3 «Гей-Люссак заңын тәжірибе жүзінде тексеру» Мақсат: Гей-Люссак заңының дұрыс екенін дәлелдеу



бет1/2
Дата21.10.2023
өлшемі133,36 Kb.
#120112
  1   2
Байланысты:
Гей-Люссак, молярлық


3 «Гей-Люссак заңын тәжірибе жүзінде тексеру»
Мақсат: Гей-Люссак заңының дұрыс екенін дәлелдеу
Құрал-жабдықтар: бір шеті бекітілген шыны түтік, ыстық суы бар ыдыс (сыныпқа бір ыдыс жеткілікті), зертханалықтермометр, өлшегіш сызғыш, пластилин, биіктігі 40-50 см суық суы бар шыны ыдыс, штатив қосымша құралдарымен.
Қысқаша теория: Массасы өзгермеген жағдайда газдың екі күйі үшін Гей-Люссак заңы орындалады: V1 / V2 = T1 / T2 (1)
Түтіктегі газдың екі күйін бақылайық.
Біріншіде түтік ашық жағы жоғары қаратылып ыстық суға салынған. Газдың қысымы атмосфералық қысымға, температурасы ыстық судың температурасына, көлемі шыны түтіктің көлеміне тең. V1 = S l1 (2) S – түтіктің көлденең қимасының ауданы.
Екіншіде түтік ашық жағы төмен қаратылып суық суға салынған. Газдың қысымы (бірінші жағдайдағыдай) атмосфералық қысымға тең, егер түтіктегі судың еркін бетін ыдыстағы судың еркін бетімен бірдей қылсақ. Жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейін, газдың температурасы суық судың температурасына тең болады. Газдың көлемі: V2 = S l2(3)
(2) және (3) теңдеудің мәндерін (1) теңдеуге қоямыз да, есептеу формуласын аламыз.
h1 / h2 = T1 / T2 h1 T2 / h2 T1 = 1
Жұмыстың орындалу барысы:
· Термометр мен тұтікті (ашық жағын жоғары қаратып) ыстық суы бар ыдысқа саламыз.
· Жылулық тепе-теңдік орнағаннан кейін, түтіктің ауасы бар бөлігінің ұзындығын өлшеп кестеге енгізіп, ауызын пластилинмен бекітеміз.
· Орнаған температураны өлшеп, мәнін оС және оК –мен кестеге енгіз.
· Түтікті жабық жағын төмен қаратып суық суға салып, пластилинді аламыз.
· Жылулық тепе-теңдік орнаған соң, түтіктегі судың еркін беті ыдыстағы судың еркін бетімен теңескенше түтікті жоғары көтереміз.
· Түтіктің ауасы бар бөлігінің ұзындығын өлшейміз. Суық судың температурасын өлшеп, өлшенген шамаларды кестеге енгіземіз.
· h1 / h2 , T1 / T2 , h1 T2 / h2 T1 қатынастарын есептейміз.
· Абсолют және салыстырмалы қатені есепте. ∆ = 1 – (h1 T2 / h2 T1)
Ԑ = (∆ / 1) 100 %
Істеген жұмысыңнан қорытынды шығар.



Өлшенді

Ауа бағанасының биіктігі l 1, мм

 

Ауа бағанасының биіктігі l 2, мм

 

Ыстық судың температурасы t1, 0C

 

Суық судың температурасы t2, 0C

 

Өлшенді

Абсолютті өлшеу қателігі Т, К

 

Ауа тіректерінің қатынасы l 1/l 2, мм

 

Салыстырмалы қателігі ɛ1, %

 

Абсолютті қателігі 1

 

Температура қатынасы T1/T2

 

Салыстырмалы қателігі ɛ1, %

 

Абсолютті қателігі 2

 

 
Абсолютті қателігі:





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет