3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады



Дата28.09.2022
өлшемі29,13 Kb.
#40702
Байланысты:
«Электронды үкімет» инфраструктурасы


Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) қалыптастыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидалар "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына кіретін және жергілікті (Интернетке қолжетімділігі бар жергілікті желілерді қоспағанда), мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, сондай-ақ өзге де ақпараттандыру субъектілерінің ведомстволық және корпоративтік телекоммуникация желілерін қамтамасыз етуге арналғанға телекоммуникациялар желісіне таралмайды.
3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;
3) ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілері – ақпараттық жүйелер, технологиялық платформалар, аппараттық-бағдарламалық кешендер, серверлік үй-жайлар (деректерді өңдеу орталықтары), телекоммуникациялар желілері, сондай-ақ техникалық құралдардың ақпараттық қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүйелері;
4) аппараттық-бағдарламалық кешен (бұдан әрі – АБК) – белгілі бір типтегі міндеттерді шешу үшін бірлесіп қолданылатын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
5) мемлекеттік органның архитектурасы – мемлекеттік органның міндеттерін, функцияларын, ұйымдық құрылымын, электрондық ақпараттық ресурстарын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымын және олардың өзара байланысын қоса алғанда, оның ағымдағы және жоспарланатын жай-күйінің сипаттамасы;
6) "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы (бұдан әрі – оператор) – өзіне бекітіп берілген "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға;
7) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталы – сыныптауышқа сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, сақтауды және жүйелендіруді жүзеге асыруға және ақпараттандыру саласында мониторингтеу, талдау және жоспарлау үшін мемлекеттік органдардың одан әрі пайдалануына арналған ақпараттық жүйе болып табылады;
8) "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы – "электрондық үкіметтің" архитектурасын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын дамытуды әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Заңда көзделген өзге де функциялар жүктелген, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
2-тарау. Операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру тәртібі
4. Мемлекеттік орган "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектісін (бұдан әрі – Объект) Тізбеге енгізу үшін төмендегі құжаттарды ұсынумен осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Өтінішті уәкілетті органға жібереді:
1) ақпараттық жүйені енгізу кезінде:
ақпараттық жүйенің сипаттамасы;
техникалық құжаттаманың көшірмесі;
өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы құжат;
ақпараттық жүйеде тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәлімет;
осы ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізбесі, не мемлекеттік органдардың осы ақпараттық жүйе арқылы автоматтандырылатын функциялар тізбесі;
ақпараттық жүйені пайдаланылатын мемлекеттік органдар саны және ақпараттық жүйе енгізілген объектілер (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер) саны;
ақпараттық жүйенің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі аттестатының көшірмесі (ақпараттық жүйе даму сатысында болған жағдайда мерзімі өтіп кеткен аттестат);
осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына бекітіп берілетін "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру кезінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерін таңдау өлшемшарттарына (бұдан әрі – Өлшемшарттар) ақпараттық жүйенің сәйкестігі туралы ақпарат;
2) АБК-ны енгізу кезінде:
АБК суреттемесі;
АБК техникалық сипаттамасы;
АБК тіркелген пайдаланушылар саны туралы мәлімет;
мемлекеттік органның пайдаланушылары АБК арқылы өзара іс-қимылда болатын ақпараттық жүйелердің тізбесі;
әрбір бөлімше (мемлекеттік органдар, ведомстволық бағынысты ұйымдар, аумақтық бөлімшелер) бойынша АБК пайдаланушыларының түпкілікті санын көрсетумен АБК-ны пайдаланатын мемлекеттік органның, оның ішінде аумақтық құрылымдық бөлімшелерінің тізімі;
мемлекеттік органда пайдалануға рұқсат берілген бағдарламалық қамтылымның тізімі;
АБК-ның Өлшемшарттарға сәйкестігі туралы ақпарат.
5. Уәкілетті орган мемлекеттік орган ұсынған құжаттарды өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тексереді және оларды объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынысты беру, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналасқан объектілер туралы мәліметті ұсыну үшін сервистік интеграторға жібереді.
6. Сервистік интегратор өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы ұсынысты, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында орналасқан объектілер туралы мәліметті уәкілетті органға береді.
7. Уәкілетті орган объектіні мынадай негіздер бойынша енгізуден бас тартады:
1) егер объект Өлшемшарттарға сәйкес іріктеу қорытындысы бойынша үш және одан астам балл алмаса. Бұл ретте, әрбір өлшемшартта минимум бір балл алу қажет;
2) объектінің мемлекеттік органның бекітілген архитектурасына сәйкес болмауы. Бұл ретте, мемлекеттік органда архитектураның болмауы объектіні Тізбеге енгізуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
8. Уәкілетті орган бес жұмыс күнінен кешіктірмей шешім қабылдайды және өз шешімі туралы мемлекеттік органға хабарлайды:
1) объектінің Тізбеге енгізілуі туралы;
2) бас тарту себептерін көрсетумен объектіні Тізбеге енгізуден бас тарту туралы.
9. Объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім қабылдаған жағдайда уәкілетті орган осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсынумен қабылданған шешім туралы операторға хабарлайды.
10. Уәкілетті орган объектіні Тізбеге енгізу туралы шешім негізінде тиісті бұйрық әзірлеу мен қабылдау жөніндегі рәсімді жүзеге асырады.
11. Тізбеге енгізілген объектіні пайдалану тоқтатылған жағдайда мемлекеттік орган осы объектіні Тізбеден алып тастау үшін уәкілетті органға хабарлайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет