Зерттеуші Исследователь – The Researcher


«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің



Pdf көрінісі
бет6/20
Дата24.03.2017
өлшемі43,02 Mb.
#10350
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

«Қапшағай қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 
«Искорка» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 
«Қазақ тілі» пәнінің мұғалімдері, Қапшағай қаласы, Алматы облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ 
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫН ҚОЛДАНУ 
 
Аңдатпа 
Мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  қазақ  этнопедагогикасын 
насихаттау туралы айтылған. 
  
«Атадан  ұл  туса  игі,  ата  жолын  қуса  игі»  деп  асқақ  арманмен  бабаларымыз 
бізге  үлкен  үміт  артқан.  Біз  ата-баба  үмітіне  үкі  таға  отырып,  болашақ  ұрпақты 
халық  қазынасымен  сусындату  арқылы  балалардың  дүниетанымын  қалыптастыру  – 
бүгінгі  күннің  басты  талабы.  Ата-бабаларымыз  асыл  қасиеттердің  ұрпақ  санасына 
тәрбие әрекеттері арқылы даритыны, табиғи құбылыс екеніне терең мән беріп, оның 
нақты тұрғыда жүзеге асырылуының тәсілдерін іздеген. Дәстүрлі тұрмыс тәжірибесі 
бала  тәрбиесінде  ескерусіз  қалмай,  ұлттық  дүниетаным  тұрғысымен  ерекшеленген 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
47
түрлерін  қалыптастырған.  Ол  тәжірибелер  жаңа  дәстүрлер  арқылы  жетілдіріліп, 
толықтырылып отырған. 
Баланы  жастайынан  еңбексүйгіш,  елгезек  азамат  етіп  тәрбиелеу  –  ол  бесік 
жырлары  мен  тұсау  кесер  жырларынан,  бата,  тілек,  терме  өлеңдерден  өзекті  орын 
алған.  Еңбек  қағидаларын  жастардың  бойына  сіңіру  отбасындағы  еңбектің 
қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы 
қозы,  лақ  қайтаруға,  отын-су  әзірлеуге,  мал  өнімдерінен  тұрмысқа  қажетті  құрал-
жабдық (қамшы, шідер, жүген өру, тері илеу, қару-жарақ т.б.) жасауға әзірлеу, қора 
салу,  киіз  үйдің  ағашын  істеу,  ұсталық  зергерлік  өнерге  үйрету  көзделсе,  ал  қыз 
балаларды  ыдыс-аяқ  жуу,  үй  сыпыру,  шай  құю,  төсек  жинау,  кесте,  өрнек  тоқу,  ас 
пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен. 
Қазақстанның  ертеңгі  болашағы  бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесіне  байланысты.  Жан-
жақты жетілген, парасатты азаматты дайындау, олардың рухани жан-дүниесін халық 
қазынасымен  байыту,  ата-баба  дәстүрлерінің  озық  өнегелерін  санасына  орнықтыру 
үшін балабақшада жүргізілетін этнопедагогикалық тәрбие берудің маңызы зор. 
Этнопедагогикалық  тәрбие  беру  мақсатында  көрнекіліктер  ретінде  киіз  үй,  үй 
жиһаздары,  ыдыс-аяқтар,  ұлттық  киімдер,  зергерлік  бұйымдар  пайдаланылады. 
Ұлттық киімдер мен заттардың сабақта пайдаланылуы балалардың көздерін үйретіп 
қана  қоймай,  бұл  бұйымдар  жайында  біраз  мағлұмат  алып,  аттарымен  танысып  әрі 
не үшін қолданалатынынан да хабардар болуға мүмкіндік береді. 
Салт-дәстүрлер 
баланың 
дүниеге 
келген 
күнінен 
бастап 
өмір 
баспалдақтарындағы  әрбір  қадамында  пайдаланылады.  Балаларға  әрбір  салттың 
маңызын айту оның бала тәрбиесіндегі рөлін көрсете білу қажет. Балалардың тілдік 
қорының  молайып,  өз  ойларын  толық  жеткізе  білуге  деген  құлшынысының  артуы, 
сахналық қойылымдарға қатысып, шығармашылық ізденіске талпынуы – қол жеткен 
жетістіктеріміз. 
Этнопедагогиканың  маңыздылығы  балаларды  сәбилер  тобынан  бастап  өз-өзін 
ұстай  білуге  мәдениетіне,  туыстық,  достық,  жолдастық  қарым-қатынастарға, 
табиғатты,  қоршаған  ортаны  сақтау,  адамгершілікке,  әдептілікке,  әдемілікке 
тәрбиелеуде, олардың ой-өрісін, санасын, мінез-құлқын қалыптастыруға тиімді әсер 
етеді.  Балалардың  салт-дәстүрлерді  тереңірек  үйренуіне,  өз  еліне,  халқына  деген 
сүйіспеншілік  сезімдерінің  оянуына,  қазақ  халқының  ертегі,  аңыздарына  деген 
қызығушылықтарының артып, сахналық қойылымдарға қатысуына жол ашады. 
Бала  дүниетанымын  шыңдай  түсетін  іс-шаралардың  бірі  –  балабақшада 
өткізілетін  ойын-сауықтар  мен  мерекелік  ертеңгіліктер  ата-аналармен  бірлесе 
отырып  ұйымдастырылады.  Ертеңгіліктер  мерекеге  арналып  ұйымдастырылса, 
ойын-сауықтар 
балалардың 
алған 
білімдерін 
тиянақтау 
барысында  қазақ 
этнопедагогикасын  бала  дүниетанымын  қалыптастыруға  бағыттай  отырып, 
балабақшада  жиі  ұйымдастырылады.  Қазақ  этнопедагогикасына  бағытталған 
ертеңгіліктер  мен  ойын-сауықтарға  ата-аналарды  қатыстыру  олардың  да  қазақ 
этнопедагогикасы жөніндегі білімдерін кеңейте түсуді мақсат етеді. 
Қазақ 
этнопедагогикасы 
материалдары 
екі 
бағытта 
қарастырылып, 
балабақшаның оқу-тәрбие жұмыстарында қолданылады: 
- Қазақ балалар фольклоры; 
- Ұлттық ойындар. 
Қазақ  ауыз  әдебиетінің  бір  бөлігін  қазақ  балалар  фольклоры  құрайды.  Қазақ 
балалар 
фольклоры 
мектеп 
жасына 
дейінгі 
балалардың 
дүниетанымын 
қалыптастыруға тікелей әсер етеді. Балалар жан дүниесінің аталмыш сипаты балалар 
фольклорының табиғатын айқындайды. Балалар фольклоры балалар психологиясын, 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
48 
көркемдік  талғамын,  шығармашылық  мүмкіндіктерін  таныта  отырып,  бала 
қабілетіне лайықталып, логикалық жүйелігімен ерекшеленеді. 
Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  лайықты  ауыз 
әдебиеті  үлгілеріндегі  бесік  жырлары,  тұсау  кесу  жырлары,  уату,  алдарқату 
жырлары,  тәжікелесулер,  мазақтамалар,  санамақтар,  қаламақтар,  сұрамақтар, 
қызықтамалар,  маусымдық  жырлар,  балалар  айтысы,  өтірік  өлеңдер,  арнау-тілек 
өлеңдер,  жаңылтпаштар,  мақал-мәтелдер,  ертегілер  аңыз-әңгімелер  балабақшаның 
оқу-тәрбие үрдісінде қолданылады. 
Қазақ 
этнопедагогикасының 
тәрбие 
бастауы  – 
бесік 
жыры.  Қазақ 
этнопедагогикасы тәрбиені бесік жырынан бастайды. Алғаш дүние есігін ашқан сәби 
бесік  жыры  арқылы  жақын  адамдармен,  қоршаған  ортамен  таныса  бастайды. 
Мысалы: 
Әлди бөпем, ақ бөпем, 
Ақ бесікке жат бөпем. 
Быламыққа май құйып, 
Төңкерме қып берейін. 
Жылама, әлди, жылама, 
Жылама, бөпем, жылама, – деген нұсқасы халық арасында таралған. 
Балаларды  бесік  жырларымен  таныстыру  барысында  салт-дәстүрлер  негізінде 
ойындық-көрініс  ретінде  балалардың  қызығушылықтарын  арттыра  отырып 
ұйымдастырылады. 
Жылаған  баланы  тыныштандырып,  көңілін  басқа  жаққа  аудару  мақсатында 
«уату-алдарқату»  өлеңдері  айтылады.  Бұған  саусақ  ойындарын  жатқызуға  болады. 
Бес  саусақтың  аттарын  атап,  ретімен  жұмып,  ретімен  ашу  бала  ұғымын  жүйелеуге 
көмектеседі. Бірте-бірте санауға үйрену арқылы есептеуге үйренудің қадамы саусақ 
ойындарынан басталады. 
Балалар  «арнау-тілек»  өлеңдері  арқылы  табиғат  құбылыстарымен,  жан-
жануарлармен  тілдесіп,  өзіндей  көріп  ұғынуға  тырысады.  Мысалы,  бұлт  арасында 
жасырынған күнге: 
Май берейін, құрт берейін, 
Күннің көзі шық, шық! - десе, сіркіреп жауған жаңбырға: 
Жау, жау жаңбыр, жау, жау, 
Көк беліңді сау, сау! - деп айқайлайды. 
Ойынға  балалардың  барлығын  қатыстыру  мақсатында  және  балалар  ойынға 
шақыру  өлеңдерін  қолданудың  маңызы  ерекше.  Ойынға  шақыру  жырларын  ойын 
басталар  алдында,  ойын  жүргізуші  баланың  немесе  ойынға  қатысқысы  келмей 
отырған балаларға арнап балалар жеке-жеке де, хормен де айтуға болады. 
Ойынға  шақыру  өлеңдері  де,  балалардың  тілдерін  дамытумен  бірге,  ойын 
мазмұнында  айтылған  ой  балалардың  таным  қабілеттерін  жетілдіруге  септігін 
тигізеді. Мысалы: 
Айдағаным торпақ, 
Ала тайым жортақ. 
Кім ойынға шықпаса, 
Қоян жүрек қорқақ, – деген ойын өлеңдері ойынға шықпаған балаларды қорқақ 
қоянға теңей отырып, намысын оятуға түрткі болады. 
Ойынға  балалардың  барлығын  қатыстыру  және  балалардың  ой-өрісін  кеңейту 
мақсатында ойынға шақыру өлеңдерін қолдану бала танымын кеңейте түседі. 
Маусымдық  жырлар  жыл  мезгілдеріне  байланысты  айтылатын  балалар 
өлеңдерінің  бір  түрі  болғандықтан,  балаларға  арналған  маусымдық  жырларда  жыл 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
49
мезгілдерінің  ерекшеліктері  көрініс  табады.  Бұрын  қазақ  халқында  алғаш  күн 
күркірегенде,  алғаш  жыл  құстары  келгенде  түрлі  ырымдар  жасалып  отырған. 
Маусымдық жырлар арқылы балалар жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін біле отырып, 
табиғат сырларын ұғынады. 
Оқу-тәрбие жұмыстарында мақал-мәтелдерді қолдану бала танымын жетілдіре 
түсті.  Қазақ  халқы  мақал-мәтелдерге  өте  бай.  Өмірдің  қай  саласын  алсақ  та,  тиісті 
мақал-мәтелдермен  тұжырымдалған.  Балабақшада  мақал-мәтелдер  балалардың 
түсінігіне  қарай  сабақтың  мазмұнын  ескере  отырып  қолданылды.  Мәселен, 
балаларды туған жердің табиғатымен таныстыруда «Ағаш көркі жапырақ, адам көркі 
шүберек»,  «Жаңбырменен  жер  көгереді,  батаменен  ел  көгереді»  т.б.  мақал-
мәтелдердің  мән-мағынасын  түсіндіре  отырып,  табиғатттың  әсемдігін  сезіне  білуге, 
табиғатты аялай білуге үйретеміз. 
Оқу-тәрбие үрдісінде жиі қолданылатын ауыз әдебиетінің бір түрі – жұмбақтар. 
Бала  дүниетанымын  қалыптастыруда  әр  сабақтарда  жұмбақтарды  пайдаланудың 
маңызы  зор.  Жұмбақ  балалардың  ойлау  қабілетін  дамытады.  Мектепке  дейінгі 
ұйымдарда  балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сай  күрделі  емес  жұмбақтар  –  жан-
жануарлар,  заттар,  адамның  дене  мүшесі,  үй  жиһаздары,  техника,  өсімдіктер  т.б. 
сабақтың  тақырыптарына  байланысты  қолданылады.  Балалар  жұмбақтарды  шешу 
барысында ерекше қызығушылық танытады. 
Балалар  дүниетанымын  қалыптастыруға  әсер  ететін  диалог  түрде  құрылған 
сұрамақтар  мен  қызықтамалар.  Қызықтамалар  мен  сұрамақтар  балабақшаның  оқу-
тәрбие  жұмыстарында  сирек  қолданылатын  жанрдың  бірі.  Мектеп  жасына  дейінгі 
балалардың  дүниетанымын  дамыту  барысында  баланың  көргенімен  ұштастыра 
отырып,  суреттегі  бейнелер  салыстырыла  беріледі.  Сұрамақтардың  ерекшелігі 
табиғат құбылыстарымен, жан-жануарлармен адам ретінде тілдесуі болып табылады. 
Мысалы: 
- Ауылың қайда? 
- Асқар тауда. 
- Қойың қайда? 
- Қошқар тауда. 
- Қойың не жейді? 
-  Жусан  жейді,  –  деген  сұрамақтардың  қарапайым  түрлері  балалардың  таным 
түсінігіне жақын, жаттап алып айтуға ыңғайлы. 
Қарға, қарға, қарғалар, 
Қар үстінде жорғалар. 
- Жорғалар деп кім айтар? 
- Аң аулаған аңшы айтар. 
- Аңшы айтар деп кім айтар? 
-  Мал  қайырған  малшы  айтар...,  -  деп  жалғасып  кете  беретін  сұрақтан  сұрақ 
туындата  отырып  жасалған  сұрамақтар  балаларды  тереңірек  білуге  зерттеуге 
жетелейді. 
Қызықтамалар  –  негізінен  белгілі  бір  сюжетке  құрылып,  өлеңдік  баяндау 
түрінде жырланады. Сұрамақтардан айырмашылығы – үлкен бір сюжетке құрылып, 
ертегілерге  ұқсас  болып  келеді.  Және  сұрақ  арқылы  басталып,  бірден-бірге  өрби 
дамып,  бала  ойын  «одан  әрі  не  болар  екен»  деген  қызықтарға  тартып  отырады. 
Қызықтамаларда кейіпкерлер өлі және тірі табиғатпен тілдесіп,  дүниенің қыры мен 
сырын, өмірдегі болатын қарама-қайшылықтарды түсіндіруге көмектеседі. Мысалы: 
Жемісімді жерге бердім, 
Жер жусанын берді. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
50 
Жусанды қойға бердім, 
Қой қошақанын берді. 
Қошақанды қонаққа сойдым, 
Қонақ  қамшысын  берді,  -  деп  жалғас  беретін  қызықтамалар  бала 
дүниетанымын кеңейте отырып, қиялын ұштайды. 
Баланың  дүниетанымын  қалыптастыруда,  бала  қиялын  ұштауда,  бейнелі 
ойлауға  жетелеуде  өтірік  өлеңдердің  маңызы  ерекше.  Өтірік  өлең  –  қазақ  балалар 
фольклорындағы  қызықты,  балалар  құмарта  тыңдап,  қызыға  жаттап  алатын 
фольклорлық жанр. Өтірік өлеңнің көлеміне қарай  іс-әрекет, белгілі сюжет болады. 
Мұнда үлкен – кішірейіп, әлсіз – күшейіп, ұзын – қысқарып, биік – аласарып деген 
сияқты  үйреншікті  жағдайлар  адам  сенгісіз  керісінше  сипатталады.  Бала  үшін 
қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың бәрі жұмбақ болып көрінеді. Балалар 
өтірік  өлеңдерді  өте  қызығушылықпен  қабылдайды.  Өтірік  өлең  –  бала  қиялын 
шыңдап,  күлдіре  отырып  ойға  жетелейтін,  өмірдегі  қарама-қайшылықтарды 
салыстыра отырып дәлелдейтін құрал. 
Мысалы: 
Мініп алып құртқа, 
Өрмеледім бұлтқа. 
Алып келіп айды, 
Көрсеттім  көп  жұртқа,  -  деген  өтірік  өлеңдер  бала  қиялын  ұштап,  бейнелі 
ойлауға жетелейді. 
Ойынға  құмар  қазақ  ауылының  балалары  жалғыз  ойнамай,  ауылдан  ауылға 
жүгіріп,  өз  серіктерін  іздеп,  бір-бірін  ойынға  шақырып  отырған.  Ойын  –  мектеп 
жасына дейінгі балалардың негізгі әрекеті екені белгілі. 
Балалар  ойынның  басталуында  қаламақтардың  атқарар  орны  ерекше.  Балалар 
ойнайтын ойындардың басым көпшілігі екі топқа бөлініп ойнауды көздейді. Мұндай 
жағдайда  балалар  әр  түрлі  тәсілдерді  қолданады.  Осындай  тәсілдердің  бірі  балалар 
ойынға қаламақты қолдану арқылы бөлу. Мысалы: 
Аспандағы жұлдыз керек пе? 
Судағы құндыз керек пе? 
Сонымен  қаламақтар,  балаларды  ойынға  бөлумен  ғана  емес,  баланың  ішкі 
дүниесімен байланысты болып келетіндігімен де бағалы. 
Қазақ  балалар  фольклорындағы  санамақтар  да  балалар  ойындарын  бастауда  
маңызды  рөл  атқарады.  Санға  телінген  атаулар  ұлттық  таным-түсінікті  тереңдетіп, 
дүниетанымдық  көзқарастары  жетіледі.  Санамақтағы  сандық  атаулар  баланың 
күнделікті  көріп,  қолына  ұстап  жүрген  таныс  дүниелері  –  баланың  танымдық 
қабілетін дамытуға септігін тигізеді. 
Мысалы: 
Бір дегенім – білім, 
Екі дегенім – егін. 
Үш дегенім – үкі, 
Төрт дегенім – төсек. 
Бес  дегенім  –  бесік,  –  деген  санаға  телінген  заттық  атаулар  бала  ұғымына 
жақын  сөздер.  Санамақтарды  балалар  тілі  шыға  бастаған  кезден  бастап,  жарыса 
жаттап, қызыға айтып жүреді. Санамақтар көп жағдайда реттік сандармен басталып 
дами  келе,  «сен  тұр,  сен  шық»,  «сен  кір,  сен  шық»  деген  тәрізді  сөз  тіркестерімен 
аяқталады. 
Қазақ  балаларын  сөзбен  аңдысып,  жеңіл  күлкі  туғызатын  әзіл  оспақтары 
көптеп кездеседі. Соның бірі – тәжікелесулер. 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
51
Тәжікелесу  –  формалық  құрылымы  алуан  түрлі  ермек  өлеңдердің  бір  түрі. 
Тәжікелесулер  балаларға  ой  салып,  таным-түсініктерін  жетілдіруге  көмектеседі. 
Мысалы: 
Шапан – деші! 
Шапан! 
Мыстан кемпір – сенің апаң! 
Балалардың  тілін  ширықтырып,  дүниетанымын  кеңейтетін  көп  тараған 
жанрдың  бірі  –  жаңылтпаштар.  Жаңылтпаш  деген  аттың  өзі  жаңылтудан  шыққан. 
Жаңылтпаштар мазмұнында халық өмірінің түрлі қырларын, адамдардың, жануарлар 
мен жәндіктердің іс-әрекеттерін таныстыратын жақтары жиі кездеседі: 
Ара, ара, аралар, 
Орманның бойын аралар. 
Гүлдерден сорып бал алар, 
Бал тәтті ғой балалар! 
Жұмбақтар  –  белгілі  бір  заттар  мен  құбылыстардың  ең  негізгі  қасиеттерін 
жұмбақтап  айту  арқылы  баланы  ойлауға  мәжбүр  ететін  ой  жаттығуы.  Балалар 
жұмбақтарды  жас  ерекшеліктеріне  қарай  қарапайым,  жеңіл  жұмбақтарды  шешуден 
бастап, күрделі жұмбақтарды шешуді біртіндеп меңгереді. Мысалы: 
Қардай аппақ, 
Балдай тәтті-ақ (Қант). 
Мақал-мәтелдердің  де  танымдық,  әлеуметтік,  тәрбиелік  жағын  байқау  қиын 
емес. Әрбір мақал-мәтелдердің өмір тұжырымын көруге болады. Қазақ халқы мақал-
мәтелдерге  өте  бай.  Балабақшада  мақал-мәтелдер  балалардың  түсінігіне  қарай 
сабақтың мазмұнын ескере отырып қолданылады. 
Сонымен бірге, бала дүниетанымын қалыптастыруда балалар айтысының орны 
ерекше.  Айтыс  –  қазақ  халқына  ғана  тән,  толыққанды  сипаты  мен  даму  биігін 
жоғалтпай келе жатқан, көне де, көркем жанрдың бірі. Балалар айтысы күлкі, жеңіл 
әзіл аралас болып келеді. 
Мектепке  дейінгі  балалық  шақта  балалардың  таным-түсінігіне,  жаттауға 
ыңғайлы  үлкендер  шығарып  берген  айтыс-өлеңдер  қолданылады.  Көбінесе,  қыз 
балалар  мен  ер  балалар  арасындағы  айтыс  түрлері  балалардың  қоршаған  орта 
жайындағы түсініктерін жетілдіреді. 
Халықтың дүниетанымының көне жанрларының кең таралған арнасының бірі – 
ертегілер. Ертегі тыңдап өспеген ұрпақ жоқ қазақ ертегілерінің басталуының өзінен 
ертегі  өте  ертеден  бүгінгі  ұрпаққа  дейін  жеткен  балалардың  сүйікті  жанрларының 
бірі екенін  байқау қиын емес. Ертегілердің:  «Ерте, ерте, ерте екен, ешкі жүні бөрте 
екен...»,  «Баяғы  өткен  заманда...»,  -  деген  сияқты  жетекші  сөздермен  басталуы  – 
еліміздің  бұрынғы  тарихынан,  бұрынғы  тіршілігінен,  арман-тілектерінен  сыр 
шертеді. 
Қазақ  ертегілері  тапқырлыққа,  еңбекқорлыққа,  шыдамдылыққа,  төзімділікке 
шақырып,  әділеттілікті  қолдап,  сезімтал,  ұяң  мінезді  жандарды  алдаудан, 
екіжүзділіктен  қорғап,  көмектесіп  отырады.  Ертегілер  жанрлық  ерекшеліктеріне 
қарай  негізгі  төрт  топқа  бөлінеді:  хайуанаттар  туралы  ертегілер,  қиял-ғажайып 
ертегілері, тұрмыс-салт ертегілері және аңыз-әңгімелер. 
Қазақ ертегілерінің басты кейіпкерлері ретінде халықтың сүйікті жануарлары – 
түйе,  жылқы,  қой,  сиыр  жануарлары  жиі  кездеседі.  Ұлттық  ойындар  балалардың 
батылдық,  ептілік,  ұйымшылдық,  жауапкершілік,  төзімділік,  шапшаңдық  халық 
шығармашылығына деген сүйіспеншілік тәрізді жақсы қасиеттерді дамытады. Ойын 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
52 
тәртібін  сақтау  балаларды  адалдыққа,  бірлікке  күштілікке,  жинақылыққа 
жауапкершілікке тәрбиелейді. 
Ұлттық  ойындар  арқылы  өз  халқының  тарихын,  әдет-ғұрпын,  салт-дәстүрін, 
айқындап көруге болады. 
Ойын бастау 
Келіңдер, ойын бастаймыз, 
Лақтырып таяқ тастаймыз. 
Қағып алып әуеден, 
Кезектесіп ұстаймыз. 
Кімге келсе ең ұшы, 
Деп білеміз – жеңісі. 
Сол бастайды ойынды, 
Келісіп солай алайық. 
Ұлттық 
ойындарды 
үнемі 
сабақта, 
ертеңгіліктерде, 
ойын-сауықтарда 
насихаттап, ойнатып отыру өте маңызды. Әсіресе  «Ханталапай»,  «Асық ату»,  «Хан 
мен  уәзір»,  «Қасқыр  қақпан»,  «Үй  артында  қол  ағаш»,  «Киіз  үй»  ойындарын 
ұйымдастырып,  балалардың  ұлттық  ойынға  деген  қызығушылықтарын  арттыру 
басты міндет болып табылады. 
Қорыта айтқанда, балалар поэзиясы – маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдер, 
тақпақтар,  сұрамақтар,  қызықтамалар,  өтірік  өлеңдер  арқылы  балалардың  жыл 
мезгілдерін  ерекшеліктеріне  қарай  ажырата  білу,  табиғаттың  өзіне  жақындығын 
сезіну,  жан-жануарлардың,  заттардың  өзіне  тән  қасиеттерін  түсіну  т.б.  ойындық 
фольклор  –  ойын-өлеңдер,  жұмбақтар,  мақал-мәтелдер,  тәжікелесулер,  балалар 
айтысы,  ойынға  шақырулар,  қаламақтар,  санамақтар  арқылы  әзіл-қалжыңды  түсіне 
білуге,  заттар  мен  іс-әрекет  арасындағы  байланысты  ұғынуға,  бір-бірін  ойынға 
шақыруға,  ойын  барысында  қаламақ,  санамақ  қолдану  арқылы  ойын  бастаушыны 
сайлауға, ойын кезінде бірнеше топқа бөлінуге болатынын түсінеді. 
Қиял-ғажайып  ертегілері, 
хайуанаттар  туралы  ертегілер,  тұрмыс-салт 
ертегілерін  қолдану  арқылы  қазақ  халқының  тұрмыс-тіршіліктері,  арман-тілектері 
жөнінде түсінік алып, хайуанаттардың, төрт-түлік малдың ерекшеліктерімен таныса 
отырып,  дүниетанымдық  көзқарастары  қалыптаса  түседі,  сөздік  қорлары  байып, 
тілдері  дамиды.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  өміріндегі  осындай  қазақ 
этнопедагогикасын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тәрбие жағынан маңызы өте зор. 
 
Әдебиеттер 
1 Бәдел А. Қазақ этнопедагогикасы – тәрбие бастауы. Әдістемелік құрал. 
2 Бала мен балабақша. – №2. – 2010. 
 
Резюме 
В  статье  рассказывается  о  методике  образовательно-воспитательной  работы  в 
дошкольных учреждениях по агитации казахской этнопедагогики. 
 
 
 
 
 
 
 
 

Zertteušì – Issledovatel’ – The Researcher                              ISSN 2307-0153 
№№7-12(99-104), шілде-желтоқсан, июль-декабрь, July-December, 2014
 
______________________________________________________________ 
 
 
53
САБИТОВА Наталья Геннадиевна, 
учитель математики Школы свободного развития «Альтер», 
город Караганда, Республика Казахстан 
 
РОЛЬ УМЕНИЯ УЧИТЬСЯ НА УРОКАХ МАТЕМАТИКИ 
 
Скажи мне – и я забуду, 
покажи мне – и я запомню, 
дай мне сделать – и я пойму. 
Конфуций 
 
Человек, схвативший хоть раз кошку за хвост, 
знает о котах значительно больше, 
чем тот, кто только читал о них, 
 но никогда не видел. 
Марк Твен 
 
Статья  помогает  освоить  применение  таксономии  Б.  Блума  на  уроках 
математики. 
Давно  известно,  что  традиционный  урок  устарел.  На  данном  этапе  в 
педагогическом пространстве применяется большое количество современных техник 
учения,  многие  из  которых  направлены  на  обучение  учащихся  самостоятельно 
добывать  знания.  Как  известно,  лучше  всего  запоминается  и  усваивается  та 
информация,  которую  учащийся  получил  самостоятельно.  «Плохой  учитель 
преподносит истину, хороший учит её находить» (Адольф Фридрих Дистервег). 
При  планировании  уроков  математики  часто  применяется  таксономия 
педагогических  целей  Б.  Блума,  призванная  дать  учащимся  возможность 
самостоятельно получать знания. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет