1. Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны



бет1/4
Дата12.06.2023
өлшемі27,35 Kb.
#100752
  1   2   3   4

1. Саясаттану оқу және ғылым пәні ретінде.


2. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны.
Саясаттанудың негізгі парадигмалары.


XX ғасырдың басында саясаттану бөлек академиялық пән ретінде толық бөлініп шықты. Бұл ғылымның халықаралық мәртебе алып, толыққанды қалыптасуына ЮНЕСКО-ның басшылығымен 1949 жылы құрылған саяси ғылымдардың халықаралық ассоциациясы зор рөл атқарды. Ол саяси зерттеудің белсенділігін арттыру жолында казір де жемісті еңбек етуде.

Саясаттануда парадигма деп – саяси өмірді бейнелеуде білімді ұйымдастырудың сынын білдіретін, әлеуметтік құбылыстардың бір тобын теориялық пайымдау үлгісі деп мойындаған негізгі тұғырнама желісін айтады. «Парадигма» ұғымын 20 жж. ғылыми айналымға енгізген американ философы және қоғам тарихын зерттушісі Г.Кун. Ол сондай-ақ, белтілі ғылыми дәстүр шеңберінде кейбір зерттеушілік практика шеше алатындай жеткілікті мөлшерден шеттелмеген проблемалар да болуы тиіс. Саясаттанудың негізгі парагдигмаларына : Теологиялық парадигма, Натуралистік парадигма, Әлеуметтік парадигма жатады.





    1. Теологиялық парадигма (тео - құдай, логос - ілім) саясатты, билікті құдайдың құдыретімен түсіндіреді, яғни адамға саясат әлемін, саяси қатынастарды түсіндіретін діни пайымдарды Құдай берген деп қабылданады. Теологиялық парадигманың дамуының бастапқы кезеңінде мифология көрнекті орын алды, өйткені мифтер көптеген халықтардың өмірінде әртүрлі дәрежеде өз заманының саяси проблемаларының көрінісі ретінде қызмет етті. Бұл парадигма саясаттану ғылымының алғашқы дами бастаған кезеңінде пайда болды.

    2. Натуралистік парадигма саясатты әлеуметтік сипаты жоқ табиғи себептермен, атап айтқанда , географиялық ортамен, биологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерімен түсіндіреді. Натуралистік парадигма мемлекет пен биліктің шығу тегінің табиғилығын, олардың пайда болуы мен қызмет етуінің табиғи қажеттілігін негізге алады.

    3. Әлеуметтік парадигма саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіреді. Қоғамдық өмірдің тұтастай түсінігінен шыға отырып, әлеуметтік парадигма қоғамдық дамуды ішкі қарама қайшылыққа толы үдеріс ретінде қарастырады. Әлеуметтік парадигма топтар мен тап күресі идеологиясының концептуалдытұғыры болып табылады.

3. Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саясаттанудың прагматикалық мәні.
4. Саяси ғылымның ғылыми-танымдық, әдіснамалық және қолданбалы
функциялары.
5. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
6. Адамзат өркениетіндегі саяси идеялардың генезисі. Ежелгі дәуір.
7. Орта ғасырлар. Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялар.
8. ХХ ғасыр және қазіргі саяси ғылымның негізгі бағыттары.
9. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат
10.Саясат түсінігі. Саясат мемлекетті басқару өнері ретінде.
11.Саясаттың қоғамның басқа да салаларымен өзара әрекеттестігі.
Саяси қызметтің негізгі түрлері мен бағыттары.
12.Қазақстан Республикасының қоғам модернизациясы кезеңіндегі
саясаты.
13.Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет