❶. Лездік жылдамдық траекторияның берілген нүктесіндегі, берілген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығы [м/с], вектор



Дата02.12.2023
өлшемі20,17 Kb.
#132005

❶. Лездік жылдамдық - траекторияның берілген нүктесіндегі, берілген уақыт мезетіндегі дененің жылдамдығы [м/с], вектор.


❷. Иінтірек дегеніміз – жылжымайтын тіреуден айнала қозғала алатын қатты дене.
❸.Механиканың негізгі мәселесі – дененің кеңістіктегі кез келген уақыт мезетіндегі орнын анықтау.
❹. Тұйық жүйе деп - сыртқы күштер әрекет етпеген жағдайда жүйеге енетін денелер бір-бірімен ішкі күштер арқылы ғана әрекеттесетін жүйені айтады.
❺. Жұмыс - күш әсерінің кеңістіктік сипаты болып келетін скаляр физикалық шама.
❻. Оптика - жарық электромагниттік толқындарының пайда болуымен, таралуымен және затпен әсерлесуімен байланысты құбылыстар мен заңдылықтарды зерттейтін физиканың тарауы.
❼. Тербелістер - белгілі бір уақыт аралығында қайталанып отыратын қозғалыс немесе процесс.
❽. Потенциалдық энергия - денелердің немесе олардың бөлшектерінің өзара әсерлесуіне байланысты энергия [Дж]
❾. Энергия - дененің жұмыс істеу қабілетін сипаттайтын физикалық скаляр шама. Е [Дж]
❿. Кинематика – механикалық қозғалыстың себебін түсіндірмей, қозғалыстың математикалық сипаттамасын қарастыратын механиканың бөлімі.
⓫. Механика – денелердің қозғалысын, оның заңдылығын, пайда болу себебін және оның өзгерісін зерттейтін физиканың бөлімі.
⓬.Орташа жылдамдық- барлық жүрген жолдың барлық уақытқа қатынасымен өлшенетін физикалық шама [м/с], скаляр.
⓭.Бірқалыпты түзусызықты қозғалыс – кезкелген бірдей уақыт аралығында дене бірдей орынауыстыру жасайтын қозғалыс.
⓮. Қозғалыстың салыстырмалылығы - әр түрлі денеге қатысты, дене әр түрлі қозғалады (тыныштық – қозғалыстың белгілі бір жағдайы). Мысалы: жүзгіш қайық үстіндегі бақылаушыға және жағадағы бақылаушыға қатысты, әр түрлі жылдамдықпен қозғалады.
⓯.Инерциялды санақ жүйесі - денеге басқа денелер әрекет етпегенде немесе олардың әрекеті теңгерілгенде, дене бірқалыпты түзу сызықты қозғалатын санақ жүйелері.
⓰.Теңүдемелі түзусызықты қозғалыс – дене кез келген тең уақыт аралығында жылдамдығы бірдей шамаға өзгеретін қозғалыс.
⓱. Механикалық қозғалыс – уақыт өтуіне қарай кеңістікте, басқа денемен салыстырғанда, дененің орнының өзгеруі.
⓲.Еркін түсу - бастапқы жылдамдықсыз ортаның кедергісі болмағанда дененің Жерге тартылу салдарынан құлауы.
⓳. Қозғалыс траекториясы – дене бойымен қозғалатын сызық.
⓴.Қисықсызықты қозғалыс – траекториясы қисық сызық және шеңбердің доғасы болып келетін қозғалыс.
㉑.Сызықтық жылдамдық – бірлік уақыт ішінде дененің жүрілген жолын көрсететін физикалық шама.
㉒.Бұрыштық жылдамдық – бірлік уақыт ішіндегі бұрыштық ығысуды көрсететін скаляр шама.
㉓. Материялық нүкте – қозғалыстың қарастырылып отырған жағдайында өлшемдері еленбейтіндей денені айтады. Мысалы: Бала – мектептен үйге дейін 1км немесе одан да көп қашықтықты жүріп өтсе, материялық нүкте болып есептеледі. Бала – ертеңгілік денешынықтыру жаттығуларын жасап жатқанда, материялық нүкте деуге болмайды.
㉔. Векторлық шамалар - өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар. Мысалы, жылдамдық, орын ауыстыру, үдеу, күш, импульс, т.б.
㉕.Статика – дененің тепе-теңдігін және тепе-теңдік шарттарын қарастыратын механиканың бөлімі.
㉖.Күш моменті - күш модулі мен күш иінінің көбейтіндісіне тең векторлық шама.
㉗.Күш иіні (рычаг) – айналу осінен күштің түсу нүктесіне дейінгі аралық.
㉘.Жай механизмдер - күшті түрлендіру үшін қолданылатын тетіктер.Олар: иінтірек (рычаг), блок, көлбеу жазықтық, шығыр, сына, бұрама (винт).
㉙. Санақ жүйесі – санақ денесімен байланысқан координаталар жүйесі және уақыт өлшейтін прибор.
㉚.Күштің иіні - тіреу нүктесімен күштің иінтірекке әсер ету бағытын көрсететін түзудің ең қысқа арақашықтығы
㉛.Блок дегеніміз – остің төңірегінде айнала алатын, шетінде науасы бар, өзі құрсауға орнатылған тегершік.
㉜.Жылжымайтын блок - жүк көтергенде осі жоғары, төмен қозғалмайтын блок.
㉝.Ешбір механизм жұмыстан ұтыс бермейді. Күштен неше есе ұтсақ, жолдан сонша есе ұтыламыз. Осы ереже "механиканың алтын ережесі" деп аталады
㉞.Пайдалы жұмыстың толық жұмысқа қатынасы механизмнің пайдалы әсер коэффициенті(ПӘК) деп аталады.
㉟.Денелердің тепе-теңдігі дегеніміз дененің таңдап алған санақ жүйесімен салыстырғандағы қозғалмайтын күйі.
㊱.Сақталу заңдары - импульс пен энергияны, олардың сақталу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі.
㊲.Дене импульсі(грекше impulsus-соққы дегенді білдіреді) - қозғалыстағы денені оның массасы мен жылдамдығына байланысты болатын физикалық шама. Кейде қозғалыс мөлшері деп аталады.
㊳. Жылдамдық - бірлік уақыт ішіндегі дененің орынауыстыруының мәнін көрсететін векторлық шама [м/с]. Жиі кездесетін жылдамдықтың өлшем бірлігі – км/сағ. 1 м/с = 3,6 км/сағ.
㊴.Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бөлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.
㊵. Период Т[с] – дененің шеңбер бойымен толық бір айналым жасауына кеткен уақыт
㊶.Бірлік уақыт ішінде атқарылатын жұмысты сипаттайтын скаляр физикалық шама (жұмыстың істелу жылдамдығы) қуат деп аталады
㊷. Үдеу [м/с²] – бірлік уақыт ішінде жылдамдық өзгерісін көрсететін векторлық физикалық шама.
㊸.Кинетикалық энергия (кинема – қозғалыс деген грек сөзінен шыққан) - дене қозғалған кезіндегі энергиясы (дене қозғалысын сипаттайды) [Дж].
㊹.Дененің массасы мен жылдамдығы квадратының көбейтіндісінің жартысына тең шаманы кинетикалық энергия деп атайды.
㊺. Жиілік v[Гц=1/с] – бірлік уақыт ішіндегі тербелістің саны:
㊻.Дене энергиясы еш уақытта жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды,ол бір күйден екінші күйге айналады. Бұл қағида – энергияның айналу және сақталу заңы барлық жерде орындалады.
㊼.Механикалық тербелістер мен толқындар - қозғалыстың ерекше түрі тербелістер және тербелістің кеңістікте таралуын қарастыратын механиканың бөлімі.
㊽. Жер бетінің маңында тек ауырлық күші ғана әсер етсе барлық дене тік төмен бағытталған бірдей үдеумен қозғалады, бұл еркін түсу үдеуі деп аталады
㊾.Механикалық тербелістер механикалық шамалардың (ығысу, жылдамдық, үдеу, энергия және т.б.) тербелісі.
㊿. Жылдамдық – дененің бірлік уақыт ішіндегі орынауыстыруын көрсететін векторлық физикалық шама υ-const.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет