1,Автокөлік радиусы 50м айналма жолмен 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Автокөліктің центрге тартқыш үдеуін табыңдар



Дата18.12.2023
өлшемі16,05 Kb.
#140567
Байланысты:
Физика айнымалы қ


1,Автокөлік радиусы 50м айналма жолмен 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Автокөліктің центрге тартқыш үдеуін табыңдар.
2. Егер радиусы 0,3 м доңғалағы 1с ішінде 10 айналым жасаса, оның қозғалыс жылдамдығы қандай?
3. Станциядан қозғалған поездың үдеуі 1м/ . Осындай үдеумен поезд 10 секунд ішінде қандай жол жүреді?
4. Бірқалыпты үдемелі қозғалған автомобильдің 5 с ішінде 10м/с-тан 15м/с –қа артты. Автомобильдің үдеуі қандай?
5. Дене 4 секунд ішінде 8 айналым жасайды. Период мен жиілігі неге тең?
6. Дене 1 мин ішінде 150 айналым жасайды. Период мен жиілігі неге тең?
7. Ай Жерді 384000 км шеңбер бойымен 1020 м/с жылдамдықпен айналады. Айдың центрге тартқыш үдеуі қандай?
8. Доп жоғары қарай 20 м/с жылдамдықпен лақтырылған. Ол жер бетімен 2 с уақытта қандай қашықтықта болады?
9. Дененің айналу периодын 10 с-қа тең деп алып, оның 10 с ішіндегі бұрыштық жылдамдығын, жүрген жолын тап.
10. Радиусы 0,5 м болатын дөңгелек 20 м/с жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің бұрыштық жылдамдығы қанша?
11. Жіпке ілінген жүктің айналу периоды 2 с. Егер жүк радиусы 40 см шеңбер бойымен айналса оның сызықтық жылдамдығы қандай.
12. 0,4 м/с жылдамдықпен жүкті көтергендегі диаметрі 16 см барабан білігінің айналу жиілігі қандай.
13. Радиусы 0,5 м 10 Гц жиілікпен қозғалған дененің сызықтық жылдамдығы қандай.
14. 8 бұрыштық жылдамдықпен айналған маховиктің 1000 айналымды жасайтын уақыты.
15. Дене бірқалыпты шеңбер бойымен 2 с қозғалып 5 м жол жүреді. Айналым периоды 5 с болса, центрге тартқыш үдеу қандай.
16. Диаметрі 15 м цирк аренасын мотоциклші тұрақты жылдамдықпен 15 мин жүріп өтеді. Мотоциклшінің центрге тартқыш үдеуі қандай.
17. Дене 4 мин-та 60 тербеліс жасайды. Тербеліс периоды мен жиілігі.
18. Жіпке ілінген жүктің айналу периоды 6 с. Егер жүк радиусы 80 см шеңбер бойымен айналса оның сызықтық жылдамдығы қандай.
19. Бір секундта 25 айналым жасайтын дөңгелектің бұрыштық жылдамдығын табыңдар.
20. 5 с та 25 айналым жасайтын дөңгелектің айналым периодын тап.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет