1. 32,4г мырыш оксидінен алюмотермия әдісі арқылы 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар. Жауабы: 92% Zn



Дата04.03.2023
өлшемі16,49 Kb.
#71473

Есептер

1. 32,4г мырыш оксидінен алюмотермия әдісі арқылы 24г таза мырыш алынды. Өнімнің шығымын табыңдар. Жауабы: 92% Zn


2. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 92% болса, онда 23,4г. алюминий гидроксидінен алынған металл оксидінің массасын табыңдар. (14г.)
3. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 80% болса, онда темір (ІІІ) оксидіне, көміртек (ІІ) оксидімен әсер етсек нәтижесінде 11,2г темір алынды. Реакцияға жұмсалған темір (ІІІ) оксидінің массасын табыңдар. (20г.)
4. 234 г ас тұзына күкірт қышқылымен әсер еткенде131,4 г хлорсутек алынса, хлорсутектің шығымы (%) қанша болады? (90%)
5. Массасы 120 г темір (ІІІ) оксидін көміртекпен тотықсыздандырғанда массасы 67,2 г темір түзілді. Темірдің теориялықпен салыстырғандағы шығымы (%) қанша? (80%)
6. 1,7 г аммиак тұз қышқылымен әрекеттескенде 5 г аммоний хлориді алынды.Түзілген өнімнің шығымы (%) қанша? (93,4%)
7 . Массасы 1г сутек газын хлормен синтездеу арқылы 32г хлорсутек газы
алынды. Теориялық мүмкіндікпен салыстырғандағы өнімнің массалық
үлесін анықтандар. (жауабы: 87,67 пайыз)
8. Теория жүзіндегімен салыстырғандағы шығымы 25,12 пайыз болса,
массасы 3,8г. аммиак алу үшін азот пен сутектің қанша көлемі (қ.ж.)
әрекеттесетінін есептендер. (10л.)
9. Көлемі 44,8л. (қ.ж.) азотты сутекпен әрекеттестіргенде түзілген аммиактың (шығымы 50 пайыз болса) массасы нешеге тең? (34г.)
10. 140 г этилен бромсутекпен әрекеттескенде 500 г бромэтан алынған. Реакция өнімнің шығымы? (91,7п)
11. Егер шығымы 100 пайыз болса, 10г алюминийді оттекте жаққанда алынған алюминий оксидінің массасы? (18г.)
12. 11,2 г темір тұзқышқылымен әрекеттескенде 4,45 л (қ.ж.) сутек бөлінеді. Реакция өнімінің шығымы (%).
13. 20 кг алюминий оксидінен 10 кг алюминий алынды. Реакция өнімі шығымының массалық үлесін анықтаңыз.
14. 5,64 кг техникалық темір (ІІ) сульфаттын ауада өртегенде, шығымы 75% болған қатты өнімнің (FeO) зат мөлшері (моль)

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет