Ұзындығы ,2 м, ені см, қалыңдығы см болатын ағаш білеушенің массасын анықта. 



Дата04.09.2023
өлшемі3,24 Mb.
#106075
Байланысты:
Есептер


ЕСЕП 1

  1. Ұзындығы 1,2 м, ені 8 см, қалыңдығы 5 см болатын ағаш білеушенің массасын анықта. А800 кг/м3.




  1. 125 литрінің массасы 100 кг болатын сұйықтың тығыздығы қандай болады?




  1. Бензин таситын машинаның цистернасының көлемі 12 м3. 40т бензинді тасу үшін қанша рет қатынау керек? К710 кг/м3.




  1. Тамақ салатын қаңылтырдан жасалған қалбырлар таттанбау үшін, оларды ауданы 200см2 қаңылтырға 0,45 г-нан келетіндей етіп, қалайының жұқа қабатымен қаптайды. Қаңылтырдағы қалайы қабатының қалыңдығы қандай? Қ7300 кг/м3.




  1. Массасы 54 кг болатын мәрмәр тастың көлемі 0,02 м3 болса, оның тығыздығы қандай болады?




  1. Массасы 240 г бос мензуркаға көлемі 75 см3 сұйық құйылған. Сұйығы бар мензурканың массасы 375 г. Мензуркадағы сұйықтың тығыздығын анықта.




  1. Шойынды құйған кезде қуыс қалып қойды. Құйманың көлемі 4,2 дм3, массасы 27,3 кг болған. Осы мәліменттерге сүйене қуыстың көлемін анықта. ш7000 кг/м3.




  1. Массасы 400 г білеушенің өлшемі 20х5х2см. Оның затының тығыздығы қандай және бұл қандай зат?




  1. Мыстан жасалған білеушенің ұзындығы 4 м, ені 1,5 м, қалыңдығы 25 см болса, оның массасы қандай болады? М8900 кг/м3.




  1. 0,5л өсімдік майының массасы қандай? М900 кг/м3.




  1. Ыдысқа массасы 5 кг су сыяды. Осы ыдысқа көлемі дәл сондай қанша керосин сыяр еді? С103 кг/м3, К800 кг/м3.




  1. 1 минут ішінде адам демін ішке 15 рет тартқанда өкпесіне 600 см3 ауа келеді екен. Бір сағатта адамның өкпесі арқылы өтетін ауаның массасын есептен шығар. ауа1,29 кг/м3.




  1. Ұзындығы 20м және көлденең қимасының ауданы 2 мм2 болатын мыстан жасалған өткізгіш сымның массасын тап. М8900 кг/м3.




  1. Көлемі 1 л өсімдік майының массасы 920 г. Майдың тығыздығын тап. Оны килограмм бөлінген куб метрмен (кг/м3) өрнекте.




  1. Вагонға массасы 12 т қарағай тақтай тиеді. Бір тақтайдың өлшемдері 800х200х25 см болса, қанша тақтай тиелген? Қ440 кг/м3.




  1. Көлемдері бірдей алюминий және мыс екі білеуше бар. Егер мыстың массасы алюминийдің массасынан 1,24 кг артық болса, бұл білеушілердің массалары қандай болады? А2,7 г/см3. М8,9 г/см3.




  1. Көлемі 1 см3 алтынның массасы көлемі сондай қорғасынның массасынан қанша есе көп? Алтынның тығыздығы 19300 кг/м3, қорғасынның тығыздығы 11300 кг/м3.




  1. Көлемі 100 мл судың массасы неге тең? су103 кг/м3.




  1. Ыдыстың ішінде массасы 2 кг бензин бар. Ыдыстың бензині жоқ кездегі массасы 600г. Ыдыстың көлемін литрмен анықта. Б710 кг/м3.




  1. Массасы 17,8 кг мыстан жасалған затты жуу үшін керосині бар ыдысқа батырған, зат ығыстырып шығарған керосиннің массасын анықта. К800 кг/м3. М8,9 г/см3.




  1. Массасы 461,5 г дененің көлемі 65 см3. Оның тығыздығы қандай?




  1. Бензин құятын отын багының көлемі 200л, оған толтыра бензин құйылған болса, массасы қандай болар еді? Б0,71 г/см3.




  1. Трактордың отын багына толтыра құйғанда, 70 кг керосин сыяды. Бактың көлемін литрмен анықта. К800 кг/м3.




  1. Массалары бірдей күміс және мыс екі білеуше бар. Күмістің өлшемдері 2х5х6 см, ал мыс білеушенің ұзындығы 7 см ені 4см. Биіктігі қандай? К10,5 г/см3. М8,9 г/см3.




  1. 15 см3 қандай да бір заттың массасы 109,5 г-ға тең. Осы заттың 1 м3-нің массасы одан қанша есе артық?




  1. Тығыздығы 11300 кг/м3 заттан тұратын дененің көлемі 250 см3. Массасын есептеп шығар.




  1. Массасы 200г бос мензуркаға біраз мөлшерде керосин құйылды. Мензурканың керосинмен қос алғандағы жалпы массасы 260г болса, оған құйылған керосиннің көлемі қандай? К800 кг/м3.




  1. Массасы 1,6 кг мыстан жасалған заттың көлемі 200см3. Осы зат тұтас па, әлде қуыс па? Қуыс болса, сол қуыстың көлемін анықта. М8,9 г/см3.




  1. Үй шатырына жабатын ұзындығы 1420мм, ені 710 мм және қалыңдығы 0,51 мм табақ болаттың массасы 3,98 кг. Болаттың тығыздығы қандай?




  1. Жүк көтергіштігі 4 т машинаға өлшемдері 250х120х65 мм құрылыстық кірпіштің қанша данасын тиеуге болады? К1800 кг/м3.




  1. Бір кесек заттың массасы 474,5г, көлемі 65 см3. Тығыздығы қандай?




  1. Толтыра керосин құйылған ыдысқа, массасы 7,1 кг мыстан жасалған зат толық батырылған болса, асып төгілген керосиннің массасы қандай? К800 кг/м3. М8,9 г/см3.



  1. Өлшемдері 30х10х10 см қалайы білеушенің массасы 21,9 кг-ға тең. Қалайының тығыздығын анықта.




  1. Массасы 330г білеушенің өлшемдері 15х5х2 см. Білеуше жасалған заттың тығыздығын анықта.




  1. Массасы 36,05 кг сүттің көлемі 35 л, тығыздығы неге тең?




  1. Тұтас шыныдан жасалған екі куб бар. Егер бірінші кубтың массасы екінші кубтың массасынан 125 есе артық болса, онда бұйір қырларының ұзындықтары қанша есе өзгерер еді.




  1. 0,5дм3-нің массасы 1250 г болатын заттың тығыздығын килограмм бөлінген куб метрмен (кг/м3) есептеп шығар.




  1. Массасы 59г кірпіштің көлемі 50 см3. Кірпіштің тығыздығын анықтап, оны килограмм бөлінген куб метрмен (кг/м3) өрнекте.




  1. Болат құйманың көлемі 750 см3. Құйманың массасын тап. Б7800 кг/м3.

Терезе әйнегінің қалыңдығы 2 мм, ені 50см, биіктігі 1 м, соған сәйкес екінші әйнектің өлшемдері 3 мм, 40 см, 80 см. Қайсы әйнектің массасы үлкен және қанша үлкен? 2,5 г/см3.



ЕСЕП 2

  1. Жүгі бар арбаша горизонталь орналасқан үстел бетімен қозғалып келеді. а) Үстел мен доңғалақтар; ә) жүк пен арбашаның үстіңгі беті арасында үйкелістің қандай түрі пайда болады?



  1. Жәшікті еденмен бірқалыпты қозғалтқанда 4Н күш түсірілді. Жәшіктің қозғалысына кедергі болатын кедергі күш неге тең?



  1. Неліктен шананы жермен сүйрегенге қарағанда қар бетімен сүйреу жеңілірек?



  1. Егер дене мен горизонталь жазықтық арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,2 болса, массасы 3 кг денеге горизонталь бағытта 5 Н күш әрекет еткен кездегі үйкеліс күші қандай?



  1. Егер массасы 800 г білеушені тыныштық күйінен шығару үшін 2 Н күш түсіру қажет болса, білеуше мен жазықтық арасындағы үйкеліс коэффициенті неге тең?



  1. Егер шананың салмағы 5кН және үйкеліс күші шананың салмағының 0,04-не тең болса, мұздың бетінен біркелкі қозғалту үшін қандай күш керек?



  1. Горизонтальды еденмен жәшікті қозғалтса 40 Н үйкеліс күші туындайды. Егер үйкеліс күші жәшіктің салмағының 0,5 бөлігін құрайтын болса, жәшіктің салмағын анықтаңыз.



  1. Массасы 3 кг білеушені столдың бетімен біркелкі қозғалтқанда динамометр 6 Н көрсетті. Егер білеушенің үстіне 4 кг жүк қойса, үйкеліс күші қандай болады?



  1. Горизонтальды бағытта 60 Н күш әсер етсе, шана орнынан қозғалады. Егер үйкеліс күші шананың салмағының 0,03-не тең болса, шананың массасы қандай?




  1. Қардың үстімен шананың біркелкі қозғалуы үшін 40 Н күш түсіру керек. Егер үйкеліс күші шананың салмағының 0,04-не тең болса, шананың массасы қандай?




  1. Егер динамометр 200 Н күшті көрсетсе, есектің тұяқтары мен жолдың арасындағы үйкеліс коэффициенті неге тең? Есектің массасы 32 кг.




  1. Массасы 300 г білеушені горизонталь жазықтық бойымен бірқалыпты қозғалтқанда оған бекітілген динамометр серіппесі 2 см-ге ұзарса, динамометр серіппесінің қатаңдығы қандай? Білеуше мен бет арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,3.



  1. Көлденең тұрған шанаға 90Н күш жұмсап, орнынан жылжытты, үйкеліс күші шана салмағының 0,045 бөлігіне тең ( ). Шананың массасы неге тең?



  1. Горизонталь қозғалып келе жатқан машинаға двигательдің 1,25 кН тарту күші, 600Н үйкеліс күші, ауаның 450Н кедергі күші әсер етеді. Осы күштердің тең әсерлі күштері неге тең?



  1. Кеме бір-біріне тіркелген үш баржаны сүйреп келеді. Су бірінші баржаға 9000Н, екіншісіне - 7000Н, үшіншісіне - 6000Н кедергі күшін түсіреді. Кеменің өзіне түсіретін судың кедергі күші 11кН. Баржалар бір қалыпты қозғалады деп есептеп, осы баржаларды тартқанда, кеменің өндіретін тарту күшін анықта.



  1. Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат мұзбен сүйретіп келеді. Шана табаны мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті µ=0,05. Ат арбаны қандай күшпен тартып келеді?



  1. Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін 220Н күш жұмсау керек болса, үйкеліс күшін табыңыз.Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.



  1. Массасы 50 кг дене 200Н күштің әрекетінен жазық бетте бірқалыпты қозғалып келеді. Үйкеліс коэффициенті неге тең?



  1. Массасы 2 кг ағаш білеушені қатаңдығы 100 Н/м серіппенің көмегімен ағаш тақтайдың бетімен бірқалыпты сүйреп келеді. Үйкеліс коэффициенті 0,3-ке тең. Серіппенің ұзаруы қандай?



  1. Бірдей жүктерді үстелдің бетіне 2 түрлі әдіспен орналастырды. Оларды үстел бетімен қозғалту үшін бірдей күш жұмсау керек пе?





  1. Егер шананың салмағы 4 кН, шана мен мұздың үйкеліс коэффиценті 0,03-ке тең болса, шананы мұздың бетімен біркелкі қозғалту үшін қандай горизонтальді күш жұмсау керек?



  1. Шананың қардың бетімен біркелкі қозғалу үшін 25 Н күш қажет болса, шананың массасын анықтаңыз? Шана мен қардың үйкеліс коэффиценті 0,05-ке тең.



  1. Массасы 10 кг білеуше 15 Н горизонталь күштің әсер етуінен горизонтальді беткеймен тұрақты жылдамдықпен қозғалып келе жатыр. Білеуше мен беткейдің арасында үйкеліс коэффиценті қандай?



  1. Үстелдің бетімен горизонталь бағытта 5 Н күшпен тартқан кезде білеуше бір түзу бойымен, біркелкі қозғалып келе жатыр. Осы кезде білеушеге әсер ететін үйкеліс күші неге тең? Егер тыныш жатқан білеушеге а) 3 Н; б) 10 Н горизонтальді күшпен әсер етсе, үйкеліс күші қандай болады?



  1. Массасы 2 кг білеуше үстелдің бетінде жатыр, білеуше мен үстелдің арасындағы үйкеліс коэффиценті 0,3-ке тең. Егер а) 4 Н; б) 8 Н; в) 12 Н болатын горизонтальді күш түсірсе, қандай үйкеліс күші әсер етеді?



  1. Зертханалық жұмыс кезінде оқушы динанометрмен жалпы массасы 300 г болатын жүгі бар білеушені үстел үстімен біркелкі тартып жатыр. Егер динанометр 1 Н көрсетсе, үстел мен білеушенің арасындағы үйкеліс коэффиценті неге тең?



  1. Вертикальді қабырғаға массасы 1,5 кг болатын ағаш білеушені қысып ұстап тұр. Білеуше мен қабырғаның арасындағы үйкеліс коэффицентті 0,3. Білеуше төмен қарай сырғып кетпес үшін, оны қандай ең аз күшпен қысып ұстап тұру керек?



  1. Білеушеге жіп байланып, екінші ұшына жүк ілініп тұр. Жүк төмен қарай біркелкі түсіп бара жатыр. Бұл қандай жағдайда болуы мүмкін? Егер жүктің массасы 100 г болса, үйкеліс күші нешеге тең?


ЕСЕП 3


  1. Салмағы 20Н денені 60см биіктікке көтеру кезіндегі істелген жұмысты анықта.




  1. Шахтадан массасы 10,5т жүкті бірқалыпты көтеріп шығару үшін, 6200 кДж жұмыс істелетін болса, шахтаның тереңдігі қандай?




  1. Ат массасы 200кг жүкті тегіс жолмен тартып келеді, тарту күші 750Н-ға тең. Аттың 440м жолда жұмысын анықта.




  1. Ат массасы 300кг шананы 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартып келеді. Егер шананың 1 сағаттағы орын ауыстыру жұмысы 2,1 МДж болса, үйкеліс күші шананың салмағының қанша бөлігін құрар еді?




  1. Массасы 20 т бу балғасы 120см биіктікке он рет көтерілетін болса, ол қандай жұмыс атқарар еді?




  1. Көлемі 1,2м3 мәрмәр текшесін 8 м биіктікке көтеру үшін қандай жұмыс істеу керек? Осы мәрмәрді, сол биіктікке су ішінде көтеру үшін қанша жұмыс істейді? , .




  1. Адам үйдің алтыншы қабатынан тоғызыншы қабатына көтерілгенде 5кДж жұмыс істейді. Үйдің әр қабатының ара-қашықтығы 3,2м болса, адамның массасы қандай?




  1. Массасы 0,4 кг қаршыға ауа ағынымен 70м биіктікке көтерілген. Құсты көтерген күштің жұмысын анықта.




  1. Шахтадан массасы 10,5 т көмір тиелген вагонды бірқалыпты көтергенде 6200 кДж жұмыс істелген. Шахтаның тереңдігі қандай?




  1. Ат арбаға 400Н күш түсіре отырып, 0,8м/с жылдамдықпен бірқалыпты тартып келеді. 1 сағатта ол қандай жұмыс істейді?




  1. Массасы 4 кг денені 120 см биіктікке көтеру кезінде атқарылған жұмысты анықта.




  1. Массасы 1 кг жүкті 1 м биіктікке біркелкі көтерді. Осы кезде қандай жұмыс жасалды?




  1. Массасы 400 г тас жардан құлап кетті. Егер жардың биіктігі 12 м болса, ауырлық күші қандай жұмыс жасады?




  1. Салмағы 20 Н біркелкі көтеріп, 300 Дж жұмыс жасалды. Қандай биіктікке жүкті көтерді?




  1. Лифт бірнеше адамды 20 м биіктікке көтерді. Осы кезде 42 кДж жұмыс жасалды. Егер әр адамның салмағын 700 Н деп алатын болса, лифт қанша адамды көтерді?




  1. Массасы 20 мг жаңбыр тамшысы құлаған кезде ауырлық күші 0,4 Дж жұмыс жасады. Тамшы қандай биіктіктен құлады?




  1. Биіктігі 2 м және 30 кг массалы аспалы шам қонақ бөлменің еденінде тұр. Қонақ бөлменің биіктігі 10 м болса, үйдің төбесіне дейін ілу үшін қандай жұмыс жасалады?




  1. Көлемі 2 м3 гранит плитаны 12 м биіктікке көтеру үшін қандай жұмыс жасалды?




  1. Ат арбаны тұрақты 0,8 м/с жылдамдықпен 400 Н күш жұмсап тартты. 2 сағат ішінде ат қандай жұмыс жасайды?




  1. Егер электровоздың тарту күші 50 кН болса, 54 км/сағ орташа жылдамдықпен 2 сағ қозғалғанда қандай жұмыс жасалады?




  1. Массасы 2 т жүкті көтергіш кран 45 с ішінде көтеріп, 360 кДж жұмыс жасады. Жүк қандай жылдамдықпен көтерілді?




  1. Бөренеден 10 см-лік шегені шығарып алу үшін бастапқыда 2 кН күш жұмсау керек. Шегені бөренеден шығарып алды. Осы кезде қандай механикалық жұмыс жасалды?




  1. Қалыңдығы 5 см тақтайға ұзындығы 10 см шегені тақтайдан жартысы шығып тұратындай қылып қағып тастады. Шегені шығару үшін 1,8 кН күш салу керек. Осы кезде қандай механикалық жұмыс жасалды?




  1. Ұзындығы 5 м және массасы 8 кг арқан жерде жатыр. Арқанды бір ұшынан ұзындығымен бірдей биіктікке көтерді. Осы кезде қандай механикалық жұмыс жасайды?




  1. Массасы 1,4 кг және ұзындығы 2 м терезелік пердені терезе үстіндегі жұқа білікшеге орап қойды. Осы кезде қандай жұмыс жасалады? Білікшенің массасы мен үйкелісін есепке алмаңыз.




  1. Салмағы 20 Н шана көл бетіндегі мұздың бетімен 10 м жол жүрді. Осы жолдағы ауырлық күшінің жасаған жұмысы неге тең?




  1. Салмағы 20 Н кесекті 1,5 м биіктікке көтергенде 60 Н күш жұмсай отырып, бала қандай жұмыс жасайды?

ЕСЕП 4


  1. Серіппені 10 см-ге созу үшін 100 Н күш жұмсау керек. Серіппені созу кезінде қандай жұмыс жасалды?




  1. Деформацияланбаған серіппені 1 см-ге, кейін тағы да 1 см-ге созды. Қай кезде көп жұмыс жасалды? Қанша есе көп жұмыс жасалды?




  1. Ұзындығы 5 см тығын қозғалу үшін 20 Н күш жұмсау керек. Тығынды трубадан оң жағынан шығару үшін қандай күш салу керек? Ал сол жағынан шығару керек болса, жауап қалай өзгереді? Тығынға трубадан әсер ететін үйкеліс күші тығын мен трубалардың жанасу ауданына пропорционалды деп есептеңіздер.





  1. Ұзындығы 10 см шегені қалыңдығы 4 см тақтайға шегенің бүркеншегіне дейін қағып тастады. Егер шығару үшін басында 20 Н күш жұмсау керек болса, қандай жұмыс жасалады?




  1. Шлюз арқылы суды шығарған кезде камерадағы су деңгейі 36 м-ге төмендейді. Егер камераның ұзындығы 250 м, ені 20 м болса, ауырлық күші қандай жұмыс жасайды?




  1. Егер зеңбірек оқпанының ұзындығы 1,6 м, ядроның радиусы 10 см, ал оқпан ішінде атылу кезіндегі қысым атмосфералық қысымнан 2000 есе көп болатын болса, зеңбіректен ядроны шығару кезінде газ қысымы қандай жұмыс жасайды?





  1. Суы бар цилиндр ыдыс ішінде биіктігі lжәне кесіндісінің ауданы S болатынағаш кесек жүзіп жүр. Жұқа болат біз арқылы ағаш кесекті ыдыс түбіне дейін түсіру үшін қандай жұмыс жасалады? Ыдыстың кесінді S1=2S, судың бастапқы биіктігі l, кесектің тығыздығы ρ=0,5ρс, ρс – судың тығыздығы.


  1. Қырының ұзындығы а болатын салмақсыз кубты вертикальды суға бір рет батырады, ал екінші кубты сынапта кубтың жоғарғы қырымен бірдей болғанша батырады. Осы батыру кезінде атқарылған жұмыстарды салыстырыңыздар.




  1. Көлемі V және салмағы P жаңқа тығыздығы ρ судан Н тереңдіктен су бетіне қалқып шықты. Жаңқаның қалқып шыққан уақытта жасалған механикалық жұмыс неге тең?




  1. Горизонталь үстел үстімен массасы 500 г ағаш білеушені бір түзу бойымен, біркелкі серіппемен тартты. Егер білеуше мен үстелдің бетінің үйкеліс күші 0,2-ге тең, ал серіппенің қатаңдығы 50 Н/м-ге тең болса, серіппе қаншаға ұзарады? Қозғалыс кезінде серіппе горизонтальді орналасқан.




  1. Массасы 80 г магнит вертикальді темір тақтаға жабысып қалды. Темір тақтаға F1=10 Н күшпен тартылып тұр. Магнит пен тақта арасында үйкеліс күші 0,3-ке тең. Магнитті төмен қарай қозғалту үшін қандай вертикальді F2 күш түсіру керек? Жоғары қарай қозғалту үшін қандай вертикальді F3 күш түсіру керек?




  1. Суретте еден мен жәшіктің арасындағы үйкеліс күші мен жәшіктің құрамымен бірге массасының тәуелділік графигі берілген. График бойынша үйкеліс коэффицентін анықтаңыз. Егер жәшікке оқушы 150 Н-ға тең күшпен әсер ете алатын болса, массасы 60 кг жәшікті оқушы орнынан қозғалта алады ма? Горизонталь бағытта әсер ете отырып, оқушы қандай массалы жәшікті орнынан қозғалта алады?



  1. Суретте екі түрлі беткейге арналған дененің массасы мен үйкеліс күшінің тәуелділік графигі берілген. 1 және 2 беткейге тән үйкеліс коэффицентін график бойынша анықтаңыз. Қозғалыс кезінде екі беткейде де бірдей үйкеліс күші тууы мүмкін бе? Болуы мүмкін болса, қандай жағдайда?



  1. 300г қалайы және 100 г қорғасыннан қорытпа жасады. Қорытпаның тығыздығы қандай? қар7,3 г/см3. қор11,3 г/см3.

  2. Биіктігі 20см, ені 12 см, қалыңдығы 3 мм алюминий қаңылтырдан “Н” әріпін қиып алды. Әріп сызықтарының ендері бірдей - 4 см-ден. Осы әріптің массасы қандай? А2,7 г/см3.




  1. Толтыра су құйылған ыдыстың ішіне күміс және мыс денелер салынды. Сол кезде 80г су асып төгілді. Осының нәтижесінде ыдыстың массасы 680г-ға артты. Әр дененің көлемі қандай? (Ыдыстың массасы есерілмесін) К10,5 г/см3. М8,9 г/см3.




  1. Қалыңдығы 2 мм, биіктігі 12 см, ені 10 см тік бұрышты болат қаңылтырға, диаметрі 6 мм болатын 100 дөңгелек тесік жасалатын болса, қаңылтырдың массасы қандай? б7800 кг/м3.




  1. Қоспа қорғасын мен қалайыдан жасалған, оның массасы 664г, тығыздығы 8,3 г/см3. Қоспаның ішіндегі қорғасынның массасын анықта. Қоспаның көлемі оны құраушы бөліктерінің көлемдерінің қосындысына тең. қалайы7300 кг/м3. қорғасын11300 кг/м3.




  1. Көлемі 0,4 м3 қорытпа мыс пен 750 кг мырыштан жасалған. Қорытпаның тығыздығы қандай? М8900 кг/м3. Ц7100 кг/м3.




  1. Мыс сымының көмегімен екі желілі байланыс жүйесін орнатпақшы. Сымның орамының жалпы массасы 1,5 кг, ал сымды тығыздап қарындаштың өн бойына 15 орам орғанда, оның ұзындығы 1 см болды (Лукашик 21 есепті қара). Осы желінің ұзындығы қандай болар еді? М8900 кг/м3.




  1. Алтын мен күмістен жасалған қорытпаның массасы 0,4 кг, тығыздығы 1,4⋅104 кг/м3. Осы қорытпадағы алтынның массасы қандай және ол қорытпаның жалпы массасының қанша пайызын құрайды? з19300 кг/м3. к10500 кг/м3.




  1. Егер жалпы көлемі оны құраушы бөліктерінің көлемдерінің қосындысына тең болса, онда 2,92 кг қалайы және 1,46 кг қорғасыннан тұратын қорытпаның тығыздығы қандай болады? қалайы7300 кг/м3. қорғасын11300 кг/м3.




  1. Массасы 1 кг, 27 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан шар, тыныштықта тұрған алюминийден жасалған тұтас кубқа соқтығысты. Соқтығысқаннан кейін шар тоқтайды, ал куб 10 м/с жылдамдықпен қозғала бастайды. Алюминий кубтың қырының ұзындығы неге тең? а2700 кг/м3.




  1. Қорғасын мен қалайы қоспасының массасы 664 г, ал тығыздығы 8,3 г/см3. Қоспаның көлемі оны құрайтын бөліктердің көлемдерінің қосындысына тең. Қоспадағы қорғасынның массасы қандай?




  1. Қалайының массасы 2,92 кг және 1,13 кг қорғасыннан қоспа жасалған. Қоспаның көлемі оны құрайтын бөліктердің көлемінің қосындысына тең. Қоспаның тығыздығы қандай?

ЕСЕП 5
1) Тікұшақтан бастапқы жылдамдықсыз,екіншісі біріншісінен 1-скейін екі жүк түсірілді. Бірінші жүктің қозғалысы басталғаннан кейін 2 с және 4 с уақыт өткен кездегі жүктер арасындағы қашықтықты анықтаңыз.


