2023 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 150 млн т, ал табиғи газ 60-70 млрд шаршы метр деңгейіне жетіп отыр



бет1/2
Дата20.12.2023
өлшемі68 Kb.
#141760
  1   2

Газ саласы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуында маңызды орын иеленіп отыр. Сонымен бірге еліміз газды жылдан жылға көбірек тұтынуда. Бірақ, газ өндіру қарқыны оған сай емес. Өнеркәсіп өндірістерін газға көшіретін жаңа жобалар іске қосылуда. Көгілдір отын жағатын тұрғындар саны көбейіп келеді. Сондықтан газға деген сұраныс арта түседі. Осы сұранысқа сай әрдайым ұсыныс болуға тиіс.
Тәуелсіздік жылдары көмірсутегі шикізатының негізгі көздері мұнай кен орындарына тиесілі болды. Газ кен орындарын барлап, игеруде, соның ішінде, Каспий активтері бойынша іс жүзінде алға жылжу жоқ. Сондықтан газдың ресурстық базасын геологиялық барлау жұмыстары арқылы кеңейту.
Бүгінде Қазақстанның мұнай жəне газ саласы жоғары инвестициялық тартымдылығымен қатар белсенді өсу кезеңінде. Басты жағымды факторлардың бірі болып жаһандық мұнай-газ нарығының даму динамикасының қолайлылығы танылады жəне Қазақстан көмірсутек шикізаты бойынша əлемдік қордың 3,3 %-ын иеленіп отыр.
Қазақстан экономикасында мұнай-газ саласы басты орынды иемденіп, елдегі жобалық менеджменттің ілгері жылжуына тікелей əсер етеді. Экономиканың аталмыш секторында мемлекеттік жəне халықаралық мəні бар көптеген ірі жобалар жүзеге асуда. Бұл жобалар мұнай кен орындарын ашу бағытымен қатар күрделі жиынтықтардың жобалануы, кəсіпорын мен оның бөлімшелерінің қызметін автоматтандыру жобалары секілді көптүрлілігімен айрықшаланады.
Жоспарлау, жобалау, міндеттерді бөлу – осы барлық терминдер мұнайшылардың сөздік қорында нық орналасып, «өндіру», «баррель», «бұрғылау» сияқты сөздермен қатар жүреді. Жоспарлау жəне сапаны бақылау компанияларға шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді, ал бағдарламалық жабдықтаудың артуымен бұл үнем деңгейі де көбейе түседі.
2023 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 150 млн. т, ал табиғи газ 60-70 млрд. шаршы метр деңгейіне жетіп отыр.
Алайда халықаралық сертификаттың болмауы қазақстандық компаниялардың тендерге қатынасуына шектеу қоюға себеп кер болады. Қазақстандағы мемлекеттік стандарт тардың шетелдік баламаларына қарағанда əлдеқайда қатал жəне барлық отандық ұйымдарға міндетті екендігі ескерілмейді. Қазақстан ұлттық сарапта- ма жəне серфикаттау орталығы отандық ұйымдарға қазақстандық сертификатты беруге құқылы, жəне белгілі мемлекеттік қолдаулар мен сəйкес заңнамалардың бекітілуіне қарай қазақстандық құжат республика территориясындағы тендерге қатынасу шартына жарамды бола алады.
Отандық мұнай жəне газ құрылысы жобалары Қазақстандағы басқа салалардың күшеюіне немесе баяу қызмет жасауына себеп болып есептеледі. Сондықтан бұл сектордың барлық элементіне отандық ғылыми техникалық өңдеулерді, жобалауды енгізуден бастап күрделі құрылыстық монтаждық орындаулар, жұмыс күшін тиімді пайланып оны оқыту жобаларына дейін шетел тəжірибелерін қолдана отырып жүйені жақсарту қажет.
Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023 – 2030 жылдарға арналған бас схемасы
1-бөлiм. Кіріспе
1. Қазақстан Республикасын газдандырудың 2023 – 2030 жылдарға арналған бас схемасы (бұдан әрі – Бас схема) Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығының стратегиялық бағыттарын көздейтін кешенді құжат болып табылады.
2. "Газ және газбен жабдықтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес елді одан әрі газдандыру мынадай негізгі міндеттерге:
1) Қазақстан Республикасының барлық өңірлерін газбен жабдықтау перспективаларын ескере отырып, жаңа аумақтарды газдандырумен қамтып және ішкі нарыққа газ жеткізудің сенімділігін қамтамасыз етіп, Қазақстан Республикасын газдандыруды одан әрі дамытуға;
2) газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің жалғастырушы өткелдері бар газдандыру жүйелерінің жұмыс істеп тұрған объектілерін жаңғыртуға және жаңа объектілерін салуға;
Жоғарыда аталған міндеттерді шешу Қазақстан Республикасының экономикалық даму қарқынын ескере отырып, ұзақ мерзімді перспективаға тиімді басқарушылық шешімдер қабылдауды талап етеді.
3. Газ саласын дамыту бойынша соңғы жылдары қабылданған іс-шаралар газ тасымалдау компанияларының салыстырмалы түрде қаржылық орнықтылығына, жұмыс көлемін ұлғайтуға әрі магистральдық және жергілікті газ құбыры жүйелерін техникалық реконструкциялауға қол жеткізуге мүмкіндік туғызды, бұл газды ішкі тұтынудың өсуіне әсер етті.
таза отын ретінде газдың меншікті ресурстары есебінен газбен жабдықтауға қажеттілікті неғұрлым толық қамтамасыз ету үшін бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құру арқылы халықты газбен қамтуды ұлғайту.
Бас схеманың негізгі міндеттері:
1) елдің бірыңғай газ тасымалдау жүйесін құру және өңірлерде өсіп келе жатқан қажеттілікті жабу үшін елді газдандыруды дамытудың басым бағыттарын және жаңа магистральдық газ құбырларын салудың перспективалы жобаларын қалыптастыру;
3) Қазақстанның отын-энергетикалық теңгерімі құрылымында газ тұтыну үлесін ұлғайту үшін жағдайлар жасау;
4) елдің табиғи газдағы ұзақ мерзімді теңгерімін қалыптастыру үшін құрамында газы бар жаңа кен орындарын игеру және пайдалануға беру мақсатында мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеу;
кен орындарының жұмыс істеп тұрғандарында газ өндіруді ұлғайту және жаңаларын тарту арқылы тауарлық газ өндіруді 2022 жылғы жылына 27,8 млрд м3 деңгейінен 2030 жылға қарай жылына 42,1 млрд м3 дейін өсіре отырып, тауарлық газ ресурстарын ұлғайтуды көздейді.
кен орындарының жұмыс істеп тұрғандарында газ өндіруді ұлғайту және жаңаларын тарту арқылы тауарлық газ өндіруді 2022 жылғы жылына 27,8 млрд м3 деңгейінен 2030 жылға қарай жылына 42,1 млрд м3 дейін өсіре отырып, тауарлық газ ресурстарын ұлғайтуды көздейді. Барлық барланған газ қорларының 95 %-дан астамы Қазақстанның батыс өңірлерінде, бұл ретте 85 %-дан астамы – ірі мұнай-газ (Теңіз, Қашаған, Королев, Жаңажол) және мұнай-газ конденсаты (Қарашығанақ, Имашев) кен орындарында шоғырланған. Бұл ретте аса ірі кен орындарының қорлары, атап айтқанда, мына: Қашаған (1 353 млрд м3), Қарашығанақ (741 млрд м3), Теңіз (510 млрд м3) кен орындары бойынша шоғырланған.
Елде төрт ірі газ өңдеу зауыты және бірнеше шағын зауыттар бар, сондай-ақ Қарашығанақ кен орнының газын елден тыс жерде – Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытында өңдеу жөніндегі маңызды уағдаластық қолданылады. Негізгі төрт зауытқа Маңғыстау облысында "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – "Қазмұнайгаз" АҚ" АҚ) тиесілі ескі Қазақ газ өңдеу зауыты, Теңіз газ өңдеу зауыты (Атырау облысында қуаты жылына 8,8 млрд м3), Жаңажол газ өңдеу зауыты (Ақтөбе облысында қуаты жылына 7,5 млрд м3) және "Болашақ" газ өңдеу зауыты (Атырау облысында қуаты жылына 4,4 млрд м3) жатады.
Қашаған жобасының ("Болашақ" мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының) қайта өңдеу қуаттарының пайдалануға берілуін ескере отырып, төрт газ өңдеу зауытының ағымдағы қайта өңдеу қуаты жылына 23,8 млрд м3 құрайды. Ресейдегі Орынбор газ өңдеу зауытында бар қуаттармен бірге бұл шамамен он жыл ішінде күтілетін елдегі коммерциялық газ өндіру көлемінің негізгі бөлігін өңдеу үшін жеткілікті болып көрінеді.
24. Сондай-ақ мұнай-газ өндіруші компаниялар газды кешенді дайындау қондырғыларын белсенді дамытуда.
ішкі нарықта газдың бөлшек сауда бағаларын ұстап тұру қажеттілігіне және экспорттық жеткізілімдер үшін қолда бар шектеулерге байланысты өндіруші компаниялардан газды сатып алудың төмен бағаларына;
Газ жаңа газ жобаларына инвестиция салатын барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшін газ тасымалдау жүйесіне кедергісіз тең қолжетімділік беру ескеріле отырып, ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар шеңберінде формула бойынша жер қойнауын пайдаланушылардан сатып алынатын болады.
Қазақстан өңірлерін газдандырудың қазіргі жай-күйі газбен қамтуды ұлғайтудың жоғары серпінімен сипатталады. Газдандыру қарқынының әртүрлі дәрежесімен еліміздің 17 өңіріне газ беру жүзеге асырылады.
35. Газдандырудың неғұрлым жоғары деңгейі батыс өңірде қалыптасты: Маңғыстау – 99,9 %, Атырау – 99,7 %, Батыс Қазақстан – 99,6 % және Ақтөбе облыстары – 93,6 %. Бұдан басқа, "Бейнеу – Шымкент", "Алматы – Талдықорған" магистральдық газ құбырлары пайдалануға берілгеннен кейін оңтүстік өңірлерде белсенді газдандыру жүргізілуде, бұл Бас схеманы іске асырудың бірінші кезеңінде газ тұтынудың орнықты өсуіне әкелді.
Алдағы кезеңде 2030 жылға дейін батыс өңірі облыстарында газдандыруды іс жүзінде аяқтау күтіледі және "Бейнеу – Шымкент" магистральдық газ құбыры мен "Қазақстан – Қытай" газ магистралі құрылысының аяқталуына байланысты газдандыру жөніндегі негізгі жұмыстар Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында жүргізілетін болады.
Қазақстан Республикасының шығыс өңірі мен шалғай елді мекендерін газдандыру кезінде сұйытылған табиғи газды пайдалану
64. Желілік газ нарығын құру мақсатында бұрын газдандырылмаған аумақтарда шағын өнеркәсіп орындары мен елді мекендерді сұйытылған табиғи газ арқылы автономды түрде энергиямен жабдықтау капитал салымдарды салыстырмалы қысқа мерзімде өзін өзі ақтайтын инвестициялар үшін тартымды сала болып табылады. Шағын энергетиканың автономды объектілері шалғайдағы өңірлерді энергиямен қамтамасыз ету проблемасын жоюға көмектеседі.
65. Табиғи газды мотор отыны ретінде парниктік газдар шығарындылары, оның ішінде автокөліктен болатын шығарындылар азаятын қоршаған ортаны жақсарту факторы ретінде пайдаланудың өсуінің әлемдік трендтерін ескерсек, мемлекеттік шаралар автокөлік құралдары үшін мотор отыны ретінде сығымдалған табиғи газды пайдалануды барған сайын ынталандырады.
Газ тарту және тарату құбырларын салу үшін ұзақ уақыт – шамамен 10 жыл қажет. Сондықтан бастапқы кезеңде газ инфрақұрылымы болмаған кезде тұтынушыда сұраныс туғызу үшін газдандыруға дайындықтың бірінші кезеңінде сұйытылған табиғи газды қайта газдандыру пункттеріне дейін жеткізе отырып, газ тарту құбырларын салу және табиғи газ құбырлары арқылы халыққа газ беру болуы мүмкін. Астана қаласын табиғи газбен газдандыру тәжірибесін мысалға келтіруге болады, мұнда қаланы газдандырумен қатар ірі тұтынушылар әлеуметтік объектілердің қазандықтарының қажеттіліктері үшін сұйытылған табиғи газ алуды жалғастыруда.
Бұдан әрі сұраныстың өрбу шамасына қарай сұйытылған табиғи газ желілері мен қоймаларын ірілендіру, ірі объектілер жанынан автогазқұю станцияларын және тұрғындар үшін тиісті объектілерді (тұрғын шағын аудандарда қайта газдандыру) салу жүргізіледі. Осының барлығынан кейін ғана тиісті инфрақұрылым болса және жергілікті атқарушы органдар қолдаса, одан әрі газдандыру желілік табиғи газбен жалғастырылуы мүмкін. Бұл ретте сұйытылған табиғи газды қайта газдандыру бойынша мобильдік құрылыстар, сондай-ақ оның қоймалары жұмыстарды жалғастыру үшін басқа аудандарға ауыстырылуы мүмкін.
. Мемлекет сұйытылған мұнай газы нарығын дамытуды ынталандыру бойынша, оның ішінде сұйытылған мұнай газын газ мотор отыны ретінде пайдалануды кеңейту бөлігінде жұмыс жүргізуде.
Қолданыстағы тетіктен сұйытылған мұнай газын тауар биржалары арқылы өткізуге толық көшу және газ желісі ұйымдарын аккредиттеу институтын жою нарықтың барлық қатысушылары үшін сұйытылған мұнай газының көлемдерін өндірушілерден тікелей сатып алуға тең және кемсітпейтін жағдайлар жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл бәсекелестікті дамытуға ықпал етеді, нарыққа өнімсіз делдалдардың ықпалын қысқартуға мүмкіндік береді, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды.
70. Тұтас Қазақстан Республикасы бойынша сұйытылған мұнай газын өндіру жылына шамамен 3 млн тоннаны құрайды.
71. Зауыттардың технологиялық сипаттамаларының және өңделетін шикізат сапасының әртүрлі деңгейі оны қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу деңгейін де айқындайды. Сұйытылған мұнай газының анағұрлым жоғары пайызы "Теңізшевройл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде белгіленген.
Іске асырылып жатқан Бас схема соңғы 5 жылда сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемін біршама дәрежеде төмендетті. Дегенмен халықты толық ауқымда газдандыру жөніндегі іс-шараларды көздейтін 2030 жылға дейінгі Бас схеманы іске асыру арқылы магистральдық газ құбырларынан шалғай өңірлерге сұйытылған мұнай газын жеткізу де болжанады. Бас схеманың болжамды есеп-қисаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының сұйытылған мұнай газына (пропан-бутан) деген болашақтағы қажеттіліктері шамамен жылына 1 654 мың тоннаны құрайтын болады.
Болжанып отырған кезеңде сұйытылған мұнай газын тұтыну көлемдерінің төмендеуі Қазақстан Республикасын газдандыру деңгейінің 65 %-ға дейін артуына негізделеді. 74. Қазақстан экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерді орындау газ саласының ішкі нарықты газдандыруды және газбен жабдықтауды дамыту бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру қабілетіне тікелей байланысты.
75. Газдандыру мен газбен жабдықтауды дамытудың инвестициялық процестеріне жәрдемдесу үшін негізгі міндеттер:
1) шикізат (газ, газ конденсаты) қорларын кеңінен қайта өндіруді ынталандыру;
2) ұзақ мерзімді кезеңде айтарлықтай мультипликативтік әсерге ықпал ететін ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар және кепілдіктер жасау;
3) инновациялық технологиялар мен жабдықтарды енгізуді есепке ала отырып, жаңа өңірлерде газдандыру мен газбен жабдықтауды тиімді дамытуды ынталандыру;
4) магистральдық газ құбырларының үлгісі бойынша газ құбырларын салуға мемлекеттік мұқтаж деген мәртебемен уақытша және тұрақты жер бөлу, сондай-ақ құрылыстың жиынтық сметалық құнына енгізу үшін іске қосу-реттеу жұмыстарына арналған шығындар мәселелері жөнінде ерекше тәртіп қабылдау арқылы заңнаманы жетілдіру;
5) бюджет қаражаты есебінен салынған газбен жабдықтау объектілерін жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігінен ұлттық оператордың теңгеріміне беру тетігін оңайлату;
81. Газ тарату жүйелерін салудың көлемін бағалау кезінде Қазақстан Республикасының өңірлерін газдандырудың қазіргі жай-күйінің ерекшеліктері, атап айтқанда, газ тарату жүйелерін салу бойынша іске асырылған іс-шаралар, олардың қолданыстағыларын жаңғырту және реконструкциялау бойынша жоспарланатын инвестициялық жобалар, сондай-ақ газ тұтыну көлемі тиісінше өскен кезде газ тарату желілерін салу тиімділігін қамтамасыз ету бойынша талаптар ескерілген. Газ тарату желілерін салудың неғұрлым дәл қажеттігін газдандырудың қолданыстағы жүйесінің ерекшеліктері мен техникалық жай-күйін ескере отырып анықтауға болады. Құрылысты іске асыру мерзімдері өңірлер бөлінісінде газдандыру жүйелері объектілерін дамытуды және реконструкциялауды (ресурстарды игеру және олардан магистральдық газ құбырын салу) ескере отырып көзделген.
82. Салынып жатқан газ құбырларын қосу және жаңа тұтынушыларды газдандыру тарату жүйелерінің өткізу қабілетін ұлғайтуды талап етеді.
Газ тұтыну құрылымындағы ең қомақты үлес өнеркәсіп (40 %) және отын-энергетикалық кешен (33 % дейін) кәсіпорындарына тиесілі.
83. Газ құбырларының ұзындығын техникалық есептеген кезде кентішілік (қалаішілік) газ құбыры құрылысының негізгі көрсеткіштері бойынша орта есеппен алынған мәндер қабылданды:
1) бір абонентке (аз қабатты құрылыс) кентішілік газ құбырының орташа ұзындығы – 30 м;
2) көпқабатты бір үйге орамішілік газ құбырының орташа ұзындығы 150 м есебінен.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет