12 сабақ: «Тоқырау» және «Қайта құру» кезеңіндегі Қазақстан (1960-1991 жж.). Тақырып:Қазақстан Қайта Құру кезеңінде



Дата05.12.2023
өлшемі15,59 Kb.
#134449
түріСабақ
Байланысты:
12 апта тарих


12 сабақ: «Тоқырау» және «Қайта құру» кезеңіндегі Қазақстан (1960-1991 жж.).
Тақырып:Қазақстан Қайта Құру кезеңінде


1985 жылы наурызда Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП Орталық комитетінің басшысы болып Горбачев сайланды.1985 жылы сәуірде КОКП Орталық Комитетінің пленумында әлеуметтік,экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес қайта құру бағыты жарияланды.Горбачев саясатының ұрандары:жариялылықты жеделдету,қайта құру бағыты болды.Қайта Құру ешқандай бағдарламасыз,ғылыми айқындамасыз жүргізілді.Алғашқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады.Бұған Ленинградта Романовты,Әзірбайжанда Әлиевті,Қазақстанда Қонаев сиякты басшыларды кінәлі деп шешті.Қоғамдағы жағдай күннен қиындады.1986-1988 жылдары кеңес қоғамын жаңартуға бағытталған реформаны енгізу әдісі жасырын басталды.Бірақ кейіннен ашылып ашық сипат алды.1986 жылы 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Пленумы болған.Онда Қонаев Орталық Комитетінің бірінші хатшылығынан алынып тасталды.Оның орнына Колбин тағайындалды.Сонымен тоталитарлық режимнің ғасырлар бойы келе жатқан дәстүрімен Қазақстанды кім басқару керек екендігі шешілді.Бірақ Республиканың ұлттық мүддесімен санаспағаны үшін бұл шешімге қарсылықтар болды.1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда азанда жастар бұл шешімге шарсы екендіктерін айтып көтеріліске яғни бейбіт шеруге шығады.Бұл екі күнге созылып,бұл тарихта “1986 жылғы Алматыда болған желтоқсан оқиғасы” деп аталды.Көтеріліске шыққандары үшін 900-дей адамды әкімшілік жазаға тартты,264 адам оқудан шығарылды,319 адам жұмыстан шығарылды.Горбачевтің жанарту әрекеті ешқандай нәтиже әкелмеді.Алматыда болған 1986 жылы 17-18 желтоқсандағы болған оқиғаға баға беру туралы комиссия құралды.Сотталған желтоқсаншылдардың істерін қайта қарастыруда қаралды.Нәтижесінде алғашқыда 32 адам босатылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет