1. Видеоинстуктажды мұқият тыңдап, сол бойынша қорғайсыз; Қмж форма дұрыс, бағалау критерийді беру міндетті емес



Дата27.06.2023
өлшемі16,15 Kb.
#103502
түріСабақ
Байланысты:
Қорғауда ескерілетін ақпарат


1.Видеоинстуктажды мұқият тыңдап, сол бойынша қорғайсыз;
2.ҚМЖ форма дұрыс, бағалау критерийді беру міндетті емес.
3.Сабақтың мақсаты СМАРТ форматында ойлау дағды деңгейіне сай жасалғанын тексеру, осыған мұқият болыңыздар! Тапсырмада ОДД ескерілді ме, жоқ па? Тапсырманы ойлау деңгейіне сай алынғанын дәлелдеңіз.
4.Сабақтың әдіс-тәсілдерін атаудың қажеті жоқ! Керісінше, әдістер қалай жүргізіледі? Оны қай тапсырмадан көре аламыз? Әдістер оқушыға не береді? Баланың бойында қандай құндылықтарды дамытамыз? Осыны 1-2 әдіспен, дәлелдеп көрсетсеңіз нақтырақ болады.
5.ЕБҚ (ол мүкіс пе? оралман, мигрант па?) атап, оған оқу мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін қандай тапсырма бердіңіз, ол берген тапсырма ЕБҚ оқушының қандай дағдысын қалыптастырды? Оқушы бойыне не сіңірді? Ашып айтыңыз!
6.Барлық оқушыларды оқу процесіне тартуға қандай тапсырмалар бердіңіз? Тапсырманың нақты орындалу шартын айту оқушының қандай дағдысын қалыптастырды?
7.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларға басты акцент (фокус) басымдылық беріңіз.Деңгейлік, сараланған тапсырманы осы жерде ашып көрсетіңіз.
PISA зерттеуіндегі оқу сауаттылығы - оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы.
Осы теорияны негізге ала отырып, оқу сауаттылығын бағалауға арналған тапсырма түрлері 3 компоненттен тұрады: 1. Жағдаят 2. Мәтін 3. Аспект
1.ЖАҒДАЯТ.Мәтін оқу қандай мақсат пен жағдаятқа негізделеді? Мәтінді оқу – ол белгілі бір мақсатқа бағытталған әрекет, өзін қоршаған адамдармен қарым-қатынасқа түсу үшін мәтін мазмұнын түсіну, одан қажетті ақпаратты алу, көтерілген мәселені анықтау деген сияқты оқушының жеке мақсаттарынан құралады.
2. МӘТІН. Оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру үшін қандай мәтіндерді таңдау қажет? Сипаттау ма? Пайымдау ма? Әңгімелеу ме? Осының қайсысын таңдап алдыңыз? Ол оқушының қандай дағдысын жетілдірді? Осысұрақ төңірегінде нақты айтыңыз!
Осы теорияны айта келе, қабілеті жоғары оқушыға мәтінді бергенде шынайы өмірмен байланысы бар ма? Дарынды оқушы өз көзқарасын шынайы өмірмен байланыстырып айта алатындай тапсырма ма? Ерекше дарынды оқушының деңгейі жоғары болғандықтан осындай тапсырма бергеніңізді дәлелдеп айтыңыз.Ал ЕБҚ оқушы ондай тапсырманы орындай алмайтындықтан, жеңілдетілген тапсырма оқу мақсатына сай етіп алынды. Ол осы тапсырманы орындау барысында өз бойына нені сіңіре алды? соған басымдылық беріңіз!
3. АСПЕКТ. Оқылым барысында қандай когнитивті процесс іске қосылуы тиіс? Когнитивті ойлау процесіне әдетте жадыны, назар аударуды, қабылдау мен түсінуді, ойлауды, шешім қабылдауды және әсер етуді жатқызамыз.Сіз ЕБҚ оқушымен қалай жұмыс жасадыңыз? Яғни, мен ЕБҚ ететін оқушының құзіреттілік пен білім, білік пен дағдысын жүзеге асырдым. Оқылымның негізгі когнитивті процесіне ақпаратты іздеу, түсіну, бағалау мен кері байланыс жасау жатады. Акцентті осыған бересіз!
8.Презентация әр тыңдаушыда әртүрлі болуы қажет, бірдей шаблон керек емес!Өз түсінгенімен жасалуы тиіс!Біреуді көшіру плагиат!
9.Ресурстарды қосымшада көрсетесіз.Именной ресурсқа сілтеме міндетті түрде керек.Қорғау 5-7 минут аралығы, ашып, асықпай айтыңыз!
10.Барлық тапсырмаға 10 балдық жүйе бермейміз, 1 немесе 2 тапсырмаға ғана бересіз!
11.ҚМЖ, презентация қателеріне мұқият болыңыздар! Сіздер тіл маманысыздар!
12.ҚМЖ+Прзентацияға тек фамилия жазып сохранить етесіздер!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет