1. «Философия» термині грек тілінен аударғанда қандай мағынаны береді?
А)
Даналыққа деген құштарлық
2. Философия не туралы ғылым?
А) Табиғат, қоғам және адам ақыл-ойы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым
3. «Философия» ұғымын алғаш қолданған
А) Пифагор
4. Философияның пәні мен обьектісін анықтаңыз
А) Адам және оның әлемдегі орны
5. Дүниенің мақсатқа сәйкестігі туралы ілім
А) Телеология
6. Дүниетаным дегеніміз не?
А) Адамның дүниеге деген қатынасын бейнелейтін және оның іс-әрекеттерін айқындайтын көзқарастар жүйесі
7. Дүниетанымның тарихи типтері:
А) Мифология, дін, философия
8. Дәстүрлі қазақ дүниетанымы толық бейнеленген:
А) Халық ауыз әдебиетінде
9. Дүние «бір» бастамадан тұрады деп есептейтін философиялық ілім:
А) Монизм
10. Дүние «екі» бастамадан турады деп есептейтін философиялық ілім:
А) Дуализм
11. Көп субстанцияны мойындайтын философиялық ілім:
А) Плюрализм
12. Болмыс туралы философиялық ілім қалай аталады?
А) Онтология
13. Таным туралы философиялық ілім қалай аталады?
А) Гносеология
14. Агностицизм дегеніміз не?
А) Дүниені танып білу мүмкіндігін теріске шығаратын философиялық көзқарас
15. Ойлаудың заңдары мен ережелерін қарастыратын философияның құрамдас бөлігі:
А) Логика
16. Даму туралы философиялық ілім:
А) Диалектика
17. Құндылықтар туралы философиялық ілім қалай аталады?
А) Аксиология
18. Философияда «табиғатты» зерттеумен айналысатын ілім қалай аталады?:
А) Натурфилософия
19. Философияда «адам» мәселесін зерттеумен айналысатын ілім қалай аталады?
А) Антропология
20. Адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттейтін қағидалар, ережелер мен нормалардың жиынтығы болып табылатын моральді зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:
А) Этика
21. Адамды қоршаған объективтік дүниені көркем образдар арқылы бейнелейтін, өнерді және оның түрлерін зерттеумен айналысатын философияның құрамдас бөлігі:
А) Эстетика
22. Материализм дегеніміз не?
А) Материяны, табиғатты, заттар дүниесін алғашқы, ал сананы, ақыл-ойды, идеяны екінші деп мойындайтын философиялық бағыт
23. Философиялық идеализм нені білдіреді?
А) Материяны анықтайтын идеяның сананың алғашқылығын мойындау
24. Объективтік идеализм дегеніміз.
А) Объективті идеяны, әлемдік ақыл-ойды алғашқы деп мойындайды
25. Субъективтік идеализм дегеніміз
А) Жеке адамның санасын,
ақыл-ойын, түйсігін алғашқы деп мойындайды
26. Дуализм дегеніміз не?
А) Дүниенің бір-бірімен тепе-тең екі: материалдық және рухани негізін қатар мойындайтын философиялық бағыт
27. Идеализм дегеніміз не?
А) Сананы, ақыл-ойды, идеяны алғашқы, ал материяны, табиғатты, заттар дүниесін екінші деп мойындайтын философиялық бағыт
28. Философияны табиғи теологияға, табиғи философияға және адам туралы ілімге кім бөлген?
А) Бэкон
29. Сана дегеніміз, ол:
А) Шындықтың адам миында бейнеленуі
30. Философия ғылымында сана дегеніміз:
А) Адам миының ең жоғары деңгейде дамыған материяның субъективті шынайылығы
31. Философиялық дұрыс пікірді көрсетіңіз:
А) Сана – жоғары ұйымдасқан материяның қасиеті
32. Сананың пайда болуының алғы шарттары:
А) Еңбек және тіл
33. Төмендегі пікірдің қайсысы дұрыс?
А) Тіл – сананың материалдық құралы (тасушысы)
34. Адам іс-әрекетінде сананың алатын орны:
А) Сана – адамның іс-әрекетінің жалпыға бірдей идеалдылық түрі
35. Қоғамдық сананың деңгейін анықтаңыз:
А) Қоғамдық психология және идеология
36. Мораль, өнер, құқық, саясат, философия, ғылым, дін – бұлар:
А) Қоғамдық сананың формалары
37. «Сана абсолютті идеяның дамуы мен эволюциясының жемісі» деген тезисте қай философтың позициясы байқалады?
А) Гегельдің
38. З. Фрейд қандай теорияның негізін қалады?
А) Бейсаналық теориясы
39. З. Фрейд ілімінше, адам жанына әсер ететін екі қозғаушы күш:
A) Саналық пен санасыздық
40. Бейсаналық ұғымын толық сипаттайтын анықтаманы белгілеңіз?
А) Бейсаналық - адамның санасынан тыс құбылыстар
41. Бейнелеу дегеніміз не?
А) Бір-біріне әсер ететін объектілердің белгілері мен қасиеттерінің қайта көрсетілуі
42. Хайдегтердің әйгілі нақыл сөзі:
А) Тіл – болмыстың үйі
43. «Бұқаралық сана» және «Бұқаралық көтеріліс» терминдерінің авторы:
А) Х. Ортега-и-Гассет
44. Болмыс туралы философиялық ілім:
А) Онтология
45. Болмыс дегеніміз:
А) Санадан тыс және объективті түрде өмір сүретін және дамитын материалдық және рухани дүниені бейнелейтін категория
46. Онтологияның негізгі мәселелерін Хайдеггер қай кітапта қарастырады?
А) «Болмыс және уақыт»
47. Философия тарихында болмыс мәселесін алғаш қойған қай мектеп?
А) Элея мектебі;
48. Көне грек атомистерін атап беріңіз:
А) Левкипп, Демокрит, Эпикур
49. Платон бойынша «таза болмыс» бұл:
A) Идеялар әлемі
50. «Болмыс және уақыт» еңбегінің авторы кім?
А) Хайдеггер;
51. Материяның дұрыс анықтамасын табыңдар:
А) Материя дегеніміз – объективті шындықты белгілейтін философиялық категория
52. Кеңістік пен уақыт неге тән:
А) Материяға
53. Д. Дидро материяның өмір сүруінің қандай екі объективтік формасын көрсетті?
А) Уақыт пен кеңістік
54. Қозғалыс дегеніміз:
А) Материяның тіршілік ету тәсілі,
өзгерісі
55. Ең алғаш болып сөздік қорға «метафизика» сөзін еңгізген философ-ғалым:
А) Аристотель
56. «Метафизиканың» грек тілінен аударғандағы мағынасы
А) «Физикадан кейін»
57. Антика философиясында «метафизика» ұғымы нені білдіреді:
А) Болмыстың пайда болу себептері туралы ілім
58. Қазақ, дүниетанымының «дүние» категориясының философиялық мағынасы:
А) Болмыс, өмір, әлем
59. Қазақ дүниетанымының; онтологиялық категориялары:
А) Заман, ғұмыр, әлем, ынсап
60. Танымның объектісі дегеніміз:
А) Дүниенің танымдық іс-әрекет барысында субьект игерген бөлігі
61. Танымдық іс-әрекетті жүзеге асыратын және оның нәтижелерін өзінің практикалық қызметінде пайдаланатын жеке адамдар немесе адамдар тобын қалай атайды?
А) Танымның субъектісі
62. Адам танымының негізі:
А) Ой
63. Конфуций бойынша білімнің қайнар көзі неде?
A) Көне кітапта, даналық ережелерде
64. Сократ ілімі бойынша «Ақиқаттың тууы» әдісі қалай анықталады:
A) Майевтика
65. «Платон менің досым, бірақ ақиқат қымбат» деген сөзді кім айтқан?
A) Аристотель
66. Платондағы идея мен заттың қатынасы:
A) Идея – заттың бейнесі
67. Платонша таным теориясының мәні:
A) Білім-бұл еске түсіру
68. И. Канттың шығармашылық екі кезеңі:
A) Сынға дейінгі және сыни
69. Сезімдік таным дегеніміз не?
А) Сезім мүшелерімен заттардың қасиеттері тікелей бейнеленетін, түйсік және қабылдау түріндегі таным
70. Сезімдік танымның формалары:
А) Түйсік, қабылдау, елестету
71. Эмпиризмнің негізгі пайымдауы
А) Адамның бүкіл білімі тәжірибеге негізделеді
72. Антика диалектикасының негізін салушы кім?
A) Гераклит
73. И. Канттың таным теориясының өзіндік белгісі
А) Агностицизм
74. Әлемді тану мүмкіндігін принципиалды түрде теріске шығарған философтар
А) Агностиктер
75. И.Кант бойынша танымның сатысы.
А) Таза ақыл-ой
76. Танымның рационалды түріне не жатады?
А) Түсінік
77. Әлем бір субстанция негізінде құрылған деген бағытты ұстанатын философиялық білім:
А) Монизм
78. «Мен ештеңені де білмейтінімді білемін», - деп айтқан Көне Грек философы кім?
А) Сократ
79. Ойлаудың негізгі формаларын атаңыз:
А) Ұғым, пікір, ой тұжырымы
80. Ғылыми танымның ең басты ерекшеліктерін көрсетіңіз:
А) Әлемді қарастырудың пәндік және объективті тәсілдері
81. «Эпистемологияның» грек тілінен аударғандағы мағынасы:
А) Ғылым
82. «Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды» деген ағартушылық ілім:
А) Деизм
83. Эмпиризм танымы неге негізделген?
А) Тәжірибеге, экспериментке
84. Интерпретация арқылы бұрынғы мәдениет әлемін түсіну қалай аталады?
А) Герменевтика
85. Білім дегеніміз:
А) Шындық туралы ең анық, негізделген ақпарат
86. Қайта өрлеу дәуірі философиясында космологиялық ілімдерді кімдер дамытты?
А) Дж.Бруно мен Г.Галилей
87. Философия тарихында Коперниктің революциясы неге сүйенеді?
A) Гелиоцентристік іліміне
88. Ағартушылық философиясында қоғам дамуының шешуші күші ретінде не танылады?
А) Ағартушылық,
білім
89. «Білім – күш» деген афоризмнің авторы кім
А) Ф. Бэкон;
90. Ағартушылык дәуірінің негізгі идеялары кандай?
А) Ғылымға табыну туралы идея
91. Қай ағартушылық заман философы «Даламбер мен Дидро» еңбегінің авторы болып табылады?
А) Д.Дидро
92. «Білім археологиясы» кітабының авторы:
А) Фуко
93. XIX ғ. Батыс Еуропаның қай философиялық ағымы Марбург пен Фрейбург мектептерінен құралады?
А) Иррационализм
94. Фальсификация-ғылыми теорияларды жоққа шығару принципін енгізген:
А) Поппер
95. Ғылым рухани өнімнің спецификалық түрі ретінде және әлеуметтік институт ретінде қай кезеңде пайда болды?
А) Жаңа заман
96. Ағартушылық философиясында қоғам дамуының шешуші күші ретінде не танылады?
А) Ағартушылық, білім
97. Ғылымды дінге бағындыруға әрекет жасайтын көзқарас. Ғылым, білім орнына діни сенімді уағыздайды.
А) Фидеизм
98. «Позитивті ғылым өзіне өзі философия» деп айтқан:
А) Огюст Конт
99. Құбылыстардың қайсысы қоғамдық сананың теориялық деңгейіне жатады?
А) Саяси доктриналар
100. Феноменологияның негізін салушы Э.Гуссерль өзінің ілімін қалай түсіндіреді?
А) «Қатаң ғылыми философия» ретінде
101. Структурализм философиясы үшін тән болып келетін әлеуметтік-гуманитарлық танымның әдісін көрсетіп беріңіз?
А) Диалектикалық әдіс
102. Ғылымды жоғары құндылық ретінде қоғамдағы орнын биікке көтеретін философиялық бағыт:
А) Фразцуз ағартушылығы
103. Ғылым мәдениеттің ең жоғарғы құндылығы және адам да сол арқылы әлемді өзіне бағдарлайды деп есептейтін бағыт:
А) Сциентизм
104. Позитивизм нені «дұрыс, болымды» білімнің негізі деп санады?
А) Ғылымды
105. «Ғылыми қызметтің тарихи-ғылыми көзқарасы» деген идеяның авторы
А) Кун
106. Адамзат болашағын болжаудың зандылықтарын зерделейтін ғылым қалай аталады?
А) Футурология;
107. Постмодернистік философиядағы «субъектінің өлімі» концепциясының авторы:
А) Фуко
108. Әрбір ғылыми білімнің болжамдық сипатын белгілейтін қандай принципті К. Поппер алға қойды?
А) Фаллибилизм принципі
109. «Мен және Ол» -деген еңбек кiмдiкi:
А) З. Фрейдтiкi
110. ХХ-ғасырда философияның көрнекті өкілдері жаңа контекстіде танымның ғылыми әдістерінің мәселесін қалай қарастырды?
А) Неопозитивизм
111. Философияның қай бөлігі адам мәселесін, адам болмысының фундаментальдық негіздерін зерделейді?
А) Философиялық антропология
112. Софистер іліміндегі негізгі проблема
A) Адам
113. «Қайта өрлеу» дәуіріне тән сипат:
А) Антропоцентризм
114. Қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы өнердің қандай түрлерінде ерекше дамыды?
А) Көркем әдебиет пен кескіндемеде
115. Пико делла Мирандолла философиясындағы адамның басты ерекшелігі
А) Өз тағдырын айқындаудағы еркіндігі
116. Көне Қытай философиясының этика, адамгершілік мәселелеріне басты назар аударған бағыты:
А) Конфуцийшылық
117. Адамды ең жоғарғы - рухани байлық деп бағалаған бағыт :
А) Персонализм
118. «Адам - машина» деген еңбектің авторы:
А) Ламетри
119. Ф. Ницше көзқарасы бойынша мәдениет мына принциптермен салыстырылады
А) Билікке ерік, өмірге ерік
120. XX ғ. философиясы ағымдарының қайсысы, зерттеу негізіне адамның өмір сүру проблемасын қояды?
А) Экзистенциализм
121. Экзистенциализмде қарастырылатын адам болмысының негізгі модульдерін атаңыз:
А) Еркіндік
122. «Гуманизм» ұғымы нені білдіреді?
А) адамшылық – адамға деген сүйіспеншілік
123. Адамның феноменологиялық тұжырымдамасы қандай?
А) Бәрін де өз сезімдеріңнен өткізіп, олардың негізінде өз құлдылықтарыңды, мінез- құлық, жүріс-тұрыс ережелеріңді әзірлеп, тап
124. Н.А. Бердяев қандай мәселені философияның негізгі мәселесі деп есептеді?
А) Адам мәселесін
125. Адамның оң, адамгершілік қасиеті емес?
А) Нигилизм
126. Пико делла Мирандолла философиясындағы адамның басты ерекшелігі.
А) Өз тағдырын айқындаудағы еркіндігі
127. «Адам барлық заттың өлшемі»,-қай философтың пайымдауы осылайша басталады?
А) Протагор
128. «Өзіңді өзің жең» деген ұран ұстанушы философиялық мектеп:
А) Буддизм
129. Философияда Аристотель «адам» ұғымын былай деп көрсетеді:
А) Саяси жануар
130. Қайта өрлеу философиясындағы негізгі принцип:
A) Адамгершілік
131. Адамгершілік идеясының негізін қалаушы.
А) Ф. Петрарка
132. Абай философиясының басты мәселесі:
А) Адам мәселесі
133. «Адамның күші – оның санасы мен білімінде», – деп есептеген:
А) Абай
134. «Адам бол!»-этикалық тұжырымдамасының авторы:
А) Абай
135. «Үш анық»-атты еңбектiң авторы:
А) Шәкәрiм
136. Адамды «символикалық жануар» ретінде анықтаған:
А) Э. Кассирер
137. Адамды ең жоғарғы-рухани байлық деп бағалаған бағыт
А) Персонализм
138. «Адам жаны» еңбегінің авторы:
А) Э. Фромм
139. «Антропосоциогенез» ұғымының мазмұны неде?
А) Адам мен қоғамның пайда болуы мен қалыптасу процесі
140. Жер бетіндегі материалдық және рухани мәдениеттің дамуының субъектісі, өмірдің басқа формаларымен генетикалық жағынан байланысты, еңбек құралдарын жасау қабілеті арқасында олардан бөлініп шыққан, анық сөйлей және ойлай алатын, санасы бар биологиялық-әлеуметтік тіршілік иесі:
А) Адам
141. Антропосоциогенез идеясына жатпайтын фактор:
А) Интуиция
142. Өте жігерлі болу адамның негізгі ізгілігі:
А) Ницшеандықта
143. «Үш анық» атты философиялық шығарманың авторы кім?
А) Шәкәрім Құдайбердиев
144. Адамның өмірлік іс-әрекетінің негізінде не жатады?
А) Қажеттілікті қанағаттандыру
145. Адамның тек өзіне ғана тән қасиеттерін: дауысын, жүріс-тұрысын, білімі мен ойлау деңгейін, бет пішінін, түр-сипатын білдіретін ұғым:
А) Индивидуалдылық
146. Белгілі тарихи-мәдени ортада өтетін өмір барысында қалыптасатын әлеуметтік-психологиялық және моральдік қасиеттер жиынтығының иесі, өз ісіне өзі жауап бере алатын белсенді әрекет субъектісі:
А) Тұлға
147. Адамның психикалық қызметінің саналы және ең белсенді, әрекетшіл бөлімі болып табылатын және адамның алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты және оған жетуді қамтамасыз ететін рухани күш:
А) Жігер
148. Тұлға ұғымы білдіреді:
А) Адам
индивидінің әлеуметтік сапасын, оның бірегейлігінің, даралығының өлшемін;
149. Адам өмірінің мағынасы неде?
А) Адам өз өмірінің мағынасын өзі анықтайды
150. Адамның әлеуметтік-мәндік мағынасын көрсететін ұғымды анықтаңыз:
А) Тұлға
151. «Өмір дегеніміз- азап» ілімі:
А) Буддизм
152. Киниктердін адам тұжырымдамасы кандай?
А) Азды канағат ет, еркін бол, өмір сүруді (өнерді) тәжірибеден үйрен
153. Н.Г. Чернышевский бойынша интеллигенцияның өмірлік сұрағы
А) Не істеу керек?
154. «Экзистенциализм» термині қалай аударылады?
А) Өмір сүру философиясы;
155. XX ғасырдағы қай философиялық ағымның басты категориялары «жалғыздық», «жаттану», «жауапкершілік», «үрей», «ажал», «түңілу» т.б. болып табылады?
А) Экзистенциализм
156. Экзистенциализмнің негізгі өкілдерінің бірі?
А) М. Хайдеггер
157. Хайдеггер бойынша дүниені жақсы тану үшін не істеу керек?
А) Адамдардан еш нәрсе сұрамау
158. «Абсурд(Сандырақ)» философиясының авторы:
А) Камю
159. А. Камюдіц «Сизиф туралы миф» еңбегінде қандай өзекті философиялық идея көрсетілген?
А) Адам өмірінің мағынасыздығы
160. Буддаға сәйкес, адам өмірінің мәні:
А) Азап шегуде
161. Н. Бердяев философиясының мәні:
А) Болмыстың мәнін субъект арқылы тану
162. Тұлғаның тіршілік етуіндегі үш әдіс немесе С. Кьеркегор экзистенциясының үш типі белгіленеді:
A) Биологиялық, эстетикалық, адамгершілік
163. Ежелгі грек философтарында өмірмен рақаттанып, өлімнен қорықпауға үндеген кім?
А) Эпикур
164. ІХ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген және өлімнен қашып, мәңгілік өмір іздеген кемеңгер ойшыл кім?
А) Қорқыт
165. Шопенгауэр ілімі бойынша, адамды өмір сүруге талап ететін:
A) Өмірге құштарлық
166. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» деп аталатын трактаттың авторы кім?
А) Әл-Фараби
167. «Бақыт-әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік»
А) Әл-Фараби;
168. «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» деген?
А) Абай
169. «Гуманизм» термині нені білдіреді?
А) Адамның тұлға ретінде құндылығын, бостандыққа, өзінің қабілеттерін дамытуға құқығын білдіретін көзқарастар жүйесі
170. Адамның дүниеге деген құңдылықты қарым- қатынасы?
А) Аксиология
171. Адам өміріндегі белгілі бір құбылыстардың адамгершілік, әлеуметтік, мәдени маңыздылығын көрсету үшін қолданылатын ұғым:
А) Құндылық
172. «Мейірімділік пен адамгершілік - қылмысқа апаратын жол, ал шын қайырымдылық өзінің бастамасын жазалаудан алады» - деп уағыздаған мектеп:
А) Легизм
173. Конфуций ілімінің негізгі проблемасын көрсетіңіз:
A) Өнеге мен тәрбие проблемасы
174. Қайта өрлеу дәуірі бойынша адам анықтамасын беріңіз:
A) Ең басты құндылық
175. Гуманистердің айтуынша, адамды барлығынан да айырып, өзгешелейтін Құдайдың сыйы, нұры, ол:
А) Адамгершілік
176. Адамның өзіндік құндылығын мойындайтын көзқарас жүйесі:
А) Гуманизм
177. Қайта өрлеу дәуіріндегі гуманизмнің мағынасы:
А) Адамның құндылығы, оның құқығы мен абыройы туралы ілім
178. Адамның игілігіне бағытталған қасиеттерді белгілейтін этикалық категория:
А) Жақсылық, ізгілік
179. Дәстүрлер, әдеп-ғұрыптар, қалыптар, идеалдар қандай құндылықтарға жатады?
А) Этикалық құндылықтарға
180. Әл-Фараби этикасындағы басты категория:
А) Бақыт
181. Сократ этикасының мәні:
А) Игілік туралы ілім
182. Адамның игілігіне бағытталған қасиеттерді белгілейтін этикалық категория бұл:
А) Әділеттілік
183. Конфуций философиясындағы iзгiлiктiң орталық принципi.
А) Алтын орта принципi
184. Конфуций этикасының негізгі ұғымдары.
А) Жэнь
185. «Өзіңе тілемеген нәрсені басқаға жасама» деген өсиет сөзді кім айтқан.
А) Кунфуций
186. «Адамның табиғаты тек жақсылықтан жаралған» деп тұжырым жасаған:
А) Мэн-цзы
187. Конфуцийшілдік этикадағы идеалды адамды бейнелейтін- «бекзат кісінің» (цзюнь-цзы) басты белгілері:
А) Әдет, нормаларын сақтау
188. Конфуцийдің этикалық-саяси көз-қарастарының мәні неде?
А) Қайырымдылық арқылы басқару теориясында
189. Кант философиясындағы «үзілді-кесілді императив» ұғымы нені білдіреді?
А) Әрқашанда адамгершілікке сай әрекет ету талабын білдіретін міндетті қағида
190. Кант этикасының орталық мәселесі:
А) Өнегелік сезім және өнегелік мінез-құлық
191. «Ізгілік» сөзінің гректер үшін балама мағынасы:
А) Кемел адам
192. Конфуций философиясындағы этикалық ілімдер:
А) Жэнь
193. Әл-Фараби этикасындағы басты категория:
А) Бақыт
194. Абайдың рухани дәстүрлерін жалғастырып, этиканың дамуына үлес қосқан ойшыл:
А) Құдайбердиев
195. А. Құнанбаевтің моральдық философиясындағы орталық идея:
A) Жүрек туралы ұғым
196. Шәкәрім Құдайбердіұлының ар іліміндегі басты категория не?
А) Ұждан
197. А. Шопенгауер мен Ф. Ницшенің айтуынша барлық құндылықтардың арасында бірінші орынды не алады?
А) Ерік, жігер
198. А. Шопенгауэр мен Ф. Ницшенің айтуынша барлық құндылықтардың арасында бірінші орынды не алады?
А) Ерік, жігер
199. «Адамның құлдық және еркіндігі туралы» шығарманың авторы:
A) Н. Бердяев
200. Қоғамның жоғары құндылығы...?:
А) Адам
201. «Әр адам, еркіндікке ие болып, дүниедегі барлық оқиғалар үшін жауапкершілікті мойнына артып алу керек» деген XXғ. француз философы кім?:
А) Камю
202. ХV-ХVII ғасырлардағы жыраулар алдына қойған негізгі мәселе:
А) Елдің бірлігі
203. Өз рухани тамырларынан айырылып қалған «мәңгүрт» ұғымын айналымға енгізген ...
А) Ә.Кекілбаев
204. Ж.П. Сартр философиясындағы орталық мәселе:
A) Еркіндік
205. Адамдардың әлемді көркемдік игеруге бағытталған рухани-практикалық іс-әрекетінің саласы:
А) Өнер
206. Абылай ханның жәрдемші серігі, ойшыл ақын, жырау өнерінің көрнекті өкілі:
А) Бұхар жырау;
207. Қазақ халқының мәдениетіндегі поэтикалық-философиялық диалогтың формасы:
А) Айтыс
208. «Әсемдік әлемді құтқарады» деген сөздің авторы кім?
A) Ф.М.Достоевский
209. Қорқыт Ата дүниетанымындағы құдіретті аспап:
A) Қобыз
210. Риторика қандай саланы зерттейді?
A) Шешендік өнер
211. «Мемлекет», «Саясат» еңбектерінің авторы:
A) Платон
212. «Левиафан» еңбегінің авторы:
A) Т. Гоббс
213. «Постиндустриальды қоғам» терминінің авторы кім?
А) Д. Белл
214. Рим клубының бірінші жетекшісі:
А) Печчей
215. «Қылмыс пен жаза» философиялық романының авторы:
A) Достаевский
216. «Құтты білік» еңбегінің авторы:
A) Жүсіп Баласағұн
217. «Жер Ұйық» жайлы мекен іздеуші қазақ ойшылы:
A) Асанқайғы
218. К. Поппердің белгілі шығармаларының бірі -«Ашық қоғам және оның ...»
A) Жаулары
219. XIX ғасырда «Мәдениет философиясы» ұғымын енгізген кім?:
А) Мюллер
220. «Левиафан» атты еңбегінде мемлекеттің пайда болуын адамдардың өз-өзін қорғау үшін бір-бірімен қақтығысын тоқтату мақсатында қоғамдық келісімге келудің нәтижесі деп түсіндірген Жаңа заман философы:
А) Томас Гоббс
221. «Мәдениет» ұғымына берілген дұрыс анықтаманы табыңыз:
А) Мәдениет – материалдық және рухани құндылықтардың жиынтығы және оларды жасау тәсілдері, оларды адамзат прогресі үшін пайдалана білу дағдысы
222. «Мәдениет» терминін қолдану тұрақты сипатқа ие болған еуропалық философияның дамуындағы тарихи кезеңді атаңыз:
А) Антикалық философия
223. Мәдениеттің негізгі құрамдас екі бөлігі:
А) Материалдық және рухани мәдениет
224. Алғашқы рет «мәдениет» пен «өркениет» түсінігін қарама-қарсы қойған?
А) Руссо
225. Мәдениетті символдар, белгілердің жүйесі деп қарастыратын ағым:
А) Семиотика
226. «Мәдениет» - жерді өңдеу сөзін «жанды өңдеу, жанды жетілдіру, тазарту» деп түсіндірме берген кім?
А) Цицерон
227. «Өркениет-кез келген мәдениеттің өмір сүруінің соңғы кезеңі, оның өлімі» деп есептеген философ:
А) О. Шпенглер
228. Шпенглер бойынша өркениет-бұл?
А) Мәдениеттің ақыры
229. «Өркениет» ұғымына берілген дұрыс анықтаманы көрсетіңіз:
А) Өркениет – қоғамның тарихи даму барысындағы оның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы
230. Қоғамның дамуы мен өмір сүруінің табиғи қажетті алғышарты:
А) Географиялық орта
231. Қоғамның барлық сферасын, мәдениет формаларының, қоғамның рухани негізін қамтитын және бүтіндікті бекітудің нақты механизмі бар субстанция нені білдіреді?
А) Экономика
232. «Постиндустриалды қоғам» терминінің авторы кім?:
А) Д. Белл
233. Қазақ қоғамдық ойындағы кімнің шығармашылығы тарих философиясының мәселелерін жүйелі зерттеудің жарқын үлгісі болып табылады?
А) М. Дулатұлы
234. Платонның қоғам жайлы жазған еңбегі:
А) Мемлекет
235. XX – ғасырдағы «тарих философиясының» өкілі:
А) К. Ясперс
236. Тарихтың материалистік түсінігін философия тарихында алғаш жасап берген кім?
А) К. Маркс;
237. Ислам дінін қабылдағанға дейін ежелгі қазақтар жаратылыстан тыс күш иелері: ата-бабалардың аруақтарымен, жын-шайтандармен кім тілдесе алады деп сенген?
А) Бақсылар
238. Маркстік философияда адамның қалыптасуы мен дамуына жетекші фактор:
А) Еңбек
239. Тарихи процесс мүшеленуінің фармациялық концепциясының авторы:
А) К. Маркс
240. Гегель философиясындағы тарихтың субъектісі:
А) Әлемдік рух
241. Марксистік философиядағы практиканың негізгі түрлерін көрсетіңіз:
А) Материалдық өндіріс
242. Маркстің ілімі бойынша тапсыз, әділетті қоғам қалай аталады?
А)
Коммунизм
243. Қайта өрлеу дәуірінде саясат философиясын дамытқан кім болды?
А) Н. Макиавелли
244. Дін-дегеніміз:
А) Әдет-ғұрыптар, табыну, салт-дәстүрлер жиынтығы
245. Сенім - жоғары абсолюттік құндылықтар негізінде жатыр:
А) Дін философиясында
246. Құдай болмысы дүниені жасаушы ретінде ... қарастырады?
А) Теологиялық философия;
247. Классикалық суффизмнің негізін салушы:
A) Ахмет Яссауи
248. Ортағасырдағы түрік ойшылдарынан кім Аллаға деген тазалықтан туған сезімге сүйеніп, дүние қызығынан бас тартты?
A) Ахмет Яссауи
249. Патристика – бұл:
A) Христиан ойшылдарының теологиялық-философиялық пiкiрлерiнiң жиынтығы
250. Христиан теологиясында креационизм (құдай әлемдi ештеңеден жаратты) идеясының негiзiн салған:
A) Фома Аквинский
251. Ортағасырлар философтарының ішінде құдайдың бар екеніне бес дәлел келтірген кім?
A) Аквинский
252. Кiм «Егер дiнге сенiм аз болса, онда құдайға ақыл арқылы келуге болады»,- деп есептеген?
A) Фома Аквинский
253. Схоластика дегеніміз:
A) Ортағасырлық философиялық ілім
254. Ортағасырлық философиялық мәселелерді рационалды шешу жолы:
A) Құдай болмысын дәлелдеу
255. Қ.А.Яссауи дүниетанымы бойынша «Суфизм» ілімінің неше даму кезеңі бар?
A) 4
256. «Ұмай ана» түркі ұғымында қандай қасиетке ие?
A) Ана мен бала қорғаушысы
257. Қазақтардың ата-тегі түріктердің басты Құдайы:
А) Көк тәңірі
258. «Зікір» сөзін анықта:
А) Қайталау
259. Анимизм -
А) Жан, рух дүниесіне табыну, сену
260. Зороастр діни мәліметтері көрсетілген парсылардың рухани текстері:
А) Авеста
261.ХІХ ғасырдағы «аса күшті адам» (сверхчеловек) идеясының негізін қалаған философ:
А) Фридрих Ницше
262. «Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды» деген ағартушылық ілім:
А) Деизм
263. «Тотем және табу» енбегінің авторы кім?
A) Э.Тайлор.
264. Жансыз затқа киелі деп табыну:
A) Фетишизм
265. Тән өлседе жан өлмейді, мәңгі өмір сүреді:
A) Анимизм
266. Алғашқы діннің сиқыршылық, тәуіптікке, ртүрлі сөздермен заттарға әсер тигізу:
A) Магия
267. Араб тілінен аударғанда «бас июшілік», «құлшылық» деген мағынаны білдіретін сөз?
A) «Ислам»
268. Ислам дінінің заңдары:
А) Шариғат
269. Философия «Құдай сөзінің қызметшісі» ғана. Міне осы сипаттама философия тарихының қай кезеңіне қатысты айтылған?
А) Ортағасырларға;
270. Құдайдың бар екендігінің бас дәлелін келтірген ортағасырлық ойшыл:
А) Фома Аквинский
271. «Құдайлар қаласы» еңбегінің авторы кім:
А) Августин
272. Қос ақиқат ілімінің негізін қалаған Орта – ғасыр мұсылмандық Шығыс философы:
А) Ибн – Рушд
273. Шоқан Уалиханов өзінің шығармашылығында бірінші кезекте діни наным-сенімнің қай түрін талдап қарастырады?
А) Шамандық (бақсылық )
274. Ежелгі қазақтар ислам дініне дейін пәле-жаланы немен аластауға болады деп сенген?
А) Отпен
275. Ислам дінін қабылдағанға дейін ежелгі қазақтар жаратылыстан тыс күш иелері: ата-бабалардың аруақтарымен, жын-шайтандармен кім тілдесе алады деп сенген?
А) Бақсылар
276. Орта ғасырлық араб тілдес философиядағы рухани кемелденуді мақсат еткен және тақуалық өмірді уағыздаған мистикалық бағыт:
А) Суфизм
277. Суфизм іліміндегі рухани кемелдену және дін талаптарын шын жүректен орындау жолы:
А) Тариқат
278. Сопылық ілімдегі рухани кемелденудің сатылары:
А) Шариғат, тариқат, мағрипат,
хақиқат
279. Құдайды табиғатпен тең санап, табиғатты құдайдың бейнесі деп танитын философиялық бағыт:
А) Пантеизм
280. «Теософиялык қоғамның» негізін салушы?
A) Е.П.Блаватская
281. «Мәңгілік» идеясын алғаш ұсынған ел:
А) Түрік қағанаты
282. «Мәңгілік ел» идеясының басты құндылықтары:
А) 7
283. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы қай жылы және қай күні жарияланды?
А) 2017 жылғы 12 сәуір күні
284. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында қазақ ұлтының болашағына байланысты қандай мақсат қойылады?
А) Ұлттық бірегейлікті сақтау
285. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты» ретінде не аталады?
А) «Ұлттық кодыңды сақтай білу»
286. Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында халқымызға ауыр қасіреттер, зобалаң әкелген қандай даму жолы жайлы айтылады?
А) Революциялық даму жолы
287. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, психология, мәдениеттану ғылымдары бойынша толыққанды білім беруге қажетті жағдай жасау үшін қандай жоба қолға алынды?
А) «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы
288. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған «Батыс философиясының жаңа тарихы» атты 4 томдық кітаптың авторы:
А) Энтони Кенни
289. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған «Философияның қысқаша тарихы» кітабының авторы:
А) Дерек Джонстон
290. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша аударылған «Философияның таңдаулы 25 кітабы» атты еңбектің авторы:
А) Ремми Хесс
291. «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің гоеграфиясы» жобасының мәні:
А) Көркем, рухани, қастерлі жерлеріміздің біртұтас желісін жасау
292. Жаңғырудың басты, негізгі құндылықтары:
А) Ұлттық мәдениет
293. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша табысты болудың ең іргелі, басты факторы:
А) Білім
294. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасына сай ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретін дамудың түрі:
А) Эволюциялық
295. Елбасы Н.Назарбаевтың экологиялық өмір салты жайлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бөлімі:
А) Прагматизм
296. Өзінің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу:
А) Прагматизм
297. «Ұлттық жаңғыру» ұғымының екі қыры:
А) Ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту
298. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарттары:
А) Ұлтттық кодты сақтау
299. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы салт-дәстүрді берік ұстануды, оның рухани жаңғыртудағы басты рөлін айтқан бөлімі:
А) Ұлттық бірегейлікті сақтау
300. Білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еңбек ресурстары:
А) Бәсекелестік қабілет