260. Жұмыр құрттарда алғаш рет пайда болды?
Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай.
261. Финнаның типтері?
Таспа құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру және онкосфераның финна личинкасына, финнаның ересек түріне ауысуымен өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады: жоғарыда көрсетілгендей цистицерк-сұйықтыққа толы көпіршік, ішінде жиырылып жатқан бір басы болады; ценур-сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында бірнеше басы орналасқан, олардың әрқайсысы жеке особьқа айналады; финнаның ерекше түрі - эхинококк, көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және көпіршіктің ішінде бірнеше басы бар көптеген көпіршіктері түзіледі; цистицеркоид - көпіршіктің құйрық тәрізді өсіндісі болады; плероцеркоид - құрт тәрізді личинка.
262. Трематодтардың патогенді түрлері ?
Трематодтардың әр түрлі ұрпақтарының қоректенуі де әр түрлі. Омыртқалы жануарлардың паразиттері - мариталар өз иесінің ішегіндегі заттарымен немесе иесінің қанымен қоректенеді. Қоректі қорыту процесінде турбелляридікі тәрізді ішкі клеткалық қорыту маңызды орын алады. Моллюска бауырының паразиті - редиялар, олар бауыр тканімен қоректенеді. Моллюска бауырында тіршілік ететін спороцисталардың қоректену әдісі ерекше. Бұл паразиттердің ішегі болмағандықтан, иесінің бауыр тканьдерін ерітетін ас қорыту ферменттерін дене жамылғысы арқылы бөліп шығарады. Қорытылған асты құрт бүкіл денесі арқылы сорып алады. Copy процесін ұлғайтатын тегументтің көптеген цитоплазма өсінділері /микроворсинкалар/. Еркін /мирацидия мен церкариялар/ тіршілік ететін личинкалар эмбриональдық даму кезінде жиналған қор затымен қоректенеді. Қор затының молдығы қанша болса, личинкалардың тіршілік ету ұзақтығы да сонша. Мысалы, бауыр сорғыштың (Fasciola hepatica) личинкасы - мирацидия 48-60 сағат қана өмір сүреді. Осы уақытта ол өз аралық иесін - ұлуды тауып, оның денесіне енуі тиіс.
263. Бауырсорғыштың дернәсілдері ?
Бауыр сорғыш - Fasciola hepatica мүйізді ірі қара малдар мен қойлардың және адамның бауырында паразиттік тіршілік етеді. Олардың салған жұмыртқалары өт жолы арқылы ішекке түсіп, иесінің ішегінен нәжіспен араласып сыртқа шығарылады. Ары қарай даму үшін жұмыртқа суға түсуі керек. Су ішінде жұмыртқадан денесі толқынды эпителимен жабылған личинка-мирацидий шығады. Мирацидидің екі көзшесі, ми ганглиясы және жұп протонефридиялары болады. Денесінің артқы бөлімінде ерекше ұрықтық клеткалар немесе партеногенетикалық жұмыртқалар жатады. Денесінің алдыңғы үштен бір бөлігінде, цитоплазмасы дәнді секретке толы үлкен без орналасады. Бұл бездің жолдары личинка денесінің алдыңғы бөліміндегі кішкене бұлшықетті тұмсықшаның ұшында ашылады. Бездің секреттері мирацидидің аралық иесіне енуге көмектеседі. Мирацидий қоректенбейді, эмбриональды даму кезіндегі жиналған гликоген қоры арқасында өмір сүреді. Бірқатар уақыт мирацидий суда еркін жүзіп жүреді. Өзінің ары қарай дамуы үшін ол аралық иесінің денесіне түсуі керек. Көп жағдайда аралық иесі ұлулар болып келеді. Мирацидий тұмсықшасы арқылы ұлу денесіне еніп, оның ішкі мүшесіне өтеді. Ұлудың денесіне енуде личинка безінің секретгері көмектеседі. Мирацидий кірпікшелерін тастап, формасыз, қозғалмайтын қапшық тәрізді спороцистаға айналады. Бұл көбею қабілеті бар, жыныстық жүйесі жетілген сатысы. Спороцистаның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары әрбіреуі бөлініп, келесі - редия деп аталатын ұрпаққа айналады. Редия, спороцистадан қозғалғыштығымен және денесіңдегі саңылауымен ерекше. Ол саңылау, редия ішіндегі партеногенетикалық жұмыртқалардан түзілген ұрықтардың жаңа ұрпағын шығару қызметін атқарады. Спороцисталар сияқты редияның денесіндегі партеногенетикалық жұмыртқалары бөлініп, редияның ішінде жаңа ұрпақ - церкариялар пайда болады. Церкария - гермафродитті особьтің личинкасы, оған көптеген белгілері де ұқсас: сорғыштары, тарамдалған ішегі, миы және зәр шығару жұйесі болады. Оның негізгі ерекшелігі - денесінің артқы бөлігінде ұзын, бұлшықетті, қозғалғыш құйрықшасының болуы. Трематодтардың кейбір түрлерінде церкарияның тағы да уақытша мүшелері болады: жұп көзшесі, өткізгіш бездері деп аталатын бір клеткалы бездер тобы, дененің алдыңғы жағында болатын үшкір ине немесе стилет. Церкариялар редия денесіндегі саңылаудан шығып, одан ұлу денесінен шығып, құйрығының қозғалысы арқасында суға еркін жүзіп кетеді. Мирацидия секілді олар қоректенбейді, денесіндегі қорек қоры арқылы өмір сүреді.
264. Таспа құрттар класының негізгі белгілері?
Таспа құрттар – гермафродиттер. Дамуы өте күрделі, өсіп-өнуі кезінде иелерін алмастыру сияқты ерекшеліктері бар. Таспа құрттардың кейбір түрі жылына 600 млн-нан астам жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 6 ілмешегі бар онкосфера және корацидий деп аталатын дернәсілдер жетіледі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі органдарға өтіп, осы органдарда ұрық – онкосфера финна деп аталатын дернәсіл сатысына айналады. Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде 4 сорғышы бар басы болады, мұны цистицерк деп атайды. Дернәсіл аралық иеде бірнеше жыл өмір сүреді. Финна түпкі иесі – адамның ішегіне түскенде ересек құртқа айналады. Финнозбен ауырған сиырдың етін жегенде жұғады. Таспа құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру және онкосфераның финна дернәсіліне, финнаның ересек түріне ауысуымен өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады: цистерк; сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында бірнеше басы орналасқан, олардың әрқайсысы жеке дарабасқа айналатын – ценур; көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және көпіршіктің ішінде бірнеше басы бар – эхинококк; көпіршіктің құйрық тәрізді өсіндісі бар – цистицеркоид; құрт тәрізді дернәсіл – плероцеркоид. Таспа құрттар адамды гименолепидоз, тениидоз, эхонококкоз ауруларына шалдықтырады.
265. Жұмыр құрттар немесе алғашқы қуыстылар (Nemathelminthes) типін құрайтындар ?
Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:
НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATODA АДЕНОФОРЕА
КЛАСС ТАРМАҒЫ - ADENOPHOREA СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SECERNENTEA
ҚҰРСАҚ КІРПІКШЕЛІЛЕР КЛАСЫ - GASTROTRICHA
КИНОРИНХАЛАР КЛАСЫ - KINORHYNCHA
ТҮКТІ ҚҰРТТАР КЛАСЫ - NEMATOMORPHA
КОЛОВРАТКАЛАР КЛАСЫ - ROTATORIA
266. Буынаяқтылардың құрылысының ерекшеліктері ?
Буынаяқтылар - дара жыныстылар. Жыныс диморфизмі жақсы дамыған. Эмбриональды және постэмбриональды дамудың ұзақтығы өзгеріп тұрады. Даму кезеңі әр алуан: тура даму немесе анаморфоз, алғашқы даму проморфоз немесе эпиморфоз, шала түрленіп даму - гемиметаморфоз, толық түрленіп даму - голометаморфоз, жеткіліксіз даму - гипоморфоз, күрделі даму - гиперметаморфоз.
Буынаяқтылар мұхиттарда, теңіздерде, тұщы су қоймаларында, ыстық су қайнарларында, қарлы жерлер мен мұздарда, топырақ қабаттарында, тіпті ауада да көп кездеседі. Адамда, жануарлар мен өсімдіктерде паразиттік тіршілік ететін түрлері де бар.
Буынаяқтылардың табиғатқа және адам өміріне ықпалы зор. Олар адамның, жануарлардың, өсімдіктердің паразиттері және түрлі жұқпалы ауруларды таратушылар, сондай-ақ егістік өсімдіктердің және орман шаруашылығының зиянкестері. Бірақ екінші жағынан буынаяқтылар азықтүлік және техникалық шикізат есебінде пайдаланылады, әрі өсімдіктерді тозаңдандыруға қатысады, топырақ құнарлылығын арттырады және өздері адамға кәсіптік қажетті жануарлардың маңызды қорегі, біраз түрлерін адам тамаққа да пайдаланады.
Буынаяқтылар типі төрт тип тармағына бөлінеді: желбезектыныстылар - Branchiata, трилобиттәрізділер - Trilobitomorpha, хелицералылар - Chelicerata, кеңірдекпен тыныс алушылар - Tracheata.
267. Зәр шығару мүшелері? антеннальды және максиллярлы бездері бар?
Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі екі жүп безді мүшеден тұрады: антеннальды және максиллярлы. Антеннальды бездер жоғарғы сатыдағы (Malacostraca класс тармағы) шаяндарда болады, ал қалғандарында - максиллярлы, тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Безді мүшелер түрі өзгерген целомодукталар. Антеннальды және максиллярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа - қуыққа ашылады . Қуық қысқа өзегімен антенналарының түбінде (антеннальды без) немесе П-ші максиллаларының (максиллярлы без) түбіңде ашылады.
268. Буынаяқтыларға тән белгілер ?
Бұлардың дене құрылысы айқын сақиналарға жіктелген, 2 жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буынға жіктелгендіктен Буынаяқтылар болып аталған. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Дене сыртын хитин қабығы (кутикула) жабады. Ол қорғаныш әрі сыртқы қаңқа қызметін атқарады, оған бұлшық еттері жабысып бекиді. Буынаяқтылардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы ганглиядан және құрсақ тізбегінен тұрады. Сезім органдары — иіс, дәм сезу мүшелері жақсы жетілген. Буынаяқтылардың өздігінен көре алатын фасетті көздері және тек жарықты сезе алатын көзшелері болады. Аяқтарының буындардан тұруы олардың жүрісін бағыттап отыруға, алуан түрлі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі көп камералы. Буынаяқтылар денесіндегі целом қуысы, алғашқы қуыспен бірігіп кетіп, дененің тұрақты қуысын (миксоцель) құрайды, мұны аралас қуыс дейді. Тыныс алу жүйесі — желбезектерден (суда тіршілік ететіндерде), өкпе мен кеңірдектен (құрлықтағыларында) тұрады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, аналь саңылауымен аяқталады. Алдыңғы, ортаңғы және артқы (без қызметін атқаратын мальпигий түтік тәрізді өсінділерін түзеді) ішектері болады. Зәр шығару жүйесі суда тіршілік ететіндерінде көкірек аяқтарының түп жағында, ал құрлықтағыларында мальпиги түтігінде (артқы ішектің түтік тәрізді өсіндісі) орналасқан.
269. Буынаяқтылардың тыныс алу мүшелері ?
Буынаяқтылардың ортаға бейімделуіне байланысты тыныс алу мүшелері желбезек, өкпе, трахея (кеңірдек) түрінде болады. Шаянтәрізділер суда тіршілік ететіндіктен желбезек арқылы тыныс алады. Желбезектері - аяқтарының эпиподит деп аталатын жұқа өсінділері. Құрлықта тіршілік ететін өрмекшітәрізділер өкпе және трахея арқылы тыныс алады. Өкпелері шаянтәрізділердікіндей аяқтарының эпиподит өсінділері. Бірақ бұлар дененің ішіне қарай тартылып орналасқан. Трахеялары (кеңірдектері) хитинді кутикуламен астарланған, бұтақталған түтік сияқты. Олар дененің бүйір жағындағы стигма деп аталатын тыныс алу тесіктерімен сыртқа ашылады. Көпаяқтылар мен насекомдар тек қана трахея арқылы тыныс алады, бұлар - трахеата тип тармағының негізгі кластары.
270. Буылтық құрттардың ерекшелігі?
Аннелидтер (латынша "annulus" - сақина) немесе буылтық құрттар типі - жоғарғы сатыдағы құрттар, целом қуысты (Coelomata) жануарлар. Буылтық құрттар төменгі сатыдағы құрттардан - морфологиялық жағынан да, биологиялық жағынан да ерекше. Бұлардың денесі кезектесіп қайталанып келетін сегменттерден немесе метамерлерден (сақина тәрізді буындардан) құралған. Дене сегмент аралықтары қыналған белдеумен бөлініп тұрады әрі ішкі мүшелері де сегменттелген, яғни сыртқы метамериясы ішкі метамериясына сәйкес. Тағы бір ерекшелігі дененің екінші қуысы немесе целом қуысы бар. Ол бірінші қуысты (схизоцель) ығыстырып, өзіндік қабықталған қабаты бар қуысқа айналады. Қуыс сегменттелген және сұйық затқа толы. Целомның (қуыстың) қалыптасуына байланысты қан айналу жүйесі де дамыған.
Ac қорыту жүйесі алдыңғы, ортаңғы, аналь тесігімен бітетін артқы ішектен құралған.
Зәр шығару жүйесі метанефридиялы.
Нерв жүйесі жұп жұтқыншақ үсті ганглиядан, жұтқыншақ айналасы коннективадан және ұзынынан орналасқан құрсақ нерв тізбегінен тұрады.
Нерв жүйесі дененің әрбір сегментінде жұп нерв ганглиядан құралған.
Жыныс жүйесі көпшілігінде гермафродитті, кейбіреулерінде дара жынысты. Жұмыртқалары спиральды және детерминативті жолымен бөлінеді. Төменгі сатыдағы өкілдерінің дамуы метаморфоз арқылы өтеді. Личинкасы трохофора.
Буылтық құрттардың денесі арқа-құрсақ (дорза-вентральді) бағытына қарай жалпақтау, ұзындығы бірнеше миллиметрден 2,5 метрге дейін.
Буылтық құрттар теңіздерде, тұщы суларда, топырақтарда кездеседі, паразиттік тіршілік ететін өкілдері де бар, 9000-ға жуық түрлері белгілі. Буылтық құрттар типі екі тип тармағына бөлінеді: белдеусіздер - Aclitellata және белдеулілер - Clitellata.
271. Целом қуысының негізгі қызметі?
Целом қуысының негізгі қызметі — денеге тірек болу (дене бұлшық етінің жиырылуын целом сұйығы қамтамасыз етеді). Целом қуысы организмнің ішкі ортасының биохим. тұрақтылығын сақтайды, сондай-ақ, қоректі сіңіру, тыныс алу, зәр шығару, жыныстық көбею, т.б. қызметтерін де атқарады. Е. р. д. қ-ның пайда болуы туралы әр түрлі пікір бар. Соңғы кезде ғалымдар целом қуысы бірінші реттік дене қуысы клеткаларының ажырауынан және тінаралық бөліктердің ұлғаюынан пайда болған деген гипотезаға тоқталуда.
272. Жыныстық диморфизмі айқындалатын құрттар?
Нағыз жұмыр құрттар негізінен дара жыныстылар және жыныс диморфизмі айқын байкалады. Аталықтары ұсақ, жіңішке, денесінің соңғы ұшы құрсақ жағына иіріліп (қайырылып) келген. Аналықтарының денесі ірі, жуан, созылыңқы.
Жыныс жүйесі түтік пішінді, дене қуысында орналасқан, аналығында жұп күйінде сақталса, аталығында түтіктерінің біреуі редукцияға ұшырап тақ болады.
Аскарида аналықтарының жыныс мүшесі өте жіңішке, жіпше тәрізді, жұп жұмыртқа безінен басталады. Оның қабырғасы бір қабатты эпителий клеткаларынан, ортасында ерекше рахис деп аталатын кіндік желі немесе овоциттердің (жұмыртқалардың) өсу аймағы орналасқан. Рахистың төңірегінде жыныс клеткалары қалыптасады. Жұмыртқа безі біршама жуандау, екі жұмыртқа жолына ауысып, олар одан да жуан екі жатынға жалғасады. Екі жатын қосылып жіңішке қынапқа айналады да, ол дененің алдыңғы құрсақ жақ бөлімінде жыныс тесігімен аяқталады
Аталықтарының жыныс мүшесі аналықтарындай өте жіңішке, жіпше тәрізді тұқым (аталық) безінен басталады. Ол біршама жуандау аталық жолына ауысып, ұрық көпіршігіне жалғасады. Көпіршіктің артқы жағы жіңішкеріп жұқа бұлшықетті түтікшеге немесе тұқым шашқыш өзекке айналады да, ол артқы ішекке ашылады (аналь тесігінің алдында). Осы жерге ерекше жұп шағылысу қалтасы ашылады. Онда көбіне екі немесе одан да көп кутикулярлы ине немесе спикулалары орналасады. Спикуланың ұштары сыртқа шығып, шағылысу кезінде көмекші мүше ретінде қызмет атқарады.
Көптеген нематодтарда спикулаларға қосымша копулятивті бурсалары дамиды. Олар құйрық бөлімінің екі бүйірінде орналасқан, кеңейген және қалыңдаған қанат түріндегі өсінділер. Бурса және спикулалары шағылысу кезінде аналығына бекіну ретінде қызмет атқарады. Сперматозоидтарының талшығы болмайды, Олар жалған аяқтары арқылы амеба тәрізді қозғалады.
Жынысты жолмен көбейеді.
273. Жұмыр құрттардың ас қорыту жүйесі ?
Ac қорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында орналасып, көпшілік жағдайда ерекше өсінділер - еріндермен қоршалған: арқа және екі бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз қуысымен (стома) жалғасады. Ауыз қуысының құрылысы әр түрлі. Нематодтардың жануарлар паразиті болып келетін (зоопаразит) өкілдерінің ауыз қуысында кутикулярлы тіс өсінділері болады, ал өсімдік паразиттерінің (фитопаразит) ауыз қуысы сорғыш мүшеге - стилетке айналған. Стилет ауыз қуысында арнайы бұлшықет - протракторлар арқылы қозғала алады. Топырақта және суда тіршілік ететін жыртқыш нематодтарда стомалық қуыс найзамен немесе қозғалмайтын өсінділер - онхамен қаруланған.
Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш қырлы, алдыңғы бөлімі қалың, бұлшыкетті, артқысы - безді. Өңештің кеңейген бөлімі бульбус деп аталады. Көпшілігінде бульбусы екеу: ортаңғы (метакорпальды) және артқы (кардиальды). Кардиальды бульбустың үккіш аппараты жақсы дамыған
Өңештің ортаңғы ішекке жалғасатын жерінде ерекше өсіндісі (cardium) болады. Ол ортаңғы ішекке еніп жатады да, ішек ішіндегі қоректік заттардың өңешке қарай кері қайтуына тосқауыл жасайды.
Нематодтардың ортаңғы ішегі энтодермальды, қабырғасы бір қабат эпителиальды клеткалардан құрылған, оны жұқа базальды жарғақ қаптап тұрады. Ортаңғы ішектің алдыңғы бөлімі кеңейіп "қарыншық" немесе жұтылған қоректің резервуары қызметін атқаратын - proventriculus түрінде дамыған.
Ректум деп аталатын ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып, ол аналь тесігі арқылы сыртқы ашылады. Нематодтардың алдыңғы және артқы ішегі эктодермальды және оларды тығыз кутикула астарлайды.
Кейбір нематодтардың ас қорыту жүйесі қоректенуіне байланысты әр түрлі деңгейде редукцияға (кері өзгеріске) ұшыраған. Мысалы, филяриялардың (Filaria) артқы ішегі тұйықталып, аналь тесігі болмайды, трихинеллаларда өңеш үлкен клеткалар жиынтығьг түрінде дамыған, ал мермитидаларда өңеш жойылған.
Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ организмдермен, паразитті нематодтар өз иесінің сөлімен, тканімен, ал кейбіреулері иесінің қанымен қоректенеді.
Сондай-ақ кейбір фитонематодтарда ішектен тыс ас қорыту процесі байқалады. Стилеттің көмегімен құрт өсімдік тканіне ас қорыту безінің ферментін бүркеді, сондықтан ас қорытудың алғашқы кезеңі организмнен тыс жерде өтеді. Жартылай қорытылған қоректік заттар нематода ішегіне стилет арқылы түседі.
274. Жұмыр құрттардың зәр шығару жүйесі ?
Нематодтарда кірпікшелерінің жойылып кетуіне байланысты протонефридиялы зәр шығару жүйесі де жойылып, зәр шығару қызметін мойын безі (ренетта) деп аталатын бір клеткалы тері (гиподермальді) бездері және фагоцитарлы клеткалар атқарады.
Мойын бездері екі типті болады: шомбал және тармақталған. Еркін тіршілік ететін нематодтардың мойын безі шомбал типті, түтікшесі қысқа.
Топырақта және паразиттік тіршілік ететін нематодтардың ерекшелігі мойын безі денеде бойлай орналасқан екі бүйір экскреторлы түтікшелерден кұралған. Түтікшелердің артқы ұшы тұйықталып бітеді, ал алдыңғы ұштары бірігіп ортақ түтікке айналады да, ол сыртқа зәр шығару саңылауымен ашылады . Бірқатар түрлерінде экскреторлы жүйенің бір бұтағы жойылып (көбіне оң жақтағысы), сол жақ түтігі өте жақсы дамыған. Түтіктер арқылы денедегі (несен) заттар сыртқа шығарылады.Сонымен қатар, фагоцитарлы клеткалар деп аталатын жұлдызша клеткалары бар. Олар зат алмасудың соңғы әр түрлі ерімейтін қалдықтарын және денеге енген бөгде заттарды, мысалы бактерияларды, өздерінің бойына тартып алады. Жиналған заттар сыртқа шығарылмайды, сондықтан бұл клеткаларды "жинақтау бүйректері" деп те атайды. Олар гиподерманың бүйір білеулерінің бойымен дененің алдыңғы үштен бір бөлігіндегі дене қуысында орналасқан.
Жылқы аскаридасында (Parascaris equoram) фагоцитарлы клеткалар төртеу. Егер тәжірибе жүзінде, аскарида денесінің қуысына шприцпен сепия, кармин тағы басқа бояулар жіберілсе, бірнеше сағаттан соң олар фагоцитарлы клеткаларға жиналады.
275. Қарапайымдылардың жиырылғыш вакуольдің қызметі?
Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.
276. Protozoa патшалық тармағына кіреді?
Протозоа дүние тармағы (protos – бiрiншi, zoon – жануар) бiр клеткалы организмдердiң түрлi топтары.
Қазiргi уақытта, су бар жердiң барлығында қарапайымдыларды кездестiруге болады. Олардың 50000 астам түрлерi белгiлi. Әр қарапайым организмдi жеке протоплазма деп қарастыруға болады және ол тiршiлiкке тән барлық функцияларды орындай алады. Қарапайымдылар протоплазма құрылымының күрделiгiмен ерекшеленедi. Көптеген қарапайым формаларда (мысалы, Amoeba proteus) протоплазма аз дифференцияланған және спецификалық функцияларды орындайтын органеллалар саны аз. Филогенетикалық дамыған қарапайымдылардың құрылысы (мысалы, paramecium coudatum) өте күрделi. Протоплазмада, әртүрлi функцияларды орындайтын органеллалардың саны көбейедi.
Протозоа дүние тармағының өкiлдерi клеткалық құрылым деңгейiне жатады. Қарапайымдылардыбейнелейтiн, бионт ретiнде, ядросы және цитоплазмалық барлық құрылымдары бар клетка болып табылады. Цитоплазмада кез-келген жануар клеткасына тән әртүрлi органоидтар (эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, лизосомалар, центриольдер және т.б.), сонымен қатар, тек қарапайымдыларға тән органоидтар, мысалы, түрлi жалған аяқтары, кiрпiкшелер мен талшықтар, клеткалық ауыз қуысы, клеткалық жұтқыншақ, ас қорыту және зәр шығару вакуольдерi, трихоцисттер, сезiм аппараттары кездеседi.
Қарапайымдылардың бионты, коректену, тыныс алу, зәр шығару, қозғалу қызметтерi арқылы қоршаған ортамен барлық қарым-қатынастарын iске асырады. Бұлар 5 типке бөлінеді.
Қарапайымдылардың систематикасы
САРКОМАСТИГОФОРАЛАР ТИПІ - SARCOMASTIGOPHORA
СПОРАЛЫЛАР ТИПІ - SPOROZOA
КНИДОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - CNIDOSPORIDIA
МИКРОСПОРИДИЯЛАР ТИПІ - MICROSPORIDIA
КІРПІКШЕЛІЛЕР немесе ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ – CILIOPHORA
277. (Fasciola hepatica) бауыр сорғыштарының соңғы иесі ?
Бауыр сорғыштың түпкілікті қожайыны- ірі, ұсақ қара мал, жылқылар, шошқалар, қояндар, кейде адамдар. Аралық қожайыны болып ұлу саналады. Бауыр сорғышының жұмыртқасы дамуы үшін суға келіп түсуі керек. Одан личинка шығады оны мирацидий деп атайды. Оның жүйке түйіндері, жарық сезгін мүшесі, зәр шығару мүшелері денесінің артында ұрық жасушалары болады. Денесінің алдыңғы жағында аралық қожайынға енгенде оның тірі ұлпаларын ерітетін фермент бөліп шығаратын ерекше без болады. Мирацидий денесі кірпікшелермен қапталған, сондықтан ол суда еркін жүзіп актив түрде аралық қожайын денесіне өтеді. Әрі қарай паразит келесі личинкалық сатысы - спороцистаға айналады. Спороциста формасыз қалта тәрізді болып келеді және оның ешбір мүшесі (жүйке, зәр шығару) болмайды. Ол тек көбеюге қабілетті. Спороцистада ұрық жасушаларынан партеногенез (яғни ұрықтанбай) жолымен жаңа личинкалық сатысы - редийлер дамып жетіледі. Спороцистадан редийлер шығады да қожайын жасушаларында паразиттік тіршілік етеді. Редийдің кейбір мүшелері дамыған, атап айтқанда: ауызы, жұтқыншақ, ас қорыту түтігі және жаңадан түзілген ұрпақ дараларын сыртқа шығаратын тесікше. Редийдің ұрық жасушаларына партеногенез жолымен келесі личинкалық ұрпақ церкарий дамиды. Церкарий денесінде маритаға тән көптеген мүшелер кездеседі: сорғыштар, ішектер, жүйке және зәр шығару мүшелері. Оның маритадан айырмашылығы ұзын бұлшықетті құйрығының болуы. Ол суда қозғалу қызметтерін атқарады. Церкарий ұлу денесінен суға өтіп жүзіп жүреді. Шамалы уақыттан кейін ол су өсімдіктеріне бекініп, жабысып, қалың қабықпен қапталып адолескарийға айналады. Егер адолескарийді түптілікті қожайын жұтса ол асқорыту жолында ересек формаға маритаға айналып бауырға өтеді. Сонымен, бауыр сорғышының аралық қожайыны үшін инвазиялық сатысы болып мирацидий, ал түпкілікті қожайыны үшін адолексарий саналады. Жануарлар шөп жегенде, су ішкенде, ал адамдар көкөніс арқылы адолескарийларды жұқтыруы мүмкін.
278. Мысық қосезуінің (Opisthorchis felineus) ақырғы иесі?
Мысық немесе сібір қосезуі - Opisthorchis felineus иттің, мысықтың және адамның бауырында, өт жолдарында паразиттік тіршілік етеді. Ұзындығы - 8-13 мм, ені - 1,2-2 мм. Негізгі ерекшелігі аталық бездері жапырақ формалы болып, артқы дене бөлігінде орналасуы (61,А-сурет). Сорғыштың бірінші аралық иесі Bithynia leachi ұлуы, ал екіншісі - балықтар. Адамның ауруға шалдығуы - метацеркариі бар шала піскен балықты жегеннен. Описторхис адамға патогенді әсер етеді, ал паразиттердің саны көп болса, өліммен аяқталуы мүмкін. Бір адамда 75000 сорғыштардың табылғаны туралы деректер бар. Мысық сорғышы Сібірде, Еуропаның Шығыс және Оңтүстік аудандарында таралған. Описторхоз ауруына ұшыратады.
279. Қарапайымдылардың қозғалыс мүшелерін атаңыз?
Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер.
280. Бөліну арқылы көбейетін қарапайымдылар?
көптеген қарапайымдар, оның ішінде амебалар, парамеция және кейбір бір жасушалы балдырлар (мысалы, евглена) бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |