№ 2 апта
Тақырыбы: Тыныс алу жолдарындағы бұлшықеттер,көмекей, жұтқыншақ және ауыз қуысының өзара байланысы.
Тыныс мүшелері жануарлар организімінде газ алмасу қызметін атқарады. Мұнымен қатар тыныс алу жүйесінде иіс сезу, дыбыс мүшелері де орналасады.
Қызметіне қарай тыныс аппараттары тыныс жолдары және газ алмасу мүшесі болып екіге бөлінеді. Тыныс жолдарына мұрын, аңқа (жұтқыншақтың ауа жүретін бөлігі), көмекей, кеңірдек, бронхтар жатады. Газ алмасу қызметін өкпе атқарады.
Мұрын
Мұрын - тыныс жолдарының басталар алдыңғы бөлімі. Мұрын қуысында ауа жылынады, су буымен дымдалады, құрамындағы шаң тозаңнан тазаланады және иіс сезу мүшесінің қатысуымен ауа құрамындағы заттардың иістері анықталады. Кейбір жануарларда мұрын дыбыс шығаруға да қатысады.
Мұрын ішкі жағынан мұрын пердесі арқылы екі мұрын қуысына бөлінеді. Мұрын қуыстарының кіреберіс тесіктері және жұтқыншаққа шығаберіс тесіктері- хоандар болады.
Мұрын қуысы ішкі бетінің тек алдыңғы жағы ғана тері тектес кілегейлі қабықпен қапталған. Бұл аумақ мұрындық кіреберіс деп аталады. Ал мұрын қуысы ішкі бетінің қалған бөлігін өзіндік мұрындық қуыс дейді. Мұрын қуысының әрбір бөлігі бүйір қабырғасындағы дорсальдік және вентральдік мұрындық кеуілжірлермен төрт өтіске бөлінеді. Олар: дорзальдік, ортаңғы және вентральді мұрындық өтістер.
Көмекей
Көмекей - ол тыныс алуға керекті ауаны өткізетін тыныс жолдарына жатады. Бұнымен қатар көмекей азықты жұту кезінде тыныс жолын азық жолынан бөледі. Оның жануарлардағы негізігі қызметтерінің бірі дыбыс шығару болып табылады.
Көмекейдің ортаңғы қабығының негізін бір-бірімен қозғалмалы байланысқан 5 шеміршек түзеді, олар сақиналық, қалқанша, жұп ожауша және бөбешектік.
Шеміршектер
Шеміршектер бір-бірімен буындар арқылы қозғалмалы байланысады. Олар тіластылық сүйектің үлкен мүйіздерімен және бөбешікпен қосымша байламдар арқылы жалғасады.
Өкпе - пішіні кесілген конус тәріздес тыныс алу жүйесінің негізгі мүшесі. Құрылысы жағынан түтікшелі-көпіршікті, қомақты паренхиматозды мүше. Өкпе тыныс алу жолдарынан және газ алмасу бөлімінен тұрады. Тыныс алу жолдарын бронхиальдік тарам деп атайды.
Бөлімаралық сай арқылы өкпе краниальдік және каудальдік бөліктерге бөлінеді. Краниальдік бөлік жылқы мен түйеден басқа жануарларда өз кезегінде екі бөлікке бөлінеді. Сол өкпеде краниальдік , ортаңғы және каудальдік үш бөлік, ал оң өкпеде төртінші қосымша бөлік болады. Негізгі бронхтан бастап, бронхиолаларға дейін тарамдалуын – бронхиальдық тарам деп атайды. Бронхиолалар өкпенің газалмасу бөлімін түзетін өкпе бөлікшелеріне енеді. Өкпе бөлікшелері көпіршіктер жүйесі- альвеолярлық тарамдардан түзілген. Өкпе бөлікшесі ішінде альвеолярлық бронхиола 20-30 қысқа альвеолярлық өтістерге, олар өз кезектерінде бірнеше альвеолярлық қапшықтарға бөлінеді. Қапшықтардың қабырғалары ұсақ көпіршіктерден альвеолалардан тұрады.Аталған брохтар мен альвеолярлық тарамдар өкпенің паренхимасын түзеді.
Негізгі бронх құрылысы жағынан кеңірдекке ұқсас болып келеді. Бірақ айырмашылықтары байқалады. Үлкен брохтың кілегейлі қабығында өттік қабат жақсы дамып, шеміршек сақиналар ұқсас шеміршек пластинкаларға айналады. Ортыңғы бронхтардың кілегейлі қабығы қатпарланып тұрады. Кілегейастылық қабатта сөл бөлетін бездерді көруге болады.
Кіші бронхтардың кілегейлі қабығында бездер болмайды. Бірақ еттік қабат жақсы жетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |