Үзік сөз сөз алладан шықҚан бу (Шаһкәрім)



бет39/69
Дата01.11.2023
өлшемі1,55 Mb.
#121245
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69
Байланысты:
Абай поэтика

Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер,
Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ.
Мұндай қарсылық дүнияуи таным жолындағы өмірлік тәжірибеден, өзгелердің тіршілік қалыбын танып-білуден туған бағалау нәтижесі. Думан-сауық көңіл көтеруі ықтимал, алайда, көкірек көзін ашар ма? Ал «көзін ашу» синтагмасы әуелгі «тіл ұстарту», «өнер шашудың» жалғасы да, ойлы жас жігіттерге айтылған үлгі, ұсынылған жөн, көрсетілген жол.
Қазақ сөзі - мағынаға бай. Бір тұлғадағы сөз әртүрлі зат пен қимылдың атауын білдіріп, кең мағынада да, жеке бір затты не құбылысты таңбалап, жекелік мағынада да жұмсалуы мүмкін. Филологиядағы даралық категориясының қарастырылуы оның тілдегі мынадай аяда зерттелуіне мүмкіндік береді:
• тіл болмыстың даралық табиғатын анықтаушы құрал;
• тілдің даралық табиғатының шындық болмысқа қатысы өз дәрежесінде когнитологияда көрініс табады. Когнитологиядағы негізгі ұғым саналатын концепт ұжымдық санадағы даралық санатында қарастырылады;
• даралық пен бүтіннің қарама-қарсылығы таңба деңгейінде анықталады, бүтіндік әртүрлі тілдік қабатқа бөлініп, тілдік жүйені құрайды.
Мәтін теориясында даралық пен бүтіндік – мәтіннің ерекшелігі мен қасиетін танытатын маңызды сипаты ретінде бағаланады. Даралық пен бүтіндік категорияларының мәтін семантикасы деңгейінде айқындалуы лебіздің тууы мен ойлау жүйесіндегі ерекшеліктерді терең зерделеуге мол мүмкіндіктер туғызады. Қазіргі тіл біліміндегі психолингвистер [A.C. Штерн, Ю.А. Сорокин, Л.В. Сахарный] даралық пен бүтіндіктің бір-біріне қатысын мәтіндік семантика деңгейінде зерттеуге ерекше мән беру керектігін айтып, мұның мәтін табиғатын түсінудегі және қабылдаудағы мәнін атап көрсетеді.
Мәтіннің семантикалық кеңістігін анықтауда мәтіннің семантикалық бейнесі туралы ақпарат болуға тиіс. Ол үшін:

  • мәтін толық оқылады;

  • тақырыбы анықталады;

  • мәтіннің микротақырыптары бөлініп, оларға атау беріледі;

  • мәтіндегі әрбір микротақырыптарға лайық, мазмұнын анықтайтын сөздер жазылады;

  • мәтіннің басты тірек сөздері көрсетіледі;

Мұның өзі мәтіндегі басты ойдың мазмұнын, ой жүйесін саралап, мәтіндегі лексемалардың бір-бірімен валенттілігін, семантикалық кеңістіктегі байланысы мен иерархиялық бүтіндігін анықтау үшін маңызды саналады.


Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.
Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,
Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды,
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын, алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.
Сөз айттым «Әзірет Әлі», «айдаһарсыз»,
Мұнда жоқ «алтын иек, сарыала қыз».
Кәрілікті жамандап, өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз.
Әсіре қызыл емес деп жиренбеңіз,
Түбі терең сөз артық, бір байқарсыз.
Батырдан барымташы туар даңғой,
Қызшыл да, қызықшыл да әуре жан ғой.
Арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз,
Елірмелі маскүнем байқалған ғой.
Бес-алты мисыз бәңгі күлсе мәз боп,
Қинамай қызыл тілді кел, тілді ал, қой!
Өлеңі бар өнерлі інім, сізге
Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге.
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,
Қанша қызық болады өзіңізге?
Мәтін толық берілді. Мәтін тақырыбы – «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» - автордың негізгі ойын тұжырымдай анықтайтын пропозиция. Сөйлем емес. Егер тақырыпты сөйлем деп атасақ, онда зерттеу нысаны мен аспектісі өзгеріп, тақырыпты тек сөйлем мүшелері мен сөз тіркесіне талдауымыз керек болады. Пропозиция семантикалық құрылым болғандықтан, шындық мәнді, нақты мағынаны анықтауға жол ашады.
Өлеңдегі микромәтіндер мен негізгі тірек сөздер:
Мақсаттылық: жазу, өлең, үлгі, жастар,
Рухани мәдениет: тіл, өлең, сөз,
Жақсы мінез: талапты, көңілінің көзі ашық, сергек,
Жаман мінез: арсыз, малсыз, ақылсыз, шаруасыз, елірмелі маскүнем сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,
Дене мүшелері: тіл, көкірек, құлақ,
Жас кезеңі: жас, кәрілік;
«Мақсаттылық» семантикалық кеңістігін анықтайтын жазу, өлең, тіл, сөз, үлгі сөздерінің мағыналары әртүрлі болғанымен, олар бір ойға жұмылып қызмет етеді. Деректер жиынтығы автор көксеген ойды анықтап, авторлық тұлғаның таныған әлем бейнесінен хабардар етеді. Яғни, мәтіндегі семантикалық кеңістік арқылы танылған, белгіленген сөздердің мағыналары бір-бірімен жымдаса бірігіп, негізгі ойды анықтайды.
Даралықтың мәні әр сөздің мағынасы арқылы анықталатын мәтіннің семантикалық кеңістігін айқындау. Жеке мәтіндік бірліктер жиынтығы арқылы алынған мән мәтіннің толық мағыналық және мазмұндық сипатын толық анықтауға мүмкіндік береді. Көркем мәтіннің құрылымы осы мәннің негізінде, бір-бірімен байланысқа түсіп, сәулеленіп, контекстік мағынаға ие болғандағы ерекше семасы бойынша анықталады.
Л. Витгейнштейн былай деп жазады: «Только предложение имеет смысл; только в контексте предложения имя обладает значением» [Л. Витгейнштейн, «Логико-философский трактат»]. Мәтіннің элементтері - абзацтар, тараулар, бөлімдер, яғни коммуникативтік мақсатты таңбалаудағы көлемді прагматикалық бөліністер. Мәтіндегі даралық әртүрлі белгілер мен параметрлер бойынша анықталуы мүмкін. Ал уақыт пен кеңістік категориялары көркем мәтіннің мазмұнын ұйымдастырушы сыңарлар. Өлеңді лебіз ретінде танысақ, пропозиция Л. Витгейнштейннің айтқанындай, «тілдік ойындарға» бөлінер еді. Ғалымның пайымдауынша, адам баласы үнемі ойдың үстінде жүріп, тек таным процесімен шұғылданбайды, ол қуанады, ренжиді, сезеді, азаптанады не рахаттанады. Осының барлығы тілде өзінің көрінісін бейнелейді. Бұл идея ғалымның «тілдік ойын» теориясының негізін қалайды. Сөздің көпмағыналығы, кейде ауыспалы мағынада келіп, толық түсінікті болмай, көмескіленуі, екіұшты пікірдің болуы Витгейнштейн еңбектерінде терең бағаланады. Оның пікірінше, мұндай «көмескілік» «тілдік ойынға» тән жағдаяттар.
Л. Витгейнштейн сөйлемнің қаншама түрі бар, оны санап қараған ешкім жоқ, өйткені оны санау да мүмкін емес, осы арқылы «тілдік ойындардың» әр алуандығын анықтауға болады деп түсіндірді. «Логико-философский трактат» атты еңбегінің басы былай басталады:
Мир есть все то, что имеет место.
1. 1. Мир есть совокупность фактов, а не вещей.
1. 11. Мир определен фактами и тем, что это все факты.
1. 12. Потому что совокупность всех фактов определяет как все то, что имеет место, так и все то, что не имеет места.
1. 13. Факты в логическом пространстве суть мир.
1. 2. Мир распадается на факты.
1. 21. Любой факт может иметь - место или не иметь места, а все остальное останется тем же самым [Л. Витгейнштейн, «Логико-философский трактат» 2-бет].
Айналамызды қоршаған заттар мен құбылыстарға қарап, бізді қоршаған солар деп ойладық. Л. Витгейнштейн әлем заттар емес, деректер жиынтығы дейді. Дерек – көз көріп, қол ұстаған нақтылық.
Бүтіндік ұғымы да мәтіннің мазмұндық және коммуникативтік сипатын ұйымдастырушы. Өлеңдегі даралық пен бүтіндік бірлесе келіп, жалпы мазмұнды анықтаудың кілті болады. Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» атты өлеңінің бүтіндігін тек сөздердің жеке мағыналарынан немесе жеке сөздер беретін ұғымдардан іздеу орынсыз болар еді. Негізгі мағынаны айқындап тұрған жеке сөздер болғанымен, жалпы өлең бүтіндігі контексте, мәтінде ерекше жаңа мазмұнға ие болып барып анықталады. Сөз өнерінің болмысы математикалық есептеулерге келмейді. Екіге үшті қосып та, үшті екіге қосып та бес деуге болғанымен, Сөзде олай емес. Сөздің құдіреттілігі де осында. Сөз мағынасы автор ойының көрінісі бола отырып, сөйлем ішінде не контекст ішінде көрінетін мағынасы арқылы ғана анықталуы тиіс. Витгейнштейннің қолданған «Мир есть совокупность фактов, а не вещей» дегенінің жаңылтпаш емес екенін тек сөз құдіретіне ерекше мән бергенде ғана терең түсіндіруге болар еді. Автор таңдауындағы сөздің ішкі болмысы аса мәнді. Оны қалай түсіну кез келгеннің еркінде емес, мүмкіндігінше, авторлық қолданыстағы мағынасын түсіну, түсіндіру маңызды болмақ. Сөз тек өзі атап тұрған заттың немесе құбылыстың атауы ғана емес, оның көзге көрінбейтін, бірақ сезінуге, түсінуге болатын сан қыры бар. Ал сөйлеуші немесе жазушы сол сандаған мағыналық қырдың қайсысын қолданып тұр екен. Оны қабылдаушы қалай қабылдайды, мұндағы гәп осы жерде жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет