3 тапсырма Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті жөнінде сұрақты насихаттау пәніне жалпы және кәсіби педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын талдау



Дата27.11.2023
өлшемі34,16 Kb.
#129804
түріОқулық
Байланысты:
пед инов 3тапсырма


3 тапсырма 1. Мұғалімнің инновациялық іс-әрекеті жөнінде сұрақты насихаттау пәніне жалпы және кәсіби педагогика бойынша оқулықтар мен оқу құралдарын талдау.
Педагогика білім берудің барлық саласын қамтитын ғылым ретінде – бірыңғай білім беру жүйесінің табиғи деңгейлік бөлінуіне сәйкес, сондай-ақ кіші топтарға бөлінуі мүмкін. Атап айтқанда, педагогиканы саралау үдерісі мынадай салалардың туындауына әкелді: — жалпы педагогика, білім беру жүйесінің негізгі заңдылықтарын зерттейді; — жас ерекшелік педагогикасы – мектепке дейінгі, мектеп педогогикасы, ересектер педагогикасы, оқыту мен тәрбиелеудің жас аспектілерін зерттейді; — түзету педагогикасы – сурдопедагогикаға (саңыраулар мен нашар еститін балаларды оқыту және тәрбиелеу), тифлопедагогикаға (соқырлар мен нашар көретіндерді оқыту), олиго-френопедагогикаға (ақыл-ойы кеміс балалар оқыту және тәрбиелеу), логопедияға (сөйлеу қабілетінде ақаулық бар балаларды оқыту және тәрбиелеу) бөлінеді; — жеке әдістемелер – бұл жекелеген оқу құралдарын оқытуға оқытудың жалпы заңдылықтарын қолдану ерекшелігін зерттейтін пәндік дидактиктер; — педагогика және білім тарихы, әртүрлі тарихи дәуірде педагогикалық идеялар мен білім тәжірибесінің дамуын зерттейді; — салалық педагогика – әскери, спорттық жоғары мектеп, кәсіби және т. б.; — әлеуметтік педагогика – бұл әлеуметтік ортаның жеке тұлғаны тәрбиелеу мен қалыптастыруға әсерін зерттейтін педагогика саласы; әлеуметтік ортаның нақты жағдайларын ескере отырып, жеке тұлғаны тәрбиелеуді оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлейтін; салыстырмалы педагогика ғылым ретінде салыстырмалы тұрғыда білім беру теориясы мен практикасын дамытудың 6 халықаралық тәжірибесін объективті зерттеуге арналған. Қазақстан Республикасындағы Білім туралы заңында мынадай білім беру деңгейлерін: 1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды; 2) бастауыш білім беруді; 3) негізгі орта білім беруді; 4) орта білім беруді (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді); 5) орта білімнен кейінгі білім беруді; 6) жоғары білім беруді; 7) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді қамтиды [1]. Кәсіби педагогика жалпы білім беретін мектеп шеңберімен шектелген, жалпы педагогика шеңберінде дами алмады. Оның қалыптасуы кәсіби және жоғары мектептің, ғылымның, техниканың, экономиканың, өндірістің дамуымен байланысты. "Кәсіби педагогика" деп адамның жасына, бұрынғы білім деңгейіне, объектілеріне, еңбек және кәсіби қызметінің сипаты мен бейініне қарамастан, кәсіптік даярлаудың барлық жүйесіне таралатын теориялық және практикалық бағдарлы ғылыми білім саласын түсіну керек [2]. Әр адам ерте ме, кеш пе мамандығы бойынша бағытталады. Қазіргі еңбек бөлінісі әрбірінің өзіндік ерекшелігі бар мыңдаған мамандар даярлауды талап етеді. Еңбек, кәсіби қызметтердің алуан түрлілігі адамның кәсіби қалыптасуының барлық кезеңдерінде оны оқытуды, тәрбиелеуді және дамытуды ғылыми негіздеу проблемасын күрделендіретіні әбден түсінікті. Кәсіби педагогика: — бейіндік оқыту педагогикасы (12 жылдық орта білім беру жағдайында бейіндік оқыту бойынша табысты кәсіби қызметке болашақ мұғалімдерді даярлау мәселелерімен айналысады); — бастауыш кәсіптік білім беру педагогикасы (кәсіптік лицей жағдайында оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен айналысады)); — орта кәсіптік білім беру педагогикасы (колледж жағдайында оқыту және тәрбиелеу мәселелерімен айналысады)); — жоғары мектеп педагогикасы (институттар, университеттер, академиялар жағдайында білім беру және тәрбиелеу мәселелерімен айналысады). Кәсіби педагогика ғылым ретінде жас және дамуын 7 жалғастыруда. Мысалы, жалпы білім беретін мектептің қалыптасуына және жоғары сыныптарда бейіндік оқытуды енгізуге байланысты болашақ мұғалімдерді бейіндік оқытуға дайындау қажеттілігі пайда болды [3]. Осыдан кәсіби педагогиканың жаңа бағыты пайда болды. Кәсіби педагогиканың ғылыми іргетасының құрамдас бөліктері жалпы педагогикадан басқа: — жалпы және педагогикалық психология; — инженерлік психология; — еңбек психологиясы; — еңбек физиологиясы; — акмеология (кәсіби шеберліктің шыңына жету туралы ғылым). Сонымен қатар, кәсіби педагогика тиісті техникалық және экономикалық ғылымдарға сүйенеді
2. Ресей мен Қазақстан ғалымдарының еңбектеріндегі «Мұғалімнің озық тәжірибелі іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы» мәселесіне салыстырмалы талдау жасаңыз.
Педагогикалық озат тәжірибе - оқыту мен тәрбиелеудің жоғары деңгейіне жеткен
жаңашыл-педагогтардың өзекті шығармашыл тәжірибесі. В. И. Загвязинскийдің пікірі
бойынша «ПОТ- қазіргі талаптарға жауап беретін, үнемі жетілдіріп отыруға мүмкіндіктер
ашатын, үздік нәтиже беретін педагогикалық қызметтің үлгісі»
Педагогикалық озат тәжірибенің белгілері:
Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат
мұғалімдермен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талабына сай жұмыс істеп,
педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Екінші белгісі - педагогикалық қызметтің тұрақты жақсы нәтижелері. Педагогикалық
«өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің
деңгейі.
Үшінші белгісі – оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін
мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы.
Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян
келтіріп, білім сапасына кітеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Төртінші белгісі – жаңалық.
Педагогикалық озат тәжірибені тарату- әдістемелік жұмыстың стратегиясы, әдістемелік
өнім. Педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір жолдары бар. Олар: оқытушының өз
тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін
зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше оқытушылардың істәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл оқытушылардың озат тәжірибесін тарату
және оны оқу-тәрбие процесіне енгізу. Озат педагогикалық тәжірибе оқу – тәжірибе
жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады.
3. Мұғалім инновациялық іс-әрекетінің жолдарын схемалық түрде көрсетіңіз.

4. «Мұғалімге қойылатын талап» тақырыбына әзірленген рефератты талқылауға қатысыңыз


Білім мен тәрбие беру – қиын да қастерлі еңбек. Бұл жолда мұғалімдерден талмай, тынымсыз еңбектеніп, шығармашылық ізденуді, үйренуді асыл мұратына, биік парызына айналдырғанда ғана жете алатыны сөзсіз. Шебер мұғалімдер ғана зеректік пен зерделікті сомдап, рухани құндылықтарды, өз мамандығын терең меңгеріп, тәрбие жұмысын ұйымдастыруға қабілетті, мәдениетті, өнегелі, заман талабын қанағаттандыра алатын жағдайда ғана халқының сеніміне ие болып «ұстаз - мұғалім» дәрежесіне көтеріле алады. 
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші оқушылардың қиялына қанат бітіріп, асыл армандарының орындалуына мүмкіндік туғызу ұстаздың борышы. Өзі үйрене алмаған өзгені үйрете алмайтыны анық. Қазақ халқында «Тоқтатпасаң оқытпа» деген сөзі ұстаз-мұғалім болуы үшін мұғалімнің кәсіби өсіп жетілуінің, талаптанудың арқасында ғана жететіндігін аңғартады. 
Мұғалім қызметінің табысты болуы, оның оқу және тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттерін жете түсінуге байланысты. Мұғалім оқушыларға саналы тәрбие жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, еңбек пен қоғамға деген сүйіспеншілігімен ынтасын тәрбиелейді. 
Мұғалім оқушылардың жылдан-жылға өсіп отыратын талаптарын, қанағаттандырып отыру үшін, өмірде болып жатқан түрлі құбылыстарға, жаңалықтарға, өзгерістерге құлақ асып, өмірмен бірге аяғын алып жүретін адам болуға тиіс.
Сондықтан мұғалім ЖОО нан алған білім көлемімен шектеліп қалуға болмайды. Бірақ мұғалім өндіргіш күштердің дамуына және халықтың материалдық игілігінің дамылсыз өсуіне әсер етеді. Ол қоғамның ең басты өндіргіш күштерін жеке адамды оқытып тәрбиелеп дамытатын және қалыптастыратын басты тұлға. 
Базис, қондырма, өндіргіш күші, өндіріс қатынасы, материалдық өндіріс, идеялық өндіріс ұғымдарын еске алу қажет. 
Қоғамның өндіріс күштерінің өзгеруі, экономикаға көшу демократиялық бетбұрыс, мұғалім алдына үлкен міндеттер жүктейді, оқу ағарту саласындағы артта қалушылықты жою оқу-ағарту ісін бүтіндей қайта құруды талап етеді. Бұның бәрі мектеп арқылы іске асатыны белгілі, мұғалім мектептегі басты тұлға. Ол бұқаралық-саяси, мәдени-ағарту және тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға қабілеті мол, өз мамандығынан теориялық және тәжірибелік терең білімі бар адам. Мұғалімнің қоғамдық прогрестегі ролі, мамандығының әлеуметтік мәні осында.
Сонымен бірге мұғалімге кәсіптік педагогикалық талаптар да қойылады. Ең алдымен мұғалім терең білімді, өз Отанын шексіз сүйетін, оның дүние 
жүзі алдындағы беделін жете түсінетін, соған үлес қосатын білімдар адам.
Мұғалім қызметінің табысты болуы оның өз қызметінің мәнін жете түсінуінде, оқушыларға саналы тәрбие, жан-жақты білім береді, олардың көзқарасын қалыптастырады, дүниетанымын дамытады, өмірге, еңбекке, қоғамға деген қатынасын тәрбиелейді. 
Мұғалімнің кәсіби мамандығына қойылатын негізгі талаптар:
- қоғамның алдыңғы қатарлы идеяларын игеру; 
- жан-жақты білімдарлық өмірдің әртүрлі саласынан хабардар болуы; 
- педагогикалық байланысты пәндерден – психологияны, ЖПП физиология, анатомия, мектеп гигиенасын, мектеп тану пәнін жақсы білуі керек; 
- оқытатын пәнін, соған байланысты ғылымдарды, олардың жетістіктерін, ағымын жақсы білуі керек; 
- жұмысына шығармашылық көзқарас;
- баланы жете білу, олардың жан дүниесін түсіну, педагогикалық сенім, оптимизм;
- педагогтік техниканы меңгеру, қисынды, мәнерлі сөйлей білу;
- педагогтік әдептілікті тактіні меңгеру; 
- балаға деген сүйіспеншілік пен әділдік. 
Ұстаз еңбегінің қыр-сыры мол, қиын да жауапты, шығармашылық еңбек екендігін еске алсақ, олардың жемісті, әсерлі жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан үнемі жеңілдіктер жасалып отыруы керек. Сонымен қатар мұғалімдер сапалы, құнды оқулықтармен, көрнекті дидактикалық, техникалық құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Мұғалімдерге көптеген қосымша жұмыс атқаруына тыйым салу, заңды түрде аптасына 2 күн демалыс берілуі тиіс. Мұғалім сонда ғана шәкірттерінің өз бетімен білім алуына ықпал етіп, ынталы оқушыға әрдайым ақыл-кеңес бере алады. 
Қорыта айтқанда, саналы азаматтарға білім мен тәрбие беретін мұғалімдердің бүгінгі таңдағы алатын орны зор. Қазіргі білім беру саласында болып жатқан ауқымды өзгерістер әр түрлі ынталы бастамалар мен түрлендіруге кеңінен жол ашылуда. Осы тұрғыдан алғанда ұрпақ тәрбиесі және оның дамуы мен арнайы айналысатын әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа салада ұйымдастыру, көтеру қажеттілігі туындап отыр. Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл зерттеуші, өз ісінде қатып қалған қасаңдық пен жаттандықтан аулақ, практикалық қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген психолог-педагогтық диагностика қоя білетін іскер мұғалім қажет. 
Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін мұғалімдер рухани тоқыраудан сақтанып көп ізденуі керек. Болашақ ұрпақты тәрбиелеуде әрбір педагогтың алдында үлкен жауапкершілік тұр. 
Жалпы айтқанда, болашағын қамтамасыз ету әрбір мұғалімнің азаматтық рухани парызы мен борышы.

5. Мұғалім портфолиосында болатын қажетті құжаттар


1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет