Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет27/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАНЫМ

Адамның айналасындағы болмысқа, жалпы әлемге қарым-қатынасы бағалаудан басталады дедік. Өзі, өз үйі, өз отбасы, өзі тұрған жері, өз елін бағалаудан басталған рухани өсу оны өзге, өзгенің үйі, өзгенің отбасы, өзгенің туған жері, өзгенің елі т.б. деп бағалауға дейін жеткізеді. Адам өзін, өзін қоршаған ортаны танып қана қоймайды, сонымен бірге бағалайды да. Бағалау тәжірибесі тану арқылы орындалып, танылған бағалау сатысында адам санасында құндылықтардың ерекшелігі ажыратылады. Бағалау адам санасында әлем моделін жасауға қатысады, екінші жағынан оны тануға жағдай туғызады, қызығушылықты арттырып, тану үшін, ақпарат жинаудың негізгі уәжі (мотиві) болады. Демек, бағалауды когнитивтік бағытта саралаудың ғылыми маңызы ерекше.


Тағы да ақын Абайдан бір өлең:
Бойы бұлғаң,
Сөзі жылмаң
Кімді көрсем, мен сонан.
Бетті бастым,
Қатты састым,
Тұра қаштым жалма-жан.
Өз ойында
Тұл бойында
Еш міні жоқ бендесіп,
Түзде мырзаң,
Үйде сырдаң,
Сөзі қылжаң еркесіп.
Бас құрасып,
Мал сұрасып,
Бермегенмен кетісер.
Адам аулап,
Сыпыра саулап,
Байды жаулап жетісер.
Сөз қыдыртқан,
Жұрт құтыртқан,
Антын, арын саудалап,
Бұтты-шатты,
Үй санатты,
Байдан атты алмалап.
Кедейі - ер,
Кеселі зор,
Малды байдан сорлы жоқ.
Аш көмектің,
Жемдемектің,
Босқа әлектің орны жоқ.
Ел қағынды,
Мал сабылды,
Ұрлық, өтірік гуде-гу.
Байы - баспақ,
Биі саспақ,
Әулекі аспақ сыпыра қу.
Ақы берген,
Айтса көнген
Тыныштық іздер елде жоқ.
Аққа тартқан,
Жөнге қайтқан,
Ақыл айтқан бенде жоқ.
Әз тұтуға,
Сыйласуға
Қалмады жан бір татыр.
Сыпыра батыр,
Пәле шақыр.
Болдың ақыр тап-тақыр.
Су жұғар ма,
Сөз ұғар ма
Сыпыра жылмаң желбуаз?
Айтты - көндім,
Алды - бердім,
Енді өкіндім - өзіме аз.
Мәтінде бағалау жағдаятының үш құрамдас типі бар: нысан, бағалаушы субъект, предикат. Субъект әртүрлі тұлғада көріне алады: ол бастауыш (мен), баяндауыш (көрсем, бастым, састым, қаштым), толықтауыш (өзіме) сипатында көрініс тапқан. Нысанға қатысты жағдай яғни объектінің вербальдануы заттық-әрекеттік сипатта да; предикат заттық, қимылдық және модальдық тұлғада да көрінеді. Автордың ойы мәтінде анық берілген. Мұнда боямалық жоқ, ой сөз ішінде жасырынбай, нақты айтылады, «мырзаң», «қылжаң», «сырдаң» тұлғаларын қолдану арқылы авторлық метафоралық қолданыс туғызып, (Түзде мырзаң, Үйде сырдаң, Сөзі қылжаң еркесіп) ерекше синтаксистік құрылым жасап, нысан мінезін сомдауда жаңаша өлең құрылысын құрайды. Өлеңнің алты буыннан тұруының өзі бағаланушы нысанның жеңіл-желпі жүріс-тұрысы мен мінез-құлығын танытатындай. Суреттеліп отырған нысан ішкі-сыртқы қалыбымен көз алдыңызға келеді.
Бұл кім?
Бұл жақсы киінген, әдемі сөйлейтін, ойы мен бойында еш міні жоқтай көрінетін, қалжыңды ұнататын, берсең жақсысың, бермесең сенімен кетісетін, сыртта мырза, үйінде не болып жатқанын өзінен басқа жан баласы білмейтін, сөз қыдыртып, әңгіме тасыған, анты мен арын саудаға салған, су жұқпас. Абай бағалауындағы – желбуаз. Сіз оның желбуаз екенін байқай алмауыңыз бек мүмкін. Тіпті Абай да «айтты - көндім, алды - бердім, енді өкіндім - өзіме аз» демей ме. «Желбуаз» туынды сөз: «жел» және «буаз» сөздерінің бірігуінен жасалған. Іші бос, жел ғана. Оған «ар», «ант» деген ұғымдар бос, мәнсіз.
Нысанның сыртқы тұлғасын, мінезін, ішкі жан дүниесін таныдыңыз, бағаладыңыз. Күнде қасымызда жүреді, олар - бар. Өз ойында, тұл бойында еш міні жоқ пендесіп, сөз қыдыртқан, сөйтіп жұртты құтыртқан, антын, арын саудалап жүргендер қатарымызда жоқ емес екенін мойындайсыз. Лексикалық бірліктер арқылы берілетін эстетикалық бағаның қызметтік жүйесі шоғырлана дами түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет