1. Әдістің тарихы Кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану



бет1/11
Дата13.04.2022
өлшемі35,65 Kb.
#30844
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Кейс әдісі


Кейс әдісі

1. Әдістің тарихы

2. Кейс әдісін ұйымдастыру және қолдану

3. Кейс әдісін қолданудың нәтижелері


Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Өмір бойы білім алу» әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс. Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз», деп атап көрсеткені баршаға мәлім.

Қазіргі кезде білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар білім алушыларға сапалы білім беру мақсатында түрлі белсенді әдістерді қолдануда. Өйткені ұстаздың мақсаты ‒ әрбір болашақ маман иесіне сапалы білім беру, оның әр жақты дамуына мүмкіншілік жасау, білім алуға деген қызығушылығын арттыру.

Кейс әдісін қолданудағы оқытудың табысты болуы модератор жұмысына байланысты. Оның негізгі мақсаты ‒ тыңдаушылар бір командада жұмыс істеуге үйреніп, дерек көздерінің тапшылығына қарамастан, тез арада шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру. Ашық пікірлер алмасу арқылы, әрбір қатысушының өз қабілетін, ортақ мәселелер шешуге қолдануына жағдай жасау. Оқытушы өзінің іс жобасын жүзеге асыру барысында сабаққа қатысушының атқаратын әрекеттерін: сарапшылық, аналитиктік және экспериментаторлық істер атқаруына мүмкіндік жасау. Кейсті жүзеге асыру әдістемесі: модератор талдауға алынатын жағдаятты түсіндіреді, соны шешуге қатысты барлық пікірлерді жинақтайды, соларды белгілі бір реттілікке сәйкес сараптап, топтап, сыныптап, бағалап отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет