1. Көсемшені көрсетіңіз a айтар b жазып. C бару d көрген. E келмек



Дата22.12.2023
өлшемі16,94 Kb.
#142922


1. Көсемшені көрсетіңіз
A) Айтар B) Жазып. C) Бару D) Көрген. E) Келмек.

2. Қазақ тілінде неше дауысты дыбыстар бар екенін көрсетіңіз.


A) 12 B) 10 C) 14 D) 11 E) 16

3. Синоним сөздердің тізбегін көрсетіңіз.


A) Қала, астана, аймақ. B) Бау, бақша, егін.
C) Дәреже, абырой, көрнекті. D) Ас, тамақ, тағам, дәм. E) Жоғары, төмен, аласа.

4. «Кейде» жалғаулық шылауы қай құрмаласқа тән екнін көрсетіңіз.


A) Себеп – салдар салалас. B) Қарсылықты салалас.
C) Кезектес салалас. D) Ыңғайлас салалас. E) Талғаулы салалас.

5. Қазақша аударылған кірме сөзді табыңыз.


A) Ақа. B) Кебеже. C) Хан. D) Диалект. E) Тікұшақ.

6. Бастауыштан кейін дұрыс қойылған сызықшаны табыңыз.


A) Көрмес түйені де көрмес.
B) Көрмес түйені де – көрмес.
C) Көрмес – түйені де – көрмес.
D) Көрмес түйені – де көрмес.
E) Көрмес – түйені де көрмес.

7. Төл сөздің анықтамасын табыңыз.


A) Біреудің сөзінің мазмұнын айту. B) Біреудің сөзін өзгертіп айту.
C) Көп адамның сөзі. D) Жеткізушің сөзі. E) Бір адамның өзгертілмей айтылған сөзі.

8. Толық мағыналы ең кем дегенде 2 сөз, бірі екіншісіне бағына байланысатын, қатынас негізінен зат, құбылыс жайында түсінік алушылыққа тән қатарды көрсетіңіз.


A) Буын. B) Сөз тіркесі. C) Сөз.
D) Сөйлем. E) Дыбыс.

9. Үтір қойылмайтын орынды көрсетіңіз.


A) Қаратпа сөздерге. B) Құрмалас сөйлемдердегі жай сөйлемдер арасына.
C) Одағай сөздерге. D) Жалпылауыш сөздерге. E) Қыстырма сөздерге.

10. Қатыстық сын есімді табыңыз.


A) Әдемілеу. B) Ашушаң.
C) Жаманырақ. D) Қап - қара. E) Жақсы.

11. Ілгерінді ықпалды табыңыз.


A) Теңізші. B) Итбалық. C) Асқазан.
D) Есалаң. E) Қызылорда.

12. Астарлы, бейнелі, экспессивті сөздер қолданылатын стильді табыңыз.


A) Ауызекі стиль. B) Ғылыми стиль. C) Публицистикалық стиль.
D) Көркем әдеби стиль. E) Ресми стиль.

13. Өздік есімдігінің септелген түрін көрсетіңіз.


A) Өзіне, өзіңізбен. B) Өзерің, өзіңсің.
C) Өздеріміз, өздеріңіз. D) Өзі, өзіміз. E) Өзім, өзіңіз.

14. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.


A) Хат жазу. B) Ала өкпе болу.
C) Алтын күн. D) Ағайыншыл адам. E) Вокзал алаңы.

15. Күшейткіш үстеулі тіркесті табыңыз.


A) Тым биік. B) тез келді.
C) Ертең барады. D) Ілгері жүр. E) Онша жараспайды.

16. Еліктеу сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.


A) Ұлпан бүгін көілді. B) Көшеде біреу кетіп барады.
C) Қызық еді Аянның мінезі. D) Көлбең - көлбең етеді.
E) Шыдай алмай далаға шығып кеттім.

17. « Қауқар» сөзінің мағынасын табыңыз.


A) Әлсіз, нәзік. B) Үлкен, зор.
C) Іші - сырты. D) Суық, ызғар. E) Күш, қуат.

18. Жақсыз сөйлемді табыңыз.


A) Досын көрді. B) Жүзін шырамытатын сияқты. C) Күн жылына бастады.
D) Боран да басылды. E) Жәрдемшіге хабар айтуға болады.

19. Еліктеу сөзден болған қайталама қос сөзді табыңыз.


A) Ұзынды - қысқалы. B) Сұлу жүзді.
C) Жарқ - жұрқ. D) Емін - еркін. E) Жапа - тармағай.

20. Қаратпа сөзді табыңыз.


A) Пұшайт - пұшайт, қозым, қоңырым.
B) Сенің ойыңша, келешек туралыойламау керек пе?
C) Бәсе, бұл – соның ісі.
D) Біріншіден, айтатын ойыңызды сралаңыз.
E) Әуелі адамды түсіне білейік.

21. Жалпы есім қатарын анықтаңыз.


A) Қала, көше. B) Айна, Гүлдария. C) Әйгерім, Батыр.
D) Көпір, Ертіс E) «Жас Алаш», «Парасат».

22. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.


A) Биік. B) Тұсаулы. C) Табыскер. D) Білгіш. E) Шаруақор.

23. Мына сөйлемге қай шылау лайық, көрсетіңіз.


Алтынсары қадалған.........., оның кескіні құбыла бастады.
A) Таман. B) Туралы. C) Қарай. D) Сайын. E) Тарта.

24. Ұяңнан басталып, ұяңға аяқталған сөзді көрсетіңіз.


A) Бір. B) Тоғыз. C) Төрт. D) Жүз E) Сегіз.

25. Үндестік заңына бағынбайтын қосымшалы сөзді көрсетіңіз.


A) Арманды. B) Ертегіміз. C) Үшінші. D) Қарашашпен. E) Балаға.

26. Етістіктің нақ осы шақ түрінде тұрған сөзді көрсетіңіз.


A) Тұрасың. B) Тұратынсың. C) Тұрғанмын. D) Тұрарсың.E) Тұрмын.

27. «Көзді ашып - жұмғанша» тұрақты сөз мағынасын белгілеңіз.


A) Әдемі .B) Жай жүру. C) Лезде. D) Алыс жер. E) Момын.

28. Тұрлаулы мүшелердің екеуі де сан есімнен болғанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.


A) Қос нүкте. B) Көп нүкте. C) Үтір. D) Сызықша. E) Дефис.

29. Себеп – салдар салаластың шылауларын табыңыз.


A) Өйткені, сондықтан, сол себепті. B) Сондықтан, және, әрі. C) Өйткені, сол себепті, бірақ. D) Дегенмен, әйтсе де, ал. E) Немесе, бірде, кейде.

30. Төл сөздің алдынан автор сөзі келсе, қойылатын белгіні көрсетіңіз.


A) Нүктелі үтір. B) Қос нүкте. C) Көп нүкте. D) Үтір. E) Нүкте.

31. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.


A) Өзек. B) От. C) Кітап. D) Қазы.E) Шаш.

32. « Бас - басына», « өзді - өзі» - қос сөздерінің білдіретін мағынасын табыңыз.


A) Мәндес сөздер. B) Жинақтау мәні. C) Көптік мәнді. D) Бөлшектеу, саралау. E) Қайшы мәнді.

33. Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары қалай жазылатынын белгілеңіз.


A) Бөлек. B) Бірге. C) Қосарлану арқылы . D) Дефис арқылы. E) Қайталану арқылы.

34. Қаратпа сөзді табыңыз.


A) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз? B) Сөйтіп, ол Домалақ ана аталды. C) Немене, риза емеспісің?
D) Амал қанша, осылай болды. E) Алма, алманы әкел.

35. Сөйлеушінің біреудің сөзін ешбір өзгертпей беруінің атауын табыңыз.


A) Автор сөзі. B) Қыстырма сөз. C) Төл сөз. D) Төлеу сөз. E) Қаратпа сөз.

36. Бірыңғай мүшелерден кейін келген жалпылауыш сөздің алдынан қандай тыныс белгісі қойылатынын табыңыз.


A) Үтір. B) Сызықша. C) Қос нүкте. D) Нүктелі үтір. E) Дефис.

37. Бейнелеуіш сөзді көрсетіңіз.


A) Үлкен – қіші. B) Ала жаздай. C) Жалт қарады. D) Көкпеңбек. E) Он бес.

38. Берілген сөйлем жай сөйлемнің қай түрі, көрсетіңіз.


« Бурабай көклінің ығындағы кішкене қаланы сол көл атымен « Бурабай» дейді.
A) Толымсыз. B) Жақты. C) Атаулы. D) Жақсыз. E) Жалаң.

39. Сөйлемдердің арасында қандай тыныс белгісі қойылмаған, дұрысын белгілеңіз.


Естіген нәрсені ұмытпасқа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі байлаулы, берікболмақ керек екінші – сол нәрсені көргенде я естігенде ғибраттану керек көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғыну керек үшінші – сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек төртінші - ой кеселді нәрселерден қашық болу керек.
A) Үтір. B) Нүктелі үтір. C) Нүкте. D) Көп нүкте. E) Қос нүкте.
40. Үнді дауыссыздан басталып, үнді дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.
A) Біз. B) Сіз. C) Мен. D) Олар. E) Сен.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет