Тарих ғылымдарының кандидаты Өлке тарихы: рух және батырлық ДӘСТҮР



Pdf көрінісі
Дата12.01.2017
өлшемі190,55 Kb.
#1743

Жаңабек Жақсығалиев  

М. Өтемісұлы атындағы  

Батыс Қазақстан мемлекеттік  

университетінің аға оқытушысы,  

тарих ғылымдарының кандидаты 

 

ӨЛКЕ ТАРИХЫ: РУХ ЖӘНЕ БАТЫРЛЫҚ ДӘСТҮР 

 «...Алшын ата баласы –  

Сұлтансиық, Бақсиық, 

Хан қызы екен анасы

Қаннан кеуіп көрген жоқ,  

Найзасының сағасы, 

Он екі ата – Байұлы, 

Жеті аталы Жетіру,  

Әлім менен Шөмекей, 

Халқымның еді жағасы» 

  Сүйінбай Аронұлы   

         Қазақтың  рухын  әлсіретіп  оның  тарихи  санасын  экспансиялау  



мақсатында  орыс    отаршылдары  ғасырлар  бойы  бағдарлы  әрі  байыпты 

стратегиялық  саясат    жүргізді.Отар  болған  жұрттың  ұлттық  тарихи 

санасын  тұншықтырып,  рухани  құлдықтың  шеңгелінде  шырмау  үшін 

құрылатын  негізгі  өрмек  –  халықты  өз  ана  тілі  мен  ата  тарихынан 

мақұрым қылу. Демек  ұлтты мәңгүрттікке бастайтын ең төте жол – сол 

халықтың  туған тілі мен тарихи санасының көмескіленуі мен өшуі.  

Сөз басы 

Белгілі итальян ойшылы Николло Макиавеллидің пайымдауынша, ұзақ 

уақыт құлдықта болған халық еліне деген құштарлықтан, отансүйгіштік пен 

елжандылықтан  айырылып,  жалтақ,  кӛнгіш,  тілалғыш,  жағымпаз  бола 

бастайды екен. Маңдайына желден басқа ештеңе тиіп кӛрмеген асау да арда 

һәм  мәрт  мінезді  текті  ұлттың  табиғи  мінезі  тереңнен  ойластырылып 

жүргізілген  жымысқы  саясаттың  нәтижесінде  біртіндеп  сӛгіліп,  ұлт 

болмысына    жат    жасқаншақтық,  жағымпаздық,  жарамсақтық  сияқты 

жағымсыз қасиеттердің сыналай енуі – ұлттық рухтың сетінеуіне жол ашты. 

Ұлттың  ар-намысы  аяққа  тапталды.  Кәрі  тарих  рухсыз  халықтың  қара 

тобырға  қалай  айналғанын  сезбей  де  қалатынын,  тек  рухтының  ғана  бәсі 

биік,  абыройы  асқақ  екенін  сан  мәрте  дәлелдеді.Бұған  дейін  де    бодау  

заманның  шырғалаңын  бабаларымыз    «Күлтегін»  жазуында    «бек  ұлдарың 

құл  болды,  пәк  қыздарың  күң  болды»  деп    тасқа  ойып  қашаған  еді. 

Сондықтан  да  қазақ  құдайдан  ұлының  рухты,  қызының  қылықты  болғанын 

тілеген. 

 Ақиқатын  айтсақ,  біздің  қазақ  ғасырлар  бойы  құлдық  сана 

қалыптастырған  жалпақшешей  жалдап  мінезден  енді-енді  арылып  келе 

жатыр.  Қанша  намыстансақ  та,  арлансақ  та  мұны  мойындаған  жӛн.  

Мамандардың  пікірінше,  ұлт  мұндай  «дерттен»  кемі  бір-екі  ұрпақ 

алмасқаннан  кейін  ғана  «сауыға»  бастайды    екен.  Ұлттық  мүдде,  ұлттық 


намыс жолында ханы да, қарасы да басын бәйгеге тіккен ӛр халықтың бүгінгі 

ұрпағы  ата  тарихын  қайта  парақтап,  ұнжырғасы  түскен  ұлттың  еңсесін 

кӛтеру  мақсатында  бұлыңғырлана  бастаған  ұлт  рухын  іздеуге  қайта 

кіріскендей.  

Мемлекет  тәуелсіздігінің  ең  үлкен  жемісі  –  ұлттық  сана,  ұлттық  рух 

бостандығы. Азат елдің азаматтарының рухын қалай кӛтеруге болады? Бұл – 

қазіргі  күннің  ӛте  ӛзекті  мәселесі.  Алдымен,  кӛк  құрақтай  желкілдеп  ӛсіп 

келе  жатқан  бүгінгі  жас  буынның  ұлттық  тарихи  санасын  қалыптастыру 

керек.  Ол  үшін,  алысқа  бармай-ақ  ӛзіміздің  туған  ӛлкеміз  –  Кіші  жүз 

тарихының ерлік һәм батырлық дәстүрін сараласақ та жеткілікті.  



І.«Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!» 

 

Біріншіден, даңғайыр аумақты бауырына басып жатқан Кіші жүз халқы 



–  Ш.  Уәлиханов  жазғандай,  батырлар  ұрпағы.  Кіші  жүздіктердің 

бұлтақтатпай  тура  айтатын  тік  мінезі,  ӛрлігі  мен  ерлігі  алты  алашқа  аян. 

Халқының  жаужүректілігі  мен  аламандығын  бәрінен  биік  қойған  Кіші  жүз 

кӛсемдері  хан  алдында  жалтақтамай,  қорғалақтамай  батыл  сӛйлеген. 

Қарашасының  қамын  күйттеген  Кіші  жүз  жақсыларының  ӛздеріне  деген 

сенімділігі  сол  –  хан  алдында  жасқанып-тартынбай,  ӛздерінің  ӛр  мінезін 

кӛрсетіп, ар-намысын жоғары ұстаған. Хан бұйрығымен бас кететін заманда 

даңқты  ақын-жырауларымыз  «бас  кеспек  болса  да,  тіл  кеспек  жоқ!»  деген 

қағиданы берік ұстанған.  Әз-Жәнібек ханға  Асан  Қайғы: «Ай,  хан ием, мен 

айтпасам білмейсің, Айтқаныма кӛнбейсің. // Шабылып жатқан халқың бар, 

Аймағын  кӛздеп  кӛрмейсің.  //  Қымыз  ішіп  қызарып,  Мастанып,  қызып 

терлейсің,  Ӛзіңнен  басқа  хан  жоқтай  //  Елеуреп  неге  сӛйлейсің?!»  десе,  Би 

Темірге Шалкиіз жырау: «Тең атаның ұлы едің, Дәрежеңді артық етсе, Тәңірі 

етті» дейді, ал еңсегей бойлы Ер Есімнің алдында еш қаймықпаған Жиембет 

жыраудың:  «Еңсегей  бойлы  ер  Есім,  Есім,  сені  есірткен  //  Есіл  де  менің 

кеңесім.  //  Ес  білгеннен,  Есім  хан,  Қолыңа  болдым  сүйесін,  Қолтығыңа 

болдым демесін... // Мен жоқ болсам, Есім хан, Ит түрткіні кӛресің, Жиембет 

қайда дегенде // Не деп жауап бересің?.. Арқаға қарай кӛшермін // Алашыма 

ұран десермін, Ат құйрығын кесермін, Ат саурысын берермін, Алыста дәурен 

сүрермін,  Қарамасаң,  ханым,  қарама,  Сенсіз  де  күнімді  кӛрермін!»  деуі 

жүрекжұтқандық.  Даналығымен,  кӛрегендігімен  атағы  шыққан  Кіші  жүздің 

Әйтеке  биі  де  «29  рудан  құрылған,  санымен  де,  батырлығымен  де  бәрінен 

асқан, тәуелсіздігімен даңқы шыққан» Кіші жүз деп мақтан етеді. Мұнымен 

шектелмей жаугершілік заманда Шыңғыс әулетінің берекесі кете бастағанын 

кӛзімен  кӛрген  Кіші  жүз  биі  Қожаберген  дастанына  жүгінсек:  «Тӛреден 

Әйтеке би безін деді, Келді ғой кӛсем сайлар кезің деді, Қазақты батыр кӛсем 

басқармаса, Быт-шыт қылар жау қалмақ, сезін деді. // Хан – сұлтан, тӛре күні 

ӛткен  деді,  Олардан  ақыл-айла  кеткен  деді.  //  Қазағым  ӛзіңді-ӛзің  тұтас  ел 

қып, Басқарар енді уақыт жеткен деді»-деген. Әйтекенің тӛрткүл тӛре әулетін 

ашықтан-ашық  сынауы  олардан  тіксінуінің  басты  себебі  –  қазақ  қауымын 

ӛрге бастыруға келтірер кертартпа үрдістерге батыл қарсы шыққандығында. 

Сол  сияқты  Сырым  Датұлы  ӛзі  басқарған  ұлт-азаттық  кӛтерілістің  негізгі 

себептерін былай деп анықтаса: «Атаңа нәлет Нұралы, Ел жауына сатылды. // 


Хан  мен  патша  қосылып,  Қулықтарын  асырды.  //  Сұлтандар  мен  атаман, 

Үлкендерді басынды. // Құл қылмақшы ұлыңды, Күң қылмақшы қызыңды. // 

Шоқындырмақ  халқыңды,  Жоймақшы  қазақ  салтыңды»,  Жәңгір  ханға 

Махамбет ӛз ойын: «Хан емессің қасқырсың, Қас албасты басқырсың. // Хан 

емессің  ылаңсың,  Қара  шұбар  жылансың...»  деумен  жеткізген.Ал 

Баймағамбет  сұлтанның  алдында  Шернияз  еш  шімірікпестен:  «-Аржақта 

Арғынғазы  дүмбірлеген,  Байеке,  елің  бар  ма  бүлдірмеген?  //  Тӛре  кетіп, 

тӛбеде  тӛбет  қалып,  Туып  тұр  ел  басына  «бұл  күн»  деген.  //  Кешегі 

Исатайдай  есіл  ерді  //  Орысқа  ұстап  бердің  тіл  білмеген.  //  Қазақтың  қара 

жұртын  быт-шыт  қылған,    Тӛре  емессің  тӛбетсің  дым  білмеген...//Ел  ұстап, 

жұрт  билейтін  қылығың  жоқ,  Хан  емес,  қас  қатынсың  мұндар  қу  бас!»  деп 

толғаған.  Жоғарыда  келтірілген  жыр  шумақтарының  сарыны    уақыт 

ауысқанымен  жыраулар  дүниетанымының  демократиялық  ұстанымы, 

халықшылдығы,  мемлекетшілдігі,      шыншылдығы,      турашылдығы,        еш  

ӛзгермегенін    дәлелдейді.  Қазақтың  жыраулық  дәстүрінде  әбден  орныққан 

бұл айшықтар  қазақ қоғамындағы  билік жүйесінде қалыптасқан нақты дала 

демократиясының басты белгілерін анықтайды  және дала парламентінің үні 

тым  тегеурінді  һәм  пәрменді  болғандығын  нақтылайды.  Бұл  жайды  

Ә.Кекілбаев «Демократияның ең басты қағидасы болып есептелетін нәрселер 

біз үшін әуелден қолданыста жүрген таңсық емес нәрсе болатын. Сондықтан 

қазақтың қолынан демократия келмейді, демократия қазақты құртады, қазақ 

демократияны  құртады  деген  жаңсақ.  Ол  –  қазақтың  қанындағы  құбылыс»  

(Кекілбаев  Ә.  Сырым–дала  демократиясының  реформаторы  //Орал 

ӛңірі.13қыркүйек,2007ж.) деген пікірімен толықтыра түседі.                              



ІІ.«Бектен туған Алшын-ды, 

       Біз үшін қанға малшынды...» 

 

Екіншіден,  Жоңғар  шапқыншылығына  қарсы  күресте  Кіші  жүз 

жасағының  зор  ерлік  кӛрсеткенін  ӛткен  ғасырда  кӛрнекті  тарихшылар 

М.Тынышпаев,  Е.Бекмахановтар  (Тынышбаев  М.История  казахского 

народа.А.,1993,193-198бб.,Бекмаханов  Е.  Қазақстан  ХІХ  ғасырдың  20-40 

жылдарында.А.,1994,104-б.)сүйсіне  жазды.  Еділ  қалмақтарының  екпінін 

тежеп,  ентігін  басқан  Әбілқайыр  хан  –  Қазақстанның  батыс  қақпасын 

қорғаушы  ретінде  ӛлке  тарихынан  ойып  орын  алған  дара  тұлға.  «Ақтабан 

шұбырындыдан»  Кіші  жүзді  аман-есен  алып  қалған  Кіші  жүз  ханы  жоңғар 

мен  қалмақтың  бірігуіне  үлкен  тосқауыл  қойды.  Кіші  жүздің  жоңғар 

басқыншыларынан азат болуы Қазақ хандығының кейінгі тағдырында үлкен 

роль атқарды. Бұл ӛте принципті мәселе. Егер, Кіші жүз территориясы ХҮІІІ 

ғасырдың  20-жылдары  жоңғар  қонтайшысының  қоластына  қарайтын  болса, 

онда кейін тәуелсіздік туралы ойлаудың ӛзі  қиын еді. 

1726  жылы  Ордабасыдағы  кеңесте  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайырды  бүкіл 

қазақ әскерінің бас қолбасшысы етіп хандар мен билер бірауыздан сайлағаны 

мәлім. 

Бұл 


Құрылтай 

туралы 


тарихи 

деректерде: 

«Ақ 

киізге 


оралмағандықтан,  Әбілқайыр  қолбасшыға  арналған  боз  арғымаққа  кӛңілсіз 

мінді. Сонда да бұған оның туған ағасы саналатын Жолбарыс та, ӛзін нағыз 

тӛремін  деп  есептейтін  Сәмеке  де  қызғана  қарап  тұрды.  Қашан  да  сӛздің 


ғаділін айту керек, егер хандардан бір қолбасшы сайлануы керек болса, онда 

Әбілқайырдың қолбасшыға лайық екені әмбеге аян болатын. Ӛйткені Асыны 

отыз ұлысымен қайтарып алудағы, Еділдегі қалмақтар шабуылынан қазақты 

қорғаудағы, түрікпендердің шабуылына тойтарыс берудегі оның ерлігі ұшан-

теңіз.  Әбілқайырдың  жауынгерлігі  жанында  аталған  екі  хан  да  жіп  есе 

алмайтын.  Әбілқайыр  тым  ӛзімшілдігі  болмаса  ерлігін,  қазақ  қатты 

бағалайтын»  (Тауасарұлы  Қазыбек  бек.  Түп-тұқианнан  ӛзіме  шейін.  –

Алматы, 1993. 230-б.) деп нақтыланған. Ұлы қолбасшымен тікелей жүздескен 

ағылшын  суретшісі  Джон  Кэстль:  «Ол  зор  тұлғалы,  сымбатты,  аппақ  жүзі 

қызыл  шырайлы,  түсі  сондай  жылы  кісі.  Сонымен  қатар  зор денсаулық  пен 

қайрат-күш  иесі,  садақ  тартуға  келгенде  шынымен-ақ  бүкіл  ұлтта  оған  тең 

келетін  кісі  жоқ»  (Кэстль  Джон.  1736жылы  Кіші  жүз  ханы  Әбілқайырға 

барып  қайтқан  сапар  туралы.  А.,1996.82-б.)  -  деп  ханның  жеке  қасиеттерін 

сілекейі аға дәріптеген. 

 

«Найзасының  ұшы  алтын,  бірі  етек,  бірі  жең»  деп  Бұқар  жырау 



айтпақшы,  Кіші  жүздің  аламан  батырларын  тӛңірегіне  топтастыра  алған  

Әбілқайыр хан қалай да жұтылып кетпеудің қамын ойлаған. Егер 1710 жылы 

Қарақұм  құрылтайында,  тарихшы  Н.Г.Аполлованың  шамалауы  бойынша, 

батырлардың үні басым болса, 1726 жылы Ордабасыдағы ұлы жиында билер 

бастаған  топтың  үні  ӛктемірек  естіледі.  Алайда,  осы  екі  ұлы  жиында  да 

батырлық  пен  биліктің  үндестігін  іске  асырған  даналардың  назарының 

Әбілқайырға тоқталуы бекерден-бекер болмаса керек. 

 

1726 жылғы Қалмаққырылған, 1730 жылғы Аңырақай аталған екі үлкен 



шайқаста да қазақ жасақтарының қолбасшысы, Бас сардары Кіші жүз ханы - 

Әбілқайыр еді.Ел бірлігі сынға түскен Бұланты мен Аңырақайдағы шешуші 

шайқастарда негізгі салмақ саяси  – территориялық әкімшілік бірлестік Кіші 

жүзге түсті. Бұл жеңіске қосқан  Кіші жүз оғландарының жауынгерлік ерлігі 

еш ӛлшеусіз. Бұланты мен Аңырақайдағы ұрыстар елге үлкен серпіліс берді. 

М.Мағауин  «Жасыратыны  жоқ,  Бұланты  мен  Аңырақайдағы  жеңістер 

болмаса  Қазақ  Ордасы  осыдан  бір  ғасырдай  бұрын  құрып  кеткен  Ноғай 

Ордасының  кебін  киері  айдан  анық  болатын.  Тоқтау  кӛрмеген  жоңғар 

қалмағы  бірер  екпіннен  соң  Еділ  қалмағымен  тоғысар  еді.  Бұланты  мен 

Аңырақай  шешуші  шайқас  емес-ті,  бірақ  алаш  ұлының  ғұмырын  ұзатқан, 

оған  ең  қажет  кезінде  тыныс  берген  аса  елеулі  оқиға  болды»  (Мағауин 

М.Қазақ тарихының әліппесі. А., 1995. 99-б.), - деп әділ бағасын берді. Жүз 

жиырма шақырымға созылып жатқан байтақ далада болған  атақты Аңырақай 

шайқасының  тарихи  маңызы мен осы ұлы жеңістің  Бас  Сардары Мұхаммед 

Қазы  баһадүр  Әбілқайыр  ханның  сын  сағаттағы    шешуші  рӛлі  отандық 

тарихнамада әлі кеңірек насихатталмай жүргендігі  алаңдарлық нәрсе.  



ІІІ.«Найзасының ұшы алтын, бірі-етек, бірі-жең» 

ХҮІІІ  ғасырда  орталық  шығыста  халықаралық  саясаттың  негізгі  күші 

Ресей  империясы  еді.Ұлт  басына  туатын  әбігердің  қайда  жатқанын  әріден 

ойлаған  Әбілқайыр  хан  Петербор  сарайымен  жақындасу  арқылы    Қазақ 

мемлекеттілігін орталықтандыруға ұмтылды. Бұл жағдай қазақ қоғамындағы 

саяси  күштердің  ӛзара  алауыздығын  тереңдете  түсті.  Патша  үкіметі  қазақ 



билеушілерінің ӛзара алауыздығын шебер пайдаланып, әкімшілік және саяси 

шаралар арқылы Батыс аудандарын отарлауын жеделдетті. Тұйықтан шығар 

жол  іздеген  Әбілқайыр  орыс  шекараларына  шабуылды  күшейтті.  Орыс 

тұрғындарының  жиі    тұтқынға  алынуы  бәрінен    бұрын  Орынбор 

әкімшілігінің  бүйіріне  шаншудай  қадалды.  П.Рычковтың  мәліметтеріне 

жүгінсек, 1742-1748 жылдар аралығында қазақтардың қолдарында 1182 орыс 

тұтқындары болған (Рычков П.И. Топография Оренбургская. С-П., 1762. 158, 

191б.).                                                                                                       

Кіші  жүз  даласы  ежелден  елдің    шетінде,  желдің  ӛтінде  тұрған  ӛлке 

ретінде отаршылдықтың аяусыз алқымдаған аймақтарының бірі ; Кіші жүздің 

бірінші  болып  Ресейге  қосылуы  мұнда,  отарлық  езгінің  алғашқы 

ауыртпалығын  да  ала  келді.  Әйгілі  Махамбет  батыр:  «Еділ  үшін  егестік, 

Жайық үшін жандастық, Қиғаш үшін қырылдық, Тептер үшін тебістік»,- деп 

тебіренсе,  ақын  Мұрат  Мӛңкеұлы  ӛзінің  «Үш  қиян»  деген  дастанында: 

«Еділді  тартып  алғаны,  Етекке  қолды  салғаны.  //  Жайықты  тартып  алғаны, 

Жағаға  қолды  салғаны.//  Ойылды  тартып  алғаны,  Ойдағысы  болғаны.// 

Қоныстың барма қалғаны»,- деп күңіренді.  

 Қазақстанның  шекаралық  аймақтарында  еліміздің  басқа  ӛңірлеріне                 

қарағанда  отарлау  саясаты  қарқынды  жүрді,  отаршылдық  болмысқа,туған 

елдің талануына шыдамаған   Кіші жүз  жері  ұлт-азаттық қозғалыстың қызу 

ошағына  айналды.  Қазақ  тарихының  осы  кезеңін  Х.Досмұхамедұлы  «Кіші 

жүздің  жүз  жарым  жылдай  тарихы  қанмен  жазылғандай  болды» 

(Досмұхамедұлы  Х.  Исатай-Махамбет.  А.,  1991.6-б.),  -  деп  пайымдады. 

ХҮІІІ-ХІХ  ғғ.  патша  үкіметінің  отаршыл  озбырлығына  қарсы  Қазақстанда 

болған  300-ге жуық ұлт-азаттық кӛтерілістің дені  Батыс ӛңірдің еншісінде 

екенін тарихи деректер дәлелдейді. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтарының 

1773-1775  жж.  Е.Пугачев  бастаған  шаруалар  соғысына  қатысуы,  1783-1797 

жж.  Сырым  Датұлы,  1805-1823  жж.  Қаратай  Нұралыұлы,  1815-1821  жж. 

Арғынғазы  Әбілғазыұлы  бастаған  Кіші  жүздегі  ұлт-азаттық  кӛтерілістер, 

1827-1829 жж. Қайыпқали Есімұлы бастаған Бӛкей ордадағы  қозғалыс, ХІХ 

ғасырдың 20-30 жж. патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы Кіші жүздегі 

Жоламан Тіленшіұлы бастаған наразылық, 1836-1838 жж. Исатай Тайманұлы 

мен  Махамбет  Ӛтемісұлы  бастаған  Ішкі  (Бӛкей)  ордадағы  ұлт-азаттық 

кӛтеріліс, 1847-1858 жж. Есет Кӛтібарұлы бастаған кӛтеріліс, 1856-1857 жж. 

Сыр  бойы  қазақтарының  Жанқожа  Нұрмұхамедұлы  жетекшілік  еткен  бас 

кӛтеруі, 1868-1869 жж. Сейіл Түркебаев пен Беркін Оспанов басқарған Орал, 

Торғай  қазақтарының,  1870ж.  Иса  Тіленбайұлы  мен  Досан  Тәжіұлы  

басқарған Маңғыстаудағы  отаршылдыққа қарсы күрес  - 1916 жылғы Батыс 

Қазақстан аумағындағы  ұлт-азаттық кӛтеріліспен жалғасып жатты. 

 

Кіші жүз даласында  лапылдай жанып жанып жатқан ӛртті елестететін 



бұл  ұлт-азаттық  күрес  тізбегі  ХVIII  ғ.  40-жж.  Әбілқайыр  хан  бастаған  ұлт-

азаттық  қозғалыстың  заңды  жалғасы  еді.  Елжақсыларының  мақсаты  – 

қайткенде  де  қазақ  мемлекеттілігін  сақтау,  елдің,  жердің  тұтастығынан 

айырылмау еді.  



ІҮ.Рухы жасымаған өлке 

 

Қанша ғасыр жанышталсада қанда бар рух селекцияның заңы бойынша  

қайта айналып- тегі асыл тектілерді сан мәрте тарих сахнасына алып шықты, 

уақыт  тектіліктің  тамырын  түбірімен  жойып  жіберу  еш  мүмкін  емес  екенін 

дәлелдеді.  

          Күнбатыс  Алаш-Орда.1917  жылы  патшалы  Ресейде  билік  Кеңестерге 

ӛтті.  Үкімет  ӛзгергенімен  отаршылдық  саясат  ӛзгермеді.  Қазақстан  отар 

болып  келді  және  солай  болып  қалды  (С.Сәдуақасов).  Аймақтарда  азаттық 

үшін күрес үзіліссіз жалғасып жатты. ХХ ғасырдың басында қаламын қаруға 

теңеген «Алаш» қайраткерлерінің жаңа шоғыры ұлттық мүддені ту етіп тарих 

сахнасына кӛтерілді.  

Уфада  Орталық  Алаш-Орда  үкіметінің  1918ж.  11-қыркүйектегі 

мәжілісінде  Ойыл  уәлаятының  Уақытша  үкіметі  таратылып,  оның  орнына 

Алаш  автономиясының  батыс  бӛлігін  басқару  жӛніндегі  бӛлімше  құрылды. 

Оның тӛрағалығына Ж.Досмұхамедов сайланды. Күнбатыс Алаш-Орда  – ХХ 

ғасырдың  басында Батыс  Қазақстан  аймағында  орнаған ұлттық-мемлекеттік 

пішімдегі  автономиялық  құрылым  болып  қалыптасты.  Ӛкінішке  орай  бұл 

балауса  мемлекеттік  құрылымды  Кеңес  ӛкіметі  жӛргегінде  тұншықтыруға 

асықты және солай болды да. Батыс Алаш-Орданың  мемлекеттік, азаматтық 

тарихы тым қысқа болғанына қарамастан (578күн), алдыңғы зиялы аға буын 

ӛкшесін  басып  келе  жатқан  кейінгі  толқынға  ұлт-  азаттық  қозғалысының  

болашақ бағдарын айқындап  кетті.  



Жаңақала  көтерілісі.  Ауыл  шаруашылығын  ұжымдастырудың 

сталиндік  үлгісі  шаруалардың  қатты  қарсылығын  туғызды.  1929-1931  жж. 

Қазақстанда қарулы қарсылықтар толқыны болып ӛтті. Ауыл шаруашылығын 

жаппай  ұжымдастыру  жылдары  лаңкестік  әрекеттерді,  ӛрт  салуларды 

есептемегенде, республика аумағында 372 жаппай толқулар мен кӛтерілістер 

орын  алды.  Солардың  бірі  –  Жаңақала  кӛтерілісі.  Ресми  құжаттарға 

«Жаңақала  кӛтерілісі»  деген  атаумен  енген  шаруалар  толқуына  былтыр  80 

жыл  толды.  Оған  Жаңақала  ауданы  және  оған  жақын  жатқан  аудандардың 

тұрғындары  қатысты.  1931  жылы  кӛктемде  Жаңақала  ауданын  түгел  дерлік 

қамтыған  қарулы  кӛтеріліс  күшпен  басылды.  Кӛтерілісті  басу  кезінде  360 

адам тұтқындалып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу кезінде 

71  адам  қаза  болса,  160  адам  қылмысы  анықталмай  босатылады.  ОГПУ 

жанындағы  үштіктің  қаулысымен  1932  жылы  25  ақпанда  129  адам    әртүрлі 

мерзімге  концлагерге    айдалады  (Рысбеков  Т.З.  Ӛскен  ӛлке  тарихы. 

Орал,1997.130-б.).Іле-шала  басталған  1937  жылғы  қанқұйлы  жазалау  бір 

буынды баудай түсіргенімен,  алда бостандық  үшін  күрестің жаңа тәсілдерін 

меңгере бастаған  қайсар рухты жас толқын пісіп-жетіліп келе жатты.   

Қазақ  халқын  қорғаушылар  одағы.Батыс  Қазақстан  облысы 

кӛлемінде  ғана  белгілі  болған  бұл  оқиғаны  республика  жұртшылығы  әлі 

толық  біле  бермейді.  Таңданарлығы  –  жалпақталдық  жалынды  жас  

Ғұбайдолла  Әнесов  40-жылдардың  басында  қазақ  халқына  тәуелсіздік  алып 

беруді мақсат етіп, осы ойын іске асыру үшін  Батыс  Қазақстан облысының 

Жалпақтал  ауылында  «Қазақ  халқын  қорғаушылар  одағы»  деп  аталатын 

антикеңестік    жасырын  ұйым  құрды.  Арасында  Орал  педагогикалық 


институтының 6 студенті болған бұл жастар ұйымының мүшелері 17 мен 23 

жастың  арасындағы  балғын,  зерек,  боздақ  жастар  болатын.Олар  14  еді. 

Аталған ұйым небәрі 7 ай ӛмір сүрді. Содан кейін олар НКВД-ның қарауына 

ілініп,  бәрі де ұсталып,  сотталады.  Ал  ұйым басшысы Ғ.Әнесов  1943  жылы 

19 жасында Орал қаласындағы НКВД түрмесінде атылған. Он тоғыз жасында 

оққа байланған оғланның ең соңғы айтқан сӛзі: «Жасасын қазақ халқы, Қазақ 

елінің бостандық алатынына кәміл сенемін!» болыпты.  

Батысқазақстандықтар  Сталинград  шайқасында.Біздіңше,  ӛлке 

тарихындағы  ерлік  һәм  батырлық  дәстүрді  дәріптейтін  тағы  бір  жарқын 

беттердің  бірі  батысқазақстандықтардың  1942  жылдың  күзінде  Сталинград 

түбіндегі  кескілескен  ұрыстарға  қатысуы.  Ауқымы  жағынан  адамзат 

тарихында  бұрын-соңды  болып  кӛрмеген  Сталинград  шайқасының  отты 

жалыны Батыс Қазақстан даласында шарпыды. Батыс Қазақстан Сталингард 

облысымен 500 шақырым бойына шекаралас жатқан еді. Осыған байланысты 

Батыс  Қазақстан  –  Сталинград  майданының  ең  жақын  тылы  болды.  Егерде 

Сталинград  түбінде  неміс  әскерлері  жеңіске  жетсе  Ұлы  Отан  соғысы 

қарсаңында  Германияда  құрылған  «Арбайтегемайншафт  Түркістан»  атты 

жоғары барлау мектебі дайындаған «Үлкен Түркістанға» жол ашылатын  еді. 

Демек    екінші  дүниежүзілік  соғыстағы  түбегейлі  бетбұрысқа  шешуші  үлес 

қосқан  Сталинград  шайқасының  шежіресіне  батысқазақстандықтар  да 

ӛздерінің ұмытылмас ерлік беттерін қосты.  

Бір  ғана  мысал:  сұрапыл  соғыстың  басында  Гурьев  облысы  (Атырау), 

Қызылқоға ауданындағы Теңдік деген бір колхоздан бір күнде бір жүз он бір 

адам  майданға  аттанған;  содан  бір  қолын  оққа  жұлдырып,  бір  ғана  Қабен 

Кереев  деген  жауынгер  тірі  қайтып  оралғанда,  қалған  110  қазақ 

Сталининград  түбінде  ерлікпен  қаза  тапқан.  Дәл  осы  хал  Батыс  Қазақстан 

облысының  барлық  жеріне  түгел  ортақ  тағдыр  еді.  Қысқартып  айтқанда, 

Сталинград  шайқасындағы  Батыс  Қазақстан  жігіттерінің  ерлігі  әлі  де  ӛз 

зерттеушісін күтуде. Кеңес Одағының Батыры атағы берілген шығыстың қос 

жұлдызы Ә.Молдағұлова мен М.Мәметованың және кейін Халық Қаһарманы 

болған Х.Доспанованың да  осы  ӛлкеден шығуы кездейсоқ емес. 



           Оралдағы  қыркүйек  оқиғалары.  Уақыт  жылжыды,  ұрпақ  алмасты. 

Отаршылдық жүйенің озбырлығына қарсы күресті ӛз мойнына алған,тәуелсіз 

ел  мұратын  кӛздеген  жаңа  толқын  пайда  болды.  1991  жылы  қыркүйекте  

Оралдағы  Жайық  казактарының  жүгенсіз  қимылдары  жергілікті  ұлттың 

ашық  наразылығын  туғызып,    бұл  оқиға      тарихқа    «қыркүйек  оқиғалары» 

ретінде енді.Бұл  жӛнінде оқулықта: «... Орал казактары басшыларының 1991 

жылы  қыркүйектің  15-інде  ӛздерінің  патша  мен  Отанға  қызмет  етуінің  400 

жылдығын  мерекелеуге  шешім  қабылдауы  мүлдем  түсініксіз  болды.  Олар 

қаланың  орталық  алаңында  керме  ұран  кӛтеріп  және  митингілер 

ұйымдастырды.  Кез-келген  қоғамдық  ұйымдардың  абайсыз  іс-әрекеттері 

қасіретке айналуы мүмкін екендігіне Оралдағы оқиғалар тағы кӛз жеткізді»,-

делінген  (Нұрпейісов  К.  т.б.  Қазақстан  тарихы.  11  сынып.  А.,  1997).  Қызыл 

империяның қылышынан қан тамған заманда жергілікті азаттық элитасының 

(Аманжол Зинуллин, Айсұлу Қадырбаева, Мұнайдар Балмолда, т.б.) «бұғып 



қалмай»    бейбіт  шерушілерге  жетекшілік  етуі  кӛзсіз  ерлік  еді.  Үлкен 

жанжалға айнала жаздаған саяси мәні зор бұл оқиға Отан тарихынан лайықты 

бағасын алса екен дейміз.  

Тобықтай түйін 

      Сонымен    Кіші  жүз      қазақ    халқының  тарихында    ерлігімен, 

жаужүректігімен  даңққа  бӛленген    ұлыс.  Халық  аузындағы    «...Кіші  жүзді 

найза  бер  де  жауға  қой»  деген  тәмсіл  Алшынның    тарихи-этномәдени, 

геосаяси  сипатын,  ментальдық  болмысын  аңғартады.Қазақ  елінің  бірлігіне, 

жерінің  тұтастығына  қауіп  бұлты  тӛнген  шақта  Әбілқайыр  баһадүр  бас 

қолбасшы  сайланып,  Жалаңтӛс  батыр  қол  бастап  келгені  белгілі.Қазақ 

жерінің  тұтастығын  сақтауда  ,  оны  батыста  Қасым  хан  заманындағы  Қазақ 

мемлекетінің  шекарасына  дейін  ұлғайту  жолында  Кіші  жүздің  ерекше  рӛл 

атқарғанын айтқан абзал. «Сӛз атасы» Майқы  бидің:    

  «Бектен туған Алшын-ды, 

    Біз үшін қанға малшынды, 

                                             Іргеңе жауың келгенде

                                            Сілтейтін найза қамшыңды»  

деген шумағының  астарында терең мағына  жатыр. 

Баяндаманың  мақсаты  бір  қазақты  жік-жікке  бӛліп  арзан  дауға  ұрыну 

емес,  керісінше  жалпақ  қазақ  мойындаған  Кіші  жүздің    жауынгерлік  

тарихының  кӛмескі  беттеріне  сәуле  түсіру,  бұл  аймақтың  ӛзіндік  

ерекшелігіне назар аудару. Тәуелсіздік кӛктен түскен құдіреттің сыйы емес, 

бабаларымыздың  азаттық  жолында  басын  берген  сан  ғасырлық  күресінің 

нәтижесі  екенін  бүгінгі  ұрпақтың  санасына  сіңіру.  Қазіргі  Қазақстан 

экономикасының  негізгі  ӛзегі  болып  отырған  «қара  алтын»  қорының  мол 

мӛлшері  Батыс  облыстарда  жатқаны  ешкімге  құпия  емес.  Демек  қойнауы 

қазынаға  толы  қасиетті  мекенді  мұраға  алған  бүгінгі  ұрпақ  ата-баба  әруағы 

алдында  қарыздар.  

Түйіндей келгенде, Батыс Қазақстан тарихын тұтас Қазақ мемлекетінің 

тарихынан  бӛліп  қарауға  болмайды.  Батыс  Қазақстан  ӛңірінің  тарихы-қазақ 

халқы тарихының бір құрамдас бӛлігі.Сондықтан Отан тарихына сүбелі үлес 

қосатын  да    жалпы  қазақтың  бір  бӛлігі  Кіші  жүз,соның  ішінде  Батыс 



Қазақстан аймағының жұрты болмақ. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет