|
12 Зертханалық жұмыс Жұмыс тақырыбы
|
бет | 1/3 | Дата | 10.02.2023 | өлшемі | 37 Kb. | | #66973 |
| Байланысты: 12-зертхана
№ 12 Зертханалық жұмыс
Жұмыс тақырыбы: Марганец және оның қосылыстары
1.Марганец (ІІ) гидроксиді және қасиеті
Екі пробиркаға 3-4 тамшы марганец (ІІ) тұзының ерітіндісін және 2-3 тамшы сілті ерітіндісін құямыз. Тұнба түсін анықтаймыз. Тұнбаны шыны таяқшамен араластырып бақылаймыз. Екінші пробиркадағы марганец гироксиді тұнбасына 2-3 тамшы 2Н күкір қышқылын құямыз. Не түзіледі? Қандай қосылыстар марганец гидроксидінің қасиетіне сапалық реакция болады?
2.Аз еритін марганец (ІІ) тұздарын алу
Ерітінділерден 3-4 тамшыдан аламыз: а) марганец хроматын, б) марганец карбонатын, в) марганец сульфидтерінің тұнбаларын алу қажет. Ол үшін калий хроматын, натрий карбонты және аммоний сульфитін марганец сульфаты ерітіндісімен әрекеттестіреміз. Тұнба түстерін бақылаймыз. Марганец сульфаты тұнбасын шыны таяқшамен араластырамыз. Тұнба түсінің өзгеруін байқаймыз. Әрбір пробиркаға 2-4 тамшы 2Н қышқыл ерітіндісін құямыз. Реакция теңдеуін жазамыз.
3.Марганец (ІІ) тұзының броммен тотығуы
Пробиркаға 2 тамшы марганец (ІІ) сульфатын және 3 тамшы 2Н күйдіргіш натрий ерітіндісін құямыз. Түзілген марганец (ІІ) гидроксиді тұнбасына 5-6 тамшы бромсуын қосамыз. Тұнба түзілуін және түсінің өзгеруін, марганец (ІV) қосылысының пайда болуын түсіндіреміз. Реакия теңдеуін жазамыз.
4.Калий перманганатының тотықсыздандырғыш қсиеті және рН ортасына әсері
Үш пробиркаға 3-4 тамшы калий перманганатын құямыз. Бірінші пробиркаға 2 тамшы 2Н күкірт қышқылын, екіншісіне 2тамшы су, ал үшіншісіне 3-4 тамшы 2Н сілті ерітіндісін құямыз. Үш пробиркаға да бірнеше натрий немесе калий сульфитінің кристалдарын қосамыз. Бірнеше уақыттан кейін ерітінділердің түстерінің өзгеруін бақылаймыз. Бұдан нені байқаймыз? Реакция теңдеуін жазамыз.
5.Марганец (ІІ) сульфатының калий перманганатымен тотығуы
Пробиркаға 3-4 тамшы калий перманганатының ерітіндісін және сол мөлшерде марганец сульфатының ерітіндісін құямыз. Күлгін түстің жойылуын және тұнба түзілуін бақылаймыз. Тұнба түсін бақылаймыз. Пробиркадағы ерітіндіні көк лакмус қағазымен ортасын анықтаймыз. Реакция теңдеуін жазамыз.
6.Калий перманганатының сутек пероксидімен тотығуы
Пробиркаға 3-4 тамшы калий перманганатын және 2-3 тамшы 2Н күкірт қышқылын құямыз. 10 пайыздық сутек пероксидін қосамыз. Қандай газ бөлінеді? Реакция теңдеуін жазамыз?
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|