Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады.
Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады.
Жалпы микробиология – микроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына, дамуы мен тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарына жалпы сипаттама береді, олардың табиғатта заттар алмасу процесіндегі ролін және оны адам баласының пайдасына қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді.
Техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология –микроптардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам баласына ең қажеттілерін іс жүзінде өндізудің ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндіруді қарастырады. Техникалық микробиологияның дамуы барысында ашыту өнеркәсібі, антибиотиктерді, ферменттерді, витаминдерді, амин қышқылдарын өндіретін өндірістер ұйымдастырылады.
і
Микробиология тарихында римнің профессоры Афанаси Қирхердің (1601-1680)есімі де аталуы тиіс. Қирхер сасыған ет, щарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінің байқады. Ол қанды қарап, онда түрлі клеткаларды көреді.
Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктің (1632-1723)есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен көп айналысқан ол, заттарды 160-300есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Орыс оқымыстысы И.И.Мечниковтың 1845-1916 еңбегі зор. Ол микробиологияда бір қатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И.И.Мечников фагоцитоз және оның иммунитетттегі ролі туралы тыңғылықтық ілім жасады.
Микроорганизмдер мен микробтар өзара ұқсастығымен жүйелендірілген.Жүйелеу 3 бқлімнен тұрады;жіктеліуі таксономиясы және идентификациялау.Микробтардың таксономиясының негізіне олардың морфологиялық физиологиялық биохимиялық қасиеттері алынған.Таксономиялық категориялары төмендегідей бөлінеді;патшалық ,патшалықасты,бөлім, класс туыстастығы, түқымдастығы, түр, түрасты және т.б. Негізгі таксономиялық категориялардың бірі түр болып табылады. Микроорганизмдер морфологиясы- негізгі пішіні мөлшері көлемін анықтайды. Микроорганизмдердің 3 негізгі пішіні бар.