыл-ой, осы үшеуі толық адамды үйлесімді жеке тұлға деп атады. Әл-Фарабише, тұлғаның дамуы «Дене саламаттылығы» арқылы жүзеге асырылады, яғни дене тәрбиесі арқылы, адамның жан-жақты жетілуі қамтамасыз етіледі[41].
Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дидактикалық дастанында халықтық мінез-құлығын, салт-санасын, әдет-ғұрпын талдай келіп, бала тәрбиесінің жүйесін қарастырған.
Қазақтың ертеректе өткен ұлы ойшылдары тәрбие жолын көрсете келе, оның жалаң бір жақты болмау керектігін, оның бойындағы қасиеттерді дене күші мен ақыл күшінің бірінсіз-бірінің түкке тұрмайтынын көрсетіп, тәрбиес бағытына жүйелі жол сілтеген. Бұл ғасыр өткен сайын ұрпақ тәрбиесі туралы ойлар өз жалғасын тауып, дамып келе жатқанын көрсетеді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында өмір сүрген халқымыздың ұлы қайраткерлері Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев , С.Торайғыров т.б. бала тәрбиесінде халықтың салт-санасы, әдет - ғұрпы, дәстүрлері, ана тілінің атқаратын маңызын көрсетіп және оны қалай іске асыру жолдарына байланысты тер төгіп еңбек етті.
Дене тәрбиесі еңбек, әртүрлі ұлттық ойындар, қозғалыстар арқылы іске асырылса, жан тәрбиесі үлкендердің ақыл кеңесінен, ертегі мен мақал-мәтелдер арқылы бойға сіңеді. Қазақ ертегісіндегі батырлар: Қобыланды, Махамбет, Исатай, Қамбар т.б. күшті де ақылды жандар әділет үшін, халық үшін күрескен, олардың бойындағы қасиетке еліктемейтін қазақ балалары жоқ шығар. Олар жайлы жырлардан дене тәрбиесі барысында халықтық педагогика мүмкіндігін қолданудың артықшылығын көреміз[42].
Ахмет Байтұрсынов «Қазақша оқу жайлы» деген бүгінгі күні елімізді дамыту, оны өркениетті елдерге қосу, ол үшін- әуелі біз елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастауымыз керек, кемшіліктердің бәрі оқумен түзеледі деген. Баланы оқытуды бастауыш мектептен бастау керек, ол білімді қиналмай алуы керектігін 1914 жылы «Бастауыш мектеп» деген еңбегінде, бала алғашқы білімін, ана тілінде алған жөн және сол елдің тілімен қатар сол жер табиғаты, тарихы, дене бітімін, яғни дене шынықтыру барысында әртүрлі ұлттық ойындар, еңбек, би мүмкіндіктерін қолдану керектігін айтқан. Ахмет Байтұрсынов бала тәрбиесін тек білім, тіл, ақыл тәрбиесі деп бір жақты емес, сонымен бірге тән сұлулығына де көп көңіл бөлген.
Ол 1922 жылы «Тәні сұлудың жаны сау» деген еңбегін жазды. Тән мен жан сабақтас, екеуі бірін-бірі айырғысыз. Тәнсіз жан жоқ, жансыз тән тұра алмайды. Олар өзара бір-біріне байлаулы, бірінің жайына бірі қарайды, біріне келген кемшілік біріне білінбей қоймайды. А.Байтұрсынов өз еңбектерінде тек тән мен жан байланысын көрсетіп қоймай, дене тәрбиесіне керекті мәселелерді атап көрсетті. Мерзімімен күн тәртібін сақтау, таза ауа, тамақ, сусын. Тән қызметі дұрыс болу үшін дене шынықтыру, гимнастика, ат спорты, ұлттық қимыл ойындары. Дененің әртүрлі мүшелерінің қызметін дұрыс басқару, дұрыс атқару, тамақ қорыту, қан айлану.
Адам тәрбиесі жүйесінен Міржақып Дулатов дене тәрбиесін ерекше бөліп қарады. Балалардың дене шынықтыру, жастық шақтан және күнде көріп, араласып жүрген тұрмыс-өмірден алынуы, ол ұлттық қимыл-қозғалыс ойындары арқылы іске асырылуы тиісті дей келе, мынадай ойындар ұсынды: Ай-құлақ, дүмпілдек, марламқаш т.б., олар – балалардың әртүрлі қасиеттерін дамытуды көздейтін көргіштік, сезгіштік, жылдамдық, тапқырлыққа баулитын ойындар[43].
Жоғарыда көңіл аударған Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Шәкерім Құдайбердиев, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов т.б. көздеген маңызды мақсатар- адам баласына дүрыс тәрбие берудің мәнді жолдары.
Қазақ ағартушылары тәрбие процесінде ұлт салт-дәстүрінің алатын орнын, дене тәрбиесіндегі халық педагогикасының мүмкіндігін пайдалана отырып, жан-жақты үйлесімді адам тәрбиелеудің дұрыс жолын айқындап берді.
Дене тәрбиесіне үлкен үлес қосқан, Ресейде ден тәрбиесінің ірге тасын қалаушы Л.Ф.Лесгафт өз еңбегінде дене жаттығуларын орындау процесін рухани және дене жетілуімен тұтас бір уақытта жүретін процесс деп қарады[44].
Дененің әлсіздігіне қарамастан, ақыл-ой қабілетін жақсы жетілгенін жиі көруге болады. Алайда организмнің құрылымы мен қызметінің арасында үйлесімділіктің мұндай бұзылуы, жазасыз қалмайды. Ол өзінің сырт көріністерінің әлсіздігін байқатады.: адам ойлап түсіне білуі мүмкін, бірақ ойлаған идеяларын жүйелі түрде тексеріп, оларды табандылықпен іс жүзіне асыру үшін күші жетпейтінін, қоғамымызда көріп жүрміз.
Э.В.Ильенков мұндай жан-жақты даму мен толық адам мәселесін философиялық тұрғыдан талдап, өзінің «Философия и культура» атты еңбегінде оны «Ойлы дене» деп айрықша көрсетті [45]. Ойлау ол адамзаттың ең жұмбақ қасиеттерінің бірі, оны адам денесінен бөліп қарауға болмайды. Ойлау ол адам денесінің белсенді іс әрекеті. Өзге денелердің ішінде өз денесінің дұрыс қозғалуын, көркемдігін қадағалау, өмірдегі кездесетін физикалық кедергілерді жеңе білу және аз күш жұмсап көп жұмыс атқару, санадағы меңзеген қимыл-әрекетті дене мүшелеріне орындата білу- бұл ақылдылық формасы немес «Ойлы дене». Яғни бұл жерде адам тәрбиесінде бір жақсы емес жан – жақтылыққа, сонда ған саналы, ойлы, ақылы күшіне, күші ақылына сай азамат тәрбиелеуге болады екен.
Сеченов И.М., Павлов И.П., Введенский Н.Е. «Физиология нервной системы» деген еңбегінде: Бұлшық ет жануарларда да бар, адамдарда да ақылменен бағдар көздей қызмет атқаратын бұлшық ет қасиеті. Яғни адам денесінің негізгі бөлігі, жан дүниесін басқаратын орган ол ақыл-ой[46].
Дене тәрбиесінде саналы көзқарасты И.П.Павлов «адамның барлық іс-әрекеті дене тәрбиесі процесінде жоғары нерв қызметіне тәуелді болады», яғни ми және бұлшық еттер, буындардың қимыл-қозғалысы бір-бірімен тығыз байланысты. Ми қыртысынан түскен «бұйрық» арқылы дене мүшелері әртүрлі екпінде қимылдар орындайды. Ал, қозғалысқа түскен бұлшық ет керісінше миға қарай нерв талшықтары арқылы орындалған жұмыстың «қорытындысын» жібергендей хабар береді. Сонымен, жоғары нерв жүйесі бір жағынан бұлшық ет, буындарын, ішкі ағзалардың қызметін қадағаласа (қан айналу, өкпе, жүрек, бауыр) екінші жағынан осыларға толық ықпалды болады.
Мұны қорыта айтқанда, дене және ақыл-ой тәрбиесі бір-біріне толық тәуелді, бірінсіз –бірінің қасиеті артпайды. Адам тәрбиесі жалпы және күрделі болуға тиіст. Жан-жақты тәрбиелеуді талап етеді. Осы бағытта көптеген педагогтарымыз В.В.Давыдов, А.Н.Леонтьев, Л.С.Выготский, Т.Тәжібаев, К.Б.Жарықбаев, педагогтар Шарль Фурье, Л.Ф.Лесгафт, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатовтың еңбектерінде жан-жақты айқын ашылған.