2. Шығармашылық тапсырма Тақырып: Грамматикалық тәсілдер. Аффиксация және ішкі флекция тәсілі



Дата03.12.2023
өлшемі14,88 Kb.
#132868
түріЛекция
Байланысты:
12 билет толық last version


12. Шығармашылық тапсырма
Тақырып: Грамматикалық тәсілдер.
1) Аффиксация және ішкі флекция тәсілі.
1.Аффиксация тәсілі – түбірге немесе негізге аффикстер жалғану арқылы грамматикалық мағынаның берілуі. Сөзге әртүрлі аффиксациялардың жалғануы арқылы оның түрлі-түрлі формалары жасалады. Сөздердің синтетикалық формаларының аффиксация тәсілі арқылы жасалуы көптеген тілдерге тән және ол жиі ұшырасады. Мысалы, қазақ тілінде: етікшілер, етікшілерге, етікшілердің, етікшілері, етікшілеріміз, орыс тілінде: стол-столы, ағылшын тілінде: table-tables Сөздердің синтетикалық формаларының жасалудың афиксация жолы тіл-тілде суффиксация және префиксация түрінде көрінеді, ал түркі тілдерінде мұның бір-ақ түрі-суффиксация түрі қолданылады.
2.Ішкі флекция тәсілі – түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі. Дыбыстың алмасуы (ішкі флексия) арқылы жасалады. Сөздің синтетикалық формалары дыбыстардың алмасуы немесе ішкі флексия тәсілі арқылы да жасалады. Мысалы, ағылшын тілінде man зат есімнің жекеше түрін («ер», «еркек») білдірсе, оның ішкі флексия арқылы өзгерген түрі men («ерлер», «еркектер») зат есімінің көпше түрін білдіреді. Сөздің синтетикалық формалары ішкі флексия тәсілі мен аффиксация тәсілінің екеуінің бірдей қатысуы арқылы да жасалуы мүмкін. Мысалы, неміс тілінде Gast «қонақ» дегенді білдірсе, аффиксация тәсілі мен ішкі флексия тәсілі арқылы жасалған формасы Gaste «қонақтар» дегенді білдіреді.
2) Қосарлану және бірігу тәсілі.
Қосарлану тәсілі – екі сөздің бір-біріне қосақталып, біртұтас мағыналы сөз жасайтын тәсілі. Бұндай сөздер қазіргі тілімізде қос сөздер деп аталады. Қосарлау арқылы қос сөз жасау үшін оның сыңарларының екеуі де бір сөз табынан болуы міндетті шарт (ата-ана, аяқ-табақ, жақсы-жаман, айтып-айтпай т.б.). Мұндай сөздердің сыңарлары мағыналас сөздерден де бола береді (сауыт-сайман, үлгі-өнеге, өсек-аяң т.б.).
Лексико-синтаксистік жол, немесе бірігу дегеніміз - сөзжасамның тәсілі, онда туынды сөз сөздердің тұтас тіркесімін бір сөзге біріктіру нәтижесінде жасалады. Қоштасу әдісімен жасалған күрделі сөздерді негізді және бүкіл сөзді қосу арқылы жасалған сөздерден ажырату керек.
3) Көмекші сөздер және сөздердің орын тәртібі тәсілдері.
Көмекші сөздер — Лексикалық мағынадан айырылып, грамматикалық қызметке ауысқан, сөйлемде жеке қолданылмай, толық мағыналы сөздерге тіркесіп, түрлі грамматикалық мағыналар үстейтін сөздер. Мыс., ең әдемі, көре алады, барса екен, айтуы керек, т.б. Көмекші сөздер көмекші есімдер, көмекші етістіктер, шылаулар, модаль сөздер болып бірнеше түрге бөлінеді.
Сөздердің орын тәртібі орыс. порядок слов — сөйлем мүшелерінің сөйлемде орналасу реті. Қазақ тіліндегі Сөздердің орын тәртібі типологиялық тұрғыда оның жалғамалы құрылымдық көрсеткіштерінің бірі. Сөздердің орын тәртібінің сөйлемнің жасалуында зор мәні бар. Оның тұрақты және жылжымалы типтері бар. Мысалы: орын тәртібі тұрақты болатындарға жалғаусыз қабыса байланысатың сөйлем мүшелерін, орын тәртібі жылжымалы болатындарға жалғаулар арқылы қиыса, менгеріле байланысатын сөйлем мүшелерін жатқызуға болады. Сөздердің орын тәртібі синтаксистік байланыстардың басты түрінің бірі ретінде сөйлемдегі сөздердің қызметін анықтауға мүмкіндік береді. Жалпы ереже бойынша баяндауыш сөйлемнің соңында, бастауыш одан бұрын, анықтауыш анықтайтын сөзінен, толықтауыш пен пысықтауыш өздері қатысты сөздерден бұрын тұрады. Сөздердің стильдік қызметіне байланысты сөйлем мүшелерінің қалыпты орнынан жылжып отыруы заңды құбылыс болып табылады.
4) Екпін мен интонация тәсілдері.
Екпін-сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы. Қазақ тіліндегі екпін сөз мағынасын айқындап,саралап,дәлдеп тұрады және екпін тұрақты,сөздің көбіне соңғы буындарымен байланысты болады. Сөзге қосымша жалғанғанда,екпін қосымшаға, яғни соңғы буынға ауысып отырады. Қазақ тілінде екпіннің екі түрі бар: бірі – негізгі, екіншісі – көмекші екпін деп аталады.
Негізгі екпін сөздің соңғы буынына түссе, көмекші екпін қосымшалы сөздің түбірінің ең соңғы буынына түседі. Мысалы: шеге, кереге, орақ, балға, балта сөздеріне қосымшаларды жалғағанда шегелер, керегелер,орақшылар,балташылар дегендерде негізгі екпін соңғы буынға көшеді де,түбірдегі екпіннің орны көмекшілік қызметті атқарады. Екпіндер іштей төрт түрге бөлінеді:
Дыбыс екпіні. Ой екпіні. Сөз екпіні. Тіркес екпіні
2.Интонация– сөйлемдерді, олардың бөлшектерін сазына келтіріп сөйлеудің ырғақты әуені. Интонация — сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі. Интонация — төмендегідей компоненттердің бірлігінен тұратын күрделі құбылыс:
Мелодия. Ритм. Темп. Қарқындылық. Тембр
Фразадағы сөздер мен сөз тіркестерін бөліп айтуға қызмет ететін логикалық және тіркес екпіні.
Интонация — ауызша сөйлеудің маңызды элементі, ол жазуда тыныс белгілерімен және арнайы графикалыкамалдармен (мәтінді абзацтарға бөлу т. б.) беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет