12 ЖҰП БАС МИ
ЖҮЙКЕЛЕРІНІҢ
ЗАҚЫМДАНУ
СИМПТОМДАРЫ.
■
■
Орындаған: Қойтанова Сағыныш; Құмарғали Бибінұр; Мейрамқызы
Ғалиябану;Мұстафа Еркеназ; Наукебай Жайна; Рахымберді Аяулым.
Тексерген: Гүлістан Хасенова.
Бұларға I - иіс, II - көру, III - көз қимылдатқыш, IV -
шығыршық, V – үшкіл, VI – әкетуші, VII – бет, VIII –
кіреберіс ұлу, IX – тіл-жұтқыншақ, X – кезбе, XI –
қосымша, XII – тіласты жүйкелері жатады.
Мидан 12 жұп жүйкелер тарап, миды көптеген ішкі
мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен,
көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен
келген ақпаратты миға жеткізеді
Иіс сезу жүйкесі
■
■
■
■
■
■
■
Иіс сезу жүйкелері иіс сезу рецепторымен байланысты пайда болған иіс сезу
миынан дамиды. Бұл нервтер алдыңғы ми өсінділері. Мұрын қуысының
шырышты қабығының аймағында жайғасқан иіс сезу жасушаларының
орталық өсінділерінен құралған, саны15-20.Сонымен қатар жіңішке жүйке
жіптерінің жиынтығы болып табылады.Зақымдану симптомдары:
Аносмия
Гипосмия
Гиперосмия
Дизосмия
Паросмия
Иіс елесі.
Көру жүйкесі
■
■
■
■
Көру жүйкесі
(nervus opticus;
лат.
neivus
~ жүйке, opticum— көру) — көру
өткізгіш жолы, ми жүйкелерінің II жұбы, қызметі жағынан сезімтал жүйке.
Көру жүйкесі
көз алмасы
торлы қабығындағы мультиполярлы
ганглионды
нейроциттер аксондарынан
түзілген. Аталмыш жүйке ми
сауытына көз шарасынан көру өзегі арқылы еніп, қарсы жақтың аттас
жүйкесімен айқасып, көру жолын түзеді де, аралық миға енеді.
Зақымдану симптомдары:
Көздің көргіштігін тексеру;
Көздің аясын тексеру.
Көз қозғалтқыш жүйкесі
■
■
■
■
■
■
■
■
■
Көз қозғалтқыш нерв- дамуы жағынан бірінші құлақ алды миотомының
қозғалыс түбіршегі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның құрамында: 1.
Сомалық-қозғалыс ядросынан көз алмасының сыртқы бұлшықеттеріне
баратын эфферентті талшықтар; 2.Ішкі көз бұлшықеттеріне, қосымша
ядродан шығып баратын парасимпатикалық талшықтар жатады.
Көз қарашығы реакциясының бұзылуы:
- Арджиль - Робертсон симптомы
- Арджиль - Робертсон симптомына қарама-қарсы
- Ішкі офтальмоплегия синдромы
- Вебер синдромы
- Бенедикт синдромы
- Фовилл синдромы
- Гертвинг Можанди синдромы
Шығыршық жүйкесі
■ Шығыршық жүйкесі дамуы жағынан екінші құлақалды миотомының
қозғалыс түбіршігі, бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның жалғасы
сомалық-қозғалыс ядроларынан көздің қиғаш бұлшықетіне баратын
эфферентті талшықтар. Оның ядросы мидың су құбыры түбінде
орналасқан.Мидың негізінде оның қатты қабығын тесіп өтіп,үңгірлі
синустың қапталымен жүріп, көз ұяшығына көздің жоғарғы саңылауы
арқылы шығады. Жарақат сирек кездесіп, көз алмасының қиғаштанып
тұруы мен дипломия(қос көріну) болады.
Үшкіл жүйкесі
■
■
■
■
Үшкіл жүйке
(лат. nervus —
жүйке,
trigeminus — үшкіл) —
мидан
шығатын
ең ірі аралас жүйке (V-жұп)
,бұл адамның сезінуіне және тістеу мен
шайнау сияқты мотор функцияларына жауап беретін жүйке; бұл ең
күрделі бассүйек нервтері . Оның 3 тармағы бар:
Бірінші:Үңгірлі қойнаудың қабырғасынан өтіп, үстіңгі көзұялық саңылауы
арқылы көз ұясына көз нервісі атауымен барады.
Екінші: Бассүйектің түбінде алынатын дөңгелек тесіктен шығып алға-
төмен қарай барады.
Үшінші: Қозғалтқыш нерв болсада, аралас нерв бола алады.
Әкетуші нерв
■ Әкететін нерв үшінші құлақалды миотомының қозғалыс қозғалыс
түбіршігі ,бұлшықеттік нерв болып табылады. Оның көпірде орналасқан
сомалық-қозғалыс ядросынан шығып, көздің латералды тік
бұлшықетіне баратын эфферентті талшықтары болады. Көпірдің
артқы жиегінде мидан шығып, көзұясына өтеді. Ядросы ромб тәрізді
шұңқырдың түбінде орналасқан. Нерв мидың негізінде көпір мен
сопақша мидың пирамида арасына шығады. Нерв зақымданса, науқас
кезінде ішкі қылилық болады.
Бет жүйкесі
■ Бет нервісі-аралас нерв. Екінші желбезек доғасы нерві ретінде одан
дамыған бұлшықеттерді-барлық мимикалық және тіласты
бұлшықеттерінің бір бөлігін нервтендіреді. Оның құрамында: қозғалыс
ядросының осы бұлшықеттерге баратын эфферентті талшықтары мен
сол бұлшықеттердің рецепторларынан шығатын эфферентті талшықтар
болады. Сондай-ақ оның құрамында аралық нервке жататын дәм сезу
және секреттік нервтерде бар. Бет жүйкесінің сыртқы невроны
зақымданса, беттің зақымданбаған жағындағы бұлшық еттері сал болып
қалады. Сол кезде әртүрлі симптомдар туындайды: Белл симптомы,
Мийяр-Губер айқасушы симптомы т. Б.
Кіреберіс ұлу жүйкесі
■ Бұл нерв-бет нервінен бөлініп шыққан афферентті нерв. Есту және тепе-
теңдік мүшесінен келетін сомалық-сезімтал талшықтары бар. Ол
вестибулярлы және кохлеарлы деген екі бөліктен тұрады. Олардың
қызметі әртүрлі, кіреберіс бөлігі ішкі құлақ лабиринттің кіреберісі мен
жартылай шеңберлі түтіктерде жайғасқан статикалық аппараттың
импульстарын өткізедіде, ал ұлу дыбыс тітіркенулерін қабылдайтын
иірімді мүшеден есту импульстерін өткізеді.
Тіл-жұтқыншақ нерві
■
■
■
■
■
Тілжұтқыншақ нерві-бассүйек нервтерінің 9шы жұп нерві. Аралас нерв
болып табылады. Қызметі
Жұтқыншақты көтеретін бұлшықетті қозғалтқышты иннервациялайды;
Құлақмаңы безін иннервациялап, секрет бөлуіне қатысады;
Тілдің артқы 1/3 дәм сезуі.
Бұл нервтің сезімтал нерв талшықтарының зақымдануына байланысты
жұмсақ таңдай, жұтқыншақ сезіну қабілеті нашарлап, тағамның ащы
дәмін сезу қабілеті нашарлайды.
Кезбе жүйкесі
■
■
■
■
■
Кезбе нерві-төртінші және одан кейінгі келесі желбезек дрғаларынан дамыған, кең
таралғандықтан осылай аталады. Бұл бассүйек нервтерінің ішіндегі ең ұзыны.
Кезбе нерв тармақтары арқылы тыныс алу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір
бөлігін сигматәрізді тоқ ішекке дейін нервтендіреді, сонымен қатар ол жүрекке
оның соғуын баяулататын тармақтар береді. Оның құрамында 3 түрлі талшықтар
бар:
1.Сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға келетін афферентті талшықтар
2.Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай, көмейдің еріткі бұлшықеттеріне баратын
эфферентті талшықтар
3.Вегетативті ядродан шығатын эфферентті талшықтар.
Кезбе нервінің парасимпатикалық бөлігі өте үлкен. Сондықтан ол негізінде
вегетативті организмнің өмірлік қызметі үшін маңызды нерв болып саналады.
Қосымша нерв
■ Бұл нерв соңғы желбезек доғаларынан дамиды, эфферентті талшықтары
және сопақша ми мен жұлында жайғасқан екі қозғалыс ядросы бар.
Ядроларына сәйкес оның ми және жұлындық бөліктерін ажыратады. Ми
бөлігі сопақша мидың, кезбе нервтің төменгі жағында шығады. Қосымша
нерв жұлындық бөлігі алдыңғы және артқы түбіршектері арасында және
жоғарғы үш мойын нервтерінің алдыңғы түбіршектерінен құралып, нерв
сабаушысы түрінде жоғары көтеріліп, ми бөліміне қосылады. Қосымша
нерв кезбе нервтің бөлініп шыққан тармағы болғандықтан, ол онымен
бірге бассүйек қуысынан мойындырық тесігі арқылы шығады. Бұл нерв
сабағының бір жақты бұзылуына байланысты басты немесе мойынды
сау жағына қарай қимылдату немесе бұру қиындайды.
Тіласты жүйкесі
■ Тіласты нерві-жануарларда дербес болып тіласты бұлшықетін
нервтендіретін 3-4 жұмыс сегменттік нервтерінің қосылып бірігуінен
пайда болады. Одан тіл бұлшықеттерінің оқшаулануына сәйкес бұл
нервтер күрделі омыртқалылар мен адамда біріге-қосылып, жұлын
нервтерінен бассүйек нервтеріне ауыспалы тип ретінде түзіледі.
Бұлшықетті болып табылатын тіласты нервісінің тіл бұлшықеттеріне
баратын эфферентті және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын
афферентті талшықтар бар. Онда сондай-ақ жоғарғы мойын
симпатикалық түйінінен шығатын симпатикалық талшықтар да өтеді.
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |