Телжанова Арай ПИМНО 204 Халел Досмұхамедов және қазақ терминологиясы Дайындаған:
1 .Халелдің тіл саласындағы орны 2 .Ғалымның қазақ тілі жайындағы ойлары 3 .Терминдердің қазақ халқына әсері Жоспары
01 02 03 04 Негізгі мамандығы дәрігер болғанымен, тіл мәселелеріне қатысты бірнеше еңбектің авторы. Халел Досмұхамедұлының тіл саласындағы еңбектері негізінен емле, фонетика, термин, әліпби, әдеби тіл, жер-су аттары, аударма, түркі тілдерінің тарихы, көне сөздердің мағыналарын, этимологиясын ашуға арналған. «Қазақ тілі – ғылым жолына шалынбаған, сөздері ғылым іретіне қарай жөндікпеген тіл. Сондықтан қазақ тілін ғылыммен таныстырып, ғылым жолына салатын заман келді» – деп жазады ғалым. Ол осы пікірі арқылы сол кезеңде ұлттық ғылым тілінің қалыптаспағанын мәселе етіп көтере отырып, қазақтың ғылым тілін қалыптастыратын уақыттың жеткенін айтады. «Түркі тілдері туралы», «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы», «Диуани лұғат түрк», «Алаш не сөз», «Жат сөздер» туралы сияқты еңбектері Х.Досмұхамедұлының қазақ лингвистикасының тарихында өзіндік орны бар ғалым екендігінің көрінісі. ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының арасында тіл мәселелеріне арналған еңбектер жазып, термин жасау ісіне айрықша атсалысқан тұлғалардың бірі, Алаш қозғалысының қайраткері, белгілі ғалым-ұстаз Халел Досмұхамедов «Біздің тәжірибемізде қазақ тілі-өте бай тіл.Тек сөздері ғылым жолына түсіп реттелмеген тіл.Қазақ тілі ғылым жолына салынып,реттелсе,ешбір елдің тілінен кем болатын емес.Бұған илануымыз керек» Бұл жерде ғалым терминдерді ұлт тіліне дұрыс аудару керектігін айта отырып, ғылыми стилді қалыптастыру мәселесіне көңіл бөлу керектігін алға тартады. Оның «сөздің жүйесін келтіріп, көркем қылып, әсем қылып жазу керек» деп отырғаны – шығарылатын кітаптардың тілі, стилі де дұрыс болуы тиіс дегені. Алайда ғалым алғашқы кезде кітаптардың стилінен гөрі ғылыми ұғымдарға атау беріп, терминдерді жасап алу (ылайықты атақ тағу) маңызды, басты мәселе деп атап көрсетеді. Бұл да істің мәнін терең түсініп, бірінші кезекте тұрған мәселені, екінші, үшінші орынға шығаруға болмайтынын, алдымен неден бастау қажеттігін айқындап отырған білікті маман сөзі. Екіншіден, Х.Досмұхамедұлы қазақ терминологиясын қалыптастыруда Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы ұсынған ғылыми қағидаттарды басшылыққа алған, сол бағытты барынша қолдаған, Ахаңдармен ғылыми ұстанымдары ортақ, көзқарастары бір ғалым. Оны ғалымның жасаған терминдерінен, жазған еңбектері мен термин мәселесін талқылау кезінде сөйлеген сөздерінен анық көруге болады. Талқы «Ғылымды өз тілімізге аударғанда, ең керегі ғылым тіліндегі атауларды (термин) дұрыстап түсінікті қылып аудару. Ғылым тіліндегі қолданылған атауларды қазақ тіліне дұрыстап түсінікті қылып аудару – өте қиын жұмыс. Ғылым атауларына келісті ат тағу деген алғашқы уақытта қыйын болса да, өте мұқтаж нәрсе. Сөздің жүйесін келтіріп, көркем қылып жазу да керекті нәрсе. Ғылым атауларына ылайықты ат қою алғашқы уақытта тым мұқтаж, бүтін ілгері болашаққа жол салатын нәрсе; сондықтан алғашқы жазылған кітептерде, әсем қылып, сөздің жүйесін келтіріп жазудан көрі, ғылым атауларына ылайықты атақ тағу жағын қарастыру керегірек дейміз» (Жануарлар. Бірінші бөлім. Алғысөз). Бұл алаш зиялыларының терминологияны қалыптастырудағы басты қағидаты еді. Осы қағидатты берік ұстана отырып ол, өз тіліміздің лексикалық қорынан термин болуға жарайтын сөздердің көптеп табылатынын атап көрсетеді. Оның «Қазақ тілінен табылмаған сөздерді басқа түріктерден алу керек» деген сөзі де, қазақ білімпаздарының екінші съезінде ресми бекітілген терминология қағидаттарының бірі. Сондай-кірме терминдерді қабылдау мәселесінде де ол алаш зиялыларынан өзге бағыт ұстанған жоқ. Жалпы бұл мәселеге ол ерекше назар аударып, арнайы тоқталды.