№1 тест. Пайызға қатысты есептер
1. Құлпынайдың 6 %-ы қант. 35 кг құлпынайда неше кг қант бар?
A) 1,5 кг B) 1,8 кг C) 2,1 кг D) 2,4 кг E) 3кг
2. Теңіз суының 95 %-ы ғана су, қалғаны тұз. 6 тонна теңіз суында қанша тұз бар?
A) 150 кг B) 180 кг C) 210 кг D) 240 кг E) 300 кг
3. Турист барлық жолдың 90%-ы болатын 27 км жол жүрді. Барлық жолдың ұзындығы неге тең?
A) 15 км B) 15 км C) 24 км D) 30 км E)36 км
4. Турист қайықпен 504 км жүзді. Бұл барлық жолдың 36-ы % болса, барлық жолды табыңыз.
A) 181,44 км B) 1208 км C) 1608 км D) 1500 км E) 1400 км
5. Кітаптың бағасы 22%-ке арзандаған соң 156 теңге болды. Кітаптың алғашқы бағасы қанша?
A) 178 B) 150 C) 200 D) 300 E) 195
6. Автомобиль багінің сыйымдылығы 40 л бензин. Жол жүрудің алдында бак 80% - ке толтырылды. Бензиннің 25%- і жолға жұмсалды. Сонда бакта қанша бензин қалды?
A) 32 л B) 24 л C) 16 л D) 30 л E) 8 л
7. 2 a санының 3 %-інің 8 %-і a санының 5 %-інің неше процентін құрайды? A) 9,6 % B) 2,4 % C) 6 % D) 4,8 % E) басқа жауап
8. Санжар бірінші жылы ағылшынша сөз қорын 20 %-ға жақсартты, ал келесі жылы ағылшын сөздерін жаттауды қойды да, 20 %-ын ұмытты. Үшінші жылы тілорталығына ағылшын тілі курсына барып, сөз қорын 50 %-ға жақсартты. Санжардың сөз қоры бастапқымен салыстырғанда неше пайызға өзгерді?
A) 28 % төмендеді B) 28 % жоғарылады C) 44 % төмендеді D) 44 % жоғарылады E) 45 % жоғарылады
9. 80 дәптерді біріншісі екіншісінің 60 %-і болатындай етіп бөлді. Бірінші бөліктегі дәптерлердің саны қанша?
A) 30 B) 50 C) 20 D) 40 E) 35 10. 40 %-і
10.40 санының 40 %-ін құрайтын санды табыңыз.
A) 40 B) 16 C) 64 D) 50 E) 80
11. 40 санының 40 %-ын құрайтын санды және пайда болған санның 40 %- ын табыңыз.
A) 20 және 10 B) 20 және 8 C) 12 және 6,4 D) 16 және 6 E) 16 және 6,4
12. Шоқан, Бораш, Ғалым жидек жинады. Бораш Шоқанға қарағанда 20 % артық, ал Ғалымнан 20 % кем жинады. Ғалымның жинаған жидегі Шоқанның жинаған жидегінен қанша пайызға артық екенін табыңыз.
А) 50 % B) 40 % C) 30 % D) басқа жауап E) 20 %
13. 400 санының 5 3 бөлігінің 40 %-ын табыңыз.
A) 106 B) 108 C) 110 D) 118 E) 68
14. Дәптердің бағасы 40 тг. Бағасын 15 %-ке арттырғаннан кейін 548 теңгеге неше дәптер сатып алуға болады?
A) 12 B) 10 C) 11 D) 13 E) 14
15. 30 %-ы 60 санының 90 %-ын құрайтын санды табыңыз.
A) 162 B) 18 C) 16,2 D) 54 E) 180