2) Дене 10 м биіктіктен еркін түседі, дәл сол кезде басқа дене 20 м биіктіктен тігінен төмен лақтырылады. Екі дене бір уақытта жерге құлады. Екінші дененің бастапқы жылдамдығын анықтаңыз.
3) Егер екінші тамшы үзілгеннен кейін 2 секундтан кейін тамшылар арасындағы қашықтық 25 м болса, екі тамшы шатырдан қандай уақыт аралығынан кейіншыққан?
4) Бастапқы жылдамдықсыз құлаған дене өзінің құлауының соңғы секундында бүкіл жолдың 1 / n бөлігінен өтеді. Толық t уақытын және Н құлауының бүкіл биіктігін табыңыз.
5) Биіктігі 8 м үйдің шатырынан бірдей уақыт аралығын тастап су тамшылары түсіп отырады. Бесінші төбеден шыққан кезде бірінші тамшы жерге тиеді. Алғашқы тамшы жерге тиген кезде тамшылар арасындағы қашықтықты анықтаңыз.
6) Аэростат аэродромнан 2 м/с2үдеумен тікжоғарыкөтеріледі. Оныңқозғалысыныңбасынанбастап 5с-танкейіноданзаттүсіпкетті. Аэростат қозғалысы басталғаннанкейінқаншауақытөткенсоң, бұлзатжергетүседі?
7) 10 м биіктіктенбастапқыжылдамдықсызтасқұлайды. Дәл солуақытта 5 м биіктіктентікжоғарыбасқатаслақтырылады. Егертастаржерден 1 м биіктіктекездессе, екіншітасқандайбастапқыжылдамдықпенлақтырылған?
8) Биіктігі 20 м мұнарадан бір уақытта екі доп лақтырылады: біреуі-15 м/с жылдамдықпен жоғары, екіншісі-5 м/с жылдамдықпен төмен. Олардың құлау уақыттарының арасы?
9)Жер бетінен араларына 1 с уақыт салып, 20 м/с бірдей жылдамдықпен қатарынан екі доп лақтырылды. Олар жер бетінен қандай қашықтықта кездесетінін және бірінші допты лақтырғаннан кейін қанша уақыт өткен кезде кездесетінін анықтаңыз.
10) Допты h биіктігінен жерге тигізгеннен кейін nh биіктікке секіру үшін қандай бастапқы жылдамдықпен лақтыру керек? Соққы кезінде доптың жылдамдығы тек бағыты бойынша өзгереді деп есептеңіз.
11) H биіктігі бар мұнарадан бір уақытта екі доп лақтырылады: біреуі v1жылдамдығымен тік жоғары, екіншісі v2жылдамдығымен тік төмен. Олардың жерге құлау сәттерінің ∆t уақыт айырмашылығын табыңыз.
12)Жонглер доптарды бірінен соң бірін жоғары лақтырады, алдыңғы доп ең жоғары нүктеде тұрған сәтте әр келесі допты лақтырып отырады. Егер ол секундына үш доп лақтырса, доптар қандай биіктікке көтеріледі?
13) Нысанаға 50 м қашықтықтан бір мылтықпен екі оқ бірдей бағытта атылды. Бірінші оқтың жылдамдығы 320 м/с, екіншісі - 350 м/с. Нысанаға тиген оқтар орнында қалған тесіктер арасындағы қашықтық қандай?
14) Баспалдақтан ытқыған ағаш шардың бастапқы горизонталь жылдамдығы 1,7 м/с болды. Бастпалдақтың әр баспасының биіктігі мен ені 20 см-ге тең. Шар нешінші баспағаалғаш рет соғылады?
15)Көлденең орнатылған винтовкадан 100 м қашықтықта атыс жазықтығына перпендикуляр орнатылған нысанаға кезекпен екі оқ атылады, екінші оқ біріншіден 1,7 см төмен тиді. Егер бірінші оқтың бастапқы жылдамдығы 700 м/с болса, екінші оқтың жылдамдығы қандай?
16)Тасеңістік бұрышы а болатын таудыңбасынангоризонталь лақтырылады. Тас таушыңынанLқашықтықта тау бетінетүсуүшінқандайжылдамдықпентасталуыкерек?
17) Серіппелі мылтықты тік жоғары атқан кездеоғы 1 м биіктікке көтеріледі, егер мылтық 64 см биіктікте орнатылып, көлденең (горизонталь) атылса, оқтың ұшу қашықтығы қандай болады? Екі жағдайда да оқтың жылдамдығы бірдей деп есептеледі.
18) Су ағынының көтерілу биіктігі мен ұшу қашықтығы бірдей болуы үшін оны қандай бұрышпен бағыттау қажет?
19) Жерде жатқан шлангтан көкжиекке 45° бұрышпен бастапқы жылдамдығы 10 м/с болатын су атқылайды. Шланг тесігінің көлденең қимасының ауданы 5 см2.Ауадағы т ағынының массасы қандай?
20) Көкжиекке бұрыш жасай лақтырылған тас 4 с-тан кейін жерге құлады, егер қозғалыс кезінде оның максималды жылдамдығы минимал жалдамдығынан екі есе көп екендігі белгілі болса, тастың биіктігі мен ұшу қашықтығы қандай?
21) Волейбол ойыншысы допты лақтыру бұрышы 45°болатындай жерден 1,2 м биіктіктен жібереді. Лақтыру орнынан 47 м қашықтықта биіктігі 7,3 м тор орналасқан, доп торды секіріп өтуі үшін минималды бастапқы жылдамдық қандай болуы керек?
22) Футбол добы бастапқы жылдамдығы 10,7 м/с, көкжиекке 30° бұрышпен жіберіледі. Соққы нүктесінен 6 м қашықтықта тік қабырға орналасқан, оған доп соғылады. Доптың соққы нүктесінен оның түсу нүктесіне дейінгі қашықтықты табыңыз.
23) Волейбол матчы кезінде қарсыластар жағына горизонтқа қарай 60° бұрышпен, 10 м/с жылдамдықпен лақтырылған доп тор арқылы, оған ұшы жанаса тиіп, ұшып кетті. Тордан қандай қашықтықта доп соғылды? Тордың жоғарғы жиегінің биіктігі 2,5 м, доп 1 м биіктіктен жіберілді.
24) Бір қарудан көкжиекке әр түрлі бұрыш жасайатылған екі оқ бір нүктеге барыптиді. Мылтықтан осы нүктеге дейінгі қашықтық осы қарудың максималды ұшу қашықтығынанекі есе аз. Екі траекторияның жоғарғы нүктелерінің биіктіктері қанша есе өзгеше болады?
25) Тасты көкжиекке а бұрыш жасай v жылдамдықпен лақтырады. Қанша уақыттан кейін жылдамдық пен көкжиек арасындағы бұрыш а-ны құрайды?

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет