1.Қазақстан жоғары оқу орны алдында қандай ауқымды міндеттер тұр?



Дата31.10.2023
өлшемі22,05 Kb.
#121212

Тапсырма 1
1.Қазақстан жоғары оқу орны алдында қандай ауқымды міндеттер тұр?

2010 жылдың наурызында Қазақстан ресми түрде Болон декларациясына қосылып, Еуропалық білім беру кеңістігінің 47-ші мүшесі және Еуропалық білім беру кеңістігінің толық мүшесі болып танылған бірінші Орта Азия мемлекеті болды.


Болон декларациясына қол қойылуына байланысты, ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, 2011 ж. басында Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарында, студенттер мен оқытушылар мобильділігін, білім сапасын жақсарту мақсатында, ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System) негізделген оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді.
Бір қазақстандық академиялық кредиттің еңбек сыйымдылығы (30 академиялық сағат) 1 ECTS кредитіне сәйкес келеді (25-30 академиялық сағат). ECTS жүйесі бойынша кредиттерді қайта есептеу коэффициенттері білім деңгейіне және оқу түріне (теориялық, зертханалық, студиялық және т.б.) байланысты өзгереді. Профессор-оқытушылар құрамының жүктемесін жоспарлау академиялық сағаттармен және кредиттермен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру құрылымы «Білім туралы» Заңмен (27.07.2007) реттеледі. 2010 жылы Болон декларациясына қол қоюмен Қазақстанда «бакалавр-магистр-доктор PHD» жоғары деңгейлі білім беру жүйесі енгізілуде. Бұл құрылым өзінің заңды растамасын «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тапты:
1) Жоғары базалық білім - бакалавриат бағдарламасы - оқу мерзімі 4 жыл;
2) Жоғары оқу орнынан кейінгі білім, оның ішінде оқытудың ғылыми-педагогикалық бағыты - магистратура - мамандандырылған магистратурада оқу ұзақтығы - 1 жыл, ғылыми-педагогикалық - 2 жыл;
3) Философия докторларын (PhD), бейіні бойынша докторларды даярлау бағдарламасы – докторантура – магистратура бағдарламаларын аяқтағаннан кейін. Оқу ұзақтығы-кем дегенде 3 жыл немесе одан көп.
Болон декларациясына сәйкес сынақ бірліктері немесе кредиттер жүйесін енгізу білім беру бағдарламаларын тануды қамтамасыз етеді. Оқытудың кредиттік технологиясын енгізу ұлттық білім беру бағдарламаларын халықаралық деңгейде тануға, студенттер мен оқытушылардың ұтқырлығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің барлық деңгейлері мен сатыларының сабақтастығын қамтамасыз етуге елеулі үлес болып табылады. Демек, еліміздің барлық жоғары оқу орындары ECTS типі бойынша әзірленген кредиттерді қайта есептеудің қазақстандық моделін пайдаланады (ECTS туралы біздің парақшамызға сілтеме). ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System / Еуропалық сынақ бірліктерін аудару жүйесі) - білім беру бағдарламасын немесе жеке курсты меңгеру кезінде студенттің оқу жүктемесін өлшеудің әмбебап жүйесі.

2. Жоғары оқу орны саясатының кредосы нені айқындайды?


Білім берудің маңыздылығы сөз болған уақытта ең алдымен білімнің сапасы жайында қазіргі уақыттың өзінде ұстаздар, студенттер, жалпы оқу ағарту ісіне қатысы бар адамдардың арасында кеңінен пікір-таластар ұйымдастырылып, ғылыми-теориялық болжамдар көптеп айтылуда. «Білім беруді Қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымынан, мәдени құндылықтарынан, ұлттық дәстүр, рухани негізден бөле жара қарауға болмайды. Сонымен қатар онда ғылым мен техниканың, педагогиканың соңғы жаңалықтары да барынша ескерілуі тиіс. Бұл ретте еліміздің блім беру жүйесінің реформаланып, заман талабына сай өзгеруі-заңды құбылыс. Өйткені халыққа білім беру, ешуақытта қоғамдағы жағдайдан, мемлекеттің саясатынан тыс дамыған, қайта жаңа қоғам құрып, мемлекетті дамытуда білім берудің орны ерекшеленіп, оған жақсы мән беріліп отырған. «Білім жүйесіне уақыт талабына сай өзгерістер енгізу-қоғам өміріндегі аса маңызды міндеттердің бірі. Қазіргі кезеңде республикада іске асырылып жатқан білім реформасы оның ұйымдық-экономикалық компонеттерін түбегейлі өзгертуге бағытталған.
3. Жоғары оқу орнының басшыларының атқаратын қызмет-терінің міндеттерін атаңыз
Жоғары оқу орны тәрбие жұмысы, кадрларды алу және орналастыру, ғылыми, қаржы-шаруашылық және басқа iс-әрекеттердi, Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген шекте, өз бетiнше жүзеге асыра алады. 13. Қазақстан Республикасының азаматтары конкурстық негiзде, мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына сәйкес, мемлекеттiк жалпы мiндеттi стандарт шегiнде мемлекеттiк аттестациядан өткен мемлекеттiк жоғары оқу орындарында және мемлекеттiк емес жоғары оқу орындарында, егер азамат осы деңгейдегi бiлiмдi алғаш рет алып отырса, тегiн жоғары кәсiптiк және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм алуға құқығы бар.
4. Жоғары оқу орны басшылары қандай нормативті құжаттарды білуі керек?
Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде ЖЖОКБҰ-ның студенттері қатарына қабылданады. Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төленуі тиіс соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап 4 (төрт) аптадан асырылмай ұзартылады. 40. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалдык куәландырылған аудармасы болуы тиіс. 
5. Жоғары оқу орнының басшысының біліктілігіне қойылатын талаптарды атаңыз
Жоғары, педагогикалық қайта даярлау туралы мәліметтер, мамандығы, диплом бойынша біліктілігі, білім беру ұйымы, бітірген жылы (Ұйымның атауы, Өндіріс, оқу кезеңі, тағылымдама), маман сертификаты. Негізгі жұмыс орны (ұйымның мекенжайы, лауазымы, өтілі). Оқытылатын пәндер бейіні бойынша практикалық жұмыс туралы мәліметтер, өтілі.

6. Жоғары оқу орнының басыңқы ұстанымын атаңыз


Ректор, мемлекеттiк жоғары оқу орны филиалының басшысы, проректор, факультет деканы және кафедра меңгерушiсi қызметтерiн 65 жасқа дейiнгi адамдар атқарады. Көрсетiлген жастан асқан басшы қызметкерлер бiлiктiлiгiне сай келiсiм бойынша оқу, ғылыми және басқа қызметке ауыстырылады немесе белгiленген тәртiп бойынша зейнетке шығады

Тапсырма №2 Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің басқару жүйесін сипаттаңыз.


Жауап: объективтілі, ашықтық, жүйелілік принципті жоғары оқу орыны.
Тапсырма №3 Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесіндегі кез – келген мәселені (проблеманы, шиеліністер) мысалға алып, оның шешу жолдарын анықтаңыз.
Жауап: Жоғары оқу орындарында оқып жатқан мамандыққа дым қатысы жоқ пәндерді алып тастап, орнына мамандығымен тығыз байланысты тәжірибелік (практикалық) сабақтарды қосса.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет