1 ситуациялық есеп



Дата10.12.2022
өлшемі21,29 Kb.
#56371
Байланысты:
Цито СӨЖ

С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық университеті

СӨЖ
Тақырыбы: «АВО жүйесі бойынша қан топтары және резус фактор»

Орындаған:Еркинова Ұлдана


Тобы: ЖМ21-005-01
Қабылдаған: Жүзжан Құралай

Алматы-2022

1 ситуациялық есеп
III қан тобы бар әйел I топтағы ер адамнан алимент өндіріп алу туралы іс қозғап, оны баланың әкесі деп мәлімдеді. Баланың қан тобы I. Сот қандай шешім қабылдауы керек?
Шешуі:


  1. Әйелдің генотипі -  JBJB немесе JBJ0

  2. Ер адамның генотипі -  J0J0

Бұл жағдайда екі нұсқа мүмкін:

Р

♀JBJB
III топ

×

♂J0J0
I топ

немесе

♀JBJ0
III топ

×

♂J0J0
I топ

Г

JB


J0


 JB, J0 


J0

F1

JBJ0
III топ


JBJ0
III топ


J0J0
I топ


Жауабы:
Сот келесі шешімді шығарады: ер адам бірдей қан тобы бар кез келген адам сияқты баланың әкесі бола алады.

2 ситуациялық есеп


Әкесі III қан тобы, ал анасы II қан тобы бар резусы оң ата-аналар отбасында I қан тобы бар резусы теріс ұлы дүниеге келді. Ата-аналардың генотиптерін және оларда IV қан тобы бар резусы теріс баланың туылу ықтималдығын анықтаңыз.
Шешуі:
Р: ♂ Rh+ Rh- JBJ0  × ♀ Rh+ Rh-JAJ0 

Г

Rh+JB

Rh+ J0

Rh-JB

Rh- J0

Rh+ JA

Rh+Rh+ JAJB  резус + IV қан тобы

Rh+ Rh+ JA J0 резус + II қан тобы

Rh+ Rh- JAJB резус + IV қан тобы

Rh+ Rh-JAJ0 резус + II қан тобы

Rh+ J0

Rh+Rh+ JBJ0 резус + III қан тобы

Rh+Rh+ J0J0 резус + I қан тобы

Rh+ Rh- JBJ0  резус + III қан тобы

Rh+ Rh- J0J0 резус + I қан тобы

Rh- JA

Rh+ Rh- JAJB резус + IV қан тобы

Rh+ Rh- JAJ0 резус + II қан тобы

Rh- Rh- JAJB резус - IV қан тобы

Rh- Rh- JAJ0 резус - II қан тобы

Rh- J0

Rh+ Rh- JBJ0 резус + III қан тобы

Rh+ Rh- J0J0 резус + I қан тобы

Rh- Rh- JBJ0 резус - III қан тобы

Rh- Rh- J0J0 резус - I қан тобы

Пеннет торын құрастырып, талдағаннан кейін, IV қан тобы және резус факторы теріс балалар анықталды. Олар 1/16 бөлігін құрайды. Оны пайызбен есептейміз.


16 - 100%
1 - х%
х = 100/16 = 6,25%
Жауабы:
1) Ата-аналардың генотиптері: Rh+ Rh- JBJ0, Rh+ Rh-JAJ0.
2) IV қан тобы бар резусы теріс баланың туылу ықтималдығы 6,25% құрайды.

3 ситуациялық есеп


Анасының қан тобы - I, ал әкесінікі -II топ. Балаларында анасының қан тобы көрініс беруі мүмкін бе? Әкесі гомозиготалы және гетерозиготалы болған кездегі екі жағдайды да қарастырыңыз.
Шешуі:

  1. жағдай

Р: ♀J0J0 × ♂JАJА
Г: J0 , JА
F1: JАJ0 - II топ

  1. жағдай

Р: ♀J0J0 × ♂JАJ0
Г: J0 , JА , J0
F1: JАJ0- II топ , J0J0- I топ
Жауабы:
Егер әкесінің генотипі гетерозиготалы болса , балаларында анасының қан тобы көрініс береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Медицинлық биология және генетика. Куандыков Е.Ө. Алматы, 2004.б. 104-113.

  2. Молекулалық биология негіздері (дәрістер жинағы).Қуандықов Е.Ө., Аманжолова Л.Е. Алматы, 2008.б. 93-99.

  3. Генетика негіздері. Қ.Қ.Бурунбетова. Алматы,2013. б. 221-230.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет