1. психология ғылымының дамуының теориялық негізі



Дата18.03.2022
өлшемі16,74 Kb.
#28417

1.ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ.

1.1.Психология ғылымы жайлы түсінік.

Психология»термині гректің екі сөзінен тұрады: псюхе (жан), логос (сөз, ілім); «Жан туралы ілім» деген ұғымды білдіреді.Психологияның негізгі міндеті – психологиялық мәселелерді шешу.Психологиялық білімінің өзіндік ерекшелігі. Психология — субьектінің (адам мен жануарлардың) іс-әрекеттерін, тіршілік ету нәтижелерін және амал-тәсілдерінің құрылымын бейнелейтін ғылым.Бұл мәселелерді шешу психологияның барлық стратегиялық жүйелерінде: теориялық психология, қолданбалы психология және практикалық психологияда жүзеге асырылады. Психология — адамның дара тұлғалық психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Қыруар тараулары теориялық және практикалық бағыттарды қарастырады, қолданбалы бағыттары да сан алуан: терапевттік, қоғамдық, кәсіпкерлік, кей жағдайда саясаттық және теологиялық. Психологияның негізгі мақсаты — психиканы cубьективттік структураның, сыртқы ортаны байымдаумен, елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу.Психология – жалпы алғанда психиканың және ерекшелеп айтқанда адамның нақты тарихи және адам ретіндегі сананың пайда болуы, дамуы және көрніс беруі заңдылықтары туралы ғылым.Психология ғылым ретінде психиканың әр түрлі кұбылыстарын зерттеу және түсіндірумен ғана емес, сондай-ақ олардың мәнін қорыта талдап-ашып көрсету, яғни солар арқылы психологиялық құбылыстар мен процестердің себептерін, олардың болашақта көрініс беретіндігін болжауға болатын белгілі бір зандылықтарын ашып, анықтаумен шұғылданады.Жалпы психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып-меңгеруде мынадай негізгі үш мәселені бөліп қарастырамыз: а) психикалық процестер; ә) психикалық кейіп; б) психикалық қасиеттер немесе адамның дара психологиялық ерекшеліктері.А) Психикалық процестерге, әдетте, адамның таным процестерін жатқызады. Олар – түйсіну, қабылдау (тітіркендіргіштердің сезім мүшелеріне тікелей әсері), ес, қайта жаңғырту процесі, қиял мен ойлау. Сөйтіп, сыртқы дүние шындығын тану, еріктік процестер (қажеттіліктің пайда болуы, ниет пен тілек), эмоциялық процестер.Ә) Психологиялық кейіп көңіл-күй мен аффекттерді, зейін (шоғырлануы мен шашырауы) және ерік (сенімділік пен сенімсіздік, күмәндану) сияқты т.б. жайттарды бейнелейді.Б) Психиалық қасиеттер әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер болып табылатын темперамент, мінез, қабілет арқылы дараланады. Қоғамдық-әлеуметтік жағдайда өмір сүретін адамдардың бүкіл болмысы мен жан дүниесінің сыры олардың даралық қасиеттері болып табылатын темперамент көрінісінен, мінез-құлық ерекшеліктерінен және қабілет бейімділігінен айқын байқалып тұрады.Психика, сана – материяның ең жоғары түрде дамыған жемісі және әрекеті. Адамның объективтік дүниені бейнелеп танып білуі сезімнен тікелей абстрактілі ойға қарай дамиды, ал ойлаудың нәтижелері өмір тәжірибесі мен қоғамдық іс-әрекет арқылы тексеріледі. Осының нәтижесінде анықталған ақиқат болмыс пен оқиғаның бейнелері біздің ақыл-ойымыз бен санамызға әсер етіп, білім қорымыз бен танымымызды жетілдіреді. Сөйтіп, адамның дүниетанымы тікелей сезімдік танып білуден абстрактілі ойға, одан әрі қоғамдық тәжірибеге ұштасып жатады. Адамның таным әрекетінің бұл жолы материалистік бейнелеу теориясы деп аталады. Ал психика мен психологиялық қасиеттердің бәрі – адамның осы дүниетанымының санада із қалдырып, белгілі фактіге айналуы. Психиканы және оның жоғары түрде дамыған сатысы – сананы, адамның дара ерекшеліктерін зерттеу мәселелері – психология ғылымының басты міндеттерінің бірі.

Психология адам жан дүниесінің әрқандай қыры мен сырын зерттейтін пән болғандықтан, ол жан құбылыстарын ғылыми тұрғыдан жете түсінуге мүмкіндік береді. Мұндай түсінік адамның іс-әрекеттері мен жасампаздық іскерлігін өрістетіп отыруға жетелейді. Психология ғылымының рөлі өскелең буынға тәлім-тәрбие беру ісінде айқын көрінеді. Психологиялық таным процестері – түйсік, қабылдау, ойлау және сөйлеудің даму заңдылықтары – оқыту теориясындағы дидактиканы құруға, тәлім-тәрбие істерінің мазмұны мен ауқымын анықтауға, оқыту әдістерінғылыми негізде ұйымдастыруға, оқу құралдарын жасауға қажет болатын ғылыми тірек.

Адамның жеке басына тән психологиялық қасиеттердің бәрі – оқу-тәрбие арқылы, тіршілік ортасы мен қоғамдық жағдайға байланысты дамып, қалыптасып отыратын айқын ақиқат. Осы орайда, адамның жан дүниесінің қыр-сырын жандандыру, оның жеке басының қасиеттері мен сипаттарын жетілдіру, ұстаздар мен тәрбиешілердің таным процестері мен психологиялық заңдылықтарды жете білуі шәкірттерге тәлім-тәрбие беру жұмысын жеңілдетеді.Адам өз психологиясының дамуы процесінде ақыл-ойын, сана-сезімін жетілдірді. Дене еңбегінің жеңілдетіп, оның нәтижелі болуы үшін қажетті құрал-саймандар жасап шығарып, тиісті амал-тәсілдерді меңгерді. Қазіргі заманда адам өзінің психикалық әрекетін жеңілдететін және оны нәтижелі ететін тәсілдерді ойлап табуды мақсат етуде. Ондай мақсат қазіргі кезде автоматика, телемеханика, радиотехника, электроника, бионика, ғарышкерлік және басқа ғылыми жетістіктердің салалары арқылы жүзеге асып отыр.Әлеуметтік ортада азаматтың адамгершілік қасиеттері мен жеке басының қажеттері болып табылатын дүниетанымдық көзқарасын, мінез-құлқын, қабілетін, темперамент ерекшеліктерін жетілдіру – психология ғылымының басты міндеті. Жеке адамның жан дүниесі күллі адамзаттың сан алуан іс-әрекетімен тығыз байланысты болып отыратындығы бұл ғылымның түрлі салаларын оқып меңгеру мақсаттарына жол ашады. Сөйтіп, психология адамды өз басын меңгеру мен бойындағы қасиеттерін дұрыс бағалап, оларды дамытып отыруға баулиды.

Психология ғылымының зерттеу пәні – психика.Сонау ерте замандардан бері адамдардыц әлеуметтік өмірі олардың күнделікті сан алуан іс-әрекеттерінен, бір-бірімен қарым-қатынасынан, олардың жан дүниесінің сырын бейнелейтін психологиялық ерекшеліктерінен, мінез-құлық сипаттарының өзара айырмашылықтарьтнан тұратындығы белгілі болған. Осындай ұғым-түсініктер- адамның жаны тәнімен бірге болады деп саналған.Өндіріс пен кәсіптің, өнер мен мәдениеттің, салт-санның дамуымен қатар әр алуан әдет-ғұрыптар да қалыптасып отырады. Адамдар ездері тіршілік ететін орта мен айналадағы әр қилы заттарда, құбылыстарда өзіндік Жан болады деп ұғынған. Мұндай үғым анимизм (латын-ша «анима» — жан деген сөзден шықкан) деп аталады.Ежелгі грек жұртының ғұламалары – Гераклит (б. з. д. VI р.), Демокрит (б: з. д. V ғ.) жан-табиғаттың бір бөлігі, ол сод табиғат заңына ыңғайланбайды дегек пікірді қолдады. Демокрит психиканы (жанды) оттьщ атомдарындай козралмалы қасиет деп санады. Сонымен,1879ж бастап психология эксперименталдық ғылымдарға айналды. Неміс психологы В.Вундт Лейпциг қалыптастыруда өз лабораториясын ашты. Бұл психологияның дамуының 2-ші кезеңіне жатады. Ал 1-ші кезеңі 2500жылға созылған Аристотель пікірлер тарихы. Психологияның даму тарихы т.б Гипократ, Гомен, Декарт, Гоббс, Спиноза, Локк, Дидро, Вольф ғалымдарының есімдерімен байланысты.Психологияның салалары:Қазiргi психология сан салалы ғылым оның қырықтан астам салалары бар. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тiлектерi өмiрiмiзде болып жатқан ғылыми-техникалық, экономикалық прогрестiң, дамудың әсерi. Психологияның кейбiр салалары еңбек үстiнде адам санасы қалай қалыптасатындығын зерттейдi. Психолгия педагогикалық, медициналық, әскери, инженерлiк т.б. болып бiрнеше салаларға бөлiнедi. Психологиялық ғылымдардың келесi бiр топқа енуiне даму принципi басты негiз болады. Бұларға мектепке дейiнгi бала психологиясы, жас өспiрiм, балаң, кәмел жас, егде жастағылар психологиясы, патологиялық психология, психикасы кемiс адамдарды зерттейтiн, салыстырмалы, зоопсихология, этнология дейтiн салалары кiредi. Қоғам мен жеке адамның қарым-қатынасын зерттейтiн әлеуметтiк психология, тұрмыс пен биологиялық факторлардың бала психикасына әсерiн балалар психологиясы, жануарлар мен адам психикасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыратын салыстырмалы психология деп аталатын салалар болып табылады.Психологияның салалары



Қазiргi психология сан салалы ғылым оның қырықтан астам салалары бар. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тiлектерi өмiрiмiзде болып жатқан ғылыми-техникалық, экономикалық прогрестiң, дамудың әсерi. Психологияның кейбiр салалары еңбек үстiнде адам санасы қалай қалыптасатындығын зерттейдi. Психолгия педагогикалық, медициналық, әскери, инженерлiк т.б. болып бiрнеше салаларға бөлiнедi. Психологиялық ғылымдардың келесi бiр топқа енуiне даму принципi басты негiз болады. Бұларға мектепке дейiнгi бала психологиясы, жас өспiрiм, балаң, кәмел жас, егде жастағылар психологиясы, патологиялық психология, психикасы кемiс адамдарды зерттейтiн, салыстырмалы, зоопсихология, этнология дейтiн салалары кiредi. Қоғам мен жеке адамның қарым-қатынасын зерттейтiн әлеуметтiк психология, тұрмыс пен биологиялық факторлардың бала психикасына әсерiн балалар психологиясы, жануарлар мен адам психикасының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастыратын салыстырмалы психология деп аталатын салалар болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет