1 топ- жазғы сауықтыру лагері бойынша сценарий жүргізуші: Қош келдіңіздер! Таңғы жаттығу



Дата19.02.2023
өлшемі32,95 Kb.
#69198
түріСценарий

31 топ- Жазғы сауықтыру лагері бойынша сценарий
1 жүргізуші: Қош келдіңіздер! Таңғы жаттығу:
Видеоға назар аударайық. жүргізушіВидео қосылып, қыздардың жаттығулар жасағаны көрсетіледі. (Видеодан кейін) Оқушыларға таңертенгілік жаттығуларды жасату арқылы, балалардың белсенділігін арттырып, оларды жылдамдыққа, шапшаңдылыққа үйретеміз. Таңғы жаттығуларды жасап, денсаулығымызды сақтайық.
2 жүргізуші: (Лагерьмен таныстыру) «Мектеп жанындағы сауықтыру лагерін ұйымдастыруға арналған әдістемелік көмек» атты ұсынылып отырған әдістемелік жинағымыздың септігі тиер деген ойдамыз. Бұл әдістемелік құрал мектеп жанындағы сауықтыру лагерін ұйымдастыруда тәрбиешілерге оқушылардың жаз мезгілінде бос уақытын тиімді, белсенді түрде демалуына ықпал жасап, лагерь жұмысын жүргізуде таптырмайтын әдістемелік құрал деп есептейміз. Балалардың денсаулығын нығайтып, қоршаған ортаны танып, табиғатын аялай сүюге, еңбекке, достыққа шақыратын, шығармашылық белсенділіктерін арттырып, кез-келген ортада өзін-өзі көрсете білуге бағыттайтын іс-шаралар жинағын жоғары деп бағаладық.
1 жүргізуші: ( Баланы ата- анадан қабылдап алу). Келесі кезекте Диляраның дайындаған видеосына назар аударайық. Видеодан түсінгеніміздей баланы ата- анадан көтеріңкі көңіл күймен, жауапкершіліпен қабылдап алуымыз керек.
2 жүргізуші: Аяжан, Мадина, Алина тәлімгерлердің заманауи биіне кезек берейік.
1) Спорт- денсаулық кепілі. Спортпен айналысу біздің дене мүшелеріміздің жақсы жұмыс жасауына жол ашады. Ендеше Махаббат пен Диляра тәлімгерлердің спорттық биімізге кезек берейік.
2)Балалар, ал енді топтарға бөлініп алайық. Ол үшін Жаннур тәлімгердің топқа бөлуге ұсыныстарын кабыл алыңыздар.
3)Лагерь жаңа достар табу үшін үлкен мүмкіндік береді. Барлықтарың көп достар табатындарыңызға сенімдіміз. Ол үшін алдымен бір-бірімізбен танысып алайық. Таныстыру тренингын ұйымдастыру үшін Махаббат тәлімгерлерге келесі сөз кезегі беріледі.
4) Лагерь-көңіл әрі өте пайдалы уақыт өткізуге кепілдік береді. Балалар сендер жазғы демалыстарыңыды лагерьмен бірге тиімді өткізетіндеріңе сеніміміз мол. Алдағы уақытта барлықтарыңыз тіл табысып, бір үйдің баласындай ауызбіршілікте болыңдар дей келе "Бір үйдің баласындай" әнін барлығымыз бірге қосылып шырқайық.
5) Осымен лагерымыздың ашылу салтанаты өз мәресіне жетті. Атсалысқандарыңыз үшін барлықтарыңызға үлкен алғыс айтамыз.
Алдағы уақытта сіздерге тек сәттілік тілейміз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет