Құзыреттілікке негізделген тәсілдеме Құзыреттілікке негізделген тәсілдемеде оқу нәтижелерін бағалау білім алудың белгілі сатысында оқушылардың «жыл басында» қол жеткізген білімдерінің деңгейлерін талдауға негізделеді. Күтілетін нәтижелер оқу бағдарламасын толық меңгерудің қорытындысы бойынша туындайтын оқушылардың тәжірибесінен және қабілетінен, дағдысынан, білімі мен білігінен көрінеді. Құзыреттілік тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады деген сұраққа жауап береді. Оқушының құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру сала-сының өзекті мәселелерінің бірі. Құзыреттілік тәсілді, жоғарыдағы айтқаны-мыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім беру-дің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімінің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзереттілік деңгейі қандай болмақ? Педагогикалық зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми-теориялық тұрғыда аз зерттелуі, мұғалімге құзырет-тілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың тео-риялық негізін жасау міндетін койды.
Оқытудағы құзыреттілік тәсіл – оқушыға қойылатын мектептегі талап пен өмірлік талаптарды ұштастыру.
Құзыреттіліктің түрлері: проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент құзыреттілігі, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер.
Проблеманың шешімін табу немесе өзіндік менеджмент құзыреттілігі:
түрлі жағдаяттағы проблеманы анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
өз әрекетіне мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға қажетті жағдайды анықтауға, оқу үрдісін жоспарлауға және ұйымдастыруға;
өзіндік тұжырым жасауға, өзіндік бағалауға, өз әрекетін бағалауға;
түрлі жағдайда өзінің шамасын білуге;
қойылған міндетті орындауға, технология таңдай білуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық құзыреттілік:
сыни қараған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
өз бетімен мақсат қоюға және негіздеуге, осы мақсатқа жеткізетін та-нымдық әрекеттерін жоспарлауға және жүзеге асыруға;
ақпаратты өз бетімен табуға, талдауға, таңдауға, өңдеуге, сақтауға, ин-терпретациялауға және қазіргі ақпараттық-коммуникативтік техноло-гияның көмегімен жүзеге асыруға;
логикалық операцияларды (анализ, синтез, жинақтау, құрылымдау, тіке-лей және қосымша дәлелдеу, салыстыру, моделдеу, ойша эксперимент жүргізу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Коммуникативтік құзыреттілік:
нақты өмірлік жағдаяттарда ағылшын немесе басқа тілде ауызша және жазбаша түрлі коммуникативтік құралдарды қолдануға;
коммуникативтік міндеттерді шешуде стиль мен жанрды таңдай білуге, қолдана білуге;
өзінің көзқарасын этикет нормаларына сәйкес жеткізуге;
өнімді өзара іс-қимылды, оның ішінде басқа да көзқарас пен бағыттарды ұстанатын өзге ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе отырып жанжалдық ахуалды шешуді жүзеге асыруға;
жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Кәсіби құзыреттілік – ізденімпаздықпен, жауапкершілікпен әрекет етуге адамның еңбегінің нәтижесінде байқалатын белгілі бір еңбек функциясын қабілет-тілікпен және біліктілікпен меңгеруіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай.
Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әреке-тінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімінің міндеті, олар:
ақпараттық (біліктер: ақпаратты қабылдау, жинау, таңдау, жүйелеу, жалпылау, бағалау, шолу, кодтау, өзгерту және тарату);
зерттеу (біліктер: проблема туғызу, оны көкейкестілендіру, мақсатты, міндетті,
пәнді, объектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру және жоспарлау, бақылау, эксперимент жүргізу, қорытынды тұжырымдау);
интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, абстрактілеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу (рефлексия));
креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу (агглютинация), сүлбелеу (схематизация), топтастыру (типизация), негізгісін бөліп көрсете алу (акцентировать), әсірелеу (гиперболизация), алдын ала білу, қайта түзу, жаңаша түрлендіру);
диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу)
болжау (біліктер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау, үрдісті интуи-тивті болжау, заңдылықтарды, шарттарды айқындау, қор іздестіру, түзетулер жасау);
инновациялық (біліктер: мәліметтер жинақтау, педагогикалық тәжірибелерді талдау, эксперимент жүргізу, өзгертулер жасау, жан-жақты ойлана алу, ой жүгіртулер арқылы бағалау, қадағалау, жаңаша түрлендіру, екінші рет эксперимент жүргізу, өңдеу енгізу).
Жеке тұлғаның құзыреттілігін дамыту мен қалыптастыруда нысандар
мен құбылыстарды зерттеумен байланысты өңдеу әрекетінің маңызы зор. Оқушының танымдық өзгертушілік әрекеті зерттеушілік деп аталатын әдістің көмегімен жүзеге асырылады. Интеллектуалдық, шығармашылық қабілеті жоғары оқушыға өз бетімен білім алуына жағдай жасалуы тиіс, яғни оқушының өз іс-әрекетін өзі ұйымдастырып, басқаруына мүмкіндік туғызы-луы қажет.
Шығармашылық оқушыға шын ләззат, қуаныш сезімін әкелуі тиіс. Жаңаны жасау, өзі жасаған тың дүниеден алған жан ләззаты оқушы үшін шабыт баспалдағы болмақ. Сабақ беру үрдісінде шәкірттерді шығармашылық жұ-мысқа баулудың маңызы зор.
Қазіргі талап –оқушыларды ойландыру,іздендіру, сол арқылы өз беттерін-ше еңбектеніп оқуға баулу. Осы міндет тұрғысынан сабақта ойларын кемелдендіру тілдерін дамыту,сөз байлығы молайса,ой қабілеті шынықса , білім көлемдері де артады, тереңдейді және сапалы, тиянақты болады. Бұл орайда төмендегідей жұмыстарды жүзеге асырдым.
Мысалы: «Адасқан сөздер». Орны ауыстырылып қойылған сөздер беріп, сол сөздерді орны-орнына қойып, сөйлем құратамын, оқушылар сол сөйлемдерден мәтін құрайды.
«Қалып қойған сөзді тап». Оқушыларға мәтін беремін, оның ішінен кейбір сөздерді қалдырып кетемін. Сол нүктенің орнына керікті сөздерді тапқызып жаздыртамын.
«Сұраққа жауап бер». Тақырып белгіленіп, сол бойынша ыдыратылған сөй-лемдер беріледі, астына сұрауларын жазып қоямын. Оқушылар сол сұрауға жауап боларлық сөйлемдерді орнына қойып, әңгіме айтады.
« Тақырыбын тап». Бір тақырыпқа байланысты белгілі сұрақтар жазып қоямын. Балалар сол сұрақтарға жауап береді және әңгіменің тақырыбын белгілейді.
«Әңгімені құра». Белгілі бір оқиғалы суретті үлестіріп беремін,кейде сынып тақтасына үлкейтілген түрін іліп қоямын.Суреттің астына сұрақтар жазамын. Оқушылар сол сұрақтарға жауап беру арқылы мәнді әңгіме құрап береді.
«Әңгімені аяқта». Тиісті тақырыпқа жазылған әңгіменің бас жағына 2-3 сөйлем өзім жазып қоямын. Оқушы сол әңгімені өзі аяқтау керек.
«Мақалды тап».
«Полиглот».
Жаңа сөздерді есте сақтау жадысын дамыту бағытында сөзжұмбақтардың
қолданудың орны ерекше.
Әр мұғалім сабақ жоспарын құрмас бұрын сол сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерін, психологиялық ерекшеліктерін, белсенділігін толық зеттеп алғаны жөн. Сонда ғана оқушы білімінің шыңдалған, сөйлеу дағдылары жетілген, проблемалық сұрақтардышеше алатын, жаңалық аша алатын, топ алдында жасаған жұмыстарын қорғай алатын, зияткерлікті дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға тәрбиелеп шығаруға болады.