14 Дәріс Дәріс тақырыбы: Мен зерттеушімін



Дата19.12.2022
өлшемі14,6 Kb.
#58185
Байланысты:
Лекция-1663239472479


14 Дәріс


Дәріс тақырыбы: Мен - зерттеушімін
«Жаратылыстану» пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны
«Мен зерттеушімін»: қоршаған орта құбылыстарын бақылау; бақылау
кезеңдері; эксперимент.

«Жаратылыстану» оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны


«Мен зерттеушімін»: қоршаған орта, құбылыстар, процестер, нысандар, зерттеушінің жеке тұлғалық қасиеттері, бақылау – ғылыми таным әдісі, бақылаудың белгілері: мақсаты, нысаны, жоспары, мерзімі, нәтижесі; бақылау нәтижесін шартты белгілер арқылы тіркеу, бақылау жүргізу жоспары, қорытынды жасау, эксперименттің белгілері: мақсаты, болжам, ресурстары, жоспары, мерзімі, нәтижесі; эксперимент жүргізу және нәтижесін кестеге тіркеу, ақпарат көздері.

«Жаратылыстану» пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны


«Мен зерттеушімін»: ғылыми жаңалықтар және олардың күнделікті өмірге әсері, ақпарат көздерінің түрлері, ақпарат көздерінің артықшылығы мен кемшілігі, экспериментті жоспарлау және жүргізу, эксперимент нәтижесін диаграмма түрінде белгілеу, қорытынды жасау.

«Жаратылыстану» пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны


«Мен зерттеушімін»: зерттеудің өз пайымдауы негізінде анықталған өзекті бағыты, зерттеу әдісін таңдау, бақылау мен эксперименттің артықшылығы мен кемшілігі, нәтижені білім алушы таңдауы бойынша көрсету.



Пән: Жаратылыстану
Сынып: 2
Күні: 
Сабақтың тақырыбы: 
Мен зерттеушімін

Мектеп: 
Мұғалімнің аты-жөні: 
Қатысқандар:
Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді оқу мақсаты

2.1.1.1 қоршаған әлем құбылыстары, үрдістері мен нысандарын зерделеуге қажетті жағдайларды және зерттеушінің тұлғалық қасиеттерін анықтау;
2.1.2.1 «ақпарат көзі» ұғымын және оның зерттеу жүргізудегі маңызын түсіндіру;
2.1.2.6 эксперименттің басты белгілерін анықтау (мақсат, болжам, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже)

Сабақтың мақсаттар

1. Зерттеушінің тұлғалық рөлін анықтайды;
2. Ақпарат көздері туралы айтады;
2.Экспериментке қажетті ресурс түрлерін үйренеді;



Бағалау критерилері

1.Тәжірибенің негізгі белгілерін (мақсат, гипотеза, ресурстар, жоспар, мерзім, нәтиже) анықтайды;
2.Ақпарат көзінің маңыздылығын түсіндіреді;
2.Экспериментке қажетті ресурс түрлерін ажыратады;

Сөздік қор

Гипотеза, ресурстар, тәжірибе,эксперимент

Құндылықтарды дарыту

Еңбекке және шығармашылық баулу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, математика.

АКТ қолдану дағдысы

Интерактивті тақта, видеоролик.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 1-сынып бағдарламасынан адамзат ашқан жаңалықтар үшін қоршаған ортаны бақылау маңыздылығын біледі.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет