Зияткерлік меншік негіздері: Оқушыларға арналған сұрақтар мен жауаптар


 Патентті мәжбүрлеп лицензиялау дегеніміз не?



Pdf көрінісі
бет29/72
Дата01.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#70608
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72
49. Патентті мәжбүрлеп лицензиялау дегеніміз не?
 
Мәжбүрлеп лицензиялау патенттік құқықтардың маңызды шектеуі 
болып табылады. Бұл лицензиаттың ақылға қонымды сыйақы төлеуін 
көздейтін лицензиялау нысандарының бірі. Мәжбүрлі лицензияларды қажет 
ететіндер патент иеленушінің бәсекелестері бола алады және олардың 
патентті пайдалануы көбінесе оның қаржылық мүдделеріне зиян келтіреді. 
Патент иеленушінің бәсекелестеріне мәжбүрлеп лицензия беру қажеттілігі 
мемлекеттік саясат түсінігімен түсіндіріледі. Егер электр шамын Томас 
Эдисон ойлап таппаған болса, оны басқа біреу ойлап табатын еді. Көптеген 
жағдайларда ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүгіріске ұқсайды, мәреге 
бірінші келген жеңеді, ал қалғандары ештеңесіз қалады. Егер патент иесі 
өзінің өнертабысын енгізбесе және ақылға қонымды бағалар бойынша 
лицензия бермесе, бұл ғылыми және техникалық прогреске кедергі келтіреді 


және қоғамдық мүдделерге зиян келтіреді.
Бұл жағдайда мәжбүрлеп 
лицензия - барлық тараптардың мүдделерін теңдестірудің жалғыз тәсілі, ол 
шын мәнінде патент иеленушіні технологияға лицензия беруге және оған бұл 
үшін ақылға қонымды сыйақы беруге мәжбүрлеу болып табылады. Мысалы, 
егер елде белгілі бір патенттелген дәрілік препараттың жаппай өндірісін 
талап ететін, төтенше жағдай немесе қандай да бір аурудың эпидемиясы 
болса, мәжбүрлеп лицензиялар оны тиісті біліктілігі бар басқа 
компаниялардың жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Патент иеленушінің 
мүдделерін зақымдамау үшін мәжбүрлеу лицензиялары жеке тәртіппен 
келісілуі және сублицензиялар беруді көздемеуі тиіс. Іс жүзінде көптеген 
елдер мәжбүрлі лицензиялауға өте сақ келеді. Мысалы, Қытайда бірде-бір 
мәжбүрлі лицензия берілмеген.
 
50. Мәжбүрлеп лицензиялау өнеркәсіптік үлгілерге неге 
қолданылмайды?  
Мәжбүрлеп лицензиялау тек сыртқы түріне жататын өнеркәсіптік 
үлгілерге емес, өнертабыстар мен пайдалы модельдерге ғана қолданылады. 
Бұл техникалық шешімді тиімді іске асыру тәсілдерінің саны шектелуімен 
түсіндіріледі. Өнертабыстар табиғат заңдарына бағынуы тиіс; электр шамын 
-Томас Эдисон немесе басқа адам ойлап тапқан болса да, соңғы нәтиже 
бірдей болуы тиіс, әйтпесе оларды пайдалануға болмайды. Егер басқа 
адамдарға патенттік лицензиядан бас тартылса, онда оларда міндетті 
шешудің басқа жолы болмайды. 
Өнеркәсіптік үлгі жағдайында бәрі басқаша, өйткені ол үлгіге, оюға немесе 
өнімнің түсіне жатады. Біз әдемі нәрсесіз-ақ та 
өмір сүре аламыз
, бірақ 
мұндай өмір өте қызықсыз болады.
Мәжбүрлеп лицензиялау басқа адамдардың құқықтарын шектейді және 
мұндай шектеулерді болдырмау мүмкін болмаған кезде ғана қолданылады. 
Біз өнерсіз өмір сүре алатындықтан, өнеркәсіптік үлгіге құқықты шектеудің 
ешқандай себептері жоқ. Бүгінгі күні басқалардың құқықтарын құрметтеу 
негіз қалаушы қағидат болып саналады, сондықтан мәжбүрлеп лицензиялау 
аса қажетсіз қолданылмауға тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет