Зерттеудің өзектілігі



бет3/3
Дата09.06.2023
өлшемі23,36 Kb.
#99949
1   2   3
ҚОРЫТЫНДЫ
Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие жұмысына пайдалану педагогикалық жүйенін жалпы заңдылықтарына бағынады. Педагогикалық жүйенің міндеттері, мазмұны, формалары, әдістері тұтас логикалық тізбек құрса, онда қарастырылып отырған байланыс заңдылығы нәтижені қамтамасыз етеді. ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиетттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан-жақты тәрбиелік қасиетін шындай түседі. Сондықтан, ол тәрбие жүйесінің міндеттері мен түрлерін толықтырып қана қоймайды, оқу-тәрбие жүйесінің мазмұны мен әдіс-тәсілдерін байытуға, оны жетілдіре түсуге де өз үлесін қосады, барынша белсенді әрекет жасайды.
Ұлттық ойындар туралы мағлұматтылығы дегеніміз студенттердің қазақ халқыныі тарихи тәжірибесінде қалыптасқан салауатты өмір сүру дәстүрін сыйлауы, ұлттық ойындадың мән-мағынасын түсініп, олар салауатты өмір сүруге негіз болатынына жете түсінуі, ден саулығын сақтауға деген құштарлығы мен құмарлығы және көптеген ойындардың мазмұнын біліп, олардың денені нығайтыға қосатын үлесін өзіне анықтап алуы.
Ұлттық ойындарды қолданудың қажеттілігін саналы қабылдауы дегеніміз студенттің өз денсаулығын нығайтуға, денесін шынықтыруға ұлттық ойындарды қолдануға ұмтылуы. А.Маслоудың адам қажеттіліктерін қанағаттандыру мотивтері туралы теориясына сүйене отырып әр адамның өз денсаулығын нығайтуға деген қажеттілігін қалыптастыру барысында ұлттық ойындардың қазақ халқының санасына жақындығы көрсетіледі. Осы қорытындыға сүйене отырып әр адамның дене шынықтыру мүдделері өз халқының құндылықтарымен, мәдениетімен, салт-дәстүрімен тығыз байланыстылығын көрсету арқылы баланың ұлттық ойындарға деген қызығушылығын нығайту және спорттың бұл түріне деген позитивтік көзқарастарын қалыптастыру деп анықталған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет