№1 тақырып: Кіріспе. Тұрғындар географиясы» пәні, оның міндеттері мен маңызы
Сұрақтар:
Халықтың ұдайы өсіп - өнуі тұралы түсінік
және табиғи қозғалыс деген түсінікке анықтама беру.
Халықтың ұдайы өсіп-өнуі (табиғи қозғалыс) – адам ұрпақтарының жаңаруын және ауысуын қамтамасыз ететін туу, өлім және табиғи өсім процестерінің жиынтығы. Туу, өлім, табиғи өсім негізінде биологиялық процестер болып табылады.
Халықтың табиғи қозғалысы: екі демографиялық революция Халықтың табиғи қозғалысын демография зерттейді. Сондықтан оның көрсеткіштерін демографиялық керсеткіштер деп атайды. Олардың негізгілері - туу (туғандар саны), өлу (өлгендер саны),туғандар мен өлгендер санының айырмасы табиғи өсімді керсетеді.
Халықтың өсімі және өлімі қандай көрсеткіштермен анықталады?
Әлеуметтік-экономикалық факторлар: халықтың тұрмыстық деңгейі, денсаулық сақтау ісінің дамуы, халықтың білім және мәдени деңгейі, әйел адамдардың қоғамдағы орны, дін, т.б.;
Табиғи-биологиялық факторлар: әйел және ер адамдардың қоршаған орта жағдайына әр түрлі бейімделуі, жылы мен суық климаттық аудандардағы жыныстық дамудың әртүрлі уақыты, өлімге алып келетін аурулар (батпақты жердегі малерия, эпидемия, т.б.);
Демографиялық факторлар: халықтың жас-жыныстық құрылымы, неке қию, айырылысу. Мысалы: қарт адамдар санының өсуі («халықтың қарттануы») туудың жалпы көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі.
Бұл фактордың туу мен өлімге әсері күрделі және қарама-қайшылығы көп. Бір фактор қарама-қайшылықты бағытта әсер етуі мүмкін: материалдық жағдайдың жақсаруы, бір жағынан, өлімнің төмендеуіне (әсіресе балалық), екінші жағынан, орташа өмір сүру ұзақтығының жоғарылауына, халықтың «қарттануына», ал бұл болса өлімнің жалпы көрсеткіштерінің көтерілуіне алып келеді.
Өсіммен өлімнің көрсеткіштері қандай себептерге байланысты?
Егер де өлім туудан артық болса, халықтың табиғи азаюы (депопуляция) пайда болады. Демографиялық, көрсеткіштерді абсолюттік цифрлармен (жүз, мың немесе миллион адам) беруге болады, бірақ көбінесе оларды 1000 тұрғынға шаққандағы есеппен промиль арқылы (%о белгісімен) көрсетеді. Демографиялық көрсеткіш бойынша табиғи қозғалысты 2 типке бөледі: байырғы және қазіргі. Байырғы табиғи өсім 12%о-ден артық болатын, ал қазіргі өсім бойынша 12 %о-ден төмен. Халық қозғалысының бір типтен екінші типке өтуін демографиялық революция дейді
Табиғи өсіп - өну дегеніміз не? Оны есептейтін көрсеткіштері?
Халықтың ұдайы өсуі туу мен өлімнің мөлшеріне байланысты олардың арасындағы айырма табиғи өсім деп аталады. Оның сан мөлшері 1000 адамға шаққандағы промиле көрсеткішімен есептеледі.
Адамзаттың даму кезеңдеріндегі өсім, өлім және табиғи өсіп - өнудің көрсеткіштеріндегі өзгерістер, оның себептері?
Соғыстың зардабы сонымен бірге адамдардың тұрмыс ахуалының төмендеуіне, аш-жалаңыштыққа, түрлі ауруларға шалдықтырады. Әрі қосымша шығындарға ұшырады. Мысалы некеге тұрушылар санының азаюы, халықтың жыныстық құрамының бұзылуы, еркектердің біраз бөлігінің соғыста шығынға ұшырауы туудң мөлшерінің азаюына алып келді. Табиғи апаттарлың – жер сілкіну, су тасу, дауыл,құрғақшылық, температуралық режимдердің шұғыл өзгерісі, т.б. жыл сайын мыңдаған адам өмірін қиюда.
Қазіргі кезеңдегі өсімнің,өлімнің және табиғи өсіп-өнудің жекелеген, немесе белгілі бір топтағы мемлекеттердегі айырмашылығы, оның себептері және зардаптары?
Әр түрлі елдердің көне жазбаларында, саяхатшылардың, көпестердің, дипломаттардың аңыз-әңгімелерінде, авторлар: табиғат-халық шаруашылық мәселелеріне сипаттама беруге тырысты. 1-ші ғасырда Страбонның (17 кітап) «Географиясы», 2-ші ғасырда Птоломейдің «Географиясы» шықты. Бұл тек қана географиялық емес, сонымен қатар этнографиялық болып та табылады. Осындай комплекстік жан-жақты географиялық жазбаларда негізінен халықтарға назар аудару мәселесі орта ғасырда да болған еді. XVIII ғ басында дифференциация басталып, халықтарды зерттеуде демография және этнография пайда болды. ХІХ ғ аяғында антропогеография ерекшеленіп, (Германияда) оның негізі географиялық детерменизм жағдайы болды. Ол деген табиғи ортаның жеке адам мен халықтардың жаны мен денесіне әсер етуін анықтау. Осының ірге тасын қалаған неміс ғалымы Фридрих Ратцильдің айтуынша, табиғаттың бір қалыпты климат жағдайы адамдарды қозғауға, құрылыс салуға, ақыл айтуға, психология негізін қалыптастыруға, қоғамда адамның белсенділігі қажет, үлкен кеңістік адам ақыл-ойын оятып, бір үлкен шешім қабылдауға, кішкене кеңістік кері әсерін тигізеді. Кейіннен бұл теория фашистердің геополитика концепциясын құруға негіз болды.
7. Дүние жүзі халқының ұдайы өсіп - өнуінің негізгі типтері және оны сипаттайтын көрсеткіштер?
Туу, өлу, табиғи өсу – биологиялық процестердің негізі болып есептеледі. Алайда, олардың деңгейіне өзінің әсерін тигізетін факторлар төмендегідей:
Достарыңызбен бөлісу: |