Зерттеудің статистикалық және термодинамикалық әдістері



бет31/37
Дата31.01.2023
өлшемі0,97 Mb.
#64050
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37
Байланысты:
Зерттеуді статистикалы ж не термодинамикалы дістері (1)

Лекция 10


Фазалық айналыстар. Үштік нүкте Заттардың кристалдық және аморфтық күйлері. Кристалдар классификациясы. Кристалдардың физикалық типтері.Қатты денелердің жылу сылу сыйымдылығы. Фазалық түрлендірулер. Дюлонг-Пти заңы.


Қатты денелер. Моно- және поликристалдар


Қатты денелер (кристалдар) молекула аралық күштердің үлкен болуы және көлемін ғана емес, пішінін де сақтауы арқылы сипатталады. Неміс физик-теоретигі М. Лауэнің (1879—1960), рент­генографиялық зерттеулерінде көрсеткеніндей, кристалды құрайтын бөлшектердің (атом, молекула, иондардың) белгілі тәртіппен, реттеліп орналасуының нәтижесінде кристалдар дұрыс геометриялық пішінде болады. Бөлшектердің үш өлшемде периодты түрде қайталанатын белгілі тәртіппен орналасуын кристалдық тор деп атаймыз.
Бөлшектер орналасқан нүктелер, дәлірек айтқанда, бөлшектер айналасында тербеліс жасап тұратын орташа тепе-теңдік жағдайы, кристалдық тордың түйіндері деп аталады. Кристалл денелерді екі топқа бөлуге болады: монокристалдар және поли­кристалдар. Монокристалдар — бөлшектері бірегей кристалдық торды құрайтын қатты денелер. Монокристалдардың кристалдық құрылымы олардың сыртқы пішіні арқылы анықталады. Бір типтегі монокристалдардың сырт пішіні әр түрлі болуы мүмкін, бірақ олардың сәйкес қырларының бұрыштары тұрақты болып қалады. Бұл М. В. Ломоносов қорытып шығарған бұрыштардың тұрақтылық заңы. Ол кристалды құрайтын бөлшектердің белгілі бір заңдылықпен орналасуы нәтижесінде, кристалл дұрыс пішінге ие болатыны туралы маңызды ұйғарым жасады. Көптеген минералдар монокристалдар болып табылады. Бірақ, ірі табиғи монокристалдар сирек кездеседі (мысалы, мұз, ас тұзы, исландтық шпат). Қазіргі кезде көптеген монокристалдар жасанды жолмен алынады. Ірі монокристалдарды өсіру шарттары (таза ерітінді, баяу салқындату және т. б.) көбіне орындалмайды, сондықтан көптеген қатты денелердің құрылымы ұсақ кристалды болады, яғни ретсіз орналасқан ұсақ кристалдық түйіндерден тұрады. Мұндай қатты денелер поликристалдар деп аталады (көптеген тау жыныстары, металдар мен құймалар).
Монокристалдарға тән қасиет – олардың анизотроптығы болып табылады, яғни, физикалық - серпімділік, механикалық, жылулық, механикалық, магниттік, оптикалық қасиеттердің бағытқа тәуелділігі. Монокристалдар анизотропиясы, ұзындық бойынша бірдей, бірақ бағыты бойынша әр түрлі бөлігі үшін кристалдардағы бөлшектердің саны әр түрлі болатындығымен түсіндіріледі (102 сурет), яғни, кристалдық тордағы бөлшектердің орналасу тығыздығы бөлшектерінің бағыты бойынша бірдей емес, бұл осы бағыттар бойынша кристалдардың қасиетінің өзгеруіне алып келеді. Поликристалдарда анизотропия тек жекелеген ұсақ кристалдарда байқалады, бірақ олардың бағытының әр түрлі болуының нәтижесінде, орташа алғанда, поликристалдардың қасиеттері барлық бағытта бірдей болады.

102-сурет

Қатты кристалл денелердің түрлері


Кристалдар классификациясының екі түрі бар: 1) кристаллографиялық; 2) физикалық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   37




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет