1 модуль. ҰЛттық сананы қалыптастыру контекстіндегі тұЛҒа психологиясы



бет1/4
Дата04.11.2022
өлшемі47,19 Kb.
#47552
  1   2   3   4

1 - МОДУЛЬ. ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ КОНТЕКСТІНДЕГІ ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫ


1 - ТҰЛҒА ПСИХОЛОГИЯСЫНДАҒЫ ТҰЛҒА ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САНА МӘСЕЛЕЛЕРІ
Дәріс жоспары:

  1. Тұлға психологиясына жүйелік талдау.

  2. Тұлға құрылымы.

  3. Тұлға және үлттық сана мәселелері

  4. Тұрақты тұлға қасиеттері.



Дәрістің мақсаты: тұлға психологиясына жүйелік талдау жасай отырып, тұрақты тұлғалық қасиеттерді анықтау біліктілігін қалыптастыру.


Дәріс бойынша оқыту нәтижелері:


1-ОН: Тұлға ұғымын тарихи философиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан зерттеу негізінде тұлға туралы жүйелі түсінік қалыптастыру;
2-ОН: Темперамент, мінез, бағыттылық пен қабілет шеңберінде қалыптасатын тұлға қасиеттерін анықтап, қарым-қатынастағы табыстылығын арттыру;
3-ОН: Тұлға даму ерекшеліктеріне сай қасиеттерді талдай отырып, өз тұлғалық қасиеттерін түсіну;
4-ОН: Ұлттық сана қалыптастыратын механизмдерді талдау арқылы, қазақ болмысындағы ұлттық тұлғалық қасиеттерді анықтау;
5-ОН: Биологиялық және орта факторларының әсерін жіктеу арқылы, тұлғаның шешім қабылдау механизмдерін анықтау.


I. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етеді деп есептеген.
Адам дүниеге индивид болып келіп, тұлға болып әлеуметтік даму барысында қалыптасады.
Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырған В.А. Ганзен бойынша, адам төрт макроқұрылымнан тұрады. Олардың қатарына индивид, тұлға, іс-әрекет субьектісі, жеке даралық кіреді (сурет 1).



Адам



Сурет 1 – Адамның жүйелік құрылымы (Ганзен, 1984).

Адам биологиялық құбылыс ретінде индивид болып табылады.Индивид ретінде адам уақыт барысында өседі, өзгереді, дене бітімі оның психологиялық ерекшеліктерін анықтап (мысалы, толық адамдар ақкөңіл, жүзі жайдарлы болады, арық ұзынша келген адамдар тұйық, интеллектуалды болады, ал денесі атлетті, спортқа қабілеті басым адамдар ашушаң, бірбеткей болады), жүйке жүйесі жылдамдық сапасын береді, ал жыныс адамның ақпарат өңдеу ерекшеліктерін анықтайды (мысалы, әйел адамдар ақпаратты жалпы, эмоция тұрғысынан қабылдаса, ер адамдар ақпарат қабылдау барысында логикаға сүйенеді).


Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады да, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлғаболып қалыптасады.



Сурет 2 – Тұлға құрылымы (Ганзен, 1984)

II. В.А. Ганзеннің жүйелік талдау әдістемесіне сәйкес, тұлға құрылымына темперамент, мінез, бағыттылық (мақсат, мотивация, құндылықтар, қызығушылықтар) және қабілет кіреді. Мысалы, темперамент тұлғаның динамикалық ерекшеліктерін анықтайды. Өмірде байқасаңыз, кейбір адамдар өте тез сөйлейді, жылдам қимылдайды, ойынан бұрын ісі жүреді. Ал кейбір адамдар, керісінше, өте баяу, сөздері байсалды, көп ойланып, аз сөйлейді. Бұл қасиеттер қарым-қатынас сапасына тікелей әсер етеді. Осы темперамент ерекшеліктері негізінде адамның мінезі қалыптасады екен. Мінезді тұрақты тұлғалық қасиеттер жиынтығы деп танысақ болады. Мысалы, салмақты, ашық, көркем сияқты сын есімдер мінез келбетін қалыптастырады. Олар тек әлеуметтік қарым-қатынас жағдайында болады. Осы мінезге сай тұлға өз қызығушылықтарын анықтап, өмірлік бағыт бағдар алады. Сол жолда түрлі қабілеттер танытып, шеберлігін шыңдайды. Бұл психологиялық сипаттамалардың барлығытұлғаны әлеуметтік қарым-қатынас субъектісі ретінде анықтайды. Толығырақ әр компонент туралы бесінші дәрісте өтетін боламыз.


Ары қарай адам түрлі кәсіби мамандық иесі ретінде іс-әрекет субъектісі болып дамиды, жеке даралығын қалыптастырады. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі. Оған жеке өмірлік жол, тәжірибе, қайталанбас индивидуалды стиль мен өнімділікті жатқызамыз.
Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек.
Әрбір әлеуметтік ортаның өз мәдениеті мен дәстүрлері бар. Тіл, мәдениет пен дәстүрлер ұлтаралық ерекшеліктерді анықтайтын өлшемдер. Осы тұрғыда әрбір адам нақты бір ұлт өкілі және сол ұлттың мәдениетін танытатын субъект. Ұлттық сана адамға өзін нақты бір ұлт өкілі ретінде, және сол ұлтың құндылықтарын ұстанушы субъект ретінде тануға мүмкіндік беретін ұғым. Ол халықтың элеуметтік даму барысында қалыптасады.
Ұлттық сана халықтың тұрмыс-тіршілігімен, тілі мен құндылықтар жүйесімен тығыз байланысты. Ұлттық сана халықтың әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси тарихымен бірге қалыптасады. Осы тұрғыда ұлттық сана адамның өзін сол этностың бір бөлігі, сол әлеуметтік құндылықтардың өкілі ретінде тануына көмектеседі. Адам өзін өзге ұлт өкілдерінен ажыратып, өз ұлтына қатыстырады.
Бұл Б.Ф. Поршнев ұсынған «біз және олар» антитезасын суреттеп, ұлтық, этностық сана формуласын қалыптастырады. Ұлттық сана негізіне адамның өзінің бір «түбірге» қатыстығы, яғни өз халқының тарихына, рухани құндылықтарына, жетістіктері мен жеңістеріне қатыстығын ұғынуы жатады.
Ұлттық сана халық бірлігінің басты факторы мен механизмі. Ол тілде, халық дәстүрлерінде, аңыздар мен ертегілерде, әлеуметтік және тұрмыстық қарым-қатынаста, сөйлеу мәдениетінде, әдет ғұрыпта көрініс алады.
Қазақтың ұлттық деңгейіне қарасақ, ұлттық сана дегеніміз елдің өткен тәжірибесімен өзінің бойындағы бар мүмкіндігін (адамгершілік, қабілет, білім) қатар иеленіп, қоғамында орын алып, өзекті болып отырған әлеуметтік мәселелерге жауапкершілікпен қарайтын, жеке басына ие және қоғамын игілікке жетелей білетін, өз болашағына жауапты, ел болашағына ізгілік әкелетін нәрселерді танып, иелене алған адамның түсінігін, ұғымын, ой өрісін, іс-әрекетін айтамыз. 
Осыған байланысты Әл-Фараби мемлекетіне қызмет ететін адамның бойында болуы тиіс қасиеттерді былайша сомдаған: «болмыс мінсіздігі, әлеуметтік ортаға бейімділік, түсінік, ел жағдайын түсіне білетін және зерделей алатын қабілеттің, есте сақтау қабілетінің болуы.
Алғырлық, аңғарымдылық, сезімталдық, ақылды болу, сөзгешешен, өнер, білімге құштарлық, жалықпайтын, ізденебілетін, еңбекқор, қиындыққа төзімді, барлығын ақылмен зерделеп, сабырмен қабылдайтын мінез, ұқыптылық, үлгерімді, қанағатшыл, ар - намысы, ұяты мол, иманды, шыншыл, рухы биік, елін сыйлайтын, тектілікті сүйетін, тарихты білетін, ізгі нәрселерге ғана ұмтылатын, оңай олжа табуға жирене қарайтын, әділетті, шынайы, қайрымды, рақымшыл, ақкөңіл, зұлымдығы жоқ, кез- келген жағдайда дұрыс шешім қабылдай білетін, батыл, ер жүрекадам.
Осы әл-Фараби сомдаған кісілік қасиеттердің, ұлттық сана негізінде жеке адам мен ел болмысының бойында ұялайды, ұлттық мінезді қалыптастырады.
IV. Осы тұрғыда, әлеуметтік ортада ұлттық сана әсерімен қалыптасатын тұлғаның тұрақты индивидуалды қасиеттерін атап кетейік. Бұл қасиеттер психология ғылымында «Үлкен бестік» (Big 5) моделінде анықталып, сипатталған. Бұл қасиеттерді анықтау үшін 1983-1985 жж. арaлығындa Р. Мaккрaе мен П. Костa бес фaкторлы «Үлкен бестік» сaуaлнaмaсын ойлап тапқан. Олардың пaйымдaуыншa, бес тәуелсіз факторлар тұлғaның объективті психологиялық портрет-моделін білуге жеткілікті. Бес фaкторды OCEAN aббревиaтурaсы aрқылы жaттaп aлуғa болaды, олар: «тәжірибеге aшықтық ағылшынша (openness)», «aдaлдық (conscientiousness)» «экстрaверсия (extraversion)», «aқкөңілділік (agreeableness)», «нейротизм (neuroticism)». Әр фактор екі карама карсы полюстан құралады (1 кесте).





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет