Пән: «Шұғыл көмек көрсетудегі қауіпсіздік пен сапа» Мамандық: 030100 0 - «Емдеу ісі»
№ 2 Тақырып: Стерилизация
Тәжірибелік дағдылар Берілген дағдыларды оқып жаттығып қайталаймыз I кезең. Медицинада тағайындалған бұйымдарды зарарсыздандыру Мақсаты: жұкпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Дайындаңыз:зарарсыздандыру ерітіндісін: 2-ыдысты (1-2 л көлеміндегі эмальді кастрюльді) қақпағымен, белгісіне және зарарсыздандыру ерітіндісіне сәйкес; №1-ыдыс зарарсыздандыру ертіндісімен құралдарды қаннан және басқа да биологиялық сұйықтыктардан жууға тағайындалған; №2-ыдыс зарарсыздандыру ерітіндісімен медицинада заттарды зарарсыздан-дыруға тағайындалған; бирканы (таңбаны); арнайы киімді (халат, маска, қолғап); пайдаланған медицинада тағайындалған заттар; лотоктар.
Іс-әрекет алгоритмі:
арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап;
2 ыдысқа зарарсыздандыру ерітіндісін даярлаңыз;
ыдыстар мен қақпақ белгіленеді: заттын аты, оның қоюлығы, күні, даярлау сағаты, мейірбикенің қолы;
1-ші ыдыста
пайдаланғаннан кейін медицинада тағайындалған құралдардын ішкі каналын зарарсыздандыру ерітіндісімен толтырыңыз;