Оқушының тамақтану кестесі.
Оқушының сабаққа барар алдынд аеттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді.
Өсіп келе жатқан сендердің ағзаларыңа жүйелі тамақтанбау, диета сақтап, ашығудың қажеті жоқ. Асығып, тамақ ішпей кету ағзаны әлсіретеді. Теледидар алдында кітап оқып отырып, жүріп кележатып құрғақ тамақтар жеуге болмайды.
Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:
- Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;
- Біркелкі тамақтанудан;
- Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;
- Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;
- Қуырылған, ысталған, тұздалған тағамдардан;
- Күніне 6 грамға дейін тұзды азайтқан дұрыс;
- Дайындалған тағамды бірнеше реет ысытудың қажеті жоқ. Өйткені, оның құрамындағы адам организміне пайдалы заттардың орнын тағамды бұзатын зиянды өнімдер алмастыруы мүмкін;
Спортпен шұғылдану Спорт (француз тілінен алынған) — белгілі ережелер немесе дәстүрлерге сай көбінесе жарыс күйінде өтетін әрекет. Спорт жалпы алғанда физикалық мығымдығы өте маңызды болатын (жеңіске немесе жеңіліске әкелетін) әрекетті сипаттағанымен, ақыл-ой немесе құрал-жабдық сапасы да маңызды рөл атқаратын ақыл-ой спорты. Адам баласы спортпен денсаулығын жақсарту, моральді және затты қанағаттану үшін, өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Спорттың түрлеріне келер болсақ. Түрлерін атау.
Жазғы спорт түрлері: Қысқы спорт түрлері:
1. Велоспорт 1. Биатлон
2. Атспорты 2. Тау шаңғысыспорты
3. Жеңіл атлетика 3. Шаңғыжарыстары
4. Гольф 4. Мәнерлепсырғанау
5. Теннис 5. Фристайл
6. Футбол 6. Хоккей
7. Суда жүзу 7. Шорт-трек т.с.с.
Қорытынды “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” деп халқымыз бекер айтпаған. Жақсыны көріп, тыңдап, соған ұқсау керек. Жаманды көріп, зардабын сезіп, бойыңды аулақ ұстау білімділіктің, көрегенділіктің белгісі. Өсер елдің баласына лайық салмақты, сабырлы, білімді, жат қылықтан аулақ, елдің ертеңгі азаматы болып өсе берейік дегім келеді.