І. Кіріспе..........................................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім 1. Меншікке қарсы қылмыстар............................................................6
2. Меншікке қарсы қылмыстардың түрлері......................................14
Қорытынды..................................................................................................24
Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................26
Кіріспе Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның
әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Меншікті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасы
Қылмыстық Кодексінің негізінде міндеттерінің бірі болып табылады. (ҚР
ҚК-нің 2-бабы). Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 жөне 1926-жылдардағы қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары солай деп аталған. Бұл екі түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады.
Адамның құқықтары мен бостандықтары жүйесінде меншікке қүқықтың алатын орны ерекше, себебі ол адамның жеке басының сәттілігін сипаттайтын көрсеткіш. Бұл қылмыстар экономикалық қатынастарды реттейді, сондықтан да олардың атқаратын міндеті көп.
Бөтен мүлікті ұрлау мәнін түсіну үшін қылмыстың объектісін дұрыс анықтаудың маңызы зор. Бұл мәселенің шешеімі қылмыстық құқық теориясында жан-жақты қарастырылған қылмыс объектісі жайындағы жалпы ережеге негізделуі тиіс. Қол сұғу объектісін дұрыс анықтау қылмыстардың осы тобының мәнін ашуға, олардың қоғамға қауіптілік сипатын көрсетуге мүмкіндік береді және, ең бастысы, қылмыстарды дүрыс саралауға бағыт береді. Меншікке қарсы қылмыстардың текгік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игілікті бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табылады.
Жоғарыда баяндалғандарды қорыта келгенде, меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін - меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес меншікке құқық дегеніміз — субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы заңға заң нормаларымен қорғалатын тікелей объект ретіндегі меншіктер қатынасының мәнін осы құқықтар құрайды
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иеленуді заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндік арқылы жүзеге асыру.
Пайдалану құқығы дегеніміз - мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алу және одан пайда көру мүмкіндіктерін заңмен қамтамасыз ету. Пайда - кіріс, өсім түрінде, жеміс - өнім сипатында болуы мүмкін.
Билік ету құқығы дегеніміз - мүліктің заң жүзіндегі тағдырын біреудің Заңмен қамтамасыз етуі. (ҚР АК-нің 188-бабының 2-бөлігі).
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде, бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану жәңе оған билік ету жөніндегі өз екілеттігін тапсыруға, мүмкіндікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы (ҚР АК-нің 188-бабының 3-бөлігі). Меншікке карсы жасалған әрбір ұрлық және басқа да қылмыс қоғамға қауіпті, себебі ол көрсетілген катынастарды бұзады. Қазақстан Республикасында меншіктің жеке және мемлекетгік түрлері мойындалған. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің "Меншікке қарсы қылмыстар" тарауында бекітілген баптардың диспозицияларының мазмүны бүл қарастырылып отырған қылмыстардың тікелей объектісі бөтеннің меншігі екендігін көрсетеді.
'Кейбір қылмыстарда (ұрлық, тонау, алаяқтық, т.б.) тікелей объектілер тектік объектілерге сәйкес келеді. Зан өдебиеттерінде тікелей объектілер ретінде меншіктің нақты формасын, оның мемлекеттік, кооперативтік, жеке меншік, муниципалдық не жекелеген ұйымдардың меншігі болып табылуына байланысты қарастыру керек деген пікір айтылған. Мұндай ұсыныспен келісуге болмайды, себебі Қазақстан Республикасының Конституциясы меншіктің кез келген формасын бірдей қарауды жариялап отыр. Сондықтан да, ұрлықты, бөтен мүлікті иемденуді, тағы басқадай әрекетгерді саралау үшін үрланған мүліктің қандай формадағы меншік екендігінің маңызы жоқ.
Объективтік жағынан алғанда меншікке қарсы қылмысты заң шығарушы қылмыстың материалдық құрамы бойынша қарастырған. Сондықтан да, олардың объективтік жағы үш міндетгі нышаннан түрады: іс-әрекет, зардап және іс-әрекет пен зардап арасындағы себептік-зардаптық байланыс. Тек қарақшылық пен қорқытып алушылық қана формальды қылмыстар болып табылады, себебі бұлардың міндетті нышаны — тек қылмыстық іс-әрекет. Яғни, бұл қылмыстардағы зардап қылмыс қүрамының шегінен тыс жатыр. Қылмыстық зардапта әрқашанда материалдық сипат болады, мүліктік залал туындайды.