1 леция Педагогика мен психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері пәні мақсаты, міндеттері



Дата31.12.2021
өлшемі386,48 Kb.
#21656
түріСабақ

Педагогика мен психологиядағы ғылыми зерттеу әдістемесі

Ішкі саясат

1. Сабақтан себепсіз қалмай, кешікпей кіру, сергек болу- 30

2. Киімі, шаш үлгісі, жарасымды болу - 10

3. Сабаққа жақсы ниетпен қатысу, дайын болу - 20

4. Лекция алдында қайталау сұрақтары беріледі, үнемі дайын болу – 20

5. Белсенді болу, лекцияы қайталау сұрақтарына дайын болу -20

Барлығы 100 балл

Кешегі күнімізді еске алып, алғыс айтамыз

1 Педагогика мен психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері пәні мақсаты, міндеттері

1.Педагогика мен психологиядағы зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу, нәтижесін шығару мен рәсімдеу қажеттігі

2.Педагогика мен психологиядағы зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеттері

3. Педагогика мен психологиядағы ғылыми зерттеу әдістемесінің қалыптасу тарихы

Зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу, нәтижесін шығару мен рәсімдеу қажеттігі

Педагогика және психология саласындағы зерттеулер – бұл білім беру заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс процесі жəне оның нəтижесі.

Курстың мақсаты мен міндеттері

Курс мақсаты: Білімгерлерге оқу курсы барысында өзекті проблеманы, тақырыпты таңдауды, зерттеу жұмысын құрастыруды, оны жүзеге асырып, рәсімдеу, қорғау, тәжірибеге енгізу мәселелерін меңгерту, басқаша айтқанда ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесін меңгерту.

Курс міндеті: - Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы түсініктерін қалыптастыру;

-зерттеу жұмысының теориялық негіздерін құруды меңгерту;

-эксперимент барысында зерттеу әдістерін тиімді пайдалану шеберлігін қалыптастыру;

Білулері тиіс:

-психологиялық, педагогикалық зерттеулердің философиялық негіздерін;

-психологиялық, педагогикалық зерттеулердің әдістер теориясын;

-психология мен педагогикадағы зерттеу жұмысының түрлерін;

-зерттеу жұмысын құруды, жүргізуді, нәтижесін шығаруды, рәсімдеуді .

Курс барысында қарастырылатын тақырыптар

1. Педагогика мен психологиядағы ғылыми зерттеу әдістері пәні мақсаты, міндеттері.

2 . Ғылыми - іс-әрекетке жалпы сипаттама

3. Педагогика және психология ғылымдарының әдіснамасы.

4 . Зерттеу мәселесі мен тақырыбын анықтау – ғылыми ізденістің алғашқы кезеңі.

5. Зерттелетін мәселенің жағдайын талдау

6. Ғылыми педагогикалық психологиялық зерттеулердің алғашқы қойылуы.

7. Ғылыми педагогикалық психологиялық зерттеулердің жүргізілу процесі және қорытынды кезеңдері.

Курс барысында қарастырылатын тақырыптар

8. Ғылыми педагогикалық және психологиялық зерттеу әдістері.

9 тақырып. Бақылау – педагогикалық және психологиялық әдіс ретінде.

10 тақырып. Эксперимент - педагогикалық және психологиялық әдіс ретінде.

11. Тестілеу - педагогикалық және психологиялық әдіс ретінде.

12. Интервью - педагогикалық және психологиялық әдіс ретінде.

13. Анкеталау - педагогикалық және психологиялық әдіс ретінде.

14. Социометрия - педагогикалық және психологиялық әдіс ретінде.

15. Психология мен педагогикадағы зерттеуді ұйымдастырудағы зерттеуші шеберлігі.

Ғылыми жұмысты жоспарлау

1,2 апта - тақырыпты таңдау

3,4 апта - жоспар құру, библиографиялық жұмыс

5,6 - апта өзектілігі мен ғылыми аппаратын жазу

7,8 - апта теориялық бөлімін жазу

9,10 - апта практикалық бөлімін жазу

11,12 - апта қорытындысын жазу, стандартқа сәйкес рәсімдеу

13,14 - апта ғылыми жұмысты қорғау

15 апта - мақала әзірлеу

Ғылым қалыптасуының негізгі кезеңдері (К. Ясперс бойынша)

1-кезең – ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы қайнар көздерінің пайда болуы;

2-кезең – қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, XVII ғасырда бекінуі, XVII ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз қозғауға мүмкіндік беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы кезеңде ғылымның радикалды жаңа әдістері мен танымның жаңа қағидалары ұсынылды.

Ғылыми зерттеу әдістемесінің қалыптасу тарихы




мерзімі

жаңалығы

1

Б.э.д. 3200 жыл бұрын

Шумерлердің пиктографиялық жазбасы пайда болды.

2

Б.э.д. 3000 жыл бұрын

Египетте иегрофлифтік жазба жүйесі пайда болды.

3

Б.э.д. 2800 жыл бұрын

клинопись пайда болды.

4

Б.э.д. 1300 жыл бұрын

Сирияда ең алғашқы алфавит жасап шығарылды. Онда 32 әріп болды.

Қайталау сұрақтары

1.Педагогика мен психологиядағы зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру, жүргізу, нәтижесін шығару мен рәсімдеу қажеттігі.

2.Педагогика мен психологиядағы зерттеу жұмыстарының мақсаты, міндеттері

3. Педагогика мен психологиядағы ғылыми зерттеу әдістемесінің қалыптасу тарихы

Тапсырма

1 . Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдау

2. Таңдап алған тақырыптың өзектілігін ашу 0,5 бет



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет