● Тұқым қуалаушылық



Дата29.09.2022
өлшемі84,88 Kb.
#40796
  • Тамақтану - ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына және жаңартылуына және қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу және сіңірілу үрдістері. Ағзаның өмір сүруге, денсаулықты және жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нәрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дәрумендер, минералды тұздар) бой3цға сіңіру процесі. Негізгі тағамдық азықтар- популяцияда басым ролге ие болған азық-түлік.
  • .Негізгі тағамдық заттар популяциның орналасу орнына және жыл мезгіліне байланысты өзгеріп отырады. Негізінен бұл тағамдық азықтар қол жетімді және арзан тұрады. Сонымен қатар, бұл заттар құрамында негізгі 3 элемент болу керек: көмірсулар, ақуыз және майлар.
  • Бұл негізгі тағамдық затардың негізгі ерекшелігі- сақталу мерзімі. Сондықтан бұл азықтар өз ерекшелігіне байланысты дефицит, құрғақ мезгілдер мен салқын ауа райы кезінде орны өте маңызды. Негізгі тағамдық заттардың әдеттегідей мысалына тауық, астық дақылдар, бұршақ тұқымдастар және дәндер жатады, яғни бидай, арпа, қарабидай, жүгері, күріш, картофель, ямс, таро, жеміс- жидектер мен бұршақтар және орналасу орнына байланысты кейде зәйтүн майы, кокос майы, қант жатады.
  • Белок тәулігіне 80-100 г, Оның ішінде жануар белогы 55%, өсімдік белогы 45% Май тәулігіне 80-100 г, өсімдік майы 25-30 гр, 30-35% сары май қалғаны тоң май Көмірсу тәулігіне 400-500 г Гр, қажет,крахмал 70% Қант 20%, клетчатка 2% ДДСҰ тәуліктік рациондағы белок,май, көмірсулардың қалыпты өлшемін ұсынады
  • Ақуыздар денеге аса қажет қоректік зат, әрі жасуша негізін құратын құрылыс материалы.
  • 1 г белок тотықса денеге 4,1ккал яғни 17,17килоджоуль жылу пайда болады. Ересек адамдарда салыстырмалы жеңіл дене қызметін жасағанда тәулігіне: 80-100 г орташа ауыр қызмет атқарғанда 100-110г ауыр дене қызметін атқарғанда 110-120 аса ауыр қызмет атқарғанда керек. Ақуыздар ағзада көп түрлі қызмет атқарады : Пластикалық немесе құрылымдық Қорғаныштық
  • ● Тұқым қуалаушылық
  • ● Реттеушілік Қимылға келтіретін
  • ● Энергетикалық;
  • ● Тасымалдаушы Буферлік
  • ● Онкотикалық қысымды қамтамасыз ету;
  • Көмірсулар, тағамның негізгі массасын құрайды. Олар моносахаридтер (глюкоза, фруктоза, галактоза), дисахаридтер (лактоза, сахароза, мальтоза) және тағамдық (гликоген, крахмал) және тағамдық емес (жасұнық, пектин заттары) полисахаридтер 1 гр көмірсу тотықса 4,1 ккал энергия бөлініп шығады. Қанның әрбір литріне 3,5-5,8 ммоль глюкозадан келеді, олар 8-10 ммольге жетсе несепте қант пайда болады. Көмірсулар, негізгі энергия көзі, ағзаға энергия қажеттілігін 50-60 % дейін қамтамасыз етеді. Көмірсуларға белгілі бір пластикалық роль тән : олар глюкопротейдтердің, ферменттердің, дәрумендердің, сондай-ақ, кейбір гормондардың құрамына кіреді. Көмірсулардың антитоксикалық қызметінің де маңызы үлкен : гиалурон қышқылының құрамында, олар жасуша қабырғалары арқылы бактериялардың енуіне кедергі жасайды.
  • Ересек адамға тәулігіне 70-100 г май керек. 1 г май тотықса 9,3кДж жылу бөлінеді. Майда еритін витаминдер тұздар майда ілесіп денеге тез сіңеді. Май он екі елі ішекте өттің қатысуымен эмульсияға айналады да липаза әсерінен ыдыраған кезде моноглицерид май қышқылы мен глицеринге айналады. Жануар текті және өсімдік азықтарымен ағзаға түсетін тағамдық майлардың құрамына, негізінен нейтралды майлар, сондай-ақ, фосфолипидтер мен стеариндер кіреді. Ағзаға сырттан түскен майлардан ішектің қабырғасында қайта синтезделуі (ресинтез) нәтижесінде, ағзаның майына ұқсас май түзіледі. Май -жылуды нашар өткізеді, сондықтан ағзаны суықтан сақтайды, оның үстіне, едәуір серпімділік қасиетінің болуына байланысты, амортизациялық қызмет атқарады. Майлар тағамның дәмін жақсартады және ұзақ уақыт тоқтық сезімін береді.
  • Ақуыз көздері болатын азықтар. Жануар текті ақуыздардың негізгі көздері – ет, балық, сүт, сүт өнімдері, жұмыртқа және т.б. Көмірсулардың негізгі көздері - нан және басқа да ұннан жасалған тағамдық заттар, жармалар, бұршақ тұқымдастар, сүт және кейбір сүт тағамдары, көкөністер, жемістер, жидектер, қант, бал және басқалар. Май көздері болатын азықтар. Ағзаға майлардың қажеттілігі, негізінен майлардың нағыз өзімен: өсімдік майларымен, сары маймен, малдың майларымен, сондай-ақ, тағамдық азықтардың (еттің, балықтың, бауырдың, жұмыртқаның, қаймақтың, т.б.) құрамына кіретін майлармен өтеліп отырады


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет