1. Адамгершілік, еңбек тәрбиесі



бет1/3
Дата10.02.2023
өлшемі23,24 Kb.
#66966
  1   2   3
Байланысты:
3-ТАПСЫРМА БЕЙБІТХАН


 1.Адамгершілік, еңбек тәрбиесі Адамгершілік тәрбиесі- белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, сенімді, парасатты, мінез құлық дағдылары мен әдептерді қалыптастырумен және адамгершілік сезімді, ұлттық сананы, қарым- қатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құндылықтарды тиімді пайдалануға бағытталған жалпы адамзаттық тәрбиенің құрамдас бір бөлігі. Адамгершілік тәрбиесінің бүкіл жүйесі гуманистік мазмұнға толы, имандылық негізде жеке адамның жан-жақды дамып жетілуіне бағыталған.
Адамгершілік тәрбие мәселесі негізінен ұлттық психологиялық ерекшеліктерге сүйене отырып, тәрбие берудің әдістемелікжолдарын қарастырады.
– Ұлттық дәстүрлер арқылы оқу-тәрбие үрдісінде адамның бойында рухани мәдениетті қалыптастыру.
– Ұлттық дәстүрлер арқылы адамның психологиялық ерекшеліктерін зерттеп, дамыту.
– Салт-дәстүр негізінде, ұлттық психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеу.
Ұлттық дәстүр арқылы психологиялық ерекшеліктерді ескере отырып, дүниедегі бағалы рухани байлықты жеке тұлғаға дарыту. Адам- тарихи үрдістің субъектісі. Ол барлық әлеуметтік қозғалыстар мен қимыл- әрекеттердің негізі, өлшемі және мақсаты, жер шарындағы небір ғұлмат табыстардың қайнар көзі, ақыл-ой туындылардың құдіретті иесі. Адам дегеніміз – еңбек әрекетімен шұғылдана алатын әлеуметік қатынастарға түсетін, өзара байланыс жасай алатын тұлға. Адамның түрт түрлі өлшемі бар: биологиялық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік. Бұл өлшемдер өзара байланысты. Осы төрт өлшемде байланысты адамның бойындағы кісілік тұлғалық қасиеттері үш дәрежеге бөлінеді: -әр адамның өзіне тән психологиялық ерекшеліктері болады, өмір сүру ортасына байланысты адамдар бір-біріне ұқмайды.
– адам әртүрлі елдердің, тарихи дәуірдің, материалдық-рухани мәдениетімен жетістіктерін үргі алады. Оған әлеуметтік, этикалық, ұлттық ортасы әсер еседі. Сонымен, дәірге, қоғамға, тарихи ортаға байланысты. Қалптасқан білім және тәрбие жүйесінен сабақ алады. Осының бәрі адамның жан дүниесіне әсер етеді.
– адам адамзат қауымының мүшесі. Шыққан нәсіліне, туысына, ұлтына, туган жеріне тәелсіз, барлық адамдарда ортақ адамгершілік қасиет болады: батырлық, ерлік, сатқындық, мейрімділік, қатігезділік, әділдік т.б. Осы рухани-псхологиялық қасииеттерді адам бойында қалыптастыратын –тәрбие. Халық батыры Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз батырға бай тарих, халқымыз батырларды биік дәріптеп, азамтаттық пен кісіліктің символы, үлгісі ретінде санаған. Батырлық, ерлік деген ұрпақтан ұрпаққаата дәстүрі болып қала бермек. Өткенін білмеген, онан тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы- тұл, келешегі – тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы – батыр халық» – деген.
Демек, рухани-психологиялықі қасиеттердің бірі – ерлік болса, ол тәрбиеден бастау алады. Әр халық өзінің ержүрек батырларын, олардың елін, жерін қорғана батыл істерін мақтан етіп үлгі өнеге алған. Өлең-жыр, дастарына, аңыз әңгімелеріне қосқан. Себебі, елін бүкіл әлемге танытатын сол халықтың батырлаты. Сондықтан, оқу-тәрбие барысында, тәлім-тәрбие сабақтарында халқын, елін қорғап, жерін жауға бермей, ұлан-байтақ жерлерін жаудан сақтаған батырлардың ерлігін дәріптеп, құрметтей білуіне үйретуіміз керек.
Халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан тәрім-тәрбиесә, ұлт қаһармандаының өмірі мен ероік істерінің тарихы, даналық сөздері – адамгершілік тәрбие беруде үлкен рол атқарады. Батыр бабаларымыз қазақ елін басын қосып, ұлттық жауынгерлік- ерлік мектебінің негізін салған. Сондықтан бабалардың ерлігі- адамгершілікке толы,асқақ рухты күні бүгіде дейін ел аузында, халық тәрбие ісіне үлгі етеді.
Еңбек тәрбиесі дегеніміз - еңбек етуте психологиялық даярлықты, еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек тәртібі мен мәдениетін меңгеру. 
Оқушылар бойында еңбексүйгіштікті тәрбиелеу жайлы К.Д.Ушинскийдің құнды ойларын келтіруге болады. «Тәрбиенің өзі, егер ол адамға бақыт тілейтін болса, оны бақыт үшін емес, өмір сүру еңбегіне даярлау керек… Тәрбие адам бойында еңбекке деген сүйіспеншілік пен әдетті дамытуы керек; ол адамға өмірдегі өзі үшін қажетті еңбекті табуға мүмкіндік жасауы керек… Тәрбие адамның ақылын ғана’дамытып, оны белгілі көлемдегі мәліметтермен таныстырып қана қоймай, адам жүрегінде еңбексіз адам өмірі абыройлы да, бақытты да болмайтындай еңбекке деген ынтаны жандыруы қажет».
Оқу-өндіріс комбинаттарында, бригадаларда, цехтарда еңбек ету барысында оқушылар техникалық және технологиялық білімдер, еңбек тәжірибесін алады. Балалардың үй шаруашылығы, көркем өнер, қол өнер үйірмелеріне катысулары, олардың еңбектің өр түріне бейімділіктерін, икемділіктерін айқындайды.
Еңбек тәрбиесі отбасында да әр түрлі жолдармен іске асады. Балалар өзіне-өзі қызмет көрсетуге кеңінен қатыстырылады. Олар үй шаруашьшығында көптеген міңдеттер атқарады; отбасы бюджетіне, оның пайдалануына қатыстырылады. Балалар мен ересектердің бірлесіп жұмыс істеуінде отбасының мүмкіншіліктері зор. Еңбек тәрбиесінің құрамды бөлігі болып экономикалық тәрбие саналады.
Оқушылардың еңбек тәрбиесі мектепте, кәсіптік техникалық училищеде өткізіледі. Еңбек тәрбиесінің жүйесіне түрлі іс-әрекеттері кіреді. Олар: оқу барысындағы еңбек, сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстар; өзіне-өзі қызмет ету; қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек. 
Оқу барысындағы еңбек. Сабақ барысында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік, кейін жаппай еңбек іс-әрекетінің түрлерін де байқайды. Еңбек тәрбиесі үшін өте маңызды еңбек сабағы, онда оқушылар еңбек дағдыларына үйренеді, техникалық білімді игереді. Еңбек сабақтары барысында оқушылар жалпы және техникалық білімге сүйенеді. Білім еңбек сабақтарының ғылыми негізі болады, ал еңбек сабақтары мен тәрбие барысында оқушылар алған өмір тәжірибесіне теориялық білім жүйесі арқылы түсінеді. 
Еңбекке тәрбиелеу мен оқытудың міндеттері еңбек пәні сабақтарында шешіледі. Бастауыш сыныпта балалар қағаз қию, балшық пен пластилиннен бейне құру, өсімдіктерді күту, ағаш пластмасса, қаңылтыр сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп жанындағы үлесті жер бөлшектерінде еңбек етеді.
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. “Жас натуралистер”, “Жас техниктер” “Жас тәжірибешілер” және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Єрбір оқушының үйірме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттер мен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді.
Өзіне-өзі қызмет ету – еңбек тәрбиесінің қажетті элементтерінің бірі. Балалар өзіне-өзі қызмет ете отырып, әр түрлі еңбек іс-әрекеттерін орындаудың тәсілдеріне үйренеді, өздерінің жауапкершілігін сезеді, бұл менің адамгершілік борышым дейді, сонымен бірге олар үлкендердің еңбегін бағалайды, олардан үлгі алады. 
Мектеп жағдайында өзіне-өзі қызмет ету – оқу құралдарын, кабинеттерді, мебельді, сынып бөлмесін, мектеп үйін жөндеу, сыныптарды, шеберханаларды, спорт алаңдарын, мектеп үйлерін жинау т.б.
Отбасында өзіне-өзі қызмет етудің түрлеріне төсек – орынды, пәтерді жинау, киім, аяқ-киім және басқа үй мүліктерін тазалау, кір жуу, үтіктеу, киімді жамау, тамақ дайындау т.б. жатады. 
Қоғамдық пайдалы еңбек – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан-жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы, мектеп жағдайында өткізілетін қоғамдық пайдалы жұмыстың тәрбиелік мәні өте зор. Қоғамдық пайдалы жұмыстың барысында оқушылардың ғылыми дүние танымы дамиды.
Қоғамдық пайдалы жұмыстың мектеп өмірінде бірнеше түрлері бар:
Халық қоныс тепкен жерлерді, мектептерді абаттандыру, көшелерді, алаңдарды көгалдандыру, жолды жөндеуге қатысу, экологиялық жағдайға байланысты тазалықты сақтау, табиғатты күту және қорғау.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет