17 билет Жиынтық дайындау әдістері. Жылу процесі. Жылу беру



Дата12.05.2023
өлшемі14,7 Kb.
#92326

17 билет
1.Жиынтық дайындау әдістері.


2.Жылу процесі. Жылу беру.
Жылулық процестер деп жылуды беру немесе алу шарттарында жүретін процестерді атайды. Фармацевтикалық технологияда әр түрлі жылулық процестер: қыздыру, салқындату, конденсация, буландыру, кептіру қолданылады.
Жылу температурасы жоғарырақ ортадан температурасы төменірек ортаға берілуі мүмкін. Температуралардың осы айырмашылығы жылуберу процесінің қозғаушы күші болып табылады және температуралық күш деп аталады.
Жылудың өту әр түрлі жолдармен: жылуөткізгіштікпен, конвекциямен және сәулеленумен таралуы мүмкін.
Жылуөткізгіштік – жылуалмасудың бір түрі, өзара жанасқан денелердің бөлшектері арасында жүреді.
Конвекция – газдар немесе сұйықтардың макроскопиялық көлемдерінің араласуы және қозғалысы нәтижесінде жылу алмасу. Конвекция белгілі бір орындарда болады, мысалы, жылуды сұйық құбырының қабырғасынан, оның ішінде беру кезінде.
Сәулелену (сәул шығару) Кельвин шкаласы бойынша нөлден жоғары температураға ие барлық денелерге тән.
Фармацевтикалық технологияда жылутасымалдағыштар қолданылады – жылудың аралық көздері.
Жылутасымалдағыш ретінде су буы, ыстық су, минералды майлар қолданылады. Бу жылутасымалдағыш ретінде келесі параметрлермен сипатталады: температура, қысым, энтльпия.
Жылутасымалдағыш ретінде бу келесі қасиеттарге ие:
қолжетімді жылутасымалдағыш;
өртке қатысты қауіпсіздігі;
уытты емес;
жылуберу коэффициенті жоғары (1 кг бу конденсация кезінде 540ккал жылу бөледі);
температураны реттеу мүмкіндігі;
булар құбырлар арқылы өз қысымының есебінен жеңіл тасымалданады;
қыздырудың біркелкілігін қамтамасыз етеді.
Су буымен қыздыру екі әдіспен жүзеге асуы мүмкін: «өткір» бумен және «әлсіз» бумен.
Жылуалмасырғыш аппараттарға жылутасымалдағыш жылуды қыздырылатын нысанға – сұйыққа, газға, қатты затқа және т.б. беретін құрылғылар жатады.


Жылыту үшін әр түрлі құрылымды жылуалмасырғыштар қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет