1-тапсырма Адамның бауыр жасушаларының ерекшелігі де сол 70% дейін бұзылған бауыр ұлпасы өзінің бастапқы көлеміне дейін қайтадан қалпына келе алады. Бұл үдеріс бауыр жасушаларының - — гепатоциттердің жұмысына байланысты. Бұл жасушалар ағзадан токсиндік заттарды шығарумен қатар олардың модификациялануында маңызды. Патологиялық жағдайға ұшырамаған қалыпты мүше тыныштық кезеңінде болады.. Мысалы, мүшенің бір бөлігін алып тастаған жағдайда гепатоциттер активтеніп бөлінуге кіріседі. Ол жасушалар 1-2 рет бөлініп қайта тыныштық жағдайға көшеді. Осындай қасиетіне байланысты кейбір ауру түрлерін емдеуге болады. Мысалы, егер донордан сау бауыр бөлігін алып науқасқа салатын болса бауыр циррозын немесе гепатитті емдеуге болады. Бауырдың біраз бөлігін алып тастағаннан кейін гепатоциттер бөлінуге түсіп мүшенің регенерациясын қамтамасыз етеді. Кейбір жасушаларда хромосомалар саны артуы мүмкін.
Сұрақтар 1. Бауыр жасушалары жасушалық циклдің қандай кезеңдерімен қамтылған?
Жасушалық циклдың сызбасын сызып, кезеңдерді сипаттаңыз.
2. Өсуші жасушалар қайта митоздық циклға түсе ала ма? Митоздық циклдың
сызбасын сызып, кезеңдерін сипаттаңыз.
3. Жасушаларда генетикалық материалы көбейген ұлпа қалай аталады?
Жасушалары бөлінбейтін ұлпалар қалай аталады?
2-тапсырма. Қалыпты жағдайда адамдарда сперматогенез жыныстық жетілу кезінде басталып және кәрілік кезеңіне дейін созылады. Сперматозоидтар аталықұрық безінің иірімді каналдарында дамиды. Жетілмеген жыныс жасушалары (сома) иірімді ұрық каналдарында бірнеше рет митоздық жолмен бөлінеді. Аталық жыныс безінде жетілмеген жыныс жасушаларының саны 1 млрд. жуық болады. Бірнеше бөлінуден кейін бірқатар жасушалар бөліну мүмкіндігін сақтап жасушалар популяциясын сақтайды, ал бірқатар жасушалар дифференцияланып гаметалардың түзілуіне бастама береді.
Сұрақтар 1) Жетілмеген жыныс жасушалары қандай бөліну кезеңдерін және жіктелуден (дифференцировкадан) өтеді?
2) Сперматогенез сызбасын сызып жасушалар атауын, хромосомалар жиынтығы мен ДНҚ молекуласының санын анықтаңыз?
3) Овогенез сызбасын сызып жасушалар атауын, хромосомалар жиынтығы мен ДНҚ молекуласының санын анықтаңыз?
4) Гаметогенездің қай кезеңінде және қашан ата-аналар гендерінің перекомбинациясы жүреді? Сипаттаңыз