«Құзыреттілік», «құзіреттілік тұрғысы» ұғымдары



Дата27.11.2022
өлшемі73,09 Kb.
#53072
Байланысты:
1.Педагогикалық кәсіпке кіріспе


  1. «Құзыреттілік», «құзірет», «құзіреттілік тұрғысы» ұғымдары

Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Қатаң талаптары қалыптасып келе жатқан инновациялық экономика қай салада болса да, бүгінгі маманның құзыреттілігін, яғни өз саласы бойынша ой-пікірінің қалыптасуын, кәсібилігін, өмірдің өзгермелі жағдайына бейімділігін, оған сай өз білімін пайдалану ғана емес, оны қажеттікке қарай толықтырып отыруды талап етеді.
Қазіргі таңда қалыптасып қалған білім, білік, дағдыға негізделген білім берудің нәтижелері мен жаңа әлеуметтік экономикалык коғам қажеттіктері деңгейі арасындағы қайшылықтар айқын байқалуда. Өйткені, заман талабы педагог мамандардың құзыреттілік сапаларын қоғамның жаңа құрылымына сәйкес белгілеп отыр.
Мысалы, Болон процесі оқытудағы білім, білік, дағдыга коса құзыреттілік сапаларының қарастырылуын жаңа парадигма туғызып отырган қажеттілік деп бағалайды. Білім – қоғамды әлеуметтік, мәдени үрдіспен қамтамасыз ететін жогары күндылық. Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты - педагогтардың кәсіби қүзыреттілігін дамыту болып табылады. Олай болса, білімге негізделген қоғам құрылысының негізгі басымдықтарын есепке ала отырып, педагог мамандардан аса жогары кәсіби құзыреттілік талап етіледі.
Еуропалық білім кеңістігінде қоғамға қажеттік, мобильдік, өзара сенім білдірудің ең басты шарты алынып, сапа корсеткіштері ретінде құзыреттіліктер қарастырылуда.
Педагогикалык шеберліктің басты шарты педагогикалық эрудиция мен құзыреітілік болса, педагогикалық эрудиция дегеніміз мұғалімнің педагогикалық міндеттерді шешу барысында икемді пайдаланатын қазіргі заманғы білім қоры. Ал, қүзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлганың жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жагдай жасайтын біліктілігін (білім, тэжірибе) атайды.
Педагогикалық-психологиялык әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеу-леріне қарағанда, кәсіби шеберліктің калыптасуы мен даму үрдісінде екі ұғым: қүзыреттілік (компетенттілік) жэне құзырет (компетенция) ұғымдары пайдаланып келеді. Оның біріншісіне «Қазак Совет Энциклопедиясының» орысша-казақша сөздігінде «хабардар, жетік, терең білетін» деп, ал екіншісіне «хабардарлық, міндет, қызмет бабы» деп анықтама берілген. Құзыреттілік түсінігі көп аспектілі жан-жакты ұғымды білдіреді.
Ғалымдар құзыреттіліктің табигатын түсіндіру максатында оны білім, білік үғымдары арқылы анықталатын тұлғаның жеке қасиеті (Н. Кузьмина, А. Маркова, К. Махмурян және т.б.) немесе ерекше кабілеті (Д. Ж. Равен, Р. Уайт, X. Хершген және т.о.) деп түсіндіреді. Өмірдің өзгермелі жағдайында құзыретті түрғы білім берудің практикасы мен теориясының дэстүрлі мақсаты ретінде алға шығады. Құзыретті болу мен күзыретсіз болудың себептері бірдей, ол адамның жеке тұлға ретіндегі жай-күйі. Немесе қүзыреттіліктің бар-жоғын анықтау үшін карым-катынас, педагогтік еңбек нәтижелері мен адами қарым-қатынаста, оның қорытындыларына қарап пайымдау қажет. Мүның мағынасы педагог мамандар өз әрекеті мен орындаған жүмысы кәсіби іс-әрекеттің белгіленген талаптарына жауап беретін және орындай алатын болса, кәсіби қүзыреіті болып саналады. Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде кұзыреттілікті тудыратын төрт негіз бар ( біріншісі - кәсіби-әдістемелік құзыреттілік, екіншісі - іс-әрекет негізіндегі күзыреттілік, үшіншісі - әлеуметтік қарым-қатынас қузыреттілігі және төртіншісі - жеке түлға негізіндегі құзыреттіліктер) сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін, өздігінен багалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық.
Құзыреттілік – жұмыскердің өз білімі, біліктілігі және дағдылары негізінде нақты кәсіп аясында жогары сапалы және мөлшерлік еңбек нәтижелеріне жету үшін нақты жүмыс түрлерін білікті аткара алу кабілеті.
Қүзыреттілік (компетентность) ұғымы белгілі бір салада шешім қабылдауға, түжырымдар жасауға мүмкіндік (немесе құқық) беретін адамның қабілеттілігі мағынасында қолданылады. Бұл қабілеттіліктің негізін білімділік, хабардарлық және іс-әрекет тәжірибесі құрайды. Осы аркылы құзыреттілік ұғымының жинақтаушылық, кіріктірушілік сипаты айқындалады. Адам білімді жэне сәйкесінше тәжірибені меңгеру негізінде қүзыретті болады. Сондықтан, құзыреттілік ұғымы қазіргі таңда елімізде, шетелде де білім берудің нәтижесі ретінде колданылады.
Ш. Таубаева; «Құзыреттілік - ол тұлғаның окыту және әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген, оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» - деп қарастырады.
«Құзыреттілік-білімдер мен іскерліктерді, іс-әрекет тәжірибесін меңгеру нәтижесінде белгілі бір іс-әрекет түрін табысты жүзеге асыруға қабілеттілігін сипаттайтын тұлғаның кіріктірілген қасиеттері». Құзыреттілік дегеніміз қызметтегі тұлғаның жеке мүмкіндіктерін, оның белгілі бір мәселені шешуге жағдай жасайтын біліктілігін (білім, тәжірибе) атайды.
Сонымен, қүзыреттілік дегеніміз – адамның өз кәсібіне сай игерген әрекет пен өнімді қызмет түріндегі білім жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы дағдылар тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана білу кабілетінің сапасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет