Зерттеуші педагогтің мәдениеті және ғылыми этика


Этиканың негізгі проблемаларын атайтын болсақ, бұл



бет2/9
Дата18.10.2023
өлшемі350,25 Kb.
#118079
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
зерттеу этикасы лек

Этиканың негізгі проблемаларын атайтын болсақ, бұл:


1. Адамның өмірінің мәні мен оның мақсат-міндеті
2. Жақсылық пен жамандықтың, ізгілік пен жаман қасиеттердің өлшемдері
3. Адамның борышы мен оның адам бойындағы бақытты қалау ойымен үйлесуі
4. Ерік еркіндігі мәселелері.
Этиканы не үшін оқу қажет?
Құндылық мәселелеріне келгенде біздің ойымыз жиі бір жерден шықпай жататыны анық. Қазіргі қоғамға көз салсақ, біз алуан түрлі, кейде өте өткір, өзекті мәселелерге тап болып жатамыз.
Ал, этика мақсаттарының бірі – ненің жақсы немесе жаман, ненің жақсырақ немесе жамандау екенін шешіп алуымызға көмектесу. Әдетте, бұл нормативті этика деп аталады. Нормативті этика ненің жақсы, дұрыснемесе әділетті екендігі туралы тезисті алға тартады.

Қазақстан білім зерттеушілерінің әдеп кодексі


Осы Кодекс адамдар қатысындағы зерттеудің барлық кезеңдерін (жоспарлау, қатысушыларды тартып іріктеу, дерек жинау және есеп беруді) халықаралық деңгейде мойындалған және Қазақстан заңнамасына қайшы келмейтін әдеп қағидалары, нормалары мен рәсімдеріне сай өткізуге бағытталған. Кодексте еліміздегі зерттеу практикасының ерекшелігі мен нормативтік құқықтық актілердің талаптары ескерілген.
Кодекс мақсаты
Кодекс мақсатына жету үшін оның қағидаларында зерттеуге араласатын негізгі 3 тараптың міндеттері тұжырымдалған, олар: білім зерттеушілері, зерттеу жүргізетін ұйымдар және зерттеу әдебі жөніндегі институциялық комитеттер.

Кодекс реттейтін мәселелер


Кодекс адамдар қатысуымен жүргізілген зерттеулерді реттейді. Мұндай зерттеулер деп келесі екі ұғымды қамтитын білім зерттеушілерінің мақсатты қызметін айтамыз:
1) «зерттеу» – білім туралы жалпыланған білімдітүзу я толықтыруға бағытталған, әзірлеу, тестілеу және бағалау рәсімдерінен тұратын, жүйелі зерделеу процесі;
2) «адамдар» – зерттеуге қатысушылар немесе сынаққа алынғандар, олар туралы деректерге білім зерттеушісі екі жолмен қолжеткізеді:
(a) оларға әсер ету не олармен әрекеттесу арқылы,
я болмаса (b) олардың жеке деректерін алу арқылы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет