1. Ж. Б. Ламарктың эволюциялық концепциясы



бет1/3
Дата01.11.2022
өлшемі18,13 Kb.
#46732
  1   2   3

3-аптаның тапсырмасы
1.Ж.Б.Ламарктың эволюциялық концепциясы.
Алғашқы эволюциялық теория ХІХ ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы француз ғалымы Ж.Б.Ламарк 1809 жылы басылып шыққан «Зоология философиясы» атты еңбегі эволюция теориясы бағытындағы жолда ең маңызды баспалдақ болды. К.Линней сияқты Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едәуір жетілдірді. Ол Парижде «Жаратылыс тарихы» мұражайында омыртқасыз жануарлар кафедрасын 24 жыл бойы басқарғандықтан, оның зоология саласындағы ізденістері Линней еңбектерінен анағұрлым нақтырақ болды. Негізгі еңбектерінің бірі «Жәндіктердің табиғи тарихы» кітабында сол кезде белгілі омыртқасыздардың туыстары мен түрлерінің барлығы сипаттап жазылған. Ол омыртқасыздарды 10 класқа бөліп, қомекенділер мен жорғалаушыларды жеке кластарға бөлді. Ламарк өз жіктеуіне жүйке және қан айналу жүйелерінің құрылысын негіз етіп алды. Ол түрлердің құрылысын сараптай келе, тірі ағзалардың құрылымдары сатылап күрделенетіндігін байқады. Ламарктың жүйесінде жануарлар реті бір жасушалылардан – кірпікшелі кебісшеден басталып, сүтқоректілермен аяқталған. Мұнда барлық жануарлар 6-сатыға, 14 класқа жіктелу арқылы орналастырылған
Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар құрылысының біртіндеп күрделенуін, яғни жоғарлауын (градация) көруге болады. Ламарк біртіндеп тірі ағзалар деңгейінің жоғарылауын және олардың күрделенуін сатылы көтерілу – градация деп түсінді. Демек, тірі табиғат әлемі өзгереді және күрделенеді деп тұжырымдады. Тірі ағзалардың өзгеруі ішкі ұмтылыс пен сыртқы орта жағдайларының әсерінен болатынын түсіндірді. Ол түрлердің тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді. Оның ілімі тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай тарихи даму болып табылатын эволюцияның бар екенін тұжырымдады. Бірінші болып ғылымға «биология» деген терминді енгізіп, жануарлар дүниесін омыртқалылар және омыртқасыздар деп екі топқа бөлді. Ол жануарлардың әр түрлі кластарын сипаттай келіп, олардың арасындағы аралық формаларды іздеді, сол кездегі салыстырмалы анатомияның жеткіліксіз дәрежеде дамуына байланысты, бірнеше қателіктер де жіберді. Ондай аралық түрлердің болуы органикалық дүниенің эволюциясының нақты дәлелі болар еді.
Эволюцияның негізгі себебі ретінде Ламарк тірі табиғатқа қатысты күрделенуге және ұйымдасуды жетілдіруге деген ұмтылысты санады. Ол әр түрдің туа біткен қабілеті болып саналады. Эволюцияның екінші факторы ретінде ол сыртқы ортаның әсерін қарастырды, яғни ол тұрақты болған жағдайда түрлер де өзгермек емес, ал қоршаған ортада өзгеріс болса, түрлер де өзгеріске түсуі тиіс. Бұл жағдайда қабылданған белгілер тұқым қуалайды.Сонымен, ламаркизмға екі методологиялық белгі тән: телеологизм – организмдерге тән жетілуге ұмтылыс; организмоцентризм организмді эволюцияның элементаралық бірлігі ретінде қарастыру, яғни оның сыртқы ортаның әсерімен өзгеріске түсуі және бұл өзгерістердің тұқым қуалаушылық арқылы берілуі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